400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақ тілі .Барыс септік

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәжірибе алмасу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ тілі

Уақыты:24.01.19

Кабинет: 2

Мұғалім:Нургазина Л.К

Сабақтың атауы

Барыс септік

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Білімділік: барыс септігі туралы (сұрақтары, жалғаулары) туралы мағлұмат беру, сөйлемде етістіктен болған мүшемен тікелей байланысатынын, толықтауыш, пысықтауыш қызметтерін атқаратынын түсіндіру, зат есімнің септелуі туралы білімдерін жетілдіру;

Дамытушылық: оқушылрадың ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту, сауаттылықтарын арттыру;

Тәрбиелік: адамгершілікке, мейірімділікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу, білім алуға деген құштарлықтарын арттыру, жауапкершілікті сезінуге баулу.

Әдіс-тәсілдер: дамыта оқыту технологиясы, сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, ойландыру, ойын

Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. 1-2 –ге санау.2- топ болып бөлінеді.

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ынтымақтастық атмосферасы

Бір - біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.

Үй тапсырмасын сұрау



  1. Зат есім деген не?

  2. Зат есімнің септелуі деген не?

  3. Қазақ тілінде неше септік бар? Атап беріңдер.

  4. Атау септігі

  5. Ілік септігі

Қызығушылықты ояту

 Сөйлемдердегі қарамен жазылған сөздердің түбірі мен жалғауын тапқызып, сұрақтар қойғызу. Қай сөзбен байланысып тұрғанын анықтау. Сөйлем мүшелеріне талдап, барыс септіктегі сөздердің қай сөйлем мүшесі екенін анықтау.

Мұрат кітапханаға барды. Данияр Оразханға сыйлық берді. Әжем кесеге сүт құйып берді.

Талдаудан қортынды шығару

  • Барыс септіктің сұрақтары: Кімге? Неге? Қайда?

  • Барыс септіктің жалғаулары: -ға, -ге, -қа –ке

  • Барыс септіктегі сөздер етістіктен болған мүшелермен байланысады.

  • Сөйлемде толықтауыш (Кімге? Неге?), пысықтауыш (Қайда?) қызметтерін атқарады.

  • Барыс септік жалғаулары сөз мағынасын өзгертпейді, тек сөз бен сөзді байланыстырып тұрады.

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.

Берілген жаттығуларды топтарға бөліп орындау.

Қосымша шығармашылық тапсырмалар.

Мағынаны тану

Мәтінді тізбектеп оқу

Сергіту сәті

Музыка ырғағымен билеу.

Ой толғаныс


Деңгейліктапсырмаларды орындау. Деңгейлік тапсырманы әр оқушы өзі таңдайды. Қима қағазда орындау
І деңгей
Берілген сөздерге барыс септік жалғауын жалғап жаз және екі сөзге сөйлем құра:
Сәби, басшы, әліппе, өнер, ағам, әжең, еліміз, бөлмесі.
ІІ деңгей
Көп нүктенің орнына барыс септікте тұрған сөздерді тауып жаз, бір сөз тіркесіне сөйлем құра:
... тағзым етейік,... жар салды,... құмар бала,... жақын,... ағаш ектік,... келгеніме өкінбеймін
ІІІ деңгей
Өлең құрастыр:
................ барысқа,
................ табысқа.
................ жарыста,
................ алысқа.

Үй тапсырмасы

47-жаттығу,ереже жаттау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

 Бағалау парақшаларын толтыру.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
24 қаңтар
855
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі