400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақ тілі .БЖБ№2. 2-тоқсан 5-сынып.

Материал туралы қысқаша түсінік
5.2.2.1 лексиканың ауызекі сөйлеу және жазба стильдік айырмашылықтарын мәтіндер арқылы тану; 5.3.2.1 жанрлық ерекшеліктеріне сай рәсімделуі мен құрылымын сақтап, хабарландыру құрастырып жазу; 5.4.4.1 жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерді және күрделі сөздерді ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолдану.
Материалдың қысқаша нұсқасы

2-тоқсан БЖБ №2«Бос уақыт және хобби. Морфология» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

І нұсқа


Оқу мақсаты:

5.2.2.1 лексиканың ауызекі сөйлеу және жазба стильдік айырмашылықтарын мәтіндер арқылы тану;

5.3.2.1 жанрлық ерекшеліктеріне сай рәсімделуі мен құрылымын сақтап, хабарландыру құрастырып жазу;

5.4.4.1 жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерді және күрделі сөздерді ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолдану.

Бағалау критерийі:







Ойлау дағдыларының деңгейі:

Білім алушы

  • Берілген мәтіндегі ауызекі сөйлеу және жазба стиліне тән белгілерді анықтайды;

  • Рәсімделуі мен құрылымы бойынша жанрлық ерекшеліктерін ескеріп, хабарландыру жазады;

  • Туынды және күрделі сөздердің грамматикалық нормаларын сақтап, жазбаша жұмыста қолданады.


Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты:

20 минут


Тапсырма

1.Берілген мәтіндерді мұқият оқыңыз. Төмендегі кестеге сәйкес салыстырыңыз.


1-мәтін

2-мәтін

Стилі



Жанры



Құрылымы



Тілдік ерекшелігі




1-мәтін


  • Сәлеметсіз бе, әже?

  • Аманбысыңдар , қарақтарым!

  • Әже, Айман үйде мекен?

  • Немерем ертеңгі көркемөнерпаздар концертіне дайындалып жатыр.

  • Со концертке мен де қатысам, әжетай, би билеймін!

  • Ал мен оркестрде домбыра тартам.

  • Ой, айналайындар, талаптарыңа нұр жаусын!

  • Әже, Айманға қобызды кім үйретті?

  • Оны музыка мектебіне барып үйренді ғой.

  • Айман қобызды жақсы тартат, күйлерін ұйып тыңдаймыз.

  • «Өнерді үйрен де жирен» деп атамыз қазақ тауып айтқан. Өнерлерің өрге жүзсін!

  • Рахмет, әжетай!


2-мәтін

Хабарландыру!!!


Құрметті қала тұрғындары!

13-14 желтоқсан күндері облыстық тарихи-өлкетану мұражайының көрме залында Тәуелсіздік күніне орай «Менің елім!» атты сурет көрмесі өтеді. Көрмеге отандас талантты жас суретші, өнер шеберлерінің тырнақалды туындылары қойылады. Республикалық деңгейдегі өтетін іс-шарада майлы бояулы суреттер, қолөнер туындылары, графикалар, фото туындыларды тамашалай аласыздар. Көрменің жұмыс уақыты: 9:00-18:00

Бағдарламада:

  • Жас суретші, өнер шеберлерімен сұхбат;

  • «Тәуелсіз Қазақстан» деректі фильмінің тұсаукесері;

  • Көрмеде қойылған туындыларды тамашалау.


Облыстық тарихи-өлкетану мұражайының әкімшілігі


2. Қала тұрғындарының бос уақыттарын өткізулеріне арналған қандай да бір шараның хабарландыру мәтінін құрастырыңыз.

__________________________________________________________________________________________________________________________________________


3. Берілген кестеге сәйкес күрделі сөздерге бірнеше мысал келтіріңіз.


Біріккен сөз

Қос сөз

Қысқарған сөз

Тіркесті сөз










Бағалау критерийі

№

тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Мәтіндегі ауызекі сөйлеу және жазба стиліне тән белгілерді анықтайды.

1

Стилі мен жанрын ажыратады;

Құрылымын анықтайды;

Тілдік құралдарына дәлел келтіреді.

1


1

1

Рәсімделуі мен құрылымы бойынша жанрлық

ерекшеліктерін ескеріп,

хабарландыру жазады.

2

Белгілі бір шараны негізге алады;

Жанрлық ерекшеліктерді сақтап, хабарландыру жазады.


1


1

Туынды және күрделі сөздердің грамматикалық нормаларын сақтап, жазбаша жұмыста қолданады.

3

Күрделі сөздерге мысалдар жазады:

біріккен сөз;

қос сөз;

қысқарған сөз;

тіркесті сөз.



1

1

1

1

Барлығы

9




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
3 қараша
579
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі