400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақ тілі Болымды және болымсыз етістік

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдері мен қазақ тілі мұғалімдеріне әдістемелік көмек болар деп үміттенемін.Оқушыларға сөз таптарын ажыратып, сөздерге сұрақтар қойып талдау жасауда қателеспеуді үйретеді.Етістіктің түрлерін іс қимылдың орындалуына қарай анықтауға ойын арқылы үйретеді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ тілі.

Сабақтың тақырыбы: «Болымды және болымсыз етістік»


Мақсаты:Етістік туралы алған білімдерін толықтырып тиянақтайды.

Міндеттері:оқушылар жаттығуларды орындау арқылы болымды және болымсыз етістіктер туралы алған білімдерін бекітеді. Ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамытып,сөздік қорын молайтады,байланыстырып сөйлеуін,ойларын қорытуын жетілдіреді. Адамгершілікке,алғырлыққа,шапшаңдыққа,ізденімпаздыққа,біріге жұмыс жасауға, жауапкершілікті түсіне білуге тәрбиеленеді.

Пәнаралық байланыс: дүниетану, ана тілі, музыка, еңбекке баулу.

Сабақтың түрі:Сайыс

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: АКТ әдіс-тәсілдері,ұлттық ойын элементтері, сұрақ-жауап,әңгімелеу,ой қорыту,топпен жұмыс

Көрнекілігі:интерактивті тақта,слайд,жетондар,суреттер,

Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі «Намыс дода» сайыс сабағына жеңістен үміткерлер-ел болашағы . Қош келдіңіздер! Намысы қозбайтұғын қазақ бар ма, Әділдік пен ақиқат тұрған шақта.

Бүгін топпен жұмыс жасаймыз,тапсырмаларды дұрыс орындаған әр оқушы жетонға ие болады. Ең үздік топ жетон саны арқылы анықталады. Егер топтардың ұпай саны, яғни жалпы жетон саны бірдей болса тосын сұрақтарды сабақ қонақтары қояды. Ең қызықты сұрақ қойған қонағымызға да арнайы сыйлық беріледі. Сабақтың әр кезеңі ұлттық ойындар атауымен аталып ұпай сандары беріледі.

30-ұпай : «Бәйге»

40-ұпай: « Тіл өнері»

50- ұпай: « Жеті жұмбақ» ,

20-ұпай: «Жорға»

Психологиялық дайындық. Кіріспе әңгіме жыл мезгілі туралы . Көңілді үзіліс. Ән «Нұрлы көктем» Көктемгі еңбек туралы сөйлемдер айту,етістікті табу, ережесін айту. Етістік түрлері :дара-күрделі,негізгі-туынды,болымды-болымсыз ережесін айту,мысал келтіру.

2.Үй тапсырмасын тексеру.39-жаттығу.болымсыз етістікті тауып, ережесін айту,жетон беру.

3.Негізгі бөлім.

Дәптермен жұмыс. Көркем жазу сәті.

Болымды және болымсыз етістік»

30-ұпай : «Бәйге» жарыс.Әр жаттығуды дұрыс орындаған оқушы ұпайға ие болады. Оқулықпен жұмыс . 42 –жаттығуды орындау. Интерактивті тақтада 43-жаттығу, 45-жаттығу слайд түрінде беріледі. Сөз құрамына талдау,болымсыз етістікті табу.

Сергіту сәті. «Көжегім» интерактивті тақтада көрсетіліп тұрады. Оқушылар қимылмен көрсете әндетеді. Осы өлеңдегі етістіктерді табу. тұршы,жушы,қарашы тарашы,киші,баршы,отыршы,оқышы

40-ұпай: « Тіл өнері» 44-жаттығу «Қояндар» мәтіні.Слайдқа қарап, мазмұнын айтып, болымсыз етістігі бар сөйлемдерді жаз. 47-жаттығу оқулықпен жұмыс , сурет бойынша әңгіме жаз. 48-жаттығу. «Тамшылар» слайды, мәтінді оқып,түсіп қалған әріптерді қойып,етістікті табу.

50- ұпай: « Жеті жұмбақ» а)Жұмбақты шешіп,ребус құрастыру .үкі (үй,күн,ін),көз(екі,өзен,)балық(бес,алма,қырық ) ә)«Болашақ» сөзіндегі әріптерді пайдаланып сөздер жаз бол,ал,аш,ақ,шақ,аша,ала,бала,бақ,лақ,қол,шал,шол,қала,қаша,қола

Бекіту. 20-ұпай. «Жорға» Ережелерді қайталау.

Сөз таптарын ата.

Дауыссыз дыбыс түрлері.

Сөйлем мүшелері.

Қосымшалар: жалғау мен жұрнақ

Арнайы сұрақтар-тосын сұрақ-әуенді сұрақ.


Қорытындылау,бағалау.


Үйге тапсырма:52-жаттығу.Етістікті табу ,ережені қайталау.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
3 маусым
720
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі