400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 12 материал табылды

қазақ тілі. Бос уақыт және хобби

Материал туралы қысқаша түсінік
сөздік қордың толығу жолдары туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы



Мектеп: Қараөзен мектеп лицейі

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

5-бөлім. Бос уақыт және хобби

Сабақтың тақырыбы:

Сөздік қордың толығу жолдары (2-сағат)

Күні: 14.12.22

Мұғалімнің аты-жөні: Замерова Балауса Курмангазина

Сынып: 5ә

Қатысқандар:11

Қатыспағандар:жоқ



Сабаққа негізделген оқу

мақсаты


5.1.5.1 тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру;
5.1.2.1 әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени, тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі (хабарландыру) көтерілген мәселені түсіндіру

Сабақтың мақсаттары:

1. Мәтінді түсініп, тақырып бойынша негізгі сұрақтарға жауап береді.

Мәтінге сай хабарландыру құрастырып жазады.

2. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріп, көтерілген мәселе

бойынша өз ойларын білдіреді.

Жанрлық ерекшелігіне сай, хабарландыру құрастырып жазады.

3. Мәтінде көтерілген мәселе бойынша күрделі сұрақтар құрастырады,

өз пікірін білдіре отырып, оны өмірмен байланыстыра алады.

Жанрлық ерекшелігіне сай рәсімделуі мен құрылымын сақтап,

хабарландыру құрастырып жазады.

Бағалау критерийлері:

(жетістік критерийлері,

табыс критерийлері, күтілетін нәтижелер)

  • Мәтіннің жалпы мазмұнын түсінеді. Оқылым стратегияларын қолданып, мәтіндегі негізгі сұрақтарға жауап береді.

  • Көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіреді.

  • Жанрлық ерекшелігіне сай рәсімделуі мен құрылымын сақтап, хабарландыру құрастырып жазады.

Тілдік мақсаттар:

Тілдік дағдылар: Тыңдалым, айтылым, жазылым

Терминология:

Хобби, серуен, саяжай, спортзал, фитнес клубтар.

Сөз тіркестері: Бос уақыт, саябақта қыдыру,таза ауа... т.б.



Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық, өзгелердің мәдениетіне құрметпен қарау.

Пəнаралық байланыстар

Қазақ әдебиеті, өзін-өзі тану " Өмір құндылықтары"

АКТ қолдану дағдылары

Ақпаратты тыңдау қабылдау дағдысы

Алдыңғы оқу/Бастапқы білім

Уақытқа қатысты атауларды біледі. Мәтіннің мазмұнын түсініп оқиды. Оқылған мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты анықтап, сұрақтарға жауап береді.

Жоспар

Жоспарланған уақыт


Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басталуы

7 мин











Ширату

«Сиқырлы сандықша»

Мақсаты: Бүгінгі сабақтың тақырыбын табуға ой тастау.

- Қымбатты, оқушылар, менің қолымда тұрған сандықшаның ішінде құпия зат жасырылған. Ол қандай зат екенін анықтау үшін маған бірнеше сұрақ қоясыздар. Мен сіздердің сұрақтарыңызға тек "иә", "жоқ" деп жауап беремін.


Дұрыс-ақ, сіздер, сандықша ішіндегі сағатты таптыңыздар. Қалай ойлайсыздар, бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы не болуы мүмкін?


«Пазл» әдісі арқылы топқа бөлу.


Тыңдалым алдындағы тапсырма

1-тапсырма

«Топтастыру» әдісі

Жұмыс түрі: СЖ (сыныптық жұмыс)

Жетекші сұрақтар:

1. Бос уақытыңызда не істейсіз?

2. Қандай пайдалы іспен шұғылданасыз?

Жақсы балалар, бүгінгі тақырыбымыз «Мен бос уақытымды қалай өткіземін?»


Oval 45



AutoShape 47 AutoShape 48


Дескриптор:

1. Сұраққа нақты жауап береді.

2. Көтерілген мәселе бойынша өз ойларын білдіреді.


Саралау жұмысы:

"Диалог және қолдау көрсету" арқылы сұрақтарға жауап беруге қиналған оқушыларға түрткі сұрақтар беріп, әңгімеге тартып жетелеп отырамын және сөзбен қолдап, ынталандырамын.


ҚБ: мұғалімнің мадақтау сөздері






























Мұғалімнің марапаттауы

Ортасы

25 мин


































































Тыңдалым кезіндегі тапсырма.


Аудиожазбадан мәтінді тыңдайды.


Мен бос уақытымды қалай өткіземін?

Менің бос уақытым өте аз. Аптаның алты күнінде сабақ оқимын. Күз мезгілінде жексенбі күні отбасымызбен серуендеуге шығамыз, табиғат аясында демаламыз.

Қыс мезгілінде таңертеңгі астан соң шаңғы тебуге шығамын. Мен шаңғыны үйімнің жанындағы саябақта тебемін. Саябаққа мектептің жоғарғы сынып оқушылары көп жүреді.

Көктем мен жазда демалысымды таза ауда өткіземін. Сенбі күні кешке қала сыртындағы саяжайға кетеміз. Онда үйдің жанында өзен бар, әкем екеуміз үнемі балық аулайтын орнымыз. Өзеннің қос жағалауында тоғай бар, мен апаммен сонда барып саңырауқұлақ, жидек теремін. Егер көшеде жаңбыр жауып тұрса, мен үйден шықпай кітап оқып, теледидар көремін. Мен өзімнің демалыс күнімді қызықты өткізгенді ұнатамын.

2-тапсырма " Айналмалы бекет" әдісі

Жұмыс түрі: ТЖ

І топ - ІІ топ - ІІІ топ;

ІІ топ - ІІІтоп - І топ;

ІІІ топ - Ітоп - ІІтоп.

І топ. Мәтіннің мағынасын ашатын тірек сөздерді табыңыз;

ІІ топ. Мәтіндегі негізгі ақпараттарды пайдаланып, сұрақтар дайындаңыз;

ІІІ топ. Мәтін мазмұнын негізге ала отырып, бос уақытыңды қалай өткізетінің туралы жаз

Дескриптор:

1. Мәтіннен тірек сөздерді табады;

2. Мәтін бойынша сұрақтар дайындайды;

3. Мәтін мазмұнын негізге ала отырып, бос уақытыңды қалай өткізетіні туралы айтады.


Саралау жұмысы:

«Қарқын» Тапсырманы тез орындап болған оқушы топтағы көмек қажет ететін балаларға қолдау көрсетеді.


ҚБ «Стикер» әдісі бойынша өзара бағалау

«Жасыл» - жақсы

«Қызыл» - толықтыруды қажет етеді


3-тапсырма.

«Тексеру, оқу, өзара болжау » әдісі

Жұмыс түрі: ТЖ

арқылы өздерінің топта жазған жұмысын басқа топпен ауыстырып, критерийлерге сәйкес тексеріп, бағалайды. Сосын өз топтарына қайтарады, жіберілген қателерді түзетеді,

хабарлама критерийлерін негізге ала отырып редакциялайды.

- қателерді дөңгелектейді

- толықтыруды қажет ететін тұсқа (...) белгісін қояды.

І топ. Сынып оқушыларын қазақ дарама театрында болатын қойылымға шақырып хабарландыру жазыңдар;

ІІ топ. Жерлес ақын Ғайса-Ғали Сейтақпен кездесу кешіне хабарландыру жазыңыз;

ІІІ топ. «Егер сіз кәсіпкер болсаңыз демалыс орнына көпшілікті қалай шақырыр едіңіз?» тақырыбына хабарландыру жазыңдар.


Дескриптор:

- хабарландыру құрылымын сақтайды.

- хабарландыру мәтінін редакциялайды.


Саралау жұмысы:

"Дереккөздер" арқылы тапсырманы орындауға қиналған оқушыларға хабарландыру үлгісі ұсынылып қолдау көрсетеді.



ҚБ. « Екі жұлдыз, бір тілек » ( өзара бағалау)


Тыңдалымнан кейінгі тапсырма

4-тапсырма «Детальдарын қосу» әдісі

Жұмыс түрі: ЖЖ (жұптық жұмыс)

Бастапқы сөйлем беріледі.

Бос уақытты тиімді ұйымдастыру қажет, себебі..................

Мені .............................. қызықтырады.

Күн режимі маңызды, өйткені.........

«Сағатты сатып ала алсаң да, уақытты сатып ала алмайсың», сондықтан............................

Кеңейтілген сөйлемдер............................

Дескриптор:

- Сөйлемдерді жүйелі құрастырады;

- Көтерілген мәселе бойынша өз ойларын білдіреді;

- Сөйлемдерді сауатты жазады.


Саралау жұмысы

"Сыбырлау" әдісі арқылы тапсырма орындау барысында Кеңейтілген сөйлемді орындауда қиналған оқушы мұғалімнен немесе сыныптасынан көмек алады.


ҚБ: " Жапондық бағалау әдісі" арқылы бағаланады.

- Дұрыс келісемін.

- Толықтырамын, басқа көзқарасым бар.

- Менің сұрағым бар.














http://lib.kstu.kz:8300/tb/books/2013/KYaiK/Kazahskiy_yazyk/info/matinder/men.




















Стикер


Oval 40 Oval 41

















































Аяқталуы

( 8 минут)



Үйге тапсырма:

- Газет, журналдарды пайдаланып, жеке адамдар мен мекеме, кәсіпкерлердің жарнамалық хабарландыруларын жинап келу,

- Оның бір- бірінен ерекшелігің салыстырыу,

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
31.08.2023
465
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі