400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Қазақ тілі-елдігімнің ертеңі" өлең

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі-елдігімнің ертеңі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ тілі-елдігімнің ертеңі



Қазақ тілі – ұлы далам үн қатқан,

Көк түріктен бүгінге дейін жалғасқан.

Тұлпар мініп, ту ұстаған баһадүр,

Тілмен ғана ел болғанын аңдасқан.

Сан ғасырлық тарихымды сөйлеткен,

Сақ пен ғұнның рухынан сыр шерткен.

Алтын Орда, Алаш жолы – бәрі де,

Тіл арқылы жауларымен серттескен!

Тіл – шежірем, тілім – менің тағдырым,

Тілім – ұлтым, өткенім мен таң нұрым.

Жан алысып, жан беріскен заманда,

Тіл арқылы шаққан екен бар мұңын!

Қан кешкенде қайсар халық тілімен,

Таңба түсіп, тозған емес түбінен.

Тәуелсіздік таңыменен оянып,

Биіктеді мәртебесі бүгінде.

Қазақ тілі – қасиетім, кием де,

Тілім менің- асқар рухым, ием де!

Елтаңбадай жүрегімде жарқырап,

Жасай берсін ғасырлардың төрінде!

Ұрпағы бар тілін ту ғып көтерген,

Мәңгілікке қазақ болып өтер ем!

Бабалардың аманаты – осы тіл,

Аманатты өмір бойы көтерем!



Авторы: Жадыра Елемесқызы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
04.11.2025
26
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі