Материалдар / Қазақ тілі емтихан 10-сынып ҚГБ
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Қазақ тілі емтихан 10-сынып ҚГБ

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі емтихан 10-сынып ҚГБ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Наурыз 2024
388
16 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
700 тг 525 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақ тілі пәнінен 10-сынып оқушыларына арналған аралық аттестаттау тапсырмасы

І нұсқа

Оқу мақсаты:

10.2.6.1 белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын жүйелі қолдана білу


10.3.4.1 қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу ("келісу, келіспеу" эссесі, дискуссивті эссе, аргументативті эссе)

10. 4.4.1 сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтай білу

Оқылым (1балл)

Тапсырма


  1. Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз

  2. Бүгінгі замандағы өзектіліне баға беріп, төрт сөйлеммен пікір білдіріңіз

Тіл — адам жанының тілмәші. Тілсіз ұлт, тілінен айырылған ұлт болып жасай алмақ емес, ондай ұлт құрымақ. Ұлтының ұлт болуы үшін бірінші шарт — тілі болуы. Ұлттың тілі кеми бастауы ұлттың құри бастағанын көрсетеді. Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмасқа тиісті. Бір ұлттың тілінде сол ұлттың жері, тарихы, тұрмыс, мінезі айнадай ашық көрініп тұрады. Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы біресе желсіз түндей тымық, біресе құйындай екпінді тарихы, сары далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын сабырлы мінезі — бәрі көрініп тұр. Қазақтың сары даласы кең. Тілі де бай.

Осы күнгі түрік тілдерінің ішінде қазақ тілінен бай, оралымды, терең тіл жоқ. Түрік тілімен сөйлейтін түрік балалары күндердің бір күні айналып қазақ тіліне келмекші. Қазақ тілін қолданбақшы. Осы күнде-ақ айналып келе жатыр. Татардың әдебиет тілі жыл-жыл сайын қазақ тіліне жақындап келеді. Күндердің бір күні түрік балаларының тілі біріксе, ол біріккен тілдің негізі қазақ тілі болса, сөз жоқ, түрік елінің келешек тарихында қазақ ұлты төрден орын алмақшы. Келешектің осылай болуына біздің иманымыз берік. (150 сөз) М.Жұмабаев. «Тілдің адам өмірінде һәм ұлт өмірінде

алатын орны» мақаласынан

  1. Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз

Shape1
Shape2

  1. Бүгінгі замандағы өзектіліне баға беріп, төрт сөйлеммен пікір білдіріңіз

  • Менің ойымша...--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- [1]



  • Себебі, мен оны былай түсіндіремін...-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------


  • Оны мен мына фактілер, мысалдармен дәлелдей аламын...---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------


  • Осыған байланысты мен мынадай қорытындыға келдім...----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------




Жазылым


1. «Тілдің адам өмірінде һәм ұлт өмірінде алатын орны» Сіздің пікіріңізді растайтын аргументтер мен дәлелдер келтіре отырып, эссе жазыңыз.


Әдеби тіл нормалары (1 балл)

Жазылым мәтініндегі құрмалас сөйлемнің бірін таңдап, синтаксистік талдау жаса


Бағалау парағы

Оқу дағдысы

Бағалау критерийлері

Тапсырма реті

Дескриптор

Баға

Оқылым

1.Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды

2. Бүгінгі замандағы өзектіліне баға беріп, төрт сөйлеммен пікір білдіреді

1

  • Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды (3балл)

  • Бүгінгі замандағы өзектіліне баға беріп, төрт сөйлеммен пікір білдіреді (3балл)

1

Жазылым


- эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтап, тақырып желісінен шықпай, мазмұнын толық ашып жазады.

- жазылым мәтінін орфографиялық және пунктуациялық нормаға сай жазады.

2

-эссенің құрылымын (кіріспе, негізгі, қорытынды) сақтап жазады (0,5 балл);

- эссе тақырыбының желісінен шықпай, мазмұнын толық ашып жазады (2 балл);

-орфографиялық, пунктуациялық нормаға сай жазады (0,5 балл).




3


Әдеби тілдің нормалары

сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтайды

3

-синтаксистік талдау жасайды (1 балл)

1
















ІІ Нұсқа

Оқу мақсаты:

10.2.6.1 белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын жүйелі қолдана білу


10.3.4.1 қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу ("келісу, келіспеу" эссесі, дискуссивті эссе, аргументативті эссе)

10. 4.4.1 сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтай білу

Оқылым (1балл)

Тапсырма

1-тапсырма Мәтін қандай жанрда жазылған? Мәтіннің жанрлық ерекшелігін талдаңыз

2-тапсырма. Қазақстанның дамуына тірек болатын 4 негізгі жетістікті тауып жазыңыз


Біз әлем елдерінің сенімі мен құрметіне бөленіп, брендке айналған тәуелсіз Қазақстанды құрдық. 2017 жылы біздің ел БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болды.

2018 жылдың қаңтар айынан оған төрағалық етудеміз. Біз дүниежүзілік ЭКСПО мамандандырылған көрмесін өткізу үшін әлемдік қоғамдастық таңдап алған ТМД және Шығыс Еуропа елдері арасындағы бірінші мемлекет болдық. Қазақстанда табысты жұмыс істеп келе жатқан нарықтық экономика моделі қалыптасты.

2017 жылы еліміз әлемдік дағдарыстың қолайсыз салдарын еңсеріп, сенімді өсу жолына қайта түсті. Жыл қорытындысы бойынша ішкі жалпы өнімнің өсуі 4 пайыз болып, ал өнеркәсіптік өнімнің өсуі 7 пайыздан асты. Бұл орайда, өнеркәсіптің жалпы көлемінде өңдеуші сектордың үлесі 40 пайыздан асып түсті. Қазақстанның қолайлы дамуы орта таптың қалыптасуына мүмкіндік берді. Кедейшілік 13 есе қысқарып, жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайызға дейін төмендеді.

Еліміздің әлеуметтік-экономикалық табыстарының негізі – біздің басты құндылықтарымыз ретінде қала беретін азаматтық бейбітшілік, ұлтаралық және конфессияаралық келісім. Дегенмен, Қазақстанның жетістіктері сенімді тірек саналады, бірақ ол ертеңгі табыстарымыздың кепілі емес екенін жақсы сезінуіміз керек.

«Көл-көсір мұнайдың» дәуірі аяқталып келеді. Елімізге дамудың жаңа сапасы қажет. Жаһандық трендтер көрсетіп отырғандай, ол, бірінші кезекте, Төртінші өнеркәсіптік революция элементтерін кеңінен енгізуге негізделуі тиіс. Мұның өзіндік сын-қатерлері де, мүмкіндіктері де бар. Жаңа әлем көшбасшыларының қатарына қосылу үшін Қазақстанда қажетті нәрсенің бәрі бар екеніне сенімдімін.

( 200 сөз)

https://sputniknews.kz/spravka/20190218/9346813/



1.Мәтін қандай жанрда жазылған? Мәтіннің жанрлық ерекшелігін талдаңыз

Shape3
Shape4



  1. Қазақстанның дамуына тірек болатын 4 негізгі жетістікті тауып жазыңыз

Shape5
Shape6


Жазылым

3 тақырыптың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз

  1. «Қандай құндылықтарды жете меңгергенімізде біртұтас қоғам қалыптастырамыз?» тақырыбында аргументативті эссе жазыңыз


Әдеби тіл нормалары (1 балл)

Жазылым мәтініндегі құрмалас сөйлемнің бірін таңдап, синтаксистік талдау жаса


Бағалау парағы

Оқу дағдысы

Бағалау критерийлері

Тапсырма реті

Дескриптор

Балл

Оқылым

Мәтіннің жанрын анықтап, ерекшелігін талдайды.

Мәтіннен Қазақстанның дауына негіз болатын 4 негізгі жетістікті табады.

1

  • Мәтіннің жанрын анықтап, ерекшелігін талдайды.(0,5)

  • Мәтіннен Қазақстанның дауына негіз болатын 4 негізгі жетістікті табады (0,5)

1

Жазылым


- эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтап, тақырып желісінен шықпай, мазмұнын толық ашып жазады.

- жазылым мәтінін орфографиялық және пунктуациялық нормаға сай жазады.

2

-эссенің құрылымын (кіріспе, негізгі, қорытынды) сақтап жазады (0,5 балл);

- эссе тақырыбының желісінен шықпай, мазмұнын толық ашып жазады (2 балл);

-орфографиялық, пунктуациялық нормаға сай жазады (0,5 балл).




3


Әдеби тілдің нормалары

сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтайды

3

-синтаксистік талдау жасайды (1 балл)

1



















ІІІ нұсқа

Оқу мақсаты:

10.2.6.1 белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын жүйелі қолдана білу


10.3.4.1 қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу ("келісу, келіспеу" эссесі, дискуссивті эссе, аргументативті эссе)

10. 4.4.1 сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтай білу

Оқылым (1БАЛЛ)

1. Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз

2. «Мәңгілі Ел» идеясына баға беріп, төрт сөйлеммен пікір білдіріңіз

«Мәңгілік Ел» идеясының филосо­фия­­­лық мәдени астарын талдауда ерекше назар аударатын мәселе - ұлттық тәрбие. Тәрбие тал бесіктен басталады десек, ұлттық тәрбие отбасынан бастау алуы керек. Отбасылық тәрбие мәдениетті тұлғаларды қалыптастыруды басты мақсат ретінде ұстануы керек. «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыратын және оны одан әрі дамытатын бүгінгі жастар екені белгілі. Жастар осы ұлттық идеяны жүзеге асыру үшін өз Отанын сүйетін ұлтжанды, патриот болулары керек.

Бір сөзбен айтқанда, «Мәңгілік Ел» идеясын ұлттық идея ретінде қабылдау бүгінгі Қазақстан дамуының ішкі қажеттігінен, мемлекеттің тұтастығын сақтау идеясынан туындап отырғаны сөзсіз. Бұл идея тәуелсіз мемлекет алдында тұрған басты сұраққа жауап беріп, ұлттың болашақтағы дамуына жағымды әсер етуі тиіс. Сонымен бірге, ұлттық идея алдыңғы қатарлы және адамзаттың даму бағыты мен үрдісіне сай келетін болуы керек. Міне, осы тұрғыдан келгенде, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы Қазақстан халқын біріктіретін, елдің басты мақсатынан шығатын және соған толық жауап беретін идея десек, артық айтқандық емес. (145 сөз)

1.Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз

Shape7
Shape8



  1. «Мәңгілі Ел» идеясына баға беріп, төрт сөйлеммен пікір білдіріңіз

  • Менің ойымша...--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- [1]



  • Себебі, мен оны былай түсіндіремін...-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------


  • Оны мен мына фактілер, мысалдармен дәлелдей аламын...---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------


  • Осыған байланысты мен мынадай қорытындыға келдім...----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------


Жазылым

«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы Қазақстан халқын біріктіретін, елдің басты мақсатынан шығатын және соған толық жауап беретін идея» деген тақырыпта ойыңызды дәлелдеп «келісу, келіспеу» эссесін жазыңыз. Эссе жазу барысында қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтауды ескеріңіздер.


Әдеби тіл нормалары (1 балл)

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!