жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қазақ тілі-ең бай,ең көркем тіл
«Жангелдин ауданың білім беру бөлімінің Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ-сі
Сынып жетекшіге арналған әдістемелік құрал
Орта білім беру ұйымдарында сынып жетекшілігі туралы ереже
Жалпы ережелер
1. Осы орта білім беру ұйымдарында сынып жетекшілігі туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 12-2) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Ереже сыныптағы білім алушылардың оқу-тәрбие процесі шеңберіндегі қызметін үйлестіру бойынша педагог қызметкерге (бұдан әрі – сынып жетекшісі) жүктелген функцияларды айқындайды.
3. Сынып жетекшісі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» заңдарына және білім беру саласындағы Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық және нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырады.
4. Сынып жетекшісінің қызметі – білім беру ұйымының жарғысы, білім алушыларға білім берудің өзекті міндеттері, жаңартылған мазмұны, әдіснамасы, сондай-ақ тәрбие нысандары ескерілген тұлғалық бағдарлы тәсіл негізінде құрылған мақсатқа сай бағытталған, жүйелі, жоспарланған процесс.
5. Сынып жетекшісі тәрбие жұмысын ұйымдастыру саласында тиісті теориялық және практикалық білімді және оқыту дағдыларын меңгеріп, жоғары өнегелілік қасиеттерге ие бола, білім алушыларды жігерлендіріп, оларға қолдау көрсетіп және биік адами мұраттарға бағыттайды.
Сынып жетекшісіне тағайындауға кандидатураларды іріктеуді білім беру ұйымының әкімшілігі жүзеге асырады, басшының бұйрығымен бекітіледі.
6. Сынып жетекшісі қызметіне бақылауды жалпы орта білім беру ұйымы басшысының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары жүзеге асырады.
7. Білім беру процесінің қатысушылары білім беру ұйымдарының әкімшілігі, педагогтер, сынып жетекшілері, білім беру ұйымдарындағы жұмыскерлер (мектептің медициналық қызметкерлері, психологтар, логопедтер), білім алушылар, олардың ата-аналары және өзге де заңды өкілдері болып табылады.
2. Сынып жетекшісі қызметінің мақсаты мен міндеттері
8. Сынып жетекшісі қызметінің мақсаты – білім алушының азаматтық өзіндік санасын, жалпы мәдениетін, салауатты өмір салтын, өзін-өзі дамытуы мен өзін-өзі іске асыруын қалыптастыруы, оның тұлғалық өзін-өзі анықтауы, қоғамда табысты әлеуеттенуі мен бейімделуі үшін, білім алушылардың шығармашылығын дамыту, бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру үшін жағдай жасау.
Жалпы орта білім беру мазмұнында базалық құндылықтар: қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастық, еңбек және шығармашылдық, ашықтық, өмір бойы білім алу болып табылады.
9. Сынып жетекшісі қызметінің міндеттері:
1) сынып активін қалыптастыру;
2) әр білім алушының тұлғасын дамыту, өзін-өзі таныту, оның әлеуеттік қабілеттерін ашу және қайталанбастығын сақтау үшін қолайлы психологиялық-педагогикалық жағдай жасау;
3) білім алушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау;
4) сыныпта білім алушылармен жүйелі жұмыс ұйымдастыру;
5) тұлғаның шығармашылық, рухани, табиғи мүмкіндіктерін дамыту;
6) салауатты өмір салтына ынталандыру;
7) оқушыларда адамгершілік-өнегелік және рухани қасиеттерді қалыптастыру, толеранттылыққа баулу;
8) азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздер мен мемлекеттік тілді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға жат кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу;
9) белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру;
10) отандық және әлемдік мәдениеттің жетістіктеріне баулу; қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу; мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілдерін меңгерту;
11) оқушылардың бойында ұжымдық пен басқаларға жауапкершілік, және сезімдік, достық тұрғысынан топта жұмыс істеуде қабілеттілігін қалыптастыру;
12) балаларға арналған қауіпсіз ортаны қалыптастыру.
3. Сынып жетекшісінің функциясы
1) Ұйымдастыру-үйлестіру функциялары:
сынып ұжымын дамытудың талдауына, жай-күйіне және даму перспективасына қарай, құрастырылған орта білім беру ұйымының тәрбие жұмысы жоспарын ескере отырып сынып жетекшісі қызметінің жоспарын әзірлеу. Тәрбиелік қызметтің нәтижелерін болжау;
педагогикалық қызметкерлермен және білім беру, денсаулық сақтау ұйымдарының басқа қызметкерлерімен, білім алушылардың ата-аналарымен және басқа заңды өкілдерімен өзара іс-қимыл жасау, оларға білім алушыларды тәрбиелеуде көмек көрсету (жеке, психолог, әлеуметтік педагог, қосымша білім беру педагогы арқылы);
жалпымектептік ұжым қызметі шеңберінде білім алушылар тұлғасының оң әлеуетін дамыту үшін сыныпта тиімді білім беру процесін ұйымдастыру;
білім алушылардың орта білім беру ұйымында және мектептен тыс ұйымдарда сабақтан тыс уақытта, сондай-ақ қосымша білім беру жүйесі арқылы алуан түрлі қызметін ынталандыру және есепке алу;
білім алушылармен, олардың ата-аналарымен және өзге де заңды өкілдерімен оқыту жұмысын ұйымдастыру;
халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды анықтау, есепке алу және оқу-тәрбие процесін тиімді жобалау, оларға тиісті көмек көрсетуді ұйымдастыру мақсатында жұмыс жүргізу;
білім алушылардың кәсіби өзін-өзі анықтауына, мамандықты саналы таңдауына ықпал ету;
сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестік жұмысына қатысуы;
тәрбие жұмысын сынып ұжымымен жоспарлау, білім алушылармен, олардың ата-аналарымен және өзге де заңды өкілдерімен жүргізілетін жеке жұмыс жоспарын әзірлеу;
жалпымектептік жоспарлаудың негізгі қағидаттарының орындалуын ескере отырып, сыныппен жүргізілетін тәрбие жұмысын жоспарлау нысандарын анықтауға;
сыныпта тәрбие процесін ұйымдастыруға пән мұғалімдерін, білім алушылардың ата-аналарын және өзге де заңды өкілдерін, басқа салалардың мамандарын (ғылым, өнер, спорт, құқық қорғау органдары және т.б.) тарту;
сыныпта оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру, оқушыларды сынып және мектеп ұжымдарының жүйелі қызметіне қатыстыру;
білім алушылардың жеке ерекшеліктерін, олардың отбасындағы және мектептегі тіршілік әрекетін зерделеу;
білім алушылардың мінез-құлқындағы девиантты көріністерді қадағалау және дер кезінде айқындау, тиісті педагогикалық және психологиялық көмек көрсету, мектеп әкімшілігін хабардар ету;
білім алушыларға олардың аса күрделі өмірлік проблемалары мен жағдайларын шешуде көмек көрсету;
білім алушылардың әлеуметтік, психологиялық және құқықтық қорғалуын ұйымдастыру;
сынып ұжымында қолайлы психологиялық ахуал жасау;
салауатты өмір салтын насихаттау;
білім алушылардың ата-аналарын және өзге де заңды өкілдерін олардың үлгерімі мен тәртібі туралы хабардар ету, сыныптағы ата-аналар комитеті жұмысына түзету енгізіп отыру;
жалпы білім беретін пәндер бойынша педагогикалық қызметкерлермен өзара әрекеттесу;
сынып ұжымымен сынып сағаттарын және басқа да сабақтан тыс, мектептен тыс іс-шаралар өткізу;
сынып құжаттамасын (білім алушылардың жеке істері, сынып журналы, күнделіктерінің толтыруын қадағалау), сондай-ақ орта білім беру ұйымының нормативтік актілерімен айқындалған басқа да құжаттамаларды жүргізу;
өзін-өзі сақтау және бейтаныс адамдармен қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді;
техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау;
сыныптан тыс және мектептен тыс іс-шараларды өткізу кезінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету;
білім беру ұйымының басшысын бала құқықтарының бұзылу (қорқытып алу, бопсалау, балалардың қаза болу және басқа да жазатайым оқиғалар) және білім алушының құқыққа қарсы әрекеттер (әрекетсіздік) жасау фактілері туралы уақтылы хабардар ету.
2) Коммуникативті функциялар:
білім алушылар арасында тұлғааралық қатынасты реттеу;
сыныпта ортақ қолайлы психологиялық ахуал орнатуға ықпал ету;
білім алушыларға құзыреттілік қасиеттер қалыптастыруда көмек көрсету.
3) Талдамалы функциялар:
білім алушылардың жеке ерекшеліктерін және олардың даму динамикасын зерделеу;
тұлғаның және ұжымның тәрбиелілік деңгейін талдау және бағалау;
білім алушы тұлғасының қалыптасуына отбасы тәрбиесінің ықпалын талдау және бағалау;
сыныптағы білім алушылардың үлгерімі мен жалпы даму динамикасына жүйелі түрде талдау жасауды жүзеге асыру.
4) Бақылау функциялары:
сыныптағы білім алушылардың оқу үлгеріміне, сабаққа қатысуына, сыртқы келбетіне, эмоционалды-психологиялық жағдайына бақылау жасауды жүзеге асыру.
11. Сынып жетекшісінің функцияларына сәйкес білім алушылармен жүргізетін мынадай жұмыс нысандарын таңдайды:
1) жеке (әңгімелер, кеңестер, мәселені бірге шешу жолдарын іздестіру және тағы басқалар);
2) топтық (шығармашылық бірлесткітер, өзін өзі басқару органдары және басқалар);
3) ұжымдық (байқаулар, спектакльдер, концерттер, жорықтар, слеттер, жарыстар және тағы басқалар).
Білім алушылармен жүргізетін жұмыс нысандарын таңдауда:
орта білім беру ұйымының міндеттеріне сәйкес қызмет мазмұнын және негізгі түрлерін айқындауды;
білім беру процесін ұйымдастыру қағидаттарын, білім алушылардың қажеттіліктерін, қызығушылықтарын және мүмкіндіктерін, сыртқы жағдайларды ескеруді;
сыныптағы білім алушылардың әлеуметтік маңызды, шығармашылық қызметінің мазмұны, әдістері мен нысандарының тұтастығын қамтамасыз етуді басшылыққа алған дұрыс.
4. Сынып жетекшісінің қызметін ұйымдастыру
12. Сынып жетекшісі сынып ұжымымен және ондағы жеке білім алушылармен мынадай жұмыстарды жүзеге асырады:
1) үнемі сабаққа келмегендерді және кешіккендерді айқындайды, олардың келмеу немесе кешігу себептерін анықтайды, сабаққа қатыспаудың және кешігіп келудің алдын алу жұмысын жүргізеді;
2) сынып кабинетінде білім алушылардың кезекшілігін ұйымдастырады;
3) білім алушылармен, оның ішінде олардың мінез-құлқында девианттылық пайда болған жағдайда жүргізілетін әртүрлі жеке жұмыс нысандарын ұйымдастырады.
13. Сынып жетекшісі апта сайын:
1) білім алушылардың күнделік толтыруын тексеруде апта бойы алған бағаларының қойылуын тексереді;
2) тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес сынып жетекшісі сағатын (сынып сағатын) өткізеді;
3) тәрбиелеу жұмысы жоспарына сәйкес ай сайын кемінде екі тәрбиелеу іс-шарасын (сынып сағатынан бөлек) өткізеді;
4) білім алушылардың ата-аналарымен және өзге де заңды өкілдерімен жұмысты ұйымдастырады (жағдайға байланысты);
14. Сынып жетекшісі ай сайын:
1) өз сыныбындағы сабақтарға қатысады;
2) психологтың және жеке педагог қызметкерлердің кеңесін алады;
3) сынып ұжымының және оның белсенділерінің жұмысын ұйымдастырады;
15. Сынып жетекшісі оқу тоқсаны бойында:
1) сынып журналының жүргізілуін қамтамасыз етеді;
2) сынып жетекшілері әдістемелік бірлестік жұмысына қатысады;
3) тоқсан бойы тәрбие жұмыс жоспарының орындалуына, оқушылардың үлгерім жағдайына және тәрбиелік деңгейіне талдау жүргізеді;
4) жаңа оқу тоқсанына арналған тәрбие жоспарын әзірлейді;
5) сынып ата-аналарының жиналысын өткізеді;
6) оқу бөліміне сынып оқушыларының тоқсандағы оқу үлгерімі туралы
есеп тапсырады;
16. Сынып жетекшісі жыл сайын:
1) оқушылардың жеке істерін ресімдейді;
2) оқу жылы бойындағы сыныптағы тәрбие жұмысының жай-күйіне, білім алушылардың тәрбиелілік деңгейіне талдау жүргізеді;
3) сыныптың тәрбие жұмысы жоспарын (сынып жетекшісінің жоспары) жасайды;
4) сыныптағы білім алушылар туралы статистикалық есеп жинайды және мектеп әкімшілігіне тапсырады.
5. Сынып жетекшісінің құжаттамасы
17. Сынып жетекшісі мынадай құжаттаманы жүргізеді:
1) орта білім беру ұйымы жұмысының перспективалық жоспары негізінде тәрбие жұмысының жоспары. Тәрбие жұмысының талдауы мен жоспарының нысанын мектеп сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестігі айқындайды;
2) білім беру ұйымы басшысы белгілеген нысанда сыныптың әлеуметтік паспорты;
3) сыныптағы білім алушыларды педагогикалық, әлеуметтік, психологиялық, табиғи зерттеу нәтижелері;
4) ата-аналар комитеттері мен ата-аналар жиналыстары отырыстарының хаттамалары, ата-аналар жиналыстарын дайындауға арналған материалдар;
5) балалармен жүргізілетін тәрбие іс-шараларының материалдары;
6) сынып жетекшілігі бойынша әдістемелік жұмыс материалдары;
7) тәрбие жұмысының тоқсандық, жартыжылдық және жылдық талдауы;
8) есептер, талдау және басқа да материалдары.
6. Сынып жетекшісінің тәрбие қызметі
нәтижелілігінің өлшемшарттары
18. Сынып жетекшісінің тәрбие қызметі нәтижелілігі төмендегі өлшемшарттармен айқындалады:
1) сынып жетекшісі қызметінің нәтижелігін білім беру ұйымдарының әкімшілігі мен басқа да білім беру процесіне қатысатын ұйымдар талдайды және бағалайды. Осы мақсатта әрбір білім беру ұйымдарында жұмыс жүйелерінің өлшемшарттары, сондай-ақ бағалау-талдау қызметінің тәсілдері әзірленеді.
2) сынып жетекшісінің қызметін бағалауды, әдетте, директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары жүзеге асырады.
3) сынып жетекшісі жұмысының тиімділігі өлшемшарттар негізінде бағаланады, олардың сипаттамасы:
тәрбиеленушілердің тұлғалық сапасын және жеке қабілеттіліктерін дамыту деңгейлері;
білім алушыларға тұрақты білім беру бағдарламасын табысты игеруді немесе үлгерім динамикасының оң болуы;
сынып ұжымының, сыныпты тәрбиелеу жүйесінің қалыптастырылуы;
ата-аналар балалардың сыныптағы тіршілік әрекетіне және сынып жетекшісі қызметінің нәтижелелеріне қанағаттаншылық танытуы;
тәрбиеленушілердің әртүрлі әрекеттерде нәтижеге жетуі;
балаға сынып қауымдастығының қолайлы болуы;
4) өлшемшарттардың аталған жүйесі қажеттілігінше, сынып ұжымының арнайы ерекшелігі мен оның тәрбие қызметін көрсететіндей болуы және қосымша көрсеткіштермен толықтырылуы да мүмкін (құқық бұзушылықтың болмауы, қоғамдық және білім алушылардың шығармашылық белсенділігі және т.б.).
Таңдалып алынған өлшемшарттарға сәйкес психологиялық-педагогикалық диагностиканың әдістемесі, бағалау-талдау қызметінің әдістері мен тәсілдері жинақталады және қолданылады.
1. Сынып жетекшілердің жартыжылдық, жылдық талдауы, маниторинг
Өткен оқу жылындағы сыныптың тәрбие жұмысын талдау үшін үлгі кестесі
- Сыныпқа жалпы сипаттама
- Өткен оқу жылындағы сыныптың тәрбие жүйесін жоспарлауы
- Тәрбие жұмысының 8 бағыты бойынша атқарылған жұмыстар;
- Оқушы өмір қауіпсіздігі
- Сынып ұжымына және оқушылардың дамуына талдау:
- Мектеп өміріне сынып оқушыларының қатысуына талдау:
- Ата-аналармен жүргізілген жұмыстың талдауы:
- Өткен жылдың тәрбие мақсаты мен міндеттерінің нәтижесі, кемшіліктер бойынша келесі оқу жылына ұсынылған мәселелер
2.Тәрбие бағыттары бойынша ұйымдастырылатын жұмыс
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы «22» сәуірдегі № 227 бұйрығымен бекітілген тәрбие тұжырымдмасының 8 бағытына негіздей отырып, тәрбиелік шаралардың мазмұнын жетілдіру және сапасын арттыру.
«Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі»тәрбие жұмысының тақырыбы:
«Оқушылардың бойына патриотизмді, рухани-адамгершілік пен салауатты өмір салтын қалыптастыру арқылы әлеуметтік ортаға бейімдеу»
Сынып жұмысының тақырыбы: (мектептің тәрбие жұмысының тақырыбын негізге ала отырып, өз сыныбыңыздың тәрбие жұмысының тақырыбын аласыз )
Тәрбие жұмысының басым бағыттары
-
Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие
Мақсаты:
Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азаматты және патриотты; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін; балалар мен жастардың құқықтық санасын, оларда балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұру даярлығын қалыптастыру.
-
Рухани-адамгершілік тәрбие
Мақсаты:
:Тұлғаның қазақстандық қоғам өмірінің жалпыадамзаттық құндылықтарымен, нормаларымен және дәстүрлерімен келісілген рухани-адамгершілік және этикалық ұстанымдарын, моральдық қасиеттерін және көзқарастарын қалыптастыру.
-
Ұлттық тәрбие
Мақсаты:
Тұлғаны ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға, ана тілін және мемлекеттік тілді, қазақ халқының, Қазақстан Республикасындағы этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуге бағдарлау
-
Отбасы тәрбиесі
Мақсаты:
Ата-аналарды оқыту, бала тәрбиесінде олардың психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін және жауапкершіліктерін арттыру.
-
Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие
Мақсаты:
Тұлғаның өзін кәсіби анықтауына саналы қарым-қатынасын қалыптастыру, экономикалық ойлауын және экологиялық мәдениетін дамыту.
-
Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие
Мақсаты:
Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндігін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын, сондай-ақ ақпараттық мәдениетін дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік қалыптастыру.
-
Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі
Мақсаты: тұлғаның жалпымәдени мінез-құлық дағдыларын
қалыптастыру, тұлғаның өнердегі және болмыстағы эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту, білім беру ұйымдарында көпмәдениетті орта құру.
-
Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты
Мақсаты:
Салауатты өмір салты, дене дамуы және психологиялық денсаулық сақтау дағдыларын, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату.
3. Сынып жетекшінің жұмыс жоспарларының формалары
Тәрбиенің мақсаттары мен тәрбие жұмысының міндеттері білім беру процесінде, сабақтан тыс және бос уақытта іске асырылады.
-
№
Тәрбие бағыты
Жұмыс тақырыбы
Формасы
Мерзімі
Жауапты
1
Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие
Осы бағыт бойынша алға қойылған міндет:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін бағалап,Ата Заңды құрметтеуге баулу. Отанға, тілге деген құрмет пен сұйіспеншілікті нығайту. өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыра білуге дайын болу.
Нәтижесінде : Оқушылар өз елін сүюге, өз елінің тарихын сыйлауға үйренеді.
2
Рухани-адамгершілік тәрбие
Осы бағыт бойынша алға қойылған міндет.
Өз бойына адамгершілік қасиеттерді қабылдай білуге тәрбиелеу, әдептілік ережесін ұғындыру, қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру.
Нәтижесінде : Оқушылар адамгершілікке, рухани тазалықтарын сақтауға, ата-анасын сыйлауға үйренеді, ұлттық тәрбие негізі оқушылар бойына сіңіріледі,тиым сөздер тәлімін үйренеді.
3
Ұлттық тәрбие
Осы бағыт бойынша алға қойылған міндет:
Нәтижесінде:
4
Отбасы тәрбиесі
Осы бағыт бойынша алға қойылған міндет:
Нәтижесінде:
5
Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие
Осы бағыт бойынша алға қойылған міндет:
Нәтижесінде:
6
Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие
Осы бағыт бойынша алға қойылған міндет:
Нәтижесінде:
7
Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі
Осы бағыт бойынша алға қойылған міндет:
Нәтижесінде:
8
Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты
Осы бағыт бойынша алға қойылған міндет:
Нәтижесінде:
Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс жоспары
Ата-анамен жүргізілген жұмыс бағытын нақты айқындау, жүйелендіру.
|
№ |
Жұмыс мазмұны |
Өтілу түрі |
Мақсаты |
Мерзімі |
Жауапты |
|
1 |
Оқушы өмір қауіпсіздігімен таныстырып, түсінік жұмыстарын жүргізу |
Дәріс, бейнероллик |
Кұнделікті өмірде қауіпті жағдайлардың алдын-алу |
|
|
|
2 |
|
|
|
|
|
|
Осы бағыт бойынша алға қойылған міндет. Өздері белсене араласқан іс-шараларға ата-аналардың қатысу құқығына ие болуын жүзеге асыру. Байқау, ашық есік күндері, семинарлар ұйымдастыру. Нәтижесінде: ата-аналардың белсенділігі артады, ата-аналр мектептегі іс-шараларда өз ролдерінің ерекшеліктерін түсінеді |
|||||
Сыныптың және жеке оқушының әрекетін ұйымдастыру жоспары
|
р/с |
М а з м ұ н ы |
Мерзімі |
Жауапты |
|
1 |
Жыл басында оқушылардың оқулықпен қамтамасыз етілуін ұйымдастыру. |
Қыркүйек |
Сынып жетекші |
|
2 |
Оқушы қозғалысын бақылау. |
Үнемі |
Сынып жетекші |
|
3 |
Сынып белсенділеріне көмекші ретінде сайлап, тапсырмалар беріп, нәтижесін сұрап отыру. |
|
Сынып жетекші |
|
4 |
Оқушының сабаққа қатысын бақылау. |
|
Сынып жетекші |
|
5 |
Әлеуметтік қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек көрсету. |
|
Сынып жетекші, әлеуметті педагог |
|
6 |
Оқушылардың оқу құралдарының талапқа сай пайдалануын қадағалау. |
|
Сынып жетекші |
|
7 |
Оқушылардың күнделігімен жұмыс. |
|
Сынып жетекші |
|
8 |
Оқушылардың баспасөз басылымдарына жазылуын ұйымдастыру және тәрбиелік мәні бар басылымдарды насихаттау. |
|
Сынып жетекші |
|
9 |
Сынып кезекшілігінің қызметін қадағалап, сыныпқа тазалық жұмыстарын апта сайын жүргізіп отыру. |
|
Сынып жетекші |
|
10 |
Оқушыларды мектепішілік кітапхана, орталық кітапхананың жұмысымен байланыстыру. |
|
Сынып жетекші |
|
11 |
Оқушы өмір қауіпсіздігі бойынша түсінік жұмыстарын жүргізу |
|
|
Сынып оқушыларының мектепте және мектептен тыс қоғамдық ұйымдармен жұмысын ұйымдастыру жоспары
Мектептегі қоғамдық ұйымдар (пәндік, спорттық үйірмелер, ұлдар және қыздар ұйымы, кітапхана, өзін-өзі басқару ұйымы)
Мектептен тыс қоғамдық ұйымдар (ауыл кітапханасы, мәдениет үйі, дәрігерлік амбулатория т.б
|
№ |
Мазмұны |
Мерзімі |
Жауапты |
|
1 |
Мектепішілік секция, үйірмелерге қатыстыру |
Үнемі |
Сынып жетекші |
|
2 |
Мәдени іс-шараларға қатыстыру |
Уақытында |
Сынып жетекші |
|
3 |
Спорттық сайыстарға қатыстыру |
Уақытында |
Сынып жетекші |
|
4 |
Сыныптан тыс өткізілетін іс-шараларға қатыстыру |
Уақытында |
Сынып жетекші |
|
5 |
Дәрігерлік амбулаториямен байланыс жасап отыру |
Ай сайын |
Сынып жетекші |
|
6 |
Мектеп психологы, әлеуметтік педагог, тәлімгерлермен байланыста болу |
Бейсенбі |
Сынып жетекші |
|
7 |
Мектептің қыздар және ұлдар кеңесімен байланыс жасап отыру |
Жұма күндері |
Сынып жетекші |
Ұлдармен жүргізілетін жұмыс жоспары:
|
Р/с |
Мазмұны |
Мерзімі |
Жауапты |
|
1 |
|
|
|
|
2 |
|
|
|
|
3 |
|
|
|
Қыздармен жүргізілетін жұмыс жоспары:
|
Р/с |
Мазмұны |
Мерзімі |
Жауапты |
|
1 |
|
|
|
|
2 |
|
|
|
|
3 |
|
|
|
Оқушылармен жүргізілетін жеке жұмыс
Оқушылардың педагогикалық және психологиялық диагностиканың көмегімен жеке тұлғалық қасиетін танып білуге олармен түзету жұмыстарын ұйымдастыру; сынып мінездемесі және жеке оқушының мінездемесімен жұмыс және оқушыны жеке тұлға ретінде танудың диагностикасын жүргізу.
|
№ |
Жеке жұмыс жасайтын оқушының аты- жөні |
Себебі |
Дамыту- түзетуші іс- әрекеттер |
Мерзімі |
Жауапты |
|
1 |
|
дарынды оқушы |
|
|
|
|
2 |
|
үлгерімі төмен оқушы |
|
|
|
|
3 |
|
ерекше назардағы оқушы |
|
|
|
|
Осы бағыт бойынша алға қойылған міндет: Нәтижесінде: |
|||||
Күнделікпен жұмыс туралы
Оқушы күнделігі-оқушының осы мектепте оқитынын және оның ағымдағы үлгерімін көрсететін негізгі құжат
Күнделік бұл оқушы мен сынып жетекшісі, пән мұғалімдері, сынып жетекшісі мен ата-ана арасындағы байланыс құралы.
күнделіктің барлық бағамдары анық, сауатты және уақтылы толтырылуы қажет.
Сынып жетекшісі күнделікті үнемі тексеруге және бағаларын қоюға міндетті
Сынып жетекшісі ата-аналармен ата-ана тарапынан оқушы күнделігіне бақылау жасауын қатаң қадағалайды (ата-ана қолы әруақытта болуы тиіс)
2-11 сыныптар аптасына 1рет тексеріп отырады.
Оқушы күнделіктерін тексеру туралы ереже «2016-2017 оқу жылында ҚР ЖОББ ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хатта 245 бет, №2 қосымшада көрсетілген.
-
СЫНЫП ЖЕТЕКШІ ПОРТФОЛИОСЫ
Сынып жетекші портфолиосы- тәрбие жұмысын және сапасы мен жетістігін айқындайтын құжат.
Сынып жетекшінің портфолиосының жинақталуы:
-
Сынып жетекшінің бұйрығы;
-
Сынып жетекші туралы жалпы мәлімет (қосымша № 1 )
-
Сынып жетекші білуі керек заңдар мен талаптар, сынып жеткшінің қызметтік функциялары
-
Сынып оқушыларының тізімі (аты-жөні документ бойынша, туған үні, айы, жылы, ЖСН, қатысатын үйірмесі т.б) (қосымша №2)
-
Сыныптың және оқушылардың әлеуметтік төлқұжаты (қосымша № 3, 3-1)
-
Сынып белсенділерінің мен сынып кезекшілері туралы мәліметі; (қосымша №4 )
-
Сынып оқушыларының жекелей және топтық жетістіктері (мектепішілік, аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық) фотосымен және диплом көшірмесімен, астынғы жағында марапатының деңгейі мен атауын жазу
-
Сынып жиналысының хаттамалары; (қосымша №5 )
-
Оқушылардың отбасылары туралы мәлімет (ата-анасының аты-жөні, туған жылы, жұмыс орны, әлеуметтік жағдайы, байланыс нөмірлері т.б) (қосымша № 6 )
-
Сынып жетекшінің ата-аналармен байланыс журналы, ата-ананың сабаққа қатынас журналының болуы және тиісті деңгейде жүргізілуі; (қосымша №7 )
-
Әр ай сайын ата-ананың сабаққа қатысу графигін құрып, таныстырып, ата-ананың сабаққа қатысу деңгейін шығару;
-
Сынып ата-аналар комитетінің тізімі(қосымша № 8 )
-
Ата-аналармен жүрізілген диагностикалық, алдын-алу, ағарту жұмыстарының мазмұны мен қорытындысы; (сауалнама, анкета, баяндама, жаднама, т.б)
-
Ата-аналар жиналыстарының хаттамалары; (қосымша № 9 )
-
Психолог, әлеуметтік педагогтардың сыныппен жүргізген жұмыстарының қорытындылары;
-
Оқушыларға жеке және сыныпқа педагогикалық-психологиялық мінездеме немесе психологиялық карта (психологпен бірлесе отырып толтырылады)
-
Оқушылардың күнделіктерін тексеру анықтамалары
-
Пән мұғалімдерімен байланыс журналы(қосымша №10 )
-
Тәрбие жұмыс жоспары;
-
Тәрбие жоспарына сай тәрбие сағаттарының жинағы (бекітілген, сыртқы беті, жоспары) (қосымша № 11 )
-
Тәрбие сағаттарының, сыныптан тыс шаралардың анықтамасы, фотосы (қосымша №12 )
-
Сынып жетекшінің күндік мәліметі (қосымша № 13 )
-
Пайдаланған әдістелемелік материалдар
-
Сынып жетекшінің жүргізген тәрбие жұмысына тоқсандық, жылдық талдауы, маниторинг(қосымша № 14)
-
Сынып жетекшілердің тәрбие сағаттарға, өзара сабаққа қатысу дәптерлері (қосымша № 15)
Сынып жетекші туралы жалпы мәлімет (қосымша № 1 )
Ж
етекшінің аты,
тегі, әкесінің аты:
Туған күні, айы, жылы:
Білімі:
Бітірген оқу орны:
Мамандығы:
Еңбек өтілі:
Санаты:
Проблемалық тақырыбы: фотосы
Жұмыс орны
Мекен-жайы
Телефоны:
Эл.адрес:
Білімін көтеру курсынан өтуі
|
№ |
Тақырыбы |
Қайдан өткендігі туралы мәлімет |
Сертификат №, берілген уақыты |
|
1 |
|
|
|
|
2 |
|
|
|
Қатысқан семинарлары
|
№ |
Тақырыбы |
Деңгейі |
Уақыты |
|
1 |
|
|
|
|
2 |
|
|
|
Баспасөз материалдарына жарияланған мақалалары, таратылған іс - тәжірибелері
|
№ |
Тақырыбы, формасы |
Баспасөз материалының атауы, нөмірі, жылы |
Деңгейі |
|
1 |
|
|
|
|
2 |
|
|
|
Жетістігі
|
№ |
Қатысқан байқауларының атауы немесе марапатының мазмұны |
Деңгейі |
Нәтижесі |
|
1 |
|
|
|
|
2 |
|
|
|
Қосымша №2
Сыныбы туралы жалпы мәлімет
|
№ |
Оқушының аты-жөні |
Туған күні, айы, жылы |
ЖСН нөмірі |
Үйірмемен қамтылуы |
Мекен-жайы (анықатама бойынша |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Қосымша №3
Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің ___ сынып оқушыларының әлеуметтік паспорты
-
-
-
Реті
Категориялар атауы
Жалпы саны
Категорияға жататыны
Қосымша ескерту
1
Аз қамтылған отбасының балалары
2
Көп балалы отбасының балалары
3
Толық емес отбасының балалары
4
Кризистік отбасының балалары
5
Даму мүмкіндігі шектеулі балалар
6
Ата- анасы мүгедек балалар
7
КТИ есебінде балалар
8
Мектепішілік бақылаудағы балалар
9
Өз тұрғын үйі жоқ ата-аналардың балалары
10
Тиісті деңгейде бала тәрбиесімен айналыспайтын ата-аналар
11
Қоғамға жат әрекеттері бар отбасы балалары
12
Қорғаншылықта
13
Үйден оқиды
КТБ-де есепте тұрған қолайсыз отбасылар туралы ақпарат
1
Қолайсыз отбасылардың жалпы саны
2
Ондағы балалардың жалпы саны
-
-
Әлеуметтік педагог:
Сынып жетекші:
Қосымша №3-1
Баланың және отбасының әлеуметтік төлқұжаты
1.Төлқұжат мәліметтері:
А.Баланың аты-жөні:_________________________________________________
Б.Туған күні, айы,жылы____________жасы _____cыныбы_____ұлты_________
В.Мекен-жайы____________________________тел.ном.____________________
2.Отбасының әлеуметтік мінездемесі
А.Отбасы құрамы____________________________________________________
Б.Анасының аты-жөні________________________________________________
В.Әкесінің аты-жөні__________________________________________________
Г.Балалардың аты-жөні______________________________________________
Д.Әжесі, атасы____________________________________________________
Ж.Көпбалалы, азқамтылған, қамқорлыққа алынған оқушы осы категорияға жататын болса астын сызыңыз
3.Тұрғын үй жағдайы (астын сызыңыз)
А.Өз үйі, бөлек пәтер, жалдамалы пәтер, жатаханада, өз үйі жоқ, туысқандарымен бірге
Б.баланың өз бөлмесі бар ма?_________________________________________
В.Коммуналды жағдайы (астын сызыңыз):табиғи газ, салқын су, ыстық су, орталық жылу жүйесі, әжетхана, жуын бөлмесі, егер жағдайы жоқ болса, оны жазыңыз _______________________________________________________ ____________________________________________________________________
Е.Бала қандай бағытта киінеді: спорттық немесе классикалық
Ж.Үй кітапханасы (астын сызыңыз): үйде газет , журналдар, кітаптар барма, кітапханаға қызығушылық таныта ма ?
Д.Ғаламтор желісі: бар, жоқ
4.Отбасының материалдық жағдайы:
Барлық отбасының кірісі__________________________теңге, жан басына шақандағы табыс_________________
5.Отбасы құрамының байланыста тұрған орталықтар:
А.Ата-анасының жұмыс орны:
әкесі__________________________________________________________
анасы_________________________________________________________
Б.Ата-ананың жағымсыз қылықтары (астын сызыңыз): ішімдік, шылым қолдануы, немесе т.б.________________________________________________
В.Ата-ананың білімі__________________________________________________
6.Отбасының дінге көз-қарасы (астын сызыңыз): оң, теріс
7.Әлеуметтік-тұрмыстық ерекшеліктері:
А.Баланың отбасына көмегі___________________________________________
8.Баланың отбасында құқығы қорғалуда ма?__________________________
9.Әлеуметтік психологиялық бейнесі:
А.Баланың ерекшеліктері__________________________________________
Б.Баланың кемшіліктері_______________________________________________
В.Баланың қызығушылықтары_________________________________________
Г.Баланың өз денсаулығына көзқарасы__________________________________
10.Баланың денсаулығы_____________________________________________
Ата-ананың қолы:__________________
Сынып жетекшінің қолы___________________
Әлеуметтік педагогтың қолы_______________________
Қосымша №4
Сынып белсенділерінің тізімі
|
фотосы |
Сынып төрағасы- аты жөні жазылады |
|
фотосы |
Оқу секторы |
|
фотосы |
Тәртіп секторы |
|
фотосы |
Тазалық секторы |
|
фотосы |
Спорт секторы |
|
фотосы |
Мәдени секторы |
|
фотосы |
Кітап секторы |
|
фотосы |
«Ержігіт» ұлдар кеңесінің төрағасы |
|
фотосы |
«Қыз Жібек» қыздар кеңесінің төрағасы |
|
фотосы |
Наркопост мүшелері |
|
фотосы |
т.б |
Қосымша №5
Сынып жиналысының
Х а т т а м асы № ________
Жиналыс тақырыбы ________________________________________________________________
Сыныбы______________ Жиналыстың өткен күні: ______________________________________________
Қатысуға тиісті: __________________ қатыспағаны_____________________________________________
Қатысушы лауазымды тұлғалар________________________________________________________________
Күн тәрбінде:
1._____________________________________________________________________
2._____________________________________________________________________ 3._____________________________________________________________________ 4._____________________________________________________________________
Сөйлеушілер________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Ұсынбалар:___________________________________________________________________________________
Жиналыс басшыса______________________________________________________
Жиналыс хатшысы_____________________________________________________
Қосымша №6
Ата-аналар туралы жалпы мәлімет
|
№ |
Ата-ананың аты-жөні |
Туған күні, айы, жылы |
Қызметі |
Білімі |
Әлеуметтік жағдайы |
Телефон нөмірлері |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Қосымша №7
Сынып жетекшінің ата-анамен байланыс дәптері
|
Мерзімі |
Жұмыстың мазмұны |
Ата-ананың қолы (қажет кезде) |
|
|
|
|
Қосымша №8
Сыныптың ата-аналар комитетінің тізімі
|
№ |
Ата-аналар комитетінің төрағасы/төрайымы |
Хатшысы |
Мүшелері (2 ата-ана) |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Қосымша №9
Ата-аналар жиналысының
Х а т т а м асы № ________
Жиналыс тақырыбы _________________________________________________________________________
Сыныбы______________ Жиналыстың өткен күні: ______________________________________________
Қатысуға тиісті ата-ана : __________________ қатыспағаны___________
Қатысушы лауазымды тұлғалар________________________________________________________________
Күн тәрбінде:
1.____________________________________________________________________________________________
2.____________________________________________________________________________________________
3.____________________________________________________________________________________________
4.____________________________________________________________________________________________
Сөйлеушілер__________________________________________________________________________________
Пікір айтушылар______________________________________________________________________________
Ұсынбалар:___________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________________
Ата-аналар комитетінің төрағасы__________________________________
Жиналыс хатшысы_________________________________________________
Қосымша №10
Сынып жетекшінің пән мұғалімдерімен байланыс дәптері
|
Мерзімі |
Пән атауы, мұғалімнің аты-жөні |
Ескерту |
Ескерту бойынша жұмыстың нәтижесі, қолы |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Қосымша №11
«Бекітемін»
ДТЖО:_________________ Рамазанова З.Ж «____»__________201__ж
Сыныбы:________________Сынып жетекші________________________
Өтетін күні:______________________
Тәрбие сағаттың тақырыбы:_____________________________________
Мақсаты, міндеттері:___________________________________
______________________________________________________________
Өткізу формасы, әдіс-тәсілдері:__________________________________
Қажетті көрнекіліктер мен құралдар:_________________________
Қосымша______________________________________________________
Қосымша №12
Тәрбие сағатының
АНЫҚТАМАСЫ
Сыныбы ___________
Өткен мерзімі_____________________
Тақырыбы____________________________________________________________________________
Мақсаты мен міндеттері_________________________________________________________________
Өту формасы______________________________________________
Қолданылған әдіс-тәсілдер көрнекіліктер, техникалық құралдар_______________________________
______________________________________________________________________________________
Сабақтың өту барысы___________________________________________________________________
Қорытынды____________________________________________________
Анықтама беруші ______________________________қолы___________
Қосымша №13
Сынып жетекшілердің күндік жұмысының мәліметі
Күні, айы, жылы________________________
Сыныбы_____________
Барлық оқушы саны_____________________
Сабаққа келмеген оқушы саны____________
Аты-жөні, себебімен____________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________
Мектеп формасының сақталуы___________________________________________________________
Ыстық тамақ ішкен оқушы саны _____
Сынып кабинеті мен оқушылардың тазалығы ______________________________________________
Оқушылармен жеке және топтық жұмыс ( зерттеу, алдын-алу, дамыту-түзету, кеңес беру, ақпараттық т.б. жұмыстар) ______________________________________________________________
Ата-аналармен жүргізілген жұмыс________________________________________________________
Сынып жетекші__________________________Қолы________________
Қабылдаушы_____________________Қолы______________
Қосымша №14
Сынып жетекшінің 2016-2017 оқу жылындағы І-ІІ жарты жылдық және жұмысының жазбаша талдауы
-
сынып оқушылар туралы толық мәлімет (саны, әлеуметтік жағдайлары, жекелей даму деңгейлері, үйірмелерге қатысуы, қызығушылығы мен бейімділігі т.б)
-
оқушылармен жүрізілген жекелей және топтық жұмыстар (оқушылардың күнделігі, тазалығы, сыныптың сабаққа қатысу деңгейлері, сынып жиналыстары т.б)
зерттеу жұмыстары;
алдын-алу жұмыстарытүзету,
дамыту жұмыстары;
-
ата-аналармен жұмыстары
жиналыстың тақырыбы, жиналыс барысында ата-аналармен жұргізілген диогностикалық, алдын-алу, кеңес беру, ақпараттық-насихат жұмыстары, ата-аналардың ұсыныс-пікірлері;
Ата-аналармен байланыс журналының жүргізілуі, рейд жұмыстары, жекелей мәселелер бойынша атқарған жұмыстары;
Ата-аналардың сабаққа қатысуы;
Хаттамалардың толықтығы
-
Пән мұағлімдерімен байланыс жұмыстары
Арнайы дәптер бойынша және өзіндік байланыс арқылы пән мұғалімдерінің ескертулері, ұсыныстары бойынша атқарылған шаралар мазмұны
-
Тәрбие жұмысының 8 бағыты бойынша жұмысына талдау, маниторинг
-
Қосымша мәліметтер
Сабаққа қатысу, талдау жұмысы
Өзара сабаққа қатынасу, тәжірибе алмасу – мұғалімнің кәсіби өсуінің факторларының бірі
Мұғалімге жаднама
-
Сабақ- мұғалім мен оқушының бірлескен шығармашылық әрекеті.
-
Сабақты талдау және бағалау арқылы сіз әріптесіңіздің еңбегіне өз көзқарасыңызды білдіріп отырсыз
-
Сабақты бағалауда төмендегідей баллды қолданасыз:
-
жұмыс болған жоқ;
-
аз да болса жұмыс жүрді;
-
жұмыс түріне тек қана мұғалім қатысты;
-
оқушы мен мұғалім тығыз байланыста болды
-
Сабаққа қатысқанда әріптесіңізді сынағаннан гөрі, оған қандай әдістемелік көмек ұсына алатыныңызды көбірек ойлауыңыз арқылы мектептің білім сапасына да үлес қосатыныңызды ойлаңыз
-
Сабақта оқушының да белсенділігін белгіліеп отырғаныңыз дұрыс.
Қосымша №15
Сабаққа қатысу, талдау жұмысы
Уақыты:__________________
Мұғалімнің аты-жөні:____________________________________
Әріптесіңіз - жас маман, тәжірибелі ұстаз (астын сызыңыз)
Пәні:_________________ сыныбы:________________________
Сабақтың тақырыбы: ___________________________________
Қатысу мақсаты: _______________________________________
_______________________________________________________
Оқушы белсенділігін анықтау сызбасы
1-қатар
2-қатар
3-қатар
Сабақты талдау
Сабаққа қойылатын талаптар
1.Сабақтың дұрыс ұйымдасуы
2.Үй тапсырмасын сұраудағы әдістер тиімділігі
3. Жаңа сабақ пен үй тапсырмасының өзара жымдаса байланысуы
4.Жаңа материалды ұсыну шеберлігі
5.Жаңа материалды талдаудағы әдістер тиімділігі
6.Оқулықпен жұмыстың жүру сәттілігі
7.Глоссарий (сөздік жұмыс)
8.Оқушының сөздік қоры, толық жауап
9.Мұғалімнің сөйлеу мәдениеті
10.Шығармашылық тапсырмалардың жас ерекшелігіне сай болуы
11.Өмірмен байланыстың жолға қойылуы
Сабақтан кейінгі рефлексия
1.Сабақ мақсатына жетті деп ойлайсыз ба?
2.Сізге сабақтың қай кезеңдері ұнады?
3.Өз тәжірибеңізге енгізуге болатын қандай жұмыс түрлері болды?
4.Сабақтағы ахуал сіздің көңіл-күйіңізге қалай әсер етті?
5.Ұсынысыңыз бар
ма?
«Мен мына жұмысты немесе қандай да бір әдісті былай жоспарлауды ұсынған болар едім»
Қосымша №15-1
Сабақты талдау
Күнi_________________________
Сынып_______________________ оқушы саны___________________
Пәні_______________________________________________________
Мұғалiмнiң аты-жөнi_________________________________________
Сабаққа қатынасу мақсаты______________________________________________________________________
Сабақ тақырыбы:_______________________________________________________________________________
Сабақтың мақсаты:_____________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Сабақтың түрі_________________________________________________________________________________
Сабақтың кезеңдері____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________________________
Мұғалімнің әрекеті_____________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Оқушы әрекеті ________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________________
Қорытындылар және ұсыныстар__________________________________________________________________
Сабаққа қатынасушының қолы:_______________________
Қорытынды және ұсыныспен танысқан мұғалiм:_______________________________
Тәрбие сағатын талдау
Сыныбы___________________
Сыныптағы оқушы саны__________ қатысқаны____________________________________________
Сынып жетекшісі______________________________________________________________________
Тәрбие сағаты бекітілген бе?_____________________________________________________________
Тәрбие сағатының тақырыбы_____________________________________________________________
Мақсаты______________________________________________________________________________
Сабақты өткізу формасы ________________________________________________________________
Сынып жетекшінің сабаққа дайындық деңгейі_____________________________________________
Тәрбие сағатын өткізу барысында қолданылған әдістер, көрнекіліктер, техникалық құралдар, оларды қолдануда сынып жетекшінің шеберлігі қандай дәрежеде_____________________________
Тәрбие сағатының тақырыбы мен мазмұны оның мақсатына сәйкестігі
______________________________________________________________________________________
Тәрбие сағаттарының міндеттері өткізіліп отырған сынып ұжымының жас ерекшелігіне сәйкестігі_____________________________________________________________________________
Оқушылардың сабақ барысындағы қызығушылығы мен белсенділік деңгейлері ______________________________________________________________________________________
Тәрбие сағатын дайындау, өткізу барысындағы кемшіліктер__________________________________
______________________________________________________________________________________
Қорытынды талдау және ұсынба_________________________________________________________
Сабақты талдаушы____________________________________________________________________
Таныстым:________________ Сабақтың өткен күні_____________
Сынып жетекшінің қолы
шағым қалдыра аласыз




Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген