Материалдар / ҚАЗАҚ ТІЛІ ГРАММАТИКАСЫ тақырыбындағы авторлық бағдарлама
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ҚАЗАҚ ТІЛІ ГРАММАТИКАСЫ тақырыбындағы авторлық бағдарлама

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі грамматикасын әрбір грамматикалық категориялардың қызметі мен ерекшеліктерін оқытатын ғылым ретінде және сөздік қорын жинақтау, қазақ тілін практикада қолдана алу дәрежесін көтеру. Грамматика – әуел баста әріптерді оқи алу мен жаза білу өнері ретінде қалыптасты. Кейіннен тілдің ішкі құрылысы, сөз тудыру, сөзжасам, тіл білімінің сөз таптарын, сөздердің өзгеруі мен сөйлемдегі қызметін, сөйлемнің құрылысын зерттейді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Қырқүйек 2024
366
5 рет жүктелген
2500 ₸
Бүгін алсаңыз
+125 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +125 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚ ТІЛІ ГРАММАТИКАСЫ


Худайбергенова Мария Жалгасбаевна -

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы В.Терешкова атындағы

орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.


ТҮСІНІК ХАТ

Тіл қарым-қатынас тәсілі, адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас орнату, түсінісу үшін қолданылатын коммуникацяия жүйесі. Тілдердің дыбыстары, лексикасы мен грамматикасында ұқсастық та, айырмашылық та болады. Тілді адамдар тобы қолданады, тіл сол топтың сәйкестігі мен мәдениетінің көрсеткіші. Тілдің атауы сол тілді қолданатын қоғамдағы әлеуметтік, саяси жақындықты білдіретін аспект атауы.

Тіл жүйелерінің қалай өзгеретінін лингвистиканың бұрыннан келе жатқан және жақсы жетілген тармағы тарихи лингвистика қарастырады. Тілдердің өзара ұқсастығы мен айырмашылықтары бар. Тілдер үнемі өзгеріп отырады және бір-біріне әсер етеді. Әртүрлі тілде сөйлейтін адамдар өзара ұзақ қарым-қатынаста болса, тілдерінде кей жағынан ұқсастық бола бастайды. Олар алдымен жекелеген сөздерді алады, уақыты келгенде бір тіл өзгеріске қатты ұшырайды. Ол билік пен әлеуетке қаншалықты ие екендігіне байланысты.

Қазақ тілі грамматикасын әрбір грамматикалық категориялардың қызметі мен ерекшеліктерін оқытатын ғылым ретінде және сөздік қорын жинақтау, қазақ тілін практикада қолдана алу дәрежесін көтеру. Грамматика – әуел баста әріптерді оқи алу мен жаза білу өнері ретінде қалыптасты. Кейіннен тілдің ішкі құрылысы, сөз тудыру, сөзжасам, тіл білімінің сөз таптарын, сөздердің өзгеруі мен сөйлемдегі қызметін, сөйлемнің құрылысын зерттейді.

Грамматиканың саласы мектеп бағдарламасы бойынша оқылады. Грамматика ғылымы сөзжасам үрдісінің тәсілдерін – сөз тудырудың жолдары мен түрлері, тілдік сөз қорын дамыту амалдары; морфология – сөздің грамматикалық мағыналары мен формалары, грамматикалық категориялар, сөздің морфологиялық құрамы мен сөз таптары, олардың түрленуі; синтаксис – сөздердің бір–бірімен байланысу тәсілдері мен түрлері, сөз тіркестері, сөйлемнің құрылысы, түрлері, сөздердің сөйлемдегі қызметін қарастырады.

Мектеп бағдарламаларында дыбыстар жүйесі, сөздерді айтудағы ырғақтық интонациясы, сөздің айтылуына байланысты орфоэпияның, сөйлемдегі тыныс белгілерінің қойылуына байланысты пунктуацияның мәселелерін де қарастырылады.

Ұсынылып отырған «Қазақ тілі грамматикасы» авторлық бағдарламасы мектеп бағдарламасы негізінде қазақ тілін біршама тереңдетіп оқытуды -

синтаксис, сөзжасам, морфология, фонетика, лексика салалары бойынша білім беруді, жазбаша және ауызша жұмыстар жасау құзіреттілігін қалыптастыруды, теориялық материалды жүйелі түрде меңгеруі жағдайында білім беруді мақсат етеді.

Мақсаты: Қазақ тілі грамматикасы салалары бойынша тереңдетіп білім беру. Қарым-қатынастық біліктілігін дамыту, ауызекі сөйлеуге, тілдік құзіреттілігін қалыптастыру, сөздік қорын дамыту.

Міндеттері:

  • Қазақ тілі грамматикасының теориясы бойынша тереңдетіп білім беру.

  • Тілдік дағды мен ойлауын, шығармашылық әрекетін дамыту.

  • Грамматикалық категориялардың қызметі мен ерекшеліктерін оқыту.

  • Сөздік қорын жинақтау, практикада қолдана алу.

  • Тілдің ішкі құрылысы, сөз тудыру, сөзжасам, сөздердің өзгеруі мен сөйлемдегі қызметі, сөйлемнің құрылысы туралы білім беру.

  • Тілдік категорияларды ұғындыру, грамматикалық тапсырмалар жасау, оқу сауаттылығын дамыту.

  • Сөйлемге фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік талдау жасау, мазмұнын пайымдау.

  • Ақпараттық материалдармен, түрлі білім көздерімен жұмыс жасауға дағдыландыру.

  • Тіл дамыту, тіл ұстарту жұмыстарын жүргізу.

Күтілетін нәтижелері:

  • Қазақ тіл білімі теориясы мен грамматикасын меңгереді.

  • Грамматикалық ережелерді ауызша, жазбаша жұмыстарда қолдана алады, мәтіндермен жасайды, көркем сөйлеуге, тілдік сауаттылыққа үйренеді.

  • Сөзжасам, сөздердің өзгеруі мен сөйлемдегі қызметі, сөйлемнің құрылысы туралы біледі.

  • Фонетика, лексика, морфология салалары бойынша қиындық деңгейі әртүрлі тест жұмыстарын, жаттығуларды орындай алады.

  • Сөздердің жасалуын біледі, талдайды.

  • Сөз таптары, сөйлем мүшелері туралы теориялық білім алады, сөздік қоры қалыптасып, ойын толық айта білуге үйренеді.

  • Түрлі жазба жұмыстарын орындайды, эссе, әңгіме, мазмұндама жазады, ауызекі сөйлеу тілі қалыптасады.

  • Сөздіктермен жұмыс жасауға дағдыланады.

  • Пәнге деген қызығушылығы артады.

  • Эссе, әңгіме, мазмұндама жазуға баулу.

Өзектілігі: Білім мазмұнын жаңарту мен қазақстандық білім берудегі білім сапасының бәсекелестігін арттыру, тілді қолдану аумағында құзіреттіліктерін қалыптастыру өзекті болып табылады.

Қолданылатын технологиялары: АКТ (ақпараттық коммуникативтік технология, СТО (сыни тұрғыдан ойлау, жобалау.

Қолданылатын әдістері: Т кестесі, 6 неліктен, галереяны шарлау, пікірталас, балық қаңқасы, интерпретация, ішіне–сыртына, үшбу хат т.б.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, музыка, көркем еңбек.

БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАЗМҰНЫ

(Барлығы – 34 сағат, аптасына – 1 сағат)

Кіріспе. 1 сағат. Курстың мақсаты мен міндеттері. Қазақ тілі грамматикасы, оның өзіндік ерекшелігі жайлы мәлімет беру. Жаттығулар мен тапсырмаларды орындау.

Фонетика туралы түсінік. 1 сағат. Фонетиканың тіл білімінің бір саласы екендігі, оның салалары мен зерттеу әдістері. Тіл дыбыстарының дауыс қатысына қарай жіктелуі. Дыбыстардың классификациясы. Дыбыстардың өзгеруі, заңдылықтары.

Фонетика. Дауысты және дауыссыз дыбыстар. 1 сағат. Дауысты және дауыссыз дыбыстардың айтылуы, жазылуы мен оқылуы туралы. Дыбыстарды ажырату. Дыбыстардың емлесі. Фонетикалық жаттығулар.

Буын және оның түрлері. 1 сағат. Буын туралы түсінік. Сөздердің буынға бөлінуі, дауысты дыбыстардың әсері. Буын үндестігі. Буынның түрлері: ашық буын, тұйық буын, бітеу буындар туралы.

Тасымал. 1 сағат. Буынға бөлу және буынның түрлері. Сөзді тасымал жасау. Тасымалдауға болмайтын жағдайлар. Фонетикалық жаттығулар.

Орфоэпия. 1 сағат. Сөздер мен сөз тіркестерінің дұрыс айтылу ережелерінің жиыны екендігі. Қарастыратын мәселелері, негізгі принциптері Әдеби айтылу мен екпіні. Сөздіктермен жұмыс жасау жолдары.

Орфография. 1 сағат. Орфографияның қарастыратын мәселелері, негізгі принциптері. Сөйлем құрамындағы сөздерді, сөз тіркестерін, мағыналы бөлшектерін дұрыс жазудың нормалары.

Тыныс белгілері. 1 сағат. Жазуға тән шартты белгілер жүйесі туралы. Айтылатын ойды нақты, дәл жеткізуде тыныс белгілерінің маңыздылығы. Тыныс белгілерінің қойылуы. Сөйлемнің синтаксистік ерекшелігі.

Лексика. 1 сағат. Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы туралы. Сөздер жиынтығы, сөздік құрам. Сөз, сөз мағынасы мен қазақ тілінің сөздік құрамы, фразеологиясы, этимологиясы туралы. Жалпы қолданыстағы сөздердің қолдану аясы. Жаттығу жұмысы.

Сөздік қор және сөз мағынасы. 1 сағат. Сөздік қор туралы түсінік. Сөз және оның мағынасы. Көп мағыналы сөздер. Сөздердің жасалу жолдары. Қазақ тілінің сөздік қоры. Сөздіктермен жұмыс.

Омоним, антоним, синоним. 1 сағат. Сөздің бастапқы мағынасы. Омоним, антоним, синоним сөздерге қатысты тапсырмалар мен жаттығулар. Лексика бөлімі бойынша қайталау жұмыстары.

Фразеологизмдер. 1 сағат. Фразеологиялық қор. Фразеологизмдер туралы. Тілдегі тұрақты тіркестердің қалыптасуы. Сөйлеу кезіндегі сөз мағынасының туынды мағынаға ие болуы. Тұрақты тіркестер арқылы ойды көркемдеп, әсерлі жеткізу. Фразеологиялық сөздікпен жұмыс.

Фразеологиялық сөздіктер және тұрақты сөз тіркестері. 1 сағат. Фразеологиялық сөздікпен таныстыру. Сөз тіркестерін оқу, жазу, түсіндіру. Тұрақты және еркін сөз тіркестері. Фразеологиялық талдау жұмыстары.

Сөйлем. Сөйлем түрлері. 1 сағат. Біршама тиянақты ойды білдіруі. Сөйлем және оның түрлері, сөйлемнің құрылысы. Сөйлемнің құрамы. Сөйлемнің түрлеріне қатысты тапсырмалар.

Сөйлем мүшелері. 1 сағат. Сөйлем мүшелерінің атқаратын қызметі, жасалу жолы. Сөйлемнің тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерін анықтау. Сөйлем мүшелерін пысықтауға арналған жаттығу жұмыстары.

Мәтінмен жұмыс. 1 сағат. Көркем әдеби шығармалардан алынған үзінділермен жұмыс. Мәтін бойынша алған білімдерін бекіту.

Эссе жазу жұмысы. 1 сағат.

Сөзжасам. 1 сағат. Тілдегі жаңа мағыналы сөздердің қалыптасуы мен дамуы туралы. Атау ретінде танылуы. Бірігу, қосарлану, тіркесу арқылы жаңа сөздердің жасалуы. Түбірге жалғанатын қосымшалар түрлері.

Сөзжасамдық талдау. 1 сағат. Сөзжасамдық тәсілдер. Морфемалар. Туынды түбірлердің жасалуы. Жалпы түбір мен қосымша. Жаттығу жұмыстары.

Сөздердің жасалуы. 1 сағат. Түбір және туынды сөздер. Біріккен сөздер. Біріккен сөздердің емлесі. Сөздердің жасалуына қатысты тапсырмалар.

Жай сөйлемдер. 1 сағат. Қазақ тілі грамматикасындағы сөйлем түрлері. Жай сөйлемнің түрлері, жасалу жолдары. Жаттығу жұмыстары.

Құрмалас сөйлемдер. 1 сағат. Қазақ тілі грамматикасындағы құрмалас сөйлемдер. Құрмалас сөйлемнің түрлері, жасалу жолы. Жаттығу жұмыстары.

Морфология туралы түсінік. Зат есім. 1сағат. Морфология туралы жалпы түсінік беру. Қазақ тіліндегі сөз таптары, қызметі жайлы мәлімет. Зат есім туралы. Зат есімнің сөйлемдегі қызметі.

Зат есімнің септік жалғаулары. 1 сағат. Септіктердің сұрақтары мен жалғаулары. Септіктер және олардың жасалу жолдары, септіктердің жалғаулары. Жаттығу жұмыстары. Сөздерді септеу.

Зат есімнің тәуелдік және жіктік жалғаулары. 1 сағат. Тәуелдік және жіктік жалғаулары. Жекеше және көпше түрлерін меңгерту. Сөздердің тәуелдік жалғаулары. Сөздерді жіктеу.

Сын есім. 1 сағат. Сын есім туралы. Сын есімнің лексика-грамматикалық сипаты. Сын есімнің түрлері, жасалу жолдары. Сөз табына және сөйлем мүшелеріне талдау.

Сан есім. 1 сағат. Сан есім туралы. Сөз табына және сөйлем мүшелеріне талдау. Сан есімнің түрлері және жазылу емлесі. Сан есімнің мағынасына қарай бөлінуі. Сөйлемдегі қызметі.

Есімдік және оның түрлері. 1 сағат. Есімдік туралы түсінік. Есімдіктің түрлері. Есімдіктің мағыналық түрлері. Есімдік сөздердің қолдануы. Есімдіктің сөйлемдегі қызметі.

Етістік. 1 сағат. Етістік туралы. Қимылдың және қимыл туралы түрінде өтетін түрлі үрдістерді білдіруі. Негізгі, туынды, дара, күрделі етістіктердің айырмашылығы. Етістіктің сөйлемдегі қызметі. Сөйлем мүшелеріне талдау. Жаттығу жұмыстарын орындау.

Есімше және көсемше. 1 сағат. Есімшенің етістіктің ерекше түрі екендігі. Есімшенің сөйлемде екі мәнде, екі түрлі қызметте қолданылуы. Есімшенің жасалуы мен түрленуі. Есімшенің сөйлемдегі қызметі. Көсемшенің жасалуы мен түрлері. Көсемшенің жіктелуі. Сөйлемдегі қызметі.

Оқшау сөздер, үстеу және шылау. 1 сағат. Оқшау сөз, үстеу және шылау туралы. Көңіл-күйге байланысты сөз таптарының ерекшелігін түсіндіру. Тапсырмалар мен жаттығу жұмыстары.

Мәтінмен жұмыс. 1 сағат. Көркем әдеби шығармаларынан алынған үзінділермен жұмыс. Мәтін бойынша алған білімдерін бекіту, грамматикалық тапсырмалар. Қайталау жаттығулары.

Қайталау. 2 сағат. Өткен материалдарды қорыту, жоба қорғау жұмыстары.


БАҒДАРЛАМАНЫҢ КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ

МАЗМҰНЫ

Сағат саны



Теория-лық

Тәжіри-белік

Кіріспе


1

Фонетика туралы түсінік


1

Фонетика. Дауысты және дауыссыз дыбыстар


1

Буын және оның түрлері

1


Тасымал


1

Орфоэпия

1


Орфография

1


Тыныс белгілері


1

Лексика


1

Сөздік қор және сөз мағынасы


1

Омоним, антоним, синоним


1

Фразелогизмдер


1

Фразеологиялық сөздіктер және тұрақты сөз тіркестері

1


Сөйлем. Сөйлем түрлері

1


Сөйлем мүшелері


1

Мәтінмен жұмыс


1

Эссе жазу жұмысы


1

Сөзжасам

1


Сөзжасамдық талдау


1

Сөздердің жасалуы

1


Жай сөйлемдер

1


Құрмалас сөйлемдер


1

Морфология туралы түсінік. Зат есім


1

Зат есімнің септік жалғаулары


1

Зат есімнің тәуелдік және жіктік жалғаулары


1

Сын есім

1


Сан есім

1


Есімдік және оның түрлері


1

Етістік


1

Есімше және көсемше


1

Оқшау сөздер, үстеу және шылау

1


Мәтінмен жұмыс

1


Қайталау


2



12

22


Барлығы:

34


Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Әбілқаев А. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы. «Рауан» баспасы. 1995ж. 

  2. Оралбаева Н., Әбдіғалиева Т., Шалабаев Б. Практикалық қазақ тілі. Алматы. «Ана тілі» баспасы. 1993ж.

  3. Исабаев Ә. Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негіздері. Алматы. «Мектеп» баспасы. 1993ж. 

  4. М.Томанов. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. Алматы. 1988ж.

  5. Нұрмағамбетов Ә. Бес жүз бес сөз. Алматы, Рауан, 1995ж.

  6. Исаев С. Оқу құралы. Алматы. «Өнер» баспасы. 2013ж.

  7. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. «Мектеп» баспасы. Алматы, 2008ж.

  8. Бизақов С. Қазақ тілі қандай тіл? Алматы: «Арыс» баспасы. 2010 ж.

  9. Оқушы анықтамасы. 5-11 сыныптар. Алматы. «Арман ПВ» баспасы. 2007 ж.











13


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!