ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТ САБАҚТАРЫНДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ

Тақырып бойынша 31 материал табылды

ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТ САБАҚТАРЫНДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі мен әдебиеті секциясына ұсынылып отырған «ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТ САБАҚТАРЫНДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ» атты баяндаманы жазуда қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Ауелбекова Айгүл көп ізденген. Бүгінгі заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруде жан-жақты ізденіп, шығармашылықпен айналысатын ұстаздарымыздың бірі. Әрбір сабағында жаңаша әдіс-тәсілдерді ұтымды пайдалана отырып, оқушы жүрегіне жол тауып, оның шығармашылықпен айналысуына бағыттап отырады.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Түркістан облысы

Отырар ауданы

«Отырар» жалпы білім беретін мектеп» КММ



БАЯНДАМА



ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТ САБАҚТАРЫНДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ





Дайындаған: Ауелбекова Айгүл

Секция: қазақ тілі мен әдебиеті









«Отырар» жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ауелбекова Айгүлдің «ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТ САБАҚТАРЫНДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ» атты баяндамасына



ПІКІР

Қазақ тілі мен әдебиеті секциясына ұсынылып отырған «ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТ САБАҚТАРЫНДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ» атты баяндаманы жазуда қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Абдраймова Айгүл көп ізденген. Бүгінгі заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруде жан-жақты ізденіп, шығармашылықпен айналысатын ұстаздарымыздың бірі. Әрбір сабағында жаңаша әдіс-тәсілдерді ұтымды пайдалана отырып, оқушы жүрегіне жол тауып, оның шығармашылықпен айналысуына бағыттап отырады.

«ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТ САБАҚТАРЫНДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ» атты баяндамасы аймақтық қаңтар педоқуына ұсынылады.





Бірлестік жетекшісі: З.Сағындықова















ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТ САБАҚТАРЫНДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ



ЖОСПАР:

  1. КІРІСПЕ

  2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

    1. ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҮРДІСТІ ЗЕРТТЕУ БАРЫСЫ

    2. ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНА ОТЫРЫП ОҚУШЫ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ

  3. ҚОРЫТЫНДЫ

  4. ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

















КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: « Білім беру жүйесінің басты міндеті- ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шындауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;... оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді. Бұл міндеттерді шешу үшін, мектеп ұжымдарының, әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы, барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа практикаға, жаңа қарым- қатынасқа өту қажеттілігі туындайды.

Сондықтан да қазіргі қоғамымызда әр мұғалім өз іс- әрекетінде қажетті өзгерістерді әр түрлі тәжірибелер жөніндегі мағлұматтарды жаңа әдіс-тәсілдерді дер кезінде қабылдап дұрыс пайдалана білуі керек. Сонымен қатар мектептегі оқу- тәрбие жүйесі, мұғалім- оқушы арасындағы қарым-қатынас жалпы оқытуды ұйымдастыру талапқа сай елеулі өзгерістерді қажет етіп отыр.

Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс- әрекетінің ғылыми- педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі.

Инновациялық үрдісті зерттеу барысы

Инновация – педагогикалық процеске оқыту мен тәрбиенің жаңа тұжырымдамаларын, оқу жоспарларын және бағдарламарын, түрлерін, әдістерін, құралдарын енгізіп,мақсатқа жету.Инновациялық үрдіссіз мектептің дамуы мүмкін емес. Инновациялық мектептердің мақсаты – жеке тұлғаны жан-жақты дамыту.

Инновациялық үрдісті зерттеу барысында жүйенің бір жағдайдан екінші бір жағдайға көшуі және жаңалықты енгізу үрдісіне басшылық жасау мәселелерін зерттеу маңыздылығы Н.В.Горбунова, М.В.Кларин, А.В.Лоренсов, М.М.Поташник, Л.И.Романова, В.И.Загвязинский, А.Я.Найн, Т.И.Шамова, О.Г.Хомерики т.б. зерттеулерінде қарастырылған.

Оқытудың тиімділігін арттыру мақсатында жаңа білім парадигмасына сүйене отырып , біз оқыту технологияларының тиімді жақтарын таңдап алуымыз қажет және оқу-тәрбие үрдісінде озық технологияларды белсенділікпен енгізуіміз керек.

Еліміздің болашағы көркейіп өркениетті елдің қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Қазіргі білім беру саласындағы мәселе- әлеуметтік – педагогикалық және ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестіру, оны өмірге пайдалану.

Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны өндіруді міндеттейді.

Жаңа технологияның мақсаты – оқытуды ізгілендіру, яғни оқу құралдары оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай болуы керек.Жаңа педагогиялық технологиялар оқушының шығармашылық қабілеттерін арттыруға өз үлесін қосады.

Мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайтып, қолданыс аясын кеңейтуде оқытудың жаңа технологияларының ықпалы зор. Қазақ осы тұрғыда арнайы технологиялық ақпараттық құралдар негізіндегі педагогикалық технологияларды біз қазақ тілі сабақтарында да кеңінен пайдаланамыз. Олардың қатарына интерактивті тақта, интернет ресурстарымен жұмыс, мультимедиялық кітапхана, қашықтан жүргізілетін сабақтар, диспуттар мен тренингтер. Жаңа технологиялар білім беру мен тәрбие жүйесін бірдей қамтуымен ерекшеленеді. Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану- педагогикалық іс- әрекеттердің мазмұны мен формасын толықтыру негізінде оқыту үрдісін жетілдірудің бірден – бір жолы.

Жаңа технологияларды пайдаланып оқыту мынандай нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді:

  • оқу материалын терең түсіну;

  • оқу мотивациясының артуы;

  • алған білімнің неғұрлым ұзақ уақыт есте саталуы;

  • білім беруге жұмсалатын шығынның азаюы;

ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНА ОТЫРЫП ОҚУШЫ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ



Заман талабына сай күнделікті сабақ барысында бейне және аудио-құрылғыларды, теледидарды, компьютерді, электронды оқулықты, интерактивті тақтаны қолдану оқушылардың тілді үйренуге деген белсенділігін арттырып, ең бастысы олардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасайды.

Сабақ барысында кеңінен қолданылып жүрген технологиялардың бірі – модульді оқыту. Модульді оқыту технологиясы негізінен үш бөлімнен тұрады (кіріспе, сөйлесу бөлімі, қорытынды).

Қазақ тілін жаңа технологияларды қолдана отырып оқушы қызығушылығын арттыруға және қазақ тілін жылдам әрі тиімді үйреніп алуға болады. Қазіргі таңда инновациялық технологиялардың көптеген түрлері бар. Атап айтсақ, модульдік технология, сын тұрғысынан ойлау, тірек-сызба технологиясы, дамыта оқыту, проблемалық оқыту, деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы және ойын технологиясы , ақпараттық технология.Біз өзіміздің тәжірибемізде жаңа технологиялардың ішінде модульдік технологияны қолданамыз. Бұл технологиямен жұмыс барысында мұғалім структуралық бөлімдерді мазмұнмен байытады, тәжірибе жинақтайды. Жеке тақырыпты модульдік оқыту жағдайында сабақтың ақпараттық структуралық компонеттерінің мазмұны төмендегіше анықталады.

1.Сабақ мазмұнын оқу элементтеріне бөліп оған мақсат қоя білу.

2. Оқу мазмұнын оқу элементтері бойынша деңгейлеп беру.

3.Оқушының сыныптан тыс қызметін ұйымдастыру.

4.Сабақтың логикалық құрылымын белгілеу.

5.Түзету- ескертпе жасау.

Жалпы оқу процесін бүтіндей модульдік оқытуға бейімдеу ісі оқу пәнінің бүтіндей курсын тақырыптың немесе тарау, бөлім бойынша модульдеуге, сабақтың ақпараттық- структуралық компонеттерін жасауға тікелей байланысты.Себебі, ол оқушының танымдық көзқарасын қалыптастыруға, ізденіс ұлғайтуға, шығармашылық қабілетін арттыруға, өзіндік жұмыстарды тез орындауға көмектеседі. Оқу үрдісінде жаңа технологияларды қолдану аса маңызды.

Осы технологияларды пайдаланудың тиімді тұстары:

-оқушының пәнге деген жеке қызығушылығын оятады;

- танымдық қабілеттілігін қалыптастырады;

- оқушыны шығармашылық жұмысқа баулиды;

-мұғалімнің уақытын үнемдейді;

- қосымша мәліметтерді береді.

Жаңа технологияларды сабақта қолданудың тиімділігін қашан да жолға қоярымыз анық. Қазақ тілін өзге ұлт өкілдеріне оқыту өте күрделі мәселелердің бірі.

Өзім сабақта бірнеше технологияның элеметтерін қолданып жүрмін. яғни сабақта тірек- сызбаларды қолдану. Тірек –сызбалары арқылы оқушылар сөз тіркесін, сөйлемдер, әңгіме құрады. Бұл технология түрі оқушылар сабақты қаншалықты меңгергенін байқауға болады, сондай-ақ оқушының танымдық қасиетін арттырады, сөз қорын байытады.

Тірек сызбаларды мына бағыттар үшін қолданамын:

- Сөздік қорларын байыту;

- Сөйлем, әңгіме құрастыру;

- Әңгімені құрастыру;

- Жұмбақтарды жасыру және жауабын табу;

- Тақпақтарды жаттау.Сабақ барысында оқушы сол тақырып төңірегінде ізденіп тақырыпты кеңінен ашады. Мысалы: тақырып « Жыл мезгілдері» I-топ « Қыс», II-топ « Көктем»,III-топ «Күз»,VI-топ « Жаз». Әр топ оқушылары өз тақырыптарына сай өлеңдер, тақпақтар айта отырып, жыл мезгілдері туралы әңгіме құрады, әр топ өзінің тақырыбын толық қорғап шығады.

Қазіргі кездегі жаңа технологияның бірі визуалді компонеттер қолдану түрі.Бұл технологияның ерекшелігі оқушыны сурет бойынша сөйлету. Бұл технология оқушылардың есте сақтау қабілетін арттырады. Келесі қолданып жүрген әдісім ол деңгейлік тапсырма.Мысалы: « Күз» тақырыбы бойынша мынандай деңгейлік тапсырма қолдандым.

III –деңгей Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді жазыңдар.

Күз айлары - ...,...,... . Күздігүні ... жауады. Балалар ... барады. Күзде күн ...болады.

Керекті сөздер: қыркүйек, жаңбыр, қазан, қараша, қысқа, мектепке.

II- деңгей төмендегі сөз тіркестерінің аудармасын жазыңдар.

Осенью, прохладный, урок, холодный, первый снег, учебный год, осенний.

I-Деңгей «Күз» тақырыбына әңгіме жазыңдар. Осындай тапсырмалар арқылы әр өткен тақырыпты пысықтауға болады.

«Ауылда» тақырыбын өткенде мынандай тірек сызбаны пайдаландым.

Қазақ тілін оқытуда түрлі әдістемелер қолдануға болады. Қай әдістемені қолданса да қарапайым тілмен, оқушыға түсінікті болу керек.

Бүгін сіздерге 5-сыныпта өтілген ашық сабағымды ұсынбақпын.

Бөлім: Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі

МЕКТЕП:


КҮНІ:

Мұғалім:


СЫНЫП: 5

Қатысқандар :

Қатыспағандар:


Сабақтың тақырыбы:

Ғажайып ағаштар


Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

5.3.6.1 мәтіндегі орфографиялық қателерді сөздіктерге сүйене отырып, түзету және редакциялау;

5.4.3.1. Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді, көп мағыналы сөздер, омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдану.


Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар: мәтіндегі орфографиялық қателерді анықтау, тура және ауыспалы мағыналы сөздерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдану;

Көпшілігі: мәтіндегі орфографиялық қателерді сөздіктерге сүйене отырып түзету, тура және ауыспалы мағыналы сөздерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдану;

Кейбір оқушылар: мәтіндегі орфографиялық қателерді сөздіктерге сүйене отырып, түзету және редакциялау, тура және ауыспалы мағыналы сөздерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдану.


Бағалау критерийі

  • мәтіндегі орфографиялық қателерді сөздіктерге сүйене отырып түзетеді;

  • сөйлемдерді редакциялайды;

  • тура және ауыспалы мағыналы сөздерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолданады.


Алдыңғы білім

Өсімдік және музыка


Жоспар:


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

























Сабақтың ортасы






















Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгендеп, зейінін сабаққа

Сынып оқушылары түгенделеді. Сабақ мақсаты хабарланады.

Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру: «Білезік» әдісі арқылы оқушыларға жағымды психологиялық ахуал тудырамыз.Оқушылар бірінің қолына бірі «Әрқашан…., ешқашан…..» деген тілек айтып білезік тағады.

Қызығушылықты ояту. Тақтаға ілінген түрлі ағаштардың суреттеріне назарларын аударып, қандай ой келгенін, не түйгендерін ортаға салып талқылау.

ЖАЗЫЛЫМ АЛДЫ.

Міне қызық!

Әлемдегі ерекше ағаштармен танысыңдар.

Мәліметтерге байланысты оқушылар өз пікірлерін білдіреді.

Сабақ тақырыбы мен мақсатын айқындайды.


ЖАЗЫЛЫМ ТАПСЫРМАСЫ. Мағынаны тану.

Тапсырма. Көп нүктенің орнына қосымшаларды орфографиялық заңдылықтарды сақтап жазып, себебін түсіндіріңдер.

Дескриптор:

  • Көп нүктенің орнына қосымшаларды қойып жазады;

  • орфографиялық заңдылықтарды сақтайды;

  • себебін түсіндіреді.

ҚБ

ОҚЫЛЫМНАН КЕЙІН. ӘТН.

2-тапсырма. Берілген сөздердің синонимдерін оқылым мәтінінен тауып жазып, сөйлемдер құрау

Тәрізді, тұрғындар, салқын, ұқсас, пісірді, халық, тағам, зерттеп, аздап,айынымай қалады.

Дескриптор:

  • Берілген сөздердің синонимдерін оқылым мәтінінен анықтайды;

  • Ойларын дәлелдейді.

  • сөйлемдер құрайды.

ҚБ

«Алматының қақ ортасында ғажайып ағаш өсуде» бейнежазбасын (https://www. youtube.com/watch?v=32g6bmZL4R4) тамашалап, ой бөлісіңдер.

1.Қолдаңыз. Бейнежазбадағы қала тұрғындарының пікіріне қатысты осындай ағаштарды кие тұтып сыйыну дұрыс.

2. Қарсы шығыңыз. Бейнежазбадағы қала тұрғындарының пікіріне қатысты осындай ағаштарды кие тұтып сыйыну дұрыс емес.

3. Зерттеңіз. Бұл ағаш қалай пайда болды?

Дескрипторлар:

  • Бейнежазбаны тамашалайды;

  • Пікір таластырады

  • Тақырып бойынша ойларын қорытындылайды.

.

ҚБ

Оқушылар түгенделіп, сабаққа назары аударылады.

Жағымды ахуал қалыптастыру.


Оқушылар тақтаға ілінген түрлі ағаштардың суреттеріне назарларын аударып, қандай ой келгенін, не түйгендерін ортаға салып талқылайды.


Мәліметтерге байланысты оқушылар өз пікірлерін білдіреді, сұрақтарға жауп береді.



Сабақ тақырыбы мен мақсатын айқындайды.




Көп нүктенің орнына қосымшаларды орфографиялық заңдылықтарды сақтап жазып, себебін түсіндіреді.







Берілген сөздердің синонимдерін оқылым мәтінінен анықтайды;

Ойларын дәлелдейді.

сөйлемдер құрайды.




Бейнежазбаға қатысты пікірлерін айтады;

Тақырып бойынша ойларын қорытындылайды.











«Смайлик»

   

Өте жақсы Жақсы Орташа

















Қалыптастырушы бағалау

- төмен жауап;

-жақсы жауап;

-керемет жауап!







Қалыптастырушы бағалау

- төмен жауап;

-жақсы жауап;

-керемет жауап!

5-сынып «Қазақ тілі» оқулығы












(«Генетикалық материалдар ресурстары» аппаратты
желісінен)






































https://www.youtube.com/watch?v=32g6bmZL4R4







Рефлексия

Кері байланыс: Мен үшін түсінікті Мен үшін түсініксіз Менің көңіл күйім

Үй тапсырмасы: 5-тапсырма











ҚОРЫТЫНДЫ

Қорыта айтқанда, қазақ тілін меңгеру өте маңызды. Ол оқушылардың ой-өрістерін кеңейтеді, халықаралық достыққа, мәдениетке тәрбиелейді.

Сондықтан біз, ұстаздар, XXI ғасырдың біздің алдымызға қойып отырған барлық талаптарына сай болып, білімімізді үздіксіз көтеріп отыруымыз қажет. Әлемдік бәсекелестікте табысқа жету үшін күшті рух пен білім қажет деп білер болсақ, еліміздің келешегі талантты, дарынды, өзіне сенетін жастардың қолында екендігін мен өзімнің шәкірттеріме үнемі айтып отырамын. Біздің мақсатымыз- заман талабына сай білімді де білікті маман тәрбиелеу.



Әдебиет

  1. «Қазақ тіл мен әдебиеті орыс мектебінде» журналы №7, 2010г.,№2, 2012г.,№8,9 2013г.

  2. Қазіргі кездегі жаңа технологияның бірі визуалді компонеттер қолдану түрі.





1


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.03.2025
210
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі