Материалдар / Қазақ тілі мен әдебиеті апталығының ашылуы "Тілім менің тірлігімнің айғағы"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Қазақ тілі мен әдебиеті апталығының ашылуы "Тілім менің тірлігімнің айғағы"

Материал туралы қысқаша түсінік
бұл материал жас мамандарға көмектеседі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Қаңтар 2020
15916
53 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

І жүргізуші: Қайырлы таң, құрметті ұстаздар!

ІІ жүргізуші: Армысыздар, қымбатты оқушылар!

І жүргізуші: Қазақстан – сан ғасырлық тарихы бар,

                       Қазақстан - бұл азат ел, танысыңдар.

                       Көк байрағы, елтаңба, әнұраны,

                       Қазақ елі егеменді, сан ұлты бар.


ІІ жүргізуші:  Қазақ тілі – өміріңде, өлеңде,
                          Қазақ тілі – тамыр жайған тереңге.
                          Қазақ тілі болашаққа жетелеп,
                          Ұрпақтарды танытады әлемге,- дегендей, мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтерер сендерсіңдер, құрметті достарым! Осыған орай «
Мәңгілік ел – мәртебелі тіл» атты қазақ тілі мен әдебиеті апталығын ашуға рұқсат етіңіздер.


1-жүргізуші:

« Жеке бір адам ұлт тілін жасай алмайды. Тіл – бүкіл халықтың игілігі, халықпен бірге жасап, бірге дамиды. Ана тілін жақсы білмейінше сауатты сөйлеп, сауатты жазып, тіл байлығын мол қолданбайынша, шын мәніндегі мәдениетті адам атануға болмайды»деп С.Негимов тіл туралы өз пікірін де білдіріп өткен екен.

ІІ жүргізуші:  Тіл – халықтың рухы, тұтастай кескін-келбеті, болмысы.

Мемлекеттік тіліміздің деңгейін көтеру - әрбір Қазақстан азаматына жүктелетін мақсат.

1-жүргізуші:   Менің қазір ойыма Қадір Мырзалының тіл туралы айтқан өлең шумақтары есіме түсіп тұр.

2-  жүргізуші:   Олай болса сені тыңдалық

1-жүргізуші:  

Ана тілім — әнұраным, Ана тілім — өрлігім,

Ана тілім — һәм құралым, Ана тілім — елдігім.

Ана тілім болмаса, Ана тілім болмаса,

Мықты болмас тұрағым. Бүтінделмес кемдігім.

2-  жүргізуші:   Олай болса мен де саған Сұлтанмахмұт Торайғыровтың  әдемі өлең жолдарын оқып берейін:

Сүйемін туған тілді – анам тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан

Құлағыма сіңірген таныс үнім.

Ең бірінші сол тілмен сыртқа шықты,

Сүйгенім, сүйсінгенім, жек көргенім.

1-жүргізуші:Тамаша! Жарайсың Мансұр! Қазақ халқы ұлт болып қалыптасқаннан бері қазақ тілі өмір сүріп келеді. Тілдің иесі – кешегі қазақ, бүгінгі қазақ және болашақтағы қазақ. Тілдің ғұмыры уақыт тәрізді мәңгілік. Тіл – халықтың мәңгілік халық болып қалуының айғағы. Тіл - өткеннің ұрпаққа қалдырған аманаты, бүгінгі күннің абыройы, ертеңгі күннің кепілі. Сондықтан да өз ана тіліміздің қадірін біліп, өз тілімізде дұрыс сөйлесе білу – қаны қазақ баласының бірден-бір міндеті болып табылады.

 Аружан : Туған тілде сыры терең жаным бар,
                        Туған тілде әнім менен сәнім бар.
                        Туған тілім тіл болудан қалса егер,
                        Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.

Марат: Қазағым-ау, бір-бір үлкен жүрексің,
                        Қадамыңа бір құдайым гүл ексін.
                        Тәуелсіз ел- ана тілін ардақтап,
                        Тәуелсіз ел- ана тілін ту етсін.

Батыр: Ана тілін жырлап өткен талайлар,
Жырлап өткен Ыбырай мен Абайлар.
Қасиетті менің ана тілімде
Өшпес мәңгі алаулаған арай бар.

Наргиз:

Ана тілім,дана тілім бақытым,
Қазақ тілін білу менің парызым.
Тілім менің ұмытылмас тірлігім,
Кім біледі тіліміздің тағдырын.

Зарина:  

Тілім менің тірегім, дінім менің,

Тілсіз қандай болады күнім менің.

Өз халқына жетеді өз мәнінде

Өз тілімде оқылса жырым менің.

Диана: Тілім менің – қуатым, күшім менің,

Күшім кетсе не болар ісім менің.

Тілсіз өмір бар десе түсінбедім,

Тілімменен тірлікті мүсіндедім.

Ульяна: Ана тілім – қазақ тілім туған тіл,

Қасиетті тіліміздің бәрін біл.

Ана тілді құрметтеңдер адамдар,

Заманға сай өзге тілдің бәрін біл.
2 жүргізуші:

Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй-демекші тамаша әнмен сусындамаймыз ба?!

Ән: Анамның тілі

Өмірге келдім,
Анамды көрдім,
Деді ол: жаным,
Арайлы таңым.
Самал боп желпіп,
Жырымен ертіп,
Үйретті тынбай
Бал тілін, әнін.
 
Анамның тілі - айбыным менің,
Анамның тілі - ай-күнім менің!
Сүйемін байтақ елімді туған,
Сүйемін мәңгі - өмірді думан.
 
Мектепке келдім,
Ұстазды көрдім,
Тыңдадым сөзін
Табынып, сүйіп.
Анамның тілі,
Аяулы үні
Жүрекке нұрын
Жіберді құйып.
 
Анамның тілі - айбыным менің,
Анамның тілі - ай-күнім менің!
Сүйемін байтақ елімді туған,
Сүйемін мәңгі - өмірді думан. 

1 жүргізуші: Ал енді, Оқушылар сіздермен бір ойын ойнап жіберейік. Ойынның атауы «Тапқыштар» деп аталады.

Мақсаты: Әр түрлі тақырыптағы астарлы сұрақтарға жауап іздеу арқылы баланың логикалық ойлауын дамыту.

Тапқырларға арналған әзіл викторина

Аңшы көлде жүзіп жүрген үйректерді бір оқпен атса, көлде неше үйрек қалады? (қалмайды, бәрі үркіп ұшып кетеді)

Есік пен терезенің арасында не тұр? («пен» тұр)
Орыс күнтізбесінде ең қысқа ай қай ай?
(Май- үш әріптен тұрады)
Страус өзін құспын деп айта алады ма?
(Жоқ, ол сөйлей алмайды)
Нені дайындауға болады, бірақ жеуге болмайды?
(сабақты)
Жасыл доп Сары теңізге құласа не болады?
(су болады)

Қай қолмен шәйді араластырған дұрыс? (шәйді қасықпен араластырған дұрыс)
Қандай сұраққа «иә» деп жауап бере алмаймыз? (ұйықтап ж
атырсызба?)
Жаңа жылда адамдарды жаппай құлататын табиғат құбылысы ?
(мұзтайғақ)
Он жұмыртқа салынған себетті екі рет түсіріп алсаң нешеуі қалады?
(бәрі жарылып қалады)

2 жүргізуші: Тіл-қасиетті, құдіретті, киелі. Бұл қасиеттер бойға ананың ақ сүтімен дариды. Тіл өшпейді, қандай қиындықта да тіл өз ұрпағының қанына, жанына өз ұрығын егіп, өміршең күй кеше береді.

Осымен қазақ тілі мен әдебиеті апталығына арналған салтанатты ашылу рәсімі  аяқталды. Құрметті достар,  қазақ тілі мен әдебиеті апталығына белсенді қатысасыңдар деп сенеміз! Баршамызға сәттілік тілейміз!

 

 



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!