400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің есебі

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі мен әдебиет пән бірлестігінің атқарған есебтері туралы мәліметтер жазылған
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қызыл таң» жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің әдістемелік бірлестігінің 2016-2017 оқу жылындағы

е с е б і

 Мақсаты:

Мұғалімдердің педагогикалық және кәсіби шеберлігін, құзырлылығын және сабақ беру әдістемесін үздіксіз жетілдіру арқылы оқушылардың сапалы білім алуына, шығармашылық деңгейінің жоғары сатыға жетуіне ықпал ету.


Биылғы 2016-2017 оқу жылында ӘБ –те 9 мұғалім еңбек етеді. Барлығы жоғары білімді тәжірибелі ұстаздар. ӘБ мұғалімдерінің мақсаты мен міндеті – болашақ ұрпаққа жаңа технология әдістері бойынша оқытуда сапалы білім беруге талпынады.

Жоғары санатты 1

Бірінші санатты 6

Екінші санатты 2

Санаты жоқ 0


  1. Тұрсынбекова Г

  2. Өмірбекова А

  3. Қараулова Ш

  4. Есімханов Е

  5. Керімбекова А

  6. Тайманова Г

  7. Әшім Ә

  8. А. Джорабаева

Бірлестік мүшелеріне жыл басында апталық жүктемелер бөлініп,бекітіліп берілген. ӘБ отырысы жасалынып, жыл бойына атқарылатын міндеттемелерді бөлісіп алды. Қазақ тілі кабинет меңгерушісі етіп Е. Есімханов, үйірме жетекшісі етіп Әшім Әлия, ӘБ хатшысы етіп Г. Тайманова сайланды. Жылдың басынан әдістемелік бірлестікте 5 отырыс өткізілді, онда әр түрлі сұрақтар қаралып, шешімдер қабылданды.

Оқу материалы бағдарламаға, жоспарға сәйкес түгел қамтылды, мұғалімнің шығармашылық тақырыбы бойынша есебі тыңдалып, пікір алмасып, талқыланды.

ҰБТ-ға тиянақты дайындау үшін бірлестіктегі пән мұғалімдеріне 11-сынып оқушылары бөлініп, бекітілді. Осы оқушылармен оқу жылының басынан бастап осы уақытқа дейін 18 байқау тесті өткізілді.

Әрбір тестің нәтижесі талданып, оқушылар мен ата-аналар хабардар болды. Сонымен қатар, информатика кабинетіне «5+» бағдарламасының 2015 жылғы және 2016 жылғы нұсқалары мектеп компьютерлеріне орнатылып, оқушылар компьютер арқылы да тестке дайындық жұмыстарын жүргізеді және де әр пән мұғалімі өзінің жеке жұмыс жоспарын құрып, оқушылармен дайындық жұмыстарын жүргізіп, өз пәндері бойынша тест алып отырды. ҰБТ-ға дайындыққа арналған, қайталауды қажет ететін тақырыптар тарауларға бөлініп, арнайы күнтізбелік жоспар жасалып бекітілді. Оқушылардың арнайы тізімі жасалып, олардың оқу үлгерімдері туралы мәлімет жазылды. Әрбір байқау сынағы өткен сайын арнайы жасалған алдын-ала тест қорытындылары жазылатын кесте толтырылып, онда әр оқушының жинаған ұпайы, оның бағаға шаққандағы көрсеткіші, орта балл және орта баға шығарылып отырады.

2016 жылдың 22-27 қыркүйек аралығында қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің ұйымдастыуымен апталық өткізілді. 22 қыркүйек күні апталықтың ашылуы мен жоспары таныстырылды. Барлық сыныптарға апталыққа байланысты газет, буклет шығару тапсырылды. Бірлестіктегі барлық пән мұғалімдері ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар өтті.

Тіл қандай да болмаса ұлттың, халықтың баға жетпес рухани қазынасы, ұлттық санамен байланысты мақтан тұтар ардақтысы. Сондықтан тілден тілдің кемдігі жоқ» деген ізгілікті принциптің қазіргі таңда қолданылуының ерекше мәні бар. Өз халқының қадір - қасиетін ұға білген жан ана тілін аяқ асты етпейді, өзге тілді де өзекке теппейді.

«Әр халықтың тілі – білімнің кілті» демекші мектепте білім дәстүрлі Тілдер мерекесіне байланысты тіл онкүндігі болып өтті.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің жетекшісі А. Керімбекованың ұйымдастыруымен болған бұл аталмыш шара жоспар бойынша онкүндікке ұласты. Онкүндікке бектілген жұмыстардың негізгі мазмұны, тәрбиелік жағы мақсатқа сай айқындалып жоспарланды.

«Тіл – мәртебесі, ел – мәртебесі» атты онкүндіктің салтанатты ашылуы 19 қыркүйекте болды.

Сол күні «Тілдер әлемінде» атты қабырға газеттері шығарылды. Әрбір қабырға газеті өзіндік талаптарға сай, мәні мен мағынасы жағынан ерекшеленіп тұрды. Онда тіл туралы мәлімет, оқушылар шығармашылығы жинақталды.

22 қыркүйек күні А. Керімбекова тілдер мерекесіне орай мектеп сахнасында «Тілі басқа, тілегі бір» тақырыбында оқушыларды достық, ынтымақ, мәңгілік бейбітшілікті дәріптеу мақсатында тілдер фестивалін ұйымдастырды. Бағдарламада әр сынып әр ұлт өкілдерінің киімін киіп, биін көрсетті. Бағдарлама барысында оқушылардың әр ұлттың киімін киіп, биін нақышына келтіріп билеу қабілеттері көпті сүйсіндірді.

24 қыркүйек күні М. Қаңтарбаева 6а сыныбына «Апамыс батыр» жыры тақырыбында ашық сабақ өтті. Мұғалім сабақты Кембридж тәсілімен өтті. Сабақты жырдан көрініс қоюмен бастады. Сыныпта топ ережесі ілінген, топтық ереже сақталды. Оқушылар топтар бойынша топтық тапсырмаларды орындап, сабаққа барлық оқушы түгел қатысты. Мұғалім мен оқушы арасында байланыс болды.

24 қыркүйек күні Ш. Қараулова 11ә сыныбында М. Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы жайлы Кембридждік тәсілде ашық сабақ өтті. Мұғалім тарихи деректерге терең тоқтала отырып, сабақты қызықты шеберлікпен өтті. Сабақты ақынның жырларынан үзінді көрсету арқылы оқушыларының бойындағы тәрбиенің біліммен қатар жүретіндігін көрініс арқылы көрсете білді. Оқушылардың топтар арасында бір-бірін түсінуі өте жақсы. Оқушылар сабаққа өте белсенді қатысып отырды.

24 қыркүйек күні Әшім Әлия 9а сыныбына Мақал-мәтелдер тақырыбында Кембридж тәсілі бойынша ашық сабақ өтті. Мұғалім оқушылардың пәнді терең түсіну қабілетін анықтау үшін білім берудің жаңа тәсілін, теориялық негіздерін қолданды. Мұғалім сабақты дұрыс жоспарлаған. Сабақ өте қызықты жоспар бойынша өтілді. Мұғалім сабаққа қажетті көрнекіліктерді пайдаланды. Оқушылар оқулықпен де, дәптермен де жұмыс істеді. Сергіту сәті өткізілді. Оқушылар берілген материалдарды толық меңгеріп жатыр. Ә. Әшім ізденімпаз мұғалім екенін көрсете білді.

25 қыркүйек күні Г. Тұрсынбекова 8ә сыныбына «Ежелгі дәуір әдебиеті» тақырыбында жоспарға сай сабақ өтті. Мұғалім сабаққа өз дәрежесінде дайындалған. Оқушылар белсенділік танытып, тақырыптан түсінгендерін айтып, талдау жасады. Мұғалім тақырыпты бүгінгі өмірмен байланыстыра отырып, сабақты қызықты шеберлікпен өтті. Көрнекіліктерді тиімді пайдалана білді. Оқушылар оқулықпен де, дәптермен де жұмыс істеді. Оқушылар сабаққа жақсы, ынтамен қатысты.

25 қыркүйек күні Е. Есімханов 9б сыныбына Шығармашылық жұмыстар тақырыбында сабақ өтті. Мұғалім сабақты дұрыс жоспарлаған. Оқушының шығармашылық деңгейін анықтау үшін оқушыларды топқа, бөліп сабақты қызықты, жоспарға сай, жан-жақты дайындықпен өтті. Мұғалім оқушылардың сабақтаеркін қатысып, өз ойларын еркін айтуға жағдай жасады. Балалардың сабаққа белсенділігі жақсы.

26 қыркүйек күні А. Керімбекова 9б сыныбына Д. Бабатайұлының «Аягөз, қайда барасың?!» тақырыбында жоспарға сай сабақ өтті. Мұғалім сабаққа жан-жақты дайындалған. Үй тапсырмасын сұрауда сыныпты үш топқа бөліп, жаңа сабақпен байланыстыра отырып, жаңа әдіс-тәсілдерді қолданып, сабақты қызықты өтті. Сабақ барысында пәнаралық байланыс болды. Мұғалім сабақты оқушылардың белсенділігін арттыратын түрлі әдістері мен формаларын пайдаланды.

26 қыркүйек күні Г. Тайманова 5ә сыныбына «Ер Төстік» ертегісі тақырыбында жоспарға сай сабақ өтті. Мұғалім сабаққа өз дәрежесінде дайындалған. Оқушылар белсенділік танытып, ертегіден түсінгендерін айтып, талдау жасады. Мұғалім ертегіні бүгінгі өмірмен байланыстыра отырып, сабақты қызықты шеберлікпен өтті. Көрнекіліктерді тиімді пайдалана білді. Оқушылар оқулықпен де, дәптермен де жұмыс істеді. Оқушылар сабаққа жақсы, ынтамен қатысты.

26 қыркүйек күні Г. ТАйманова 5б сыныбына «Ер Төстік» ертегісі тақырыбында ашық сабақ өтті. Мұғалім талапқа сай көрнекіліктермен, тірек сызбалар арқылы өтті. Үй тапсырмасын зымыран сұрақтар арқылы бағалады. Оқушылардың жан-жақты ізденімпаз, сабаққа деген қызығушылығының жоғары деңгейде екені байқалды. Оқушылар сабақты жақсы игерді.

А. Төлжанова оқушылардың өздері шығарған өлеңдерін жинақтап «Жас қаламгер» сайысын өткізді. Оқушылар әр түрлі тақырыпта өлең шығарған.

Апталықтың соңында белсенді қатысқан оқушылар марапатталды. Апталық кезінде ерекше көзге түскен мұғалімдерді Ш. Қараулова, Ә.Әшімді, Е. Есімхановты мектеп тарапынан марапаттау туралы ұсыныс айтылды.

І тоқсан соңында бақылау жұмысы алынып, сараптама жасалып, қорытындыланды. Бақылау жұмыстары да жоспар бойынша өткізілді.

Тоқсандық сапасы, үлгерімі төмен оқушылардың білім сапасының есебін айқындау, бақылау жұмыстарында кеткен қателер, білім сапасын көтерудің жолдары қарастырылылды.

2 қараша күні 8-11 сыныптар арасында мектепішілік олимпиада болып өтті. Олимпиада қорытындысы бойынша оқушылар іріктеліп 9-сыныптан Бөлебай Әзиза, 10-сыныптан Жұмаділла Ақбота, 11-сыныптан Амангелді Азиза аймақтық олимпиадаға қатысып қайтты.

8-сынып оқушысы Нұрмахан Жансая аудандық олимпиадаға жолдама алып, қатысып қайтты.

Мұғалімдер арасында өткен аудандық олимпиадаға қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі М Қаңтарбаева қатысты..

Тұңғыш Президент күніне орай «Менің елім, менің тұңғыш Президентім» атты оқушылар арасында мектепішілік шығармалар байқауын өткізіп, жақсы жазған марапатталды.

Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына орай өтілген Б. Момышұлының ерліктерін дәріптеу мақсатында оқушылар арасында өткен аудандық кезеңінде 9 «Б» сынып оқушысы Сахы А ІІІ орынды иеленсе, 7 «Ә» сынып оқушысы Жахан Ғ мен Оразхан Б алғыс хатпен марапатталды.

«Киік – қазақ даласының бейнесі» бірінші республикалық балалар конкурсында 9 «А» сынып оқушысы Мәдуәлі Арай жақсы нәтиже көрсетіп марпатталды.

«Ақберен» республикалық байқауында 10 сынып оқушысы Әлмеш Ұлбосын көркемсөз оқудан ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Аудандық «Махамбет оқулары» сайысында 9-сынып оқушысы Ерсары Айсана І дәрежелі орынға ие болды, 9-сынып оқушысы Сәтбай Бинура да аудандық мәреде І дәрежелі орынға ие болып облыстық сайысқа қатысып, екеуі де алғыс хатпен марапатталды..

Әр тоқсан соңында бақылау жұмыстары алынып, қорытындыланды. Әр сыныпқа тоқсандық баға бойынша мониторинг, рейтингі жасалып оқушылардың білім сапасы, үлгерім сапасы, орташа балы есептелініп, бірлестік отырысында талқыланды. ҰБТ-ға дайындауды күшейту керек екенін, деңгей бойынша бөлінген оқушыларды дер кезінде дайындауды және кесте бойынша 9-10 сыныптарға бөлінген мұғалімдер дайындықты бастайтынын айтып өтті.



Әдістеме бірлестік жетекшісі: А. Керімбекова

















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
41 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
11413
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі