Қазақ тілі мен әдебиеті Орыс сыныптарында оқытылатын 10сыныпқа емтихан Т2

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақ тілі мен әдебиеті Орыс сыныптарында оқытылатын 10сыныпқа емтихан Т2

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі мен әдебиеті Орыс сыныптарында оқытылатын емтихан Т2
Материалдың қысқаша нұсқасы

10-сынып емтихан тапсырмалары Қазақ тілі мен әдебиеті







ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ

(орыс тілінде оқытылатын сыныптарға)

Shape1 Shape2





І нұсқа

1-тапсырма . Төменде берілген мәтінді оқыңыз.

Кәсіп – бақыттың шырағы, Еңбек – ырыстың бұлағы


«Жер – өмірдің бесігі, Еңбек – ердің несібі»,-дейді қазақ халқы. Өз еңбегімен танылған азаматтар мен кәсіпорындар да көп. Солардың бірі – Қызылорда облысында күріш өндірумен айналысатын – «Абзал және К» ТС-і (Толық серіктестігі). Ауыл шаруашылығы өнімін шығару арқылы да үлкен жетістікке жетуге болатынын дәлелдеп отырған бұл өндірісті жас кәсіпкер Мағжан Ералиев басқарып отыр.

«Абзал және К» ТС-і 2017 жылдың қорытындысымен «Алтын сапа» сыйлығының иегері атанып, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қолынан үздік сапа белгісін алса, 2019 жылы желтоқсанда Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты шарада компания басшысы Мағжан Ералиевке «Парыз» сыйлығының «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номинациясының Алтын жүлдесін табыс етті.

Компания Нағи Ілиясов ауылындағы арнайы жерлерінде күріш егеді де, алынған өнімді өз зауытында өңдейді. Компания жылына таза ақталған 25 мың тонна күріш өндіреді. Оның 50 пайыздан астамы Россия, Украина, Тәжікстан, Өзбекстан, Монғолия т.б. елдерге экспортқа шығарылады. Компания қазіргі таңда күріш өндірушілердің үздік үштігінің қатарына қосылды.

Жыл сайынғы өткізілетін «Туған жерге тағзым» жобасының төңірегінде компания туған жері- Н.Илиясов ауылының дамуына үздіксіз үлес қосып келеді. Мұнан өзге бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында компания 54 жаңа еңбек орнын ашып, жалпы 400-ден астам адамды еңбекпен қамтып отыр. Сондай-ақ, Қызылорда қаласында жаңа күріш зауытын, «Мүсірәлі» мешіті мен медресесін, Сырдария ауданына қарасты Нағи Ілиясов ауылында стадион, ауылдық округ әкімдігі ғимаратын салып, ауылдағы мұражайға күрделі жөндеу жүмыстарын жүргізді. Ауылды толықтай көгалдандырды. Ауылдағы тұрмысы төмен, сондай-ақ көпбалалы отбасылардың үйлеріне қайта жөндеу жүргізіп берді. Компанияның қолдауы нәтижесінде бұл ауыл республика көлеміндегі озық ауылдар қатарына қосылып отыр.

«Жақсы болар жігіттің, жұмыссыз жүрген күні жоқ»,- дейді халық даналығы. Жас болса да бас болып компанияны басқарып отырған Мағжан Ералиев:«Біздің мекеме – Қазақстандағы тұқыммен айналысатын алдыңғы қатарлы компания. Сондықтан Германиялық PETKUS фирмасы өзінің 150 жылдық тарихымен және әлемде алғаш рет егістік тұқымын механикалық тазарту құрылғыларын жеткізетін және тұқымды дайындау, қайта өңдеу мен өнімді сақтауды ұйымдастыратын фирма ретінде бізді қызықтырады. Біз бұл фирмамен серіктестікке дайынбыз. Құрылғыларды сатып алып қана қоймай, Қазақстандық мамандарды оқыту үшін біз сол елден кәсіби шеберлерді шақыртпақпыз. Жаңа технологиялармен еңбек ету, өндіріс машиналарын құрылымдау сияқты маңызды салаларға да қызметкерлерді дайындау алдағы мақсатымыз», -дейді. Кәсібінен бақыт тапқан, ырысымен бөлісіп отырған бұл кәсіпорынға халық та риза.

(343 сөз)


Мәтіннен мына сөздердің сәйкес мағыналарын табыңыз.

Ғұмыр –__________________________________________________________

Ісімен –__________________________________________________________

Қамтамасыз етіп отыр- _____________________________________________

Түгел – __________________________________________________________

Еңбексіз –________________________________________________________


10-сынып емтихан тапсырмалары Қазақ тілі мен әдебиеті


2-тапсырма. Төменде берілген әр сөйлемді өз сөзіңізбен қайта жазыңыз. Сөйлемдерді берілген сөздермен бастаңыз


Мысалы:«Жер – өмірдің бесігі, Еңбек – ердің несібі»,- дейді қазақ халқы. Қазақ халқы ________________________________

Жауабы:Қазақ халқы өмірдің негізі жер екенін, адамның несібесі еңбек екенін айтқан.


Солардың бірі – Қызылорда облысында күріш өндірумен айналысатын - «Абзал және К» ТС-і.

«Абзал және К» ТС-і ____________________________________________________


_________________________________________________________________________


Ауыл шаруашылығы өнімін шығару арқылы да үлкен жетістікке жетуге болатынын дәлелдеп отырған бұл өндірісті жас кәсіпкер Мағжан Ералиев басқарып отыр.

Жас кәсіпкер Мағжан ___________________________________________________

_________________________________________________________________________


3. Компания Нағи Ілиясов ауылындағы арнайы жерлерінде күріш егеді де, алынған өнімді өз зауытында өңдейді.

Нағи Ілиясов ауылындағы _______________________________________________

_________________________________________________________________________


Компания қазіргі таңда күріш өндірушілердің үздік үштігінің қатарына қосылды. Қазіргі таңда __________________________________________________________

_________________________________________________________________________


Жыл сайынғы өткізілетін «Туған жерге тағзым» жобасының төңірегінде компания туған жері – Н.Илиясов ауылының дамуына үздіксіз үлес қосып келеді.

Компания ___________________________________________________________


_________________________________________________________________________


Компанияның қолдауы нәтижесінде бұл ауыл республика көлеміндегі озық ауылдар қатарына қосылып отыр.

Ауыл ________________________________________________________________


_________________________________________________________________________


«Жақсы болар жігіттің, жұмыссыз жүрген күні жоқ», – дейді халық даналығы.

Халық даналығы ____________________________________________________

________________________________________________________________________


Біздің мекеме – Қазақстандағы тұқыммен айналысатын алдыңғы қатарлы компания. Қазақстандағы ______________________________________________________

_________________________________________________________________________


Құрылғыларды сатып алып қана қоймай, Қазақстандық мамандарды оқыту үшін біз сол елден кәсіби шеберлерді шақыртпақпыз.

Біз ___________________________________________________________________

_________________________________________________________________________


Кәсібінен бақыт тапқан, ырысымен бөлісіп отырған бұл кәсіпорынға халық та риза. Халық _______________________________________________________________

________________________________________________________________________


3-тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз. Мүмкіндігінше, өз сөзіңізбен жауап беруге тырысыңыз.


1.Неге қазақ халқы « Жер – өмірдің бесігі, Еңбек – ердің несібі» дейді?


_________________________________________________________________________

_________________________________________________________________________

_________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________




Компанияның жеткен жетістіктері мен пайдасына қандай істерін жатқызуға болады? Кем дегенде 2 дәлелді көрсетіңіз.



____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________




Компанияның алға қойған мақсатының елімізге тигізер әсері қандай? 2 әсерін жазыңыз.

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________















10-сынып емтихан тапсырмалары Қазақ тілі мен әдебиеті



ІІ нұсқа


1-тапсырма. Төменде берілген мәтінді оқыңыз.

Наурыз және әлем халықтарының оны қарсы алу ерекшеліктері


Наурыз мерекесі әлемнің ең көне мерекелерінің бірі болып саналады. Бұл мереке

Орта Азия халықтарында мыңдаған жылдар бойы тойланып келеді. Ал 2010 жылдың 10 мамырынан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының 64-қарарына

сәйкес 21 наурыз «Халықаралық Наурыз күні» болып белгіленді. Бас Ассамблея өзінің берген түсініктемесінде «Наурызды көктем мерекесі ретінде 3000 жылдан бері Балқан түбегінде, Қара теңіз аймағында, Кавказда, Орта Азияда және Таяу Шығыста 300 миллион адам ойлайтындығын» мәлімдеді. Ал UNESCO болса, 2009 жылдың 30 қыркүйегінде Наурыз мерекесін мәдени мұра тізіміне кіргізді.

«Наурыз» сөзі парсы тілінен аударғанда «Жаңа күн» деген мағынаны береді.

Парсының «нау» сөзі әр түрлі өзгерістерге ұшыраса да, мағынасы көп халықтың тілінде

сақталған. Шығыс жыл санағы бойынша, бұл мереке ирандықтардың жаңа жылы —

Наврузға жақын. Наурыз мерекесін түркі тілдес халықтар тойлайды. Тәжік халқы бұл

мерекені «Бәйшешек» не «Гүлнавруз», татарлар «Нардуган», бирмалықтар «Су мерекесі», хорезмдіктер «Наусарджи», буряттар «Сагаан сара», армяндар «Навасарди», чуваштар «Норис ояхе» деп атаған. Қазақтардың Наурызды тойлау тарихын ұлы ақын Абай өзінің «Біраз сөз қазақтың қайдан шыққаны туралы» жазбасында көшпелі халықтардың тарихымен ұштастырады. Бұл Әбу Райхан Бируни, Омар Һайям тәрізді әлем таныған тарихи тұлғалардың еңбектерінде де кездеседі. Шығыс халықтарының Наурыз мерекесін қалай тойлағаны туралы деректер көп. Парсы тілдес халықтар Наурызды бірнеше күн тойлаған. Яғни, олар Наурыз күндерінде мынадай салт-дәстүр, ырымдар жасаған: әр жерде үлкен от жағып, отқа май құйған. Жаңа өнген жеті дәнге қарап болашақты болжаған. Жеті ақ кесемен дәстүрлі ұлттық көже «сумалық» ұсынған. Көне киімдерін тастаған. Бір-біріне гүл сыйлаған. Үйлерінің қабырғасына дөңгелек ою – «күн символын» салған. Жамбы ату тәрізді түрлі жарыстар өткізген. Бұл күні кәрі-жас қуанады.Адамдар бір-біріне жақсы тілектерді айтады, татуласады.

Наурыздың дәстүрлі тағамы «Наурыз көже» туралы деректер өте көп. Ол жеті түрлі азықтық заттан тұрады. Жеті деген сан аптаның жеті күнін бейнелейді, бұл санның мағынасы терең. Өзбекстанда «Сумалақ» — наурыз көжеге ұқсас дәстүрлі тағам.

Қазақстанда Наурыз мерекесі 1988 жылдан бері қайта жаңғырып, халық болып тойлау дәстүрі өз жалғасын тапты.Ал 1991 жылы 15 наурызда Қазақстан Президенті Жарлығының негізінде мемлекеттік мәртебеге ие болды. 2009 жылдың 24 сәуірінде Елбасы наурыз айының 21, 22, 23 күндерін «Наурыз мерекесі» деп жариялады.

Наурыз көктем мен еңбектің, достық пен бірліктің мерекесі. Сан ғасырлық парасат пен еңбектің нәтижесінде қалыптасқан Наурыз мерекесі халықтың жарқын болашағының кепілі болып қала береді.

(346 сөз)



Мәтіннен мына сөздердің сәйкес мағыналарын табыңыз.

Ежелгі - ____________________________________________________________

Мерекелейді – _______________________________________________________

Елдер – _____________________________________________________________

Мәлімет – __________________________________________________________

Сайыс – ______________________________________________________________


10-сынып емтихан тапсырмалары Қазақ тілі мен әдебиеті



2-тапсырма. Төменде берілген әр сөйлемді өз сөзіңізбен қайта жазыңыз. Сөйлемдерді берілген сөздермен бастаңыз.

Мысалы:Наурыз мерекесі әлемнің ең көне мерекелерінің бірі болып саналады. Көне мерекелердің бірі _______________________________

Жауабы:Көне мерекелердің бірі дүниежүзі бойынша Наурыз мерекесі екен.

Бұл мереке Орта Азия халықтарында мыңдаған жылдар бойы тойланып келеді. Орта Азия халықтарында ______________________________________________

_________________________________________________________________________

Парсының «нау» сөзі әр түрлі өзгерістерге ұшыраса да, мағынасы көп халықтың тілінде сақталған.

Әр түрлі өзгерістерге ____________________________________________________

_________________________________________________________________________

Шығыс жыл санағы бойынша, бұл мереке ирандықтардың жаңа жылы- Наврузға жақын. Бұл мереке ____________________________________________________________

________________________________________________________________________

4. Қазақтардың Наурызды тойлау тарихын ұлы ақын Абай өзінің «Біраз сөз қазақтың қайдан шыққаны туралы» жазбасында көшпелі халықтардың тарихымен ұштастырады «Біраз сөз қазақтың қайдан шыққаны туралы» жазбасында ____________________

_________________________________________________________________________

Шығыс халықтарының Наурыз мерекесін қалай тойлағаны туралы деректер көп Наурыз мерекесін ______________________________________________________


_________________________________________________________________________


Жаңа өнген жеті дәнге қарап болашақты болжаған.

Болашақты ____________________________________________________________

_________________________________________________________________________


7. Үйлерінің қабырғасына дөңгелек ою – «күн символын» салған.

Күн символын _________________________________________________________

_________________________________________________________________________


8. Наурыздың дәстүрлі тағамы «Наурыз көже» туралы деректер өте көп.

Наурыз көже ___________________________________________________________

_________________________________________________________________________


Қазақстанда Наурыз мерекесі 1988 жылдан бері қайта жаңғырып,халық болып тойлау дәстүрі өз жалғасын тапты.

Наурыз мерекесі _______________________________________________________

_________________________________________________________________________


Сан ғасырлық парасат пен еңбектің нәтижесінде қалыптасқан Наурыз мерекесі халықтың жарқын болашағының кепілі болып қала береді.

Наурыз мерекесі _______________________________________________________


_________________________________________________________________________


3-тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз. Мүмкіндігінше, өз сөзіңізбен жауап беруге тырысыңыз.


Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімімен 21 наурыз «Халықаралық Наурыз күні» болып белгіленуінің қандай себебі бар?

_________________________________________________________________________

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


Шығыс халықтарының Наурыз мерекесін қалай тойлайды? 2 дерек келтіріңіз.


____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________





Наурыз мерекесі халықтың жарқын болашағының кепілі болу себебі қандай ? 2 дәлелмен көрсетіңіз.

_________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.04.2024
651
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі