400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 16 материал табылды

Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқытуда тілдік дағдыларды дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материалда жаңартылған білім мазмұны бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқытуда тілдік дағдыларды дамыту жайында сөз қозғалған. Тілдік дағдылар: тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым.
Материалдың қысқаша нұсқасы

DrawObject1



Оңтүстік Қазақстан облысы

Арыс қаласының білім бөліміне қарасты

№1 Е.Молдабаев атындағы жалпы орта мектебі





БАЯНДАМА ТАҚЫРЫБЫ:




ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ:

ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНДЕРІН ОҚЫТУДА ТІЛДІК ДАҒДЫЛАРДЫ ДАМЫТУ

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Мухаева Толқынай Бектайқызы

















Арыс-2018



Аннотация

Қазіргі кезде табысты болу үшін оқушыларға білім қандай қажет болса, дағды да сондай қажет деген ойдың жақтастары көбейіп келеді. Бұл оқушылардың ақпаратты есте сақтап, алған білімдерін ұғынуын, түсінуін және әртүрлі салада қолдана білуін талап етеді. Білімді дәл осылай қолдану оқушыларға кең ауқымды құзіреттілікті меңгеруге мүмкіндік береді.




Аннотация

В современном мире необходимо, чтобы учащиеся владели как знаниями, так и навыками. Это требует от учащихся понимания и применения полученных знаний в различных ситуациях. Умение применять знания на практике дают учащимся возможность овладевания коммуникативной компетентностью.



Annotation

In the modern world it is necessary that sdudents possess both knowledge and skills. This requires students to understand and apply the knowledge gained in different situations. The ability to apply knowledge in practice gives sdudents the opportunity to master communicative competence.























ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ: ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНДЕРІН ОҚЫТУДА ТІЛДІК ДАҒДЫЛАРДЫ ДАМЫТУ


  1. Оқу бағдарламасына өзгеріс енгізудің маңызы

  2. Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс-тәсілдер

  3. Білім мазмұнын жаңартудағы басты тұлға - мұғалім

КІРІСПЕ

Технология, коммуникация мен ғылым салаларындағы елеулі өзгерістер әлемдік экономикаға айтарлықтай ықпал ете отырып, әрбір азаматқа ХХІ ғасырда табысты болу қажетті білім мен дағдыларды алға тартады. Сонымен қатар, қарқынды жаһандану ұлттық экономикаға да ықпал етуде, оның үстіне қазіргі уақытта экономикалық дамуды қамтамасыз етуге бағытталған халықаралық бәсекелестік артып отыр.

Білім беру жүйесін жаңартуға арналған бұл экономикалық дәлелдерге қоса, қазіргі жиырма бірінші ғасырда басқа да негіздер бар: өзара қарым-қатынасты арттыру; әлеуметтік өзгерістер; ауа райының өзгеруімен байланысты проблемалар; бүкіл әлемдегі халық санының қарқынды өсуі; шектеулі ресурстарға деген сұраныстың өсуі; осылардың барлығы мектеп оқушылары қазіргі заманда және келешекте табысқа қол жеткізу үшін бұрынғыға қарағанда анағұрлым көп дағдыларды меңгеруі қажет екенін көрсетеді.

Бүкіл әлемде білім беру жүйелерінің келешек ұрпаққа қандай білім беретіні туралы мәселе қайта қаралуда. Осы мәселе аясында «Балалар ХХІ ғасырда табысты болу үшін нені үйрену керек?» және «Оқытудың тиімді әдістері қандай» деген сияқты негізгі сауалдар туындайды. Бұл сауалдар оқу бағдарламасымен және оқу бағдарламасын жүзеге асыруда қолданылатын педагогикалық тәсілдермен тығыз байланысты.

Барлық оқушылар өздері өмір сүретін әлемде жұмыс істеуге дайын болуы өте маңызды. Оқушылар күн сайын БАҚ және түрлі технологиялар арқылы орасан зор ақпаратпен танысатындықтан, тыңдалым, айтылым, оқылым және жызылым мүмкіндіктері оқушыларды барған сайын артып келе жатқан жаһандану жағдайындағы қоғамда қарым-қатынас жасауға дайындайды. Бірінші кезектегі және негізгі тіл болып табылатын қазақ тілі мен қазақ әдебиеті бойынша сапалы білім алу оқушылардың өздерінің ойлары мен эмоциясын басқаларға жеткізе алу үшін еркін оқуына және жазуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар, оқылым және тыңдалым арқылы басқалар да олармен қарым-қатынас жасай алады.

Оқушылар оқу арқылы мәдени, эмоциялық, зияткерлік, әлеуметтік және рухани жағынан дамуға мүмкіндік алады. Оқу оқушылардың жаңа білімді меңгеруіне де, сондай-ақ алған білімін әрі қарай дамытуына да мүмкіндік береді. Қоғамның толыққанды мүшесі болу үшін адамдарға барлық тілдік дағдылар айтарлықтай маңызды болып табылады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәндері бойынша оқу бағдарламаларының негізгі мақсаты пәннің мазмұнын сапалы меңгеруді қамтамасыз ету, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру, сонымен қатар, басқа пәндермен сабақтастық арқылы жалпыадамзаттық құндылықтардың, ұлттық әдебиет пен мәдениеттің үздік дәстүрлерінің негізінде оқушылардың шығармашылық және зияткерлік деңгейін дамыту болып табылады.

Тіл қарым-қатынас құралы болып табылады. Тілді оқытудың әдіс-тәсілдері оқу ортасы мен мәнмәтінді ескере отырып, оқушыны тиімді білім алу үшін ауадай қажет болып табылатын дербестікке ұмтылуға оң ықпал етуге тиіс. Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі оқу бағдарламасының бөлімдері төрт тілдік дағдыны қамтиды: тыңдалым және айтылым бір бөлімге біріктірілген.

DrawObject2

DrawObject4 DrawObject3

DrawObject8 DrawObject7 DrawObject6 DrawObject5



DrawObject10 DrawObject9



Тыңдалым – анағұрлым маңызды тілдік дағды деуге болады, бірақ қадағалау анағұрлым қиынға түсетін дағды. Дыбыстық ақпаратты түсініп, меңгеріп, бағамдау үшін тыңдалымның тиімді стратегиялары қажет. Тыңдалым дағдысын дамытуға арналған сабақты өткізудің негізгі мақсаттарының бірі оқушыларды тиімді тыңдауға үйрету, яғни ақпаратты түсіну үшін онымен не істеу керек екенін үйрету болып табылады.

Айтылым оның кімге арналғанына, мақсаты мен мәнмәтінге тығыз байланысты: бір мезгілде көптеген адам ауызша қарым-қатынасқа түсе алады немесе оның барысына ықпал ете алады. Жазылым тіліне қарағанда, айтылым тілінде грамматика толық сақталмайды, шаблонды фразалар мен қайталамалар жиі қолданылады. Оқушыны сөйлетудің алуан түрлі мақсаттары бар, айталық, қатысу (араласу) үшін сөйлеу, түсіндіру үшін сөйлеу, өз білімін байқату үшін сөйлеу, бағамдау үшін сөйлеу. Әр мақсат барлық төрт үдерістің болуын көздейді, алайда әрбір кезеңге жұмсалған уақыт ерекшеленетін болады.

Оқылым белсенді немесе бейтарап болуы мүмкін. Бейтарап оқылым – оқушылар мәтінге сыни талдау жасауды мақсат етпей, өзінің қызығушылығын қанағаттандыру үшін оқу. Мұғалім оқушыларды өз қызығушылығын қанағаттандыру үшін бейтарап оқылымды қолдануға түрткі бола білгені дұрыс, алайда сыныпта басты назарда белсенді оқылым тұруы қажет.

Белсенді оқылым – тілді оқытудың негезгі элементтерінің бірі, мұндай оқылым барысында оқушы өзінің сыни талдау дағдыларын дамыту мен жетілдіру үшін мәтінмен жұмыс істеудің әртүрлі кезеңдерінде бірқатар әдіс-тәсілдерді қолданады.

Оқылым әдіс-тәсілдері 3 кезеңді қамтиды:

DrawObject13 DrawObject12 DrawObject11





Жазылым бұл оқушылардан үйлесімді мәтін құру үшін көптеген күрделі дағдыларды меңгеруді талап ететін міндет. Дегенмен, оқушылар өздері меңгерген шеберліктерін үнемі көрсете бермейді, өйткені жазу барысында олар өз назарларын басқа дағдыға шоғырландырғандықтан, айталық, бай сөздік қорын көрсету мақсатында әдемі тілдік құралдарды қолданамын деп, тыныс белгісін назарсыз қалдыруы мүмкін.

Жазылым үдерісін жоспар-нобай-түзету-жетілдіру түрінде модельдей отырып, әрі оқушыларға осы ретпен жұмыс істеуге жағдай жасай отырып, мұғалімдер оқушыларға кідіріс жасап, жазылым жаттығуы үшін талап етілетін барлық дағдыларға тоқталып, ойлануға мүмкіндік беретін жағымды ахуал қалыптастырады.

Оқушыларды оқытудың ең жоғары стандарттарын қамтамасыз етуде мұғалімдердің қолданатын оқыту тәсілдері (яғни, педагогикалық әдістемелер) маңызды.

Оқытудың барлық аспектілері сындарлы оқыту теориясымен үйлеседі. Сындарлы оқыту тәсілдері оқушылардың алдыңғы білімдерімен ұштастыра отырып, жаңа білім алуы туралы тұжырымдамаға негізделген. Бұл жерде ең маңыздысы: оқушылардың алдыңғы алған дағдылары жаңа дағдыларды меңгеруге үлкен ықпалын тигізеді, ал егер ол ескерілмесе, онда білім тереңге бармай, үстірт меңгерілген таяз білім болады. Мұндай үстірт білім оқушыға қазіргі әлемде жетістікке жету үшін қажетті сын тұрғысынан ойлау, рефлексия және басқа да дағдыларын, алған білімін қолдануына кері әсерін тигізеді. Оқушылар білімді толықтай меңгеру үшін ақпаратты енжар қабылдамай, сабаққа белсенді қатысу керек. Оқушылардың алған білімдерімен жұмыс істеуіне, оны әрі қарай өңдеп, өз дағдыларын арттыруға мүмкіндік беретін жаттығулар орындауға мүмкіндік беру аса маңызды болып табылады.

«Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндерінің мұғалімдері оқушыларды өздігінен білім алуға, шешім қабылдауға қабілетті ынталы, қызығушылығы жоғары, өзіне сенімді, жауапкершілігі жоғары, өзінің және өзгенің іс-әрекетіне талдау жасай алатын жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған қағиданы ұстанады.

Қазақ тілін оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс-тәсілдер

  1. Оқу-танымдық әрекетті ұйымдастыру және жүзеге асыру әдістері:

  • Тілдік әдістер (әңгіме, дәріс, семинар, диалогтік оқыту, топтық оқыту, бірлесе оқыту);

  • Көрнекілік әдістері (иллюстрациялар, көрсетілім, таныстырылым);

  • Тәжірибелік әдістер (жаттығулар, тәжірибе жасау, қолмен түрлі бұйымдар (постер, кластер, буклет) жасау; (7-сынып. Қазақ тілі «Әлеуметтік желілер» тақырыбында оқылымға берілген мәтіннен негізгі ақпарат бойынша кластер жасау, әлеуметтік желілердің зияны мен пайдасына қатысты постер жасату)

  • Репродуктивтік әдістер;

  • Проблемалық-ізденушілік әдістер; (7-сыныпта қазақ тілі сабағында оқылымға берілген мәтіннен негізгі ақпаратты тауып, проблемалық сұрақтар құрастыру)

  • Өзіндік жұмыс әдістері (мұғалім басшылығымен және өз бетімен);

  1. Оқу-танымдық әрекетті ынталандыру және уәжді арттыру әдістері.

  2. Оқу-танымдық әрекеттің тиімділігін бақылау және өзіндік бақылау жасату әдістері. Оқушылар жалпы білім беретін негізгі мектеп бағдарламасындағы барлық пәндерді оқу барысында ақпаратты табу, құрастыру және басқару, мәліметтер және идеялармен бөлісу, бірлесіп әрекет ету, түрлі жабдықтар мен қосымшаларды пайдалану арқылы өз жұмысын жетілдіре және бағалай отырып, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану дағдыларын дамытады.



Қазақ әдебиетін оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс-тәсілдер

  1. ауқымды мәнмәтін бойынша топтық зерттеу жұмысын жүргізу және белгілі бір мәселе бойынша автордың көзқарасын талдау;

  2. жанрларды түрлендіру (драманы хикаятқа немесе хикаят тарауларын драмалық шығармаға айналдыру) және оның әсерін бағалау; (8-сынып, Д.Исабеков «Әпке» драмасын рөльге бөліп ойнату)

  3. рөлдік ойындар арқылы автордан сұхбат алып, сұрақтар қою (мүмкін болса, авторлармен, фильмді түсірушілермен кезедесулер ұйымдастыру);

  4. оқушылардың сөйлеу және сын тұрғысынан ойлау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған пікірталас, ми шабуылы, дебат, стратегияларды қолдану;

  5. оқушының бүгінгі қоғамға лайық жеке тұлғалық қасиеттерін, оның рухани жан дүниесін байытатын қазақ тілінің этно-мәдени лексикасын, даналық сөздерін меңгерту, ана тіліндегі қарым-қатынас жасаудағы сөз әдебіне баулу, жағдаяттық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруда ізгілендіру технологиясын қолдану;

  6. оқу үдерісінде түрлі жағдаяттар, рөлдік ойындар, «дөңгелек үстел», «брифинг», баспасөз конференциялары, «Көңілділер, тапқырлар клубы» және монолог пен диалогке, әңгімелесуге жағдай жасау;

  7. оқу үдерісінде түрлі үнтаспаларды, бейнетаспаларды, медиаматериалдарды, бейнероликтерді, интернет материалдарын, электронды оқулықтарды, компьютер мен лингафондық ақпараттарды, белсенді оқыту әдістері мен пәнаралық байланыс сабақтастығын кеңінен қолдану. (7-сынып. Қазақ әдебиеті сабағында «Күлтегін» жырын үнтаспадан тыңдату, «Қыз Жібек» жырын youtube желісі арқылы фильмнен үзінді көрсету)

ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ

Педагогикалық білім – білім берудің жалпы негіздерін, оқыту мақсаты мен міндеттерін білуге негізделетін оқыту мен оқу үдерістері, тәжірибесі мен әдістері туралы терең білімділік. Кез келген мұғалім үшін осы білімдер кешені қажетті болып табылады және оқушыны оқыту үдерісіне, сыныпты басқаруға, сабақты жоспарлау және өткізуге, оқушыларға баға қоюға қатысты мәселелерді қамтиды. Сонымен қатар педагогикалық білім құрамына сабақта қолданылатын тәсілдер мен әдістерді білу, мақсатты аудитория сипаты, оқушылардың оқу материалын меңгеріп алуын бағалау стратегиясы кіреді. Білікті мұғалім оқушылардың білімді меңгеруінің және дағдыларды қалыптастыруының үдерістерін түсінуге көмектесетін терең педагогикалық білімге ие, олардың ақыл-ой қасиеттерін, оқуға деген эмоциялық жағымды қатынасын дамытады. Шын мәнісінде, педагогикалық білім оқытудың танымдық, әлеуметтік және дамытушы теорияларын, оларды сыныптағы оқушыларға қатысты қолдану әдістерін түсінуде біліктілікті қажет етеді. Сөзімнің соңын қорытындылай келе, бұл жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша менің көкейге түйгенім: алдымызға бір мақсат қоя отырып, сол мақсатқа жету жолында шәкірттердің жүрегіне жол тауып, әрекеттендіре білу шеберлігіне жетсек, егемен елдің ұл-қыздары білімді де білікті болып шықпақ. Соның арқасында біз бәсекеге қабілетті, іргесі мықты ел боламыз. Ұстаздықтың ұлы жолында өзімнің бар күш жігерімді салып, еліме пайдамды тигізіп жатсам, бұл ғаламда одан артық бақыт жоқ деп ойлаймын.



СІЛТЕМЕЛЕР МЕН ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. МАН «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндері бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2017

  1. МАН «Тиімді оқыту мен оқу» «Назарбаев Зияткерлік мектептері»

ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2016

  1. Қазақ әдебиетін тереңдетіп оқытудың инновациялық әдістемесі мен технологиясы, Бірінші кітап. 5-11 сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік құрал./ Қ.О. Бітібаева. Алматы қ. «Дәуір -Кітап» баспасы, 2012





































ПІКІР

Жаңартылған білім беру мазмұнын игеру және оқушылардың өн бойына білім мен дағдыны дарыту, бүгінгі таңда әр ұстаздың басты міндеті болып саналады. Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Мухаева Толқынайдың баяндамасында сол дағды жөнінде мәселе көтеріліп отыр. Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінде тілдік дағдыларды дамыту және оны қалай дамыта оқыту әдістері қоса көрсетілген. Оқушының өз ана тілінде ойын еркін жеткізе білуі, мектеп қабырғасында алған білімін мектептен тыс жерлерде пайдалана білуге үйрету барысында, тілдік дағдыларды дамытудың септігі мол.



Директордың оқу-әдістемелік

ісі жөніндегі орынбасары: Н.Қымбатов













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
20 ұстаз жүктеп алған
3 маусым
6652
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі