400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 11 сыныпқа арналған ТЖБ

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 11 сыныпқа арналған ТЖБ. Бұл ТЖБ жұмысы қазақ тілді емес мектептердегі 11 сынып оқушыларына арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары


Күні:

11-сынып


Аты-жөні __________________________________________________

Оқылым - 7-балл.

Берілген мәтінді оқып, тапсырмаларды орында.


Жұмыссыздық – елдегі еңбекке қабілетті тұрғындардың бір бөлігі өзіне пайдалы еңбекпен айналысатын кәсіп таба алмай дағдаратын әлеуметтік-экономикалық құбылыс. Жұмыссыздар санының көбеюі тауар мен қызметке сұранымды азайтады. Елде жұмыссыздықты саяси жағдайдың шиленісуі өршітіп жібере алады, себебі әбден ашынған халық жұмыстың, ақшаның жоқтығы діңкелеткен адамдар үкімет өзгерсе жағдайымыз жақсара ма деген үмітпен қандай да бір ереуілге қатысуға даяр тұрады. Жұмыссыздық – жастар арасында қылмыс тамырланатын ұя, себебі күнкөріс көзін таба алмаған кісі оның басқа жолдарын, көбінесе қылмыспен пайда табу жолдарын іздестіруге көшеді.

Жұмыссыздықтың түрлері:

Уақытша жұмыссыздық. Бұл жұмыссыздық уақытша болдады, ол адамдардың жұмыс орнын ауыстыра бергісі келгеннен туады. Алайда бір жұмыс орнынан екіншісіне көшу белгілі бір уақытты керек етеді, әсіресе, жаңа жұмыс орны елдің басқа бір аймағында болса. Адамдардың жұмыс істемеген осы аралықтағы уақыт уақытша (фрикциялық) жұмыссыздыққа жатады.

Құрылымдық жұмыссыздық. Жұмыссыздықтың бұл түрінің пайда болуына техникалық прогресс себепші, өйткені бұл процестің нәтижесінде кейбір мамандықтар өшіп, олардың орнына жаңа мамандықтар дүниеге келеді. Әсіресе, біздің елімізде соңғы он жылда құрылымдық жұмыссыздық айқын қылаң берді. Әміршіл экономиканың нарықтық экономикаға көшу барысы бір мамандыққа сұранымның азайып, екінші мамандыққа өсуімен қатар жүрді.

Маусымдық жұмыссыздық. Маусымдық жұмыссыздық қызметі белгілі бір маусым кезінде жүретін жекелеген салаларға тән. Бұл, әсіресе, қысы мен жазы климат жағдайы бойынша күрт өзгеше болып келетін елдерге қатысты.

Циклдық жұмыссыздық. Жұмыссыздықтың бұл түрі елдегі экономикалық құлдырау кезінде бой көрсетеді. Құлдырауға барлық дерлік тауар және қызмет көрсетулерге сатып алушылар сұранысының төмендеуі, өндірістің қысқаруы, демек жұмыс орындарының қысқарып, жұмыссыздар санының көбеюі тән болып келеді. (234 сөз)


1. Ақпараттарды мазмұн бойынша сәйкестендіріңіз.


Тұжырым

мағынасы

жауап

1. Уақытша

жұмыссыздық

А. жыл мезгілдерінде байланысты орын алады.

1-

2. Құрылымдық

жұмыссыздық

В. адамдардың тұрғылықты мекенін ауыстыруына

байланысты орын алады.

2-

3. Маусымдық

жұмыссыздық

С. елдегі экономикалвық дағдарыстың әсерінен орын алады.

3-

4. Циклдік

жұмыссыздық

Д. ғылым мен технологияның дамуына байланысты

мамандықтардың сұранысқа ие болмауы

4-

[4]


  1. Мәтін не туралы?


____________________________________________________________________________________________

[1]


  1. Мәтін мазмұны бойынша ақпараттардың ретін көрсетіңіз.

Ақпараттар

Реті

Алайда бір жұмыс орнынан екіншісіне көшу белгілі бір уақытты керек етеді, әсіресе, жаңа жұмыс орны елдің басқа бір аймағында болса.


Жұмыссыздар санының көбеюі тауар мен қызметке сұранымды азайтады.


Құлдырауға барлық дерлік тауар және қызмет көрсетулерге сатып алушылар сұранысының төмендеуі, өндірістің қысқаруы, демек жұмыс орындарының қысқарып, жұмыссыздар санының көбеюі тән болып келеді .


Маусымдық жұмыссыздық қызметі белгілі бір маусым кезінде жүретін жекелеген салаларға тән.


[2]



Жазылым- 8 балл.

Үш сұрақтың біреуін таңдап, жауап жазыңыз. Сөз көлемі: 90-100. Өз жауабыңызды тиісті стильге, жанрға келтіріңіз.

[5]


    1. Әлемдік жұмыссыздық мәселесін жою мүмкін емес. Сіз осы тұжырыммен келісесіз бе? Сіздің пікіріңізді растайтын аргументтер мен дәлелдер келтіре отырып, «келісу, келіспеу» эссесін жазыңыз. Жазба жұмысында көркемдегіш құралдар мен есімдіктерді орынды қолданыңыз.


    1. «Қазақстанның болашағы – жастардың қолында!» деген тақырыпта отандастарыңызға арнап үндеу хат жазыңыз. Жазба жұмысында көркемдегіш құралдар мен есімдіктерді орынды қолданыңыз.


    1. Театрдың көрермендері кино өнерімен салыстырғанда неге аз? Ойыңызды дискуссивті эссе түрінде беріңіз. Жазба жұмысында көркемдегіш құралдар мен есімдіктерді орынды қолданыңыз.



Ақпарат

Дұрыс

Дұрыс емес

1.Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт жеті кезеңге бөлінеді



2.Елбасымыздың мақаласы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы ретінде қарастырылған



3.Тарихи әрі рухани байлықты сақтап, әрі қарай дамыту міндетті емес



4.Әрбір азаматтың туған жерінің тарихын білуге, құндылықтарын қастерлеп, дамуына өз үлесін қосу қажет



5.Біздің тарихымызда қасіретті сәттер мен қайғылы оқиғалар, сұрапыл соғыстар, қауіпті сынақтар аз болды



6. Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны



(3) балл

Балл қою кестесі

Оқылым


Тапсырма

Жауап кілті

Балл

Жалпы

балл

1


1

1

1

1

4

2

Жұмыссыздықтың түрлері туралы


1

1

Барлығы

5 балл






Тапсырма

Жауап кілті

Балл

Жалпы

балл

3


1




1




1

1



2 балл


Жазылым

№

Балл қою критерийлері

балл

1

жанрлық ерекшеліктерді сақтайды;

0,5

2

тақырыпқа қатысты тілдік құралдарды орынды қолданады;

0,5

3

тақырыпты ашады;

0,5

4

құрылымды сақтайды;

0,5

5

күрделенген жай сөйлемдерді/ құрмалас сөйлемдерді қолданады;

1

6

көркемдегіш құралдарды қолданады;

0,5

7

есімдіктерді қолданады;

0,5

8

грамматикалық нормаларды сақтайды;

0,5

9

пунктуациялық нормаларды сақтайды.

0,5

Барлығы

5 балл


Берілген ақпараттың дұрыс, дұрыс еместігін анықта

Балл қою критерийі

балл

Берілген ақпараттың дұрыс, дұрыс еместігін анықтайды

3


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
44 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
30399
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі