Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 7-сынып оқушыларына арналған аралық аттестаттау тапсырмалары

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 7-сынып оқушыларына арналған аралық аттестаттау тапсырмалары

Материал туралы қысқаша түсінік
7-ші сыныпқа арналған аралық емтихандық тапсырмалары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ тілі пәнінен 7-сынып оқушыларына

арналған аралық аттестаттау тапсырмалары

Білім алушының аты-жөні: ________________

Мектебі, сыныбы: _________________


  1. Нұсқа


Орындалу уақыты: 120 минут


1-тапсырма

Оқылым.

Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіннен 3 нақты ақпараттарды іріктеп алыңыз. Сұрақтарға жауап беру арқылы өз пікіріңізді білдіріңіз.



Табиғи ортаның ластануы


Адамның шаруашылық әрекеті қоршаған ортаның шамадан тыс ластануына алып келді. Атмосфера мен гидросфераның өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы қалдықтарымен, ал Дүниежүзілік мұхиттың мұнаймен ластануы, топырақ қабатында ауыр металдар мен улы заттардың шоғырлануы, тұрмыстық қалдықтар көлемінің артуы ақыр соңында адамның денсаулығына қауіп төндіреді.

Ең «лас» өнеркәсіп салаларына тау-кен және құрылыс материалдарын өндіру мен өңдеу, химия өнеркәсібі, целлюлоза-қағаз өнеркәсібі жатады.

БҰҰ-ның ғаламдық экологиялық мониторинг жүйесінің мәліметтеріне қарағанда, өзендердің нитраттармен, фосфаттармен және пестицидтермен, қалдық сулармен ластануы артуда.

Ядролық энергияны бейбіт мақсатта пайдалану қоршаған ортада өзіндік қауіп-қатер төндіреді. 1986 жылы сәуір айында Чернобыль АЭС-нде болған жойқын апаттың зардаптары осы кезге дейін сақталып отыр. Атом энергиясы өндірісін экологиялық қауіпсіздігі мен экономиялық тиімділігі жоғары салаға айналдыруға бағытталған.


р/с

Нақты ақпараттар


1



2




3





1. Мәтінде қандай мәселе көтерілген?

2.Адамның шаруашылық әрекеті қоршаған ортаның шамадан тыс ластануына алып келуінің денсаулыққа әсер ету себебі неде?

______________________________________________________________________

2-тапсырма

Тыңдалым.

7.1.6.1 тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде өз пікірін өзгелердің пікірімен салыстыра отырып жауап беру

Ұлы жібек жолы.

Біздің заманымызға дейінгі II ғасырдың ортасында Еуропа мен Азияны біріктірген Ұлы Жібек жолы пайда болды. Ұлы Жібек жолы Қытай мен Еуропаны байланыстырған сауда жолы. Осы уақытқа дейін негізінен, «лазурит жолы», «нефрит жолы» және «құндыз жолындағы» сауда қызып тұрды. «Лазурит жолы» Мысыр, Иран, Вавилон елдеріне Памир тауларында өндірілген лазурит тасы тасымалданған жол. «Нефрит жолымен» Қытай патшалары мен бай-шонжарларына арналып жасалатын зергерлік бұйымдарға қажетті гауһар тас, нефрит Қашқардан Қытайға тасымалданған. «Құндыз жолымен» бағалы аң терілері әртүрлі елдерге таралған.

Біздің заманымызға дейінгі 1 мыңжылдықтың ортасында «Дала жолы» іске қосылды. «Дала жолы» арқылы Қытай жібегі мен Иран кілемі жеткізіліп тұрды. Ұлы Жібек жолы Еуропа мен Азия елдерінің бір-бірімен қарым-қатынас жасауына мүмкіндік туғызып, ондағы халықтарды біріктірді. Жолдың бұлай аталуына сауданың негізгі заты болды. Қытайдан шығарылатын жібек мата Еуропа мен Азияны біріктірген бұл жол адамзатты ғажайып жетістіктерге жеткізді. Дамыған елдердің саудамен айналысуына, ғылымның дамуына, дін мен мәдениеттің қалыптасуына ықпал етті. (145 сөз)


1. «Дала жолы» арқылы нелер жеткізіліп отырды? /0,5 балл/

А. Қытай жібегі мен Иран кілемі.

Ә. Қытай патшалары мен бай-шонжарларына арналып жасалатын зергерлік бұйымдарға қажетті гауһар тастар.

Б. Мысыр, Иран, Вавилон елдеріне Памир тауларында өндірілген лазурит тастары.

В. Бағалы аң терілері.

2. Тыңдалым мәтінінің мазмұны бойынша 1 «шын» ақпаратты белгілеңіз. /0,5 балл/

Ақпарат

Шын

Жалған

1

Лазурит Қашқардан Қытайға тасымалданған



2

Ұлы Жібек жолы Еуропа мен Азия елдерінің бір-бірімен қарым-қатынас жасауына мүмкіндік туғызбады



3

Біздің заманымызға дейінгі 1 мыңжылдықтың ортасында «Дала жолы» іске қосылды.



3-тапсырма


Айтылым.

7.2.5.1 диалогке қатысушылар коммуникативтік жағдаяттың талаптарына сай "сөйлеуші →тыңдаушы" позицияларын еркін ауыстыру


6-7 сөйлемнің көлемінде тыңдаған мәтін бойынша диалог құр. /0,5 балл/


Мысалы:

- Ұлы Жібек жолы туралы не білесің?

-Ұлы Жібек жолы Қытай мен Еуропаны байланыстырған сауда жолы..


4-тапсырма


Жазылым


Денсаулық – баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние. «Денсаулық – зор байлық», - дейді халқымыз. Қоршаған ортаның адам денсаулығына кері әсер етпеуі үшін, қандай әрекеттер жасауға болады? Қоршаған ортаның тазалығын қалай сақтаймыз? Мәселенің шешу жолдарын ұсынып, өз көзқарасыңды білдір. 120-130-сөзден тұратын эссе жазыңыз. Етістіктің есімше, көсемше және тұйық етістік түрлерін қолданыңыз.

____________________________________________________________________________________________________________________________________________

2) Эсседен 5 етістіктердің түрін анықтап, белгілеңіз. (+ таңбасымен)

Сөздер

Көсемше

Есімше





























Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор


Балл саны

Жинаған балл саны

Білім алушы


Мәтіндегі негізгі ақпараттарды іріктейді.

Зерттеп, пікірін білдіреді.

1

нақты ақпараттарды анықтайды


0,5


сұрақтарға жауап беріп, өз пікірін білдіреді.


0,5


Эссе құрылымы мен даму желісін сақтайды.

Өзіндік көзқарасын жазады.

Сауатты жазады.


2

эссенің құрылымын (кіріспе, негізгі, қорытынды) сақтап жазады ;


1


мәтіндегі оқиғаны (кейіпкерді) сипаттап не суреттеп мазмұнын толық ашады


1


орфографиялық, пунктуациялық нормаға сай жазады



1


Етістіктің есімше, көсемше, тұйық етістік, шақ, рай түрлерін ажыратады


эсседен етістіктерді анықтайды,


0,5


етістіктің түрлерін ажыратып, дұрыс қолданады.


0,5


Барлығы




5














Қазақ тілі пәнінен 7-сынып оқушыларына

арналған аралық аттестаттау тапсырмалары

Білім алушының аты-жөні: ________________

Сыныбы: ______________


II –нұсқа


Орындалу уақыты: 120 минут


1-тапсырма

Оқылым.

Мәтінді мұқият оқыңыз. Кестені толтырып, хайуанаттарды іс-әрекеттеріне қарай сәйкестендіріңіз. Сұрақтарға жауап беру арқылы өз пікіріңізді білдіріңіз.

Жәндіктер қысқа қалай қамданады?

Қыр хайуандары қыс таянғанын сезеді де, ерте бастан қам қылады. Кірпі мен тышқан інге кіріп, қыс қатып жатады. Кірпі жапырақ жинап, соған оранады. Тышқан қу шөпке оранып, құнысады.

Тиін ағаштың қуысына тығылады. Ол күздің қара басынан ағаштың бүршігін, жаңғағын, саңырауқұлақты жинап алады.Қыстың күні соларын жейді де, ұйықтайды. Жарқанат баспаналы жерге кіріп, тырнағымен бірдеңеге жабысып, басып салбыратып, жаз щыққанша ұйықтаумен болады.

Жылан, шаян, кесіртке, бақалар тас астына, ағаш түбіне, жылы жерге кіріп, жазға дейін қатады. Қоңыз, құрт, сүліктер де сондай бірдеңе қылады.

Балықтар ғана тереңде,су түбінде қыстайды. Қоян қыстай ақ қарға алас ұрып, жүгіріп тамақ іздеп жүргені. Шөп аршып жей ме, ағаш қабығын кеміре ме, әйтеуір дамыл жоқ. Адам қамын жемесе, үй хайуанаттарына да қыс бапты тимейді.

1) Кестедегі хайуанаттарды іс-әрекетіне қарай сәйкестендіріңіз

1) Жылан

А) тас астына, ағаш түбіне, жылы жерге кіріп, жазға дейін қатады.

2) Жарқанат

Ә) күздің қара басынан ағаштың бүршігін, жаңғағын, саңырауқұлақты жинап алады.

3) Тиін

Б) тереңде, су түбінде қыстайды

4) Кірпі

В) баспаналы жерге кіріп, тырнағымен бірдеңеге жабысып, басып салбыратып, жаз щыққанша ұйықтаумен болады.

5) Балықтар

Г) інге кіріп, қыс қатып жатады

1.Қыс хайуандары неліктен ерте қамданады?

2. Неліктен автор «Адам қамын жемесе, үй хайуанаттарына да қыс бапты тимейді»- деген пікір айтады?

____________________________________________________________________________________________________________________________________________

2-тапсырма

Тыңдалым.

7.1.6.1 тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде өз пікірін өзгелердің пікірімен салыстыра отырып жауап беру


Ұлы жібек жолы.

Біздің заманымызға дейінгі II ғасырдың ортасында Еуропа мен Азияны біріктірген Ұлы Жібек жолы пайда болды. Ұлы Жібек жолы Қытай мен Еуропаны байланыстырған сауда жолы. Осы уақытқа дейін негізінен, «лазурит жолы», «нефрит жолы» және «құндыз жолындағы» сауда қызып тұрды. «Лазурит жолы» Мысыр, Иран, Вавилон елдеріне Памир тауларында өндірілген лазурит тасы тасымалданған жол. «Нефрит жолымен» Қытай патшалары мен бай-шонжарларына арналып жасалатын зергерлік бұйымдарға қажетті гауһар тас, нефрит Қашқардан Қытайға тасымалданған. «Құндыз жолымен» бағалы аң терілері әртүрлі елдерге таралған.

Біздің заманымызға дейінгі 1 мыңжылдықтың ортасында «Дала жолы» іске қосылды. «Дала жолы» арқылы Қытай жібегі мен Иран кілемі жеткізіліп тұрды. Ұлы Жібек жолы Еуропа мен Азия елдерінің бір-бірімен қарым-қатынас жасауына мүмкіндік туғызып, ондағы халықтарды біріктірді. Жолдың бұлай аталуына сауданың негізгі заты болды. Қытайдан шығарылатын жібек мата Еуропа мен Азияны біріктірген бұл жол адамзатты ғажайып жетістіктерге жеткізді. Дамыған елдердің саудамен айналысуына, ғылымның дамуына, дін мен мәдениеттің қалыптасуына ықпал етті. (145 сөз)


1. Ұлы Жібек жолы қашан пайда болы? /0.5 балл/


А. Б.з.д. 1 мыңжылдық ортасында.

Ә. «Құндыз жолы» дамыған кезде.

Б. Б.з.д. ІІ ғасырдың ортасында.

В. «Нефрит жолы» дамыған кезде.


2. Бос орындарға қажетті сөзді жаз. /0.5 балл/


Ұлы Жібек жолы _____________ мен _______________ елдерінің бір-бірімен қарым-қатынас жасауына мүмкіндік туғызып, ондағы халықтарды біріктірді


3-тапсырма

Айтылым.

7.2.5.1 диалогке қатысушылар коммуникативтік жағдаяттың талаптарына сай "сөйлеуші →тыңдаушы" позицияларын еркін ауыстыру

6-7 сөйлемнің көлемінде тыңдаған мәтін бойынша диалог құр. /0,5 балл/


Мысалы:

- Ұлы Жібек жолы туралы не білесің?

-Ұлы Жібек жолы Қытай мен Еуропаны байланыстырған сауда жолы..

4-тапсырма

Жазылым

«Халықтың ауа райын болжауындағы тылсым сыры» тақырыбында эссе жазыңыз.

Халқымыздың ертеде жан-жауарлар мен құстар арқылы ауа райын болжауындағы іс-әрекеттеріне өз көзқарасыңды білдір. 120-130-сөзден тұратын эссе жазыңыз. Эссе жазуда шылау сөздерді қолдан.

______________________________________________________________________

2) Эсседе қолданған шылау сөздердің түрлерін ажыратып, талдау жасаңыз.

Үлгі: және – жалғаулық шылау

______________________________________________________________________

Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Балл саны

Жинаған балл саны



Білім алушы



Мәтіндегі негізгі ақпараттарды іріктейді.

Зерттеп, пікірін білдіреді.

1

жан-жануарларды іс-әрекетімен сәйкестендіреді

0,5




сұрақтарға жауап беріп, өз пікірін білдіреді.

0,5




Эссе құрылымы мен даму желісін сақтайды.

Өзіндік көзқарасын жазады.

Сауатты жазады.


2

эссенің құрылымын (кіріспе, негізгі, қорытынды) сақтап жазады ;

1




мәтіндегі оқиғаны (кейіпкерді) сипаттап не суреттеп мазмұнын толық ашады

1




орфографиялық, пунктуациялық нормаға сай жазады


1




Етістіктің есімше, көсемше, тұйық етістік, шақ, рай түрлерін ажыратады


эсседе шылау сөздерді орынды қолданады,

0,5




шылау сөздердің түрлерін ажыратып, талдау жасайды.


0,5




Барлығы



5




Қазақ тілі пәнінен 7-сынып оқушыларына

арналған аралық аттестаттау тапсырмалары

Білім алушының аты-жөні: ________________

Мектебі, сыныбы: _______________


III - нұсқа


Орындалу уақыты: 120 минут


1-тапсырма

Оқылым.

Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіннен тірек сөздерді іріктеп жаз. Тірек сөздер арқылы мәтіннің негізгі ойы мен көтерілген мәселені анықта.

Домбыра туралы аңыз

Домбыра аспабының қалай пайда болғаны жайлы аңыз әңгімелер аса мол. А.Сейдімбек «Күй шежіре» еңбегінде домбыра аңыз­дарына ерекше назар аудар­ған. Соның бірі Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданынан Арғынбек Қилыбаев ақсақалдың баяндауындағы «Қос ішек» күйінің аңызы.

Ертеде биік таудың қиясын тұрақ еткен, бұғы-маралды аулап азық етіп күнін көрген бір аңшы жігіт болады. Бірде жолы болып, биік таудың қиын қиясынан теңбіл марал атып алады да, маралды етекке түсіру үшін ішек-қарынын ақтарып тастайды. Содан арада айлар өткенде, аңшы жігіт аң атуға ұрымтал тұс еді ғой деп, баяғы теңбіл маралды атқан жерге соқса, құлағына бір ызыңдаған дауыс естіледі. Барлап қараса, өткенде атқан маралдың ішегін қарға-құзғын іліп ұшқан болу керек, қарағайдың бұтағына қос тін болып керіліп қалғанын көреді. Ызыңдаған дыбыстың сол ішектен шығып тұр­ғанын аңғарады. Қарағайдың бұ­тақтарына кері­ле кепкен ішекті сәл ғана жел тербесе ызыңдап, жанға жайлы дыбыс шығарады. Бірде уілдеп, бірде сарнап, енді бірде сың­сып жылағандай болып, аңшы жігітті алуан түрлі күйге түсіреді. Сол жерде аңшы жігіт қой мына қос ішекке тіл бітейін деп тұр екен, бір амал жасайын деп, ішекті үйге алып келеді де, бір аспап жасап, соған қос ішекті тағады. Содан тартып көрсе, шынында да қос ішекке тіл біткендей сұңқылдап қоя береді. Бұл үн жігіттің ғана жанын жадыратып қоймайды, тыңдаған жанның бәрін ұйытады. Осылайша домбыра көптің сүйіп тыңдайтын аспабына айналады. 


Кестені толтыр.

Мәтіндегі тірек сөздер




Мәтіннің негізгі ойы



Көтерілген мәселе



2-тапсырма

Тыңдалым.

7.1.6.1 тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде өз пікірін өзгелердің пікірімен салыстыра отырып жауап беру



Ұлы жібек жолы.

Біздің заманымызға дейінгі II ғасырдың ортасында Еуропа мен Азияны біріктірген Ұлы Жібек жолы пайда болды. Ұлы Жібек жолы Қытай мен Еуропаны байланыстырған сауда жолы. Осы уақытқа дейін негізінен, «лазурит жолы», «нефрит жолы» және «құндыз жолындағы» сауда қызып тұрды. «Лазурит жолы» Мысыр, Иран, Вавилон елдеріне Памир тауларында өндірілген лазурит тасы тасымалданған жол. «Нефрит жолымен» Қытай патшалары мен бай-шонжарларына арналып жасалатын зергерлік бұйымдарға қажетті гауһар тас, нефрит Қашқардан Қытайға тасымалданған. «Құндыз жолымен» бағалы аң терілері әртүрлі елдерге таралған.

Біздің заманымызға дейінгі 1 мыңжылдықтың ортасында «Дала жолы» іске қосылды. «Дала жолы» арқылы Қытай жібегі мен Иран кілемі жеткізіліп тұрды. Ұлы Жібек жолы Еуропа мен Азия елдерінің бір-бірімен қарым-қатынас жасауына мүмкіндік туғызып, ондағы халықтарды біріктірді. Жолдың бұлай аталуына сауданың негізгі заты болды. Қытайдан шығарылатын жібек мата Еуропа мен Азияны біріктірген бұл жол адамзатты ғажайып жетістіктерге жеткізді. Дамыған елдердің саудамен айналысуына, ғылымның дамуына, дін мен мәдениеттің қалыптасуына ықпал етті. (145 сөз)


1. Сауданың өсуі дамыған елдерге қалай әсер етті? /0.5 балл/


А. Алтын өндіре бастады.

Ә. Мақта өндірісі пайда болды.

Б. Ғылым, дін, мәдениет дамыды.

В. Зергерлік бұйымдар көбейді.

2. Тыңдалым мәтінінің мазмұны бойынша 1 «шын» ақпаратты белгілеңіз. /0.5 балл/


Ақпарат

Шын

Жалған

1

Ұлы Жібек жолы Қытай мен Азияны байланыстырған сауда жолы.



2

«Дала жолы» арқылы Қытай жібегі мен Иран кілемі жеткізілмеді.



3

Ұлы Жібек жолы Еуропа мен Азия елдерінің бір-бірімен қарым-қатынас жасауына мүмкіндік туғызып, ондағы халықтарды біріктірді





3-тапсырма

Айтылым.

7.2.5.1 диалогке қатысушылар коммуникативтік жағдаяттың талаптарына сай "сөйлеуші →тыңдаушы" позицияларын еркін ауыстыру

6-7 сөйлемнің көлемінде тыңдаған мәтін бойынша диалог құр. /0.5 балл/

Мысалы:

- Ұлы Жібек жолы туралы не білесің?

-Ұлы Жібек жолы Қытай мен Еуропаны байланыстырған сауда жолы..


4-тапсырма

Жазылым

«Домбыра тартуды үйрену үшін адамда қандай қасиеттер болуы керек?» тақырыбында эссе жазыңыз. Берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдары немесе себептеріне өз көзқарасыңызды білдіріңіз. 120-130-сөзден тұратын эссе жазыңыз. Эссе жазуда еліктеу сөздерді орынды қолданыңыз.

______________________________________________________________________

2) Эсседе қолданған еліктеу сөздердің түрлерін ажыратып, талдау жасаңыз. (1 балл)

______________________________________________________________________


Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Балл саны

Жинаған балл саны

Білім алушы

Мәтіндегі негізгі ақпараттарды іріктейді.

Зерттеп, пікірін білдіреді.

1

мәтіннен тірек сөздерді іріктейді

0,5


тірек сөздер арқылы негізгі ойы мен көтерілген мәселені анықтайды

0,5


Эссе құрылымы мен даму желісін сақтайды.

Өзіндік көзқарасын жазады.

Сауатты жазады.


2

эссенің құрылымын (кіріспе, негізгі, қорытынды) сақтап жазады ;

1


мәтіндегі оқиғаны (кейіпкерді) сипаттап не суреттеп мазмұнын толық ашады

1


орфографиялық, пунктуациялық нормаға сай жазады


1


Етістіктің есімше, көсемше, тұйық етістік, шақ, рай түрлерін ажыратады


эсседе еліктеу сөздерді орынды қолданады,

0,5


еліктеу сөздердің түрлерін ажыратып, талдау жасайды.


0,5


Барлығы



5


Қазақ тілі пәнінен 7-сынып оқушыларына

арналған аралық аттестаттау тапсырмалары

Білім алушының аты-жөні: _______________

Мектебі, сыныбы: _________________


IV- нұсқа


Орындалу уақыты: 120 минут


1-тапсырма

Оқылым.

Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіннен нақты ақпараттарды анықтаңыз. Сұрақтарға жауап бере отырып, өз пікіріңізді білдіріңіз.


Ғылыми фантастика – ел өркениетiнiң жолашар жанры

Ғылыми фантастика – ауқымы кең жанр. Онда айтылған ғылыми идеялардың орындалу мерзiмi келешек үлесiнде екенi баршамызға аян. Өйткенi жазушы-фантаст қаламынан туған ой-арманды арқалайтын шығармалар уақыт пен кеңiстiктiң қай қиылысында да бола алады, соған сай ғылымның дамуы мен адами құндылықтар – табиғатты көздiң қарашығындай қорғаудың небiр көкейкестi мәселелерiн қозғайды. Бұны ой-арманнан туындаған оқиға десек те, ғылыми-фантастиканың адам баласының келешегiне дұрыс бағыт сiлтейтiндей, әрi барлау, әрi көрегендiк жасайтын жанр екенiн көрсетедi.

Өткен үш жыл iшiнде Қазақстанда тұңғыш «Кеңiстiк көшпендiлерi» деген айдармен сериялы ғылыми-фантастикалық романдар жазып келе жатқан белгiлi фантаст жазушы, Қазақстан Жазушылар одағы әдеби және Халықаралық «Байқоңыр» сыйлықтарының лауреаты Жүнiс Сахиевтiң «Су әлемiнiң саздары», «Жасампаздық қиырында», «Ғарыштан келген гүл» ғылыми фантастикалық романдары «Елорда», «Фолиант», «Бiлiм» баспаларынан жарық көрдi.

Жүнiс Сахиевтiң «Кеңiстiк көшпендiлерi» сериялық фантастикалық романдарының мәнi айдарында жатыр. Мысалы, оның 2009 жылы «Фолиант» баспасынан шыққан «Су әлемiнiң саздары» романы оқырман назарын су асты әлемiне аудара отырып, қазақ халқының отбасылық таза махаббаты мен күй сазына ерекше мән бередi.

Оқиға қазақ жерiнен басталып, мұхит тереңiнде ұласады. Өйткенi мұхит тереңi де өзiнше бiр кең әлем. Оның әлi күнге толық ашылмай жатқан құпия сырлары сансыз. Жүнiс Сахиевтiң ғалым кейiпкерлерi су астын зерттей жүрiп, жұлдызаралық кемемен өзге жұлдыз жүйесiнен келген бөтен ғаламшарлықтардың назарына iлiгедi. Ал оның басты себебi – қазақ халқының кең пейiлдi, парасатты қасиетi едi. Өзге жұлдыз жүйесiнен келгендер бiр-бiрiмен тiлмен емес, әуен сазымен тiлдеседi, сол арқылы бiр-бiрiн түсiнiседi.



Кестені толтыр.

р/с

Нақты ақпараттар


1



2




3


1. Мәтінде қандай мәселе көтерілген?

2. Жүнiс Сахиев шығармаларының құндылығы неде?


2-тапсырма

Тыңдалым.

7.1.6.1 тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде өз пікірін өзгелердің пікірімен салыстыра отырып жауап беру

Ұлы жібек жолы.

Біздің заманымызға дейінгі II ғасырдың ортасында Еуропа мен Азияны біріктірген Ұлы Жібек жолы пайда болды. Ұлы Жібек жолы Қытай мен Еуропаны байланыстырған сауда жолы. Осы уақытқа дейін негізінен, «лазурит жолы», «нефрит жолы» және «құндыз жолындағы» сауда қызып тұрды. «Лазурит жолы» Мысыр, Иран, Вавилон елдеріне Памир тауларында өндірілген лазурит тасы тасымалданған жол. «Нефрит жолымен» Қытай патшалары мен бай-шонжарларына арналып жасалатын зергерлік бұйымдарға қажетті гауһар тас, нефрит Қашқардан Қытайға тасымалданған. «Құндыз жолымен» бағалы аң терілері әртүрлі елдерге таралған.

Біздің заманымызға дейінгі 1 мыңжылдықтың ортасында «Дала жолы» іске қосылды. «Дала жолы» арқылы Қытай жібегі мен Иран кілемі жеткізіліп тұрды. Ұлы Жібек жолы Еуропа мен Азия елдерінің бір-бірімен қарым-қатынас жасауына мүмкіндік туғызып, ондағы халықтарды біріктірді. Жолдың бұлай аталуына сауданың негізгі заты болды. Қытайдан шығарылатын жібек мата Еуропа мен Азияны біріктірген бұл жол адамзатты ғажайып жетістіктерге жеткізді. Дамыған елдердің саудамен айналысуына, ғылымның дамуына, дін мен мәдениеттің қалыптасуына ықпал етті. (145 сөз)


1. Ұлы Жібек жолы қай елдерді байланыстырған сауда жолы.? /0,5 балл/

А. Қытай мен Азияны.

Ә. Қытай мен Еуропаны.

Б. Еуропа мен Азияны.

В. Дамыған елдерді.

2. . Бос орынға қажетті сөзді жаз. /0,5 балл/

____________________ Қытай патшалары мен бай-шонжарларына арналып жасалатын зергерлік бұйымдарға қажетті гауһар тас, нефрит Қашқардан Қытайға тасымалданған


3-тапсырма

Айтылым.

7.2.5.1 диалогке қатысушылар коммуникативтік жағдаяттың талаптарына сай "сөйлеуші →тыңдаушы" позицияларын еркін ауыстыру


6-7 сөйлемнің көлемінде тыңдаған мәтін бойынша диалог құр. /0,5 балл/


Мысалы:

- Ұлы Жібек жолы туралы не білесің?

-Ұлы Жібек жолы Қытай мен Еуропаны байланыстырған сауда жолы..

4-тапсырма

Жазылым

«Кешегі қиял - бүгінгі шындық» тақырыбында эссе жазыңыз. Нақты дәлелдер келтіре отырып, өз көзқарасыңызды білдіріңіз. 120-130-сөзден тұратын эссе жазыңыз. Эссе жазуда оқшау сөздерді орынды қолданыңыз.

______________________________________________________________________

2) Эсседе қолданған оқшау сөздердің түрлерін ажыратып, талдау жасаңыз. (1 балл)

______________________________________________________________________


Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Балл саны

Жинаған балл саны

Білім алушы

Мәтіндегі негізгі ақпараттарды іріктейді.

Зерттеп, пікірін білдіреді.

1

мәтіннен тірек сөздерді іріктейді

0,5


тірек сөздер арқылы негізгі ойы мен көтерілген мәселені анықтайды

0,5


Эссе құрылымы мен даму желісін сақтайды.

Өзіндік көзқарасын жазады.

Сауатты жазады.


2

эссенің құрылымын (кіріспе, негізгі, қорытынды) сақтап жазады ;

1


мәтіндегі оқиғаны (кейіпкерді) сипаттап не суреттеп мазмұнын толық ашады

1


орфографиялық, пунктуациялық нормаға сай жазады


1


Етістіктің есімше, көсемше, тұйық етістік, шақ, рай түрлерін ажыратады


эсседе оқшау сөздерді орынды қолданады,

0,5


оқшау сөздердің түрлерін ажыратып, талдау жасайды.


0,5


Барлығы



5


Бағалау критерийлері:

Дағды

Дескриптор

5-балдық шкала бойынша ең жоғары жиынтық балы

Балл

Білім алушы


Тыңдалым

тыңдалған мәтіннің мазмұны негізінде өз пікірін өзгелердің пікірімен салыстыра отырып жауап бере алады

0,5

3

Айтылым


коммуникативтік жағдаяттың талаптарына сай "сөйлеуші →тыңдаушы" позицияларын еркін ауыстыра отырып, жұбымен немесе мұғаліммен шағын диалогқа түсе алады;

өз пікірлерін сенімді дәлелдейді және қойылған сұрақтарға еркін жауап бере алады;


0,5


3

Оқылым

прозалық және поэзиялық шығармалардағы кейіпкердің іс -әрекетіне немесе лирикалық кейіпкердің образын талдау жасай алады;

0,5


6



0,5

Жазылым

-эссе құрылымы мен дамуын сақтай отырып, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсете алады

-эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтап, өзіне таныс оқиға немесе кейіпкерді сипаттап не суреттеп эссе жазады.

- жазылым мәтінін орфографиялық және пунктуациялық нормаға сай жазады




2

12

Тілдік бағдар

- салыстырмалы, күшейтпелі, асырмалы
шырайлардың қызметін біледі, жазба жұмыстарда қолданады


1

6

30-балдық шкала бойынша ең жоғары жиынтық балы







30


«ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ» ОҚУ ПӘНІ БОЙЫНША РУБРИКА


Төмен деңгей 1-2 балл

Орта деңгей 3-4 балл

Жоғары деңгей 5 балл

Тыңдалым

тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде өз пікірін өзгелердің пікіріне қысқа жауап беру

тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде өз пікірін өзгелердің пікірімен салыстыра отырып жауап беру

тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде өз пікірін өзгелердің пікірімен салыстыра отырып толық жауап беру

Айтылым

диалогке қатысушылар коммуникативтік жағдаяттың талаптарына сай «сөйлеуші →тыңдаушы» позицияларын толық ауыстыра алмау

диалогке қатысушылар коммуникативтік жағдаяттың талаптарына сай «сөйлеуші →тыңдаушы» позицияларын ауыстыру

диалогке қатысушылар коммуникативтік жағдаяттың талаптарына сай «сөйлеуші →тыңдаушы» позицияларын еркін ауыстыру

Оқылым

Прозалық және поэзиялық шығармалардағы кейіпкердің іс -әрекетін немесе лирикалық кейіпкердің образын талдауда 4-5 қате жібереді.

Прозалық және поэзиялық шығармалардағы кейіпкердің іс -әрекетін немесе лирикалық кейіпкердің образын талдауда 1-2 қате жібереді.

Прозалық және поэзиялық шығармалардағы кейіпкердің іс -әрекетіне немесе лирикалық кейіпкердің образына талдау жасайды.

Жазылым

Эссе құрылымы мен дамуын сақтап, көтерілген мәселе бойынша «келісу/келіспеу» себептерін айқын көрсете алмайды. 4-5 грамматикалық қате жібереді.

Эссе құрылымы мен дамуын сақтап, көтерілген мәселе бойынша «келісу/келіспеу» себептерін көрсетуде 1-2 қате жібереді.

Эссе құрылымы мен дамуын сақтап, көтерілген мәселе бойынша «келісу/келіспеу» себептерін айқын көрсетіп жазады.

Тілдік бағдар

Салыстырмалы, күшейтпелі, асырмалы шырайлардың қызметін толық меңгермеген, жазба, ауызша 5-6 қате жібереді.

Салыстырмалы, күшейтпелі, асырмалы шырайлардың қызметін түсінеді, жазба, ауызша жұмыстарда қолдануда 2-3 қате жібереді.

Салыстырмалы, күшейтпелі, асырмалы шырайлардың қызметін біледі, жазба, ауызша жұмыстарда қолданады.

Қолданылған әдебиет тізімі:



«Қазақ тілі мен әдебиеті»: Бәйшешек. Оқулық: Қазақ тілінен басқа тілде оқытатын 11 жылдық жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған. 1 бөлім және 2 бөлім.

Авторлары: Ф.Ш.Оразбаева, Ж.Т.Дәулетбекова, Р.С.Рахметова, А.Қ.Рауандина, Б.Қ.Мукеева. – Алматы: Көкжиек-Горизонт, 2017ж.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
09.01.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі