Материалдар / Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен тиімді әдістер арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін ояту

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен тиімді әдістер арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін ояту

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәніне деген қызығушылығын арттыра отырып, заманауи тиімді әдістер арқылы олардың шығармашылық қабілеттерін, тілдік қорын, сыни және креативті ойлауын дамыту. ? Міндеттері: Әр оқушының жеке шығармашылық қабілетін айқындау және дамыту; Шығармашылықпен жұмыс жасауға ынталандыру; Сабақта тиімді әдістерді қолданып, оқытуды түрлендіру; Әдеби кейіпкерлерді талдау арқылы оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіру; Эстетикалық тәрбие мен тіл мәдениетін қалыптастыру.
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

«Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен тиімді әдістер арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін ояту»

Бағыты: Қазақ тілі мен әдебиеті

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Каиркенова Майгуль Ериковна

Астана қаласы, Астана қаласы әкімдігінің «№32 мектеп- гимназия»

ШЖҚ МКК.

Кіріспе

Қазіргі білім беру жүйесінде оқушылардың пәнге деген қызығушылығының маңызы зор. Қазақ тілі мен әдебиетінің сабақтары білім берудің негізі болып табылады, сондықтан осы пәндерге деген қызығушылықты арттыру үшін әдістемелік тұрғыда тиімді тәсілдер мен әдістерді қолдану керек. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру, олардың пәнге деген сүйіспеншілігін дамыту – оқыту сапасының жоғары болуының кепілі. Осы әдістемелік құралда қазақ тілі мен әдебиетінің сабақтарына қызығушылықты арттыруға арналған тиімді әдіс-тәсілдер ұсынылған.

Түсінік хат.

Сапалы білім негізі – жан-жақты ақпараттық материал­дар­ды, көрнекі құралдар мен ұтым­ды технологияларды, тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, білім алушыға кітаптан таба ал­майтын білім беру. Өйткені, тек оқулықтағы білімді жеткізуші мұ­ғалімнің құны жоқ деп ой­лай­мын. Оқулықтағыны оқушы өзі де оқып алады. Сондықтан бүгін білім бе­ру­дің сапалы болуы үшін тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана білу. «Мұғалім әдісті көп білуге тырысу керек, оларды өзіне сүйеніш қолғабыс нәрсе есебінде қолдану керек», - деген Ахмет Байтұрсынұлы. Көптеген жаңашыл әдістемелермен танысып, талдап, өзіме қолайлысын, оқушыларға тиімдісін алып қолдану арқылы оқышыға сапалы білім бере аламыз.  Қазақ тілі сабағында компьютерді қолдану, мәтіндер мен ақпараттарды білуге жол ашады. Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу дағдысын және олардың танымдық белсенділігін арттырады. «Сабақ-оқытушының педагогикалық мәдениетінің айнасы» - дейді В.Сухомлинский. Ендеше сабақ – педагогикалық шығарма болу керек. Егер сабақта шығармашылықтың нәтижесі көрініс берсе ғана оқытудың барысы тиімді болады. Сонда міндетті деңгейді мемлекеттік өлшеу ретінде алсақ білім берудің шығармашылық сипаты қалыптасады. Былайша айтқанда, педагогикалық технология – оқу-тәрбие үрдісінің танымдылық барысында шығармашылықпен терең ойластырылған көптеген факторлардың үйлесімділігі, оқытуда дамытып, қамтамасыз ететін жанды құрамдас бөлігі. Білім беру технологияларының ерекшелік жағы ол жеке тұлғалық қасиеттерге бағытталған оқыту, проблемалық бағытқа, және шығармашылық сипатқа ие. Оның басты бағдары – білім беру, жаңа дүниені ашу мен іздену арқылы білімді іс жүзінде қолдану. Баланы жалпы және арнайы қабілеттерін дамыту, білім біліктерді игеру мүмкіндіктерімен оларды қолдану жолдарын көрсетеді.

Авторлық бағдарламаның мақсаты мен міндеті:

? Мақсаты: Оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәніне деген қызығушылығын арттыра отырып, заманауи тиімді әдістер арқылы олардың шығармашылық қабілеттерін, тілдік қорын, сыни және креативті ойлауын дамыту.

? Міндеттері:

  • Әр оқушының жеке шығармашылық қабілетін айқындау және дамыту;

  • Шығармашылықпен жұмыс жасауға ынталандыру;

  • Сабақта тиімді әдістерді қолданып, оқытуды түрлендіру;

  • Әдеби кейіпкерлерді талдау арқылы оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіру;

  • Эстетикалық тәрбие мен тіл мәдениетін қалыптастыру.

? Өзектілігі: Қазіргі қоғамға бейім, рухани бай, ұлттық құндылықтарды құрметтейтін, шығармашыл тұлға қалыптастыру – білім беру жүйесінің өзекті мәселелерінің бірі. Осы тұрғыдан алғанда, қазақ тілі мен әдебиеті пәні арқылы оқушының көркем ойлау, сөйлеу, жазу, талдау қабілеттерін дамытып, шығармашылық бағытта жетілдіру аса маңызды. Бұл бағдарлама оқушыны тек білім алушы ғана емес, ойшыл, ізденімпаз, өз ойын еркін жеткізетін тұлға ретінде тәрбиелеуге бағытталған.

? Жаңалығы:

  • Заманауи тиімді әдістер мен технологияларды кіріктіре отырып, дәстүрлі сабақ формасын жаңғырту;

  • Әдеби және тілдік тапсырмаларды шығармашылықпен ұштастыру;

  • Шығармашылық жұмыстарға бейнежобалар, цифрлық эссе, сахналық қойылымдарды енгізу;

  • Әдебиет пен өмір арасындағы байланысты нығайту арқылы оқушының жеке көзқарасын қалыптастыру.

? Құндылығы:

  • Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің тәрбиелік, танымдық маңызын арттырады;

  • Оқушы бойында ұлттық құндылықтарды сіңіруге мүмкіндік береді;

  • Жеке тұлғаның шығармашылық қабілетін дамытуға жағдай жасайды;

  • Өз ойын жүйелі жеткізе алатын, белсенді, саналы оқушы тәрбиелеуге ықпал етеді.

? Тәрбиелік мәні:

  • Тіл мен әдебиет арқылы оқушы бойында ұлттық рухты, елге, тілге, әдеби мұраға деген сүйіспеншілікті қалыптастырады;

  • Құндылықтар жүйесін сіңіруге, адами қасиеттерді тәрбиелеуге ықпал етеді;

  • Әдеби кейіпкерлерді үлгі ете отырып, адамгершілікке, әділеттілікке, жауапкершілікке баулиды.

? Тиімді әдістері:

  1. Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары:

    • «Ой қозғау», «Болжау», «Венн диаграммасы», «Түртіп алу», «RAFT»

  2. Жобалық оқыту әдісі

    • Әдеби тақырыпта презентациялар, постерлер, бейнежобалар

  3. Интерактивті әдістер

    • Дебат, сахналау, топтық жұмыс, «Ыстық орындық», «Фишбоун»

  4. Цифрлық технологиялар

    • Kahoot, Quizizz, Padlet, Canva қолдану арқылы тапсырмалар беру

  5. Кейіпкерге хат, монолог, ішкі толғанысын жазу

? Күтілетін нәтиже:

  • Оқушыда өз ойын нақты, жүйелі жеткізу дағдысы қалыптасады;

  • Шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыланады;

  • Қазақ тілі мен әдебиетіне деген қызығушылығы артады;

  • Әдеби кейіпкерлермен жұмыс арқылы адамгершілік қасиеттері дамиды;

  • Цифрлық және жобалық жұмыстарды орындау қабілеті жетіледі;

  • Критериалды бағалау арқылы өз білімін саралап, түзете алады.

Қазақ тілі мен әдебиетінен оқушылардың сабаққа қызығушылығын тиімді әдістер арқылы арттыру – бұл білім сапасын жақсартуға, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған маңызды процесс. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану, ақпараттық технологиялар мен шығармашылық жұмысты енгізу қажет. Бұл әдістер оқушылардың оқу процесіне белсенді қатысуын қамтамасыз етіп, олардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді.

ҚОРЫТЫНДЫ

Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық — әрбір оқушы үшін маңызды әрі жауапты кезең болып табылады. Бұл дайындық тек білім деңгейін тексерумен шектелмейді, сонымен қатар оқушының уақытты басқару, психологиялық тұрғыдан дайын болу және өз-өзіне сенімділігін арттыру қабілеттерін дамытуға бағытталған. ҰБТ-ға дайындық барысында әрбір оқушының терең білім алу мен дұрыс демалудың маңыздылығын ескеру қажет. Қосымша репетиторлар мен оқу курстары да дайындықты жақсартуға көмек береді.

Ең бастысы — оқушының өз мақсаттарына жетуге деген ниеті мен табандылығы. ҰБТ дайындық кезінде, барлық күш-жігерді бір мақсатқа жұмылдырып, осы сынаққа толық дайын болу керек. Бұл тек білім алу ғана емес, болашаққа қадам басатын үлкен қадам екенін түсіну қажет. Әрбір оқушының арман-мақсаттары мен болашақ мамандығы үшін ҰБТ-ға дайындық кезеңі үлкен мүмкіндік болып табылады.

Жалпы білім беретін мектептер қалай білім алу керектігін білетін, дербес, ынталы, қызығушылығы жоғары, сенімді, жауапты, ой-өрісі дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған қағиданы ұстанады. Мектепте тіл-әдебиетті оқытуда ұстаздар алдында оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу, ұлттың рухани саласын қалыптастыру, олардың әдебиетке деген құштарлығын ояту,әсемдікке баулу, шығармашылық қабілетін арттыру, ақыл-ойын, сөздік қорын, тілін дамыту міндетін әрбір ұстаз мақсат етіп қоюы керек алдына. «Ел болам десең-бесігіңді түзе» шыр етіп дүниеге келген балаға әлдиін ана тілінде айтып, бесіктен ана тілімзі үйретіп, әдебиетімзді дәріптеп отырайық.



ЖИ арқылы жасау
23 Сәуір 2025
197
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі