400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында белсенді оқыту әдістерін қолдану

Материал туралы қысқаша түсінік
шеберлік сабағы
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығының

Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі

Тоқтағұлова Нұржамал Шаленқызы

Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында қолданылатын белсенді оқыту әдіс-тәсілдері

« Бұл заман білекке емес,білімге сенетін заман. Заманауи әлемде елдің қуаты,ең алдымен,білім мен ғылымның тұғырының биік болуымен өлшенеді. Білімді игілікке жарата білу,инемен құдық қазғандай,орасан қажыр-қайрат пен ерік жігерді қажет ететін еңбек арқылы келетіні даусыз.Білімсіз өмір- тұл» - деп Елбасы Н.Ә.Назарбаев атап көрсеткен болатын.Тарих көшінде «Кеше.Бүгін.Ертең. ұғымдары да елдің қалай білім мен ғылымының,ұлттық дүниетанымы мен тіл,таным сияқты ұлы құндылықтарының ұлықталуымен өлшенеді.Ал педагог жұмысын нәтижелі ету,интеллектуалды ұлтты қалыптастырушы ұстаз міндеті де басты назарда.Мектепте көптеген жылдар жұмыс істеп жүрсекте, қандай да жұмыс жасасақ та, оқушыларымыздың тек 10 % ғана табысты оқиды екен. Бұл ешкімге құпия емес. Неге? – деген сұрақ туындайды. Жауабы қарапайым: тек адамдардың 10% ғана оқығанын түсінеді және есте сақтай алатын қабілеттері бар екен. Егер де оларға айтып беретін болса және нақты көрсетілім түрінде ұсынылған жағдайда,  90% естерінде сақтайды.Сол үшін оқыту үрдісін ұйымдастырудың  тиімді формалары, жаңа педагогикалық технологиялар, яғни, оқытудың  белсенді әдістерін таңдау,екшелеп қолдану маңызды саналады.

Бүгінгі шеберлік сынып жұмысының мақсаты: қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарының мазмұн тереңдігін қалыптастыру бағытында,заманауи білім беруді қамтамасыз ету, сабақ барысында нәтижеге бағытталған білім беру жүйесін жасау,сабақтың әр кезеңінде  оқытудың  белсенді әдістерін қолдануды талқылау.

№1 «Әр күнге арналған рецепт» жаттығуы.

         Алдымен күнді алып, оны көре алмаушылықтан, өшпенділіктен, қайғыдан, қытымырлықтан, бірбекейліктен, қарабасының қамын ойлаушылықтан, бәрібірліктен, сен тимесең – мен тимеден тазалаймыз.Сосын оған барлығына қатысты үш толы ас қасық оптимизм, бір уыс сенімділік, бір қасық шыдамдылық, бірнеше тал төзімділік,бір уыстай сыпайылылық және тәртіп қосамыз.Дайын болған қоспаға махаббатты құямыз.Енді дайын болған асты әсемдеуіміз керек: оны мейірімділік пен ықыластың жапырақтарымен әрлеп, адамгершілік қасиетімен безендіреміз.

Ұқсас жаттығулар:  «Көзбен амандасу» жаттығуы және т.б.
Мақсаты – жұмысқа оң көңіл қою, оқушылардың арасында жақсы қарым –қатынас орнату.

–Құрметті ұстаздар, біз де мастер-классымызды осы жаттығудан бастауымызға болады.Мен барлығыңмен осылай амандасамын, сөз айтпаймын, үндемей – көзбен. Сонымен бірге, мен көзіммен, мен бүгін қандай көңіл-күйде екенімді көрсетемін.

Оқытудың белсенді әдістері екі үлкен топқа бөлініп қарастырылады: топтық белсенді оқыту әдістері және жеке оқушыны белсенді оқыту әдістері. Осыдан әрі қарай белсенді оқыту әдістерін ғалымдар тағы екі топқа бөліп қарастырады: еліктеу белсенді оқыту әдістері және шынайы белсенді оқыту әдістері.

Еліктеу белсенді оқыту әдістеріне ойын, іскери ойын, дидактикалық ойын, оқу ойындары әдістері және талдау әдістері жатады.

Ал шынайы белсенді оқыту әдістеріне пікірталастар, проблемалық дәрістер, проблемалық жағдаяттарға шешім табу жұмыстары жатады. Белсенді оқыту әдістерінің ерекшеліктері – оларды дербес іс-шара өткізу әдісі ретінде қолдануға да болады немесе басқа бір әдістің маңызды құраушысы ретінде қолдануға болады.Мысалға, пікірталас ұйымдастыру – кейде дербес іс- шара болғанымен, кейде іскери ойынның бір құраушысы ретінде қолданылады. Қазақ тілін оқытуда қолданылатын белсенді оқыту әдістерінің қатарында көптеген ұстанымдар мен әдістер мен амалдар бары белгілі. Солардың ішінде мынадай түрлдерін атап көрсетуге болады:

  • «Ми шабуылы» әдісі;

  • «Іскери ойындар» әдісі;

  • «Дөңгелек үстел» әдісі;

  • «Тілдік тұнық аяға ену» әдісі;

  • «Драмалық» әдісі.

Қазақ тілі сабақтарында қолдануға ұсынатын ойын әдістеріне тоқталайық. Қазақ тілі сабақтарда ойынның грамматикалық ойын, лексикалық ойын, фонетикалық ойын, орфографиялық ойын, шығармашалық ойын деген түрлерін қолдануға болады. Сонымен бірге, қазір мұғалімдердің тәжірибесінде кездесіп жүрген мәтінмен жұмыс,интерактивті диктант түрлері де белсенді оқыту әдістеріне жатқызылады. Миға шабуыл» әдісін қолдану ережелері:

  • Миға шабуыл барысында идеяларды сынамайды, бағаламайды, талқыламайды және қорғамайды. Топ ішіндегі жұмыс барысында Сіз тек: «Бұл керемет идея екен!», деп қана айта аласыз, ал жеке-дара жұмыс жасағанда өз-өзіңізге тым сыни көзбен қарамаңыз.

  • Топ мүшелері мейлі ол қандай болсын, әйтеуір ойларына келген кез келген идеялардың, шешімдердің, мысалдардың барлығын ортаға тастауы қажет. Әрбір идея толық айтылуы тиіс. Келесі кезеңде жаңа идеяларды ойлап тапқанша, айтылғандарды ой елегінен өткізіп, ішінен ең ақылға сыйымдысын таңдау оңай болады.

  • Бұл кезеңде идеялардың сапасынан гөрі санының көп болуына назар аударылады. Идеялар саны көп болған сайын, олардың ішінен кейбіреулерінің ең орынды болады дегендеріне сенімділік те арта түседі. Егер жеке-дара жұмыс жасаған болсаңыз, өз ой-пікірлеріңізді қағазға түртіп жазып отырыңыз.

Айтылғандардың ішінен енді өзге жаңа идеяларды ажыратып алады. Оларға түсінік беру мен түзетулер енгізу де шығармашылық шабыт қажет. Топ мүшелерінің қай қайсысы да идеяларды жетілдіруге, басқа нұсқаларын ұсынуға құқылы. Сондықтан қолыңызда бар идеяларды тағы бір қарау артық болмайды, мүмкін олар тағы да бір жаңа идеялардың тууына алғышарт қалыптастырады.

«Миға шабуыл» әдісінің артықшылықтары:

  • Уақыт үнемделеді;

  • Топпен жұмыс істеу барасында қатысушылар арасында ынтымақтастық, сыйластық қасиеттер жақсы дамиды;

  • Ой еркін түрде жеткізіледі;

  • Кез келген пәнге қолдануға болады;

  • Қиын тақырыптарды оңай меңгеруге көмектеседі;

  • Ізденушілік, шығармашылық қасиеттер дамиды.

Мен өз сабағымда бұл әдісті көп қолданамын. Себебі бұл әдісті үй тапсырмасын сұрау кезінде де, жаңа сабақты түсіндіру барысында да, сабақты бекіту, қорытындылау және рефлексия кезінде де қолдануға болады. Мысалы, жалғастырушы деңгей бағдарламасындағы «Ғаламтор менің өмірімде» тақырыбын өткен кезде осы әдісті кері байланыс үшін қолдандым. Тіл үйренушілерге мынадай сұрақ қойылды: Ғаламтор бізге не үшін керек? Осы сұрақ төңірегінде өздерінің ойларын айтуға ұсыныс жасадым. Барлық ой-пікірлерді қабылдап, жазып алдық. Тыңдаушылардың арасында ғаламтор жаңалықтарды, қажетті ақпараттарды оқуға қажет десе, енді біреулері көп уақытты алады, көзге зиян келтіреді деген пікірлер айтты. Дегенмен басым көпшілігі ғаламтор-ақпаратты тез алуға, уақытты үнемдеуге, құжат алмасуға көмектеседі деген тұжырымдаманы ұсынды. Ереже бойынша барлық идеялар айтылып болған соң, қойылған сұрақ қайта еске салынды. Айтылған пікірлер бойынша қандай қорытынды жасауға болатынын сұрап, бұл әдіс бойынша жұмысты аяқтадым. Тыңдаушылар «Ғаламтор-заман талабы» деген қорытындыға келді.

Тыңдаушылардың қызығушылығын сабаққа аудару үшін де бұл әдісті қолдануға болады. Тереңдетілген деңгей тындаушыларымен «Тіл білудің пайдасы» тақырыбын өту барысында тіл үйренушілерден тақырып бойынша бір немесе бірнеше сөйлемнен тұратын ақпарат беруін сұрадым. Әр тіл үйренуші өз идеясын параққа жазды. Оған 5 минут уақыт бердім. Барлығы жазып болған соң, біртіндеп оқып шықты. Идеяларды тыңдап негізгілерін тақтаға жаздым. Жазылған идеяларға сүйене отырып, жаңа сабақты түсіндірдім. Бұл жағдайда барлық тыңдаушылардың назары сабаққа ауады. Себебі, әр тіл үйренуші өзі айтқан пікірдің дұрыстығына көз жеткізу үшін оқытушыны мұқият тыңдайды.

Сол сияқты, сабақты қорытындылау кезінде бұл әдісті қолдану тиімді. Миға шабуыл әдісі бойынша тыңдаушыға сабақта неше сөз есіңде қалғанын жазу ұсынылады. Әр тыңдаушы есте қалған сөздерін жазып болған соң, жалпы санын көрсетеді. Осылай қай тыңдаушы ең көп сөз есте сақтағаны анықталады. Оқытушы өз тарапынан қандай сөздер тіл үйренушілердің меңгеруіне жеңіл болғанын ескереді.

Қорыта айтқанда, оқыту үдерісінің нәтижелі болуы оқытушының сабақ беру шеберлігіне, сабағын қызғылықты жүргізіп, зейін қойдыра білуіне, тыңдаушылардың өздігінен білім алуға үйренуіне байланысты. Жаңа әдіс-тәсілдерді мән-мағыналарына, ерекшеліктеріне қарай таңдап қолдана білсек, тіл үйретуде ұтарымыз анық.



№2 «Күзгі бақ»  әдісі.

 

Бұл әдіс мұғалімге сыныпты   және әр оқушыны жақсы  түсінуге көмектеседі.Ал олардан алынған материалдар келесі сабақты дайындағанда мұғалімге қажет және сабақты өткізуге көп көмегін тигізеді.

Оқушыларға бұл әдіс білім алу мақсатын нақты анықтауға көмек береді, сабақтан не күтетінін  және қандай кедергілер бар екенін  парақтарға жазады.Педагог келесі сабақта жаңа әдістерді қолдану арқылы олады түсінуге және одан әрі не болатынын, қалай жұмыс жасау жолдарын анықтайды.

Құралдары: алдын- ала 2 плакатқа салынған ағаштың суреттері керек.

  • Құрметті ұстаздар бүгінгі мастер –класстан нені күтесіздер? Оны жасыл стикерге жазыңыздар.

  • Неден қауіптенесіздер? Оны қызыл стикерге жазыңыздар.

  • Енді өз жауаптарыңды дауыстап кім оқиды? (тілектеріңіз бойынша)

№3 «Карусель» әдісі.

 

– Құрметті ұстаздар, келесі әдісіміз алдымызда жүргізілген материалдар бойынша құрастырылады.Ол «Карусель немесе Әткеншек»  деп аталады. Сұрақтар қайталанбауы шарт.

– Сонымен, «Оқытудың белсенді әдістері» деп жазылған қағазды алыңыздар. Мына сұраққа жауап жазыңыздар.

–  1)  ОБӘ дегеніміз не? Яғни, негізгі сөздер мен негізгі ойларыңызды жазыңыздар.Топта ойланып, өз сөздеріңізді жазыңыздар. (Педагогтардың жауабы).

(ОБӘ дегеніміз – оқушылардың әр түрлі ойлану және тәжірибелік қызметі  мен  белсенділігін қамтамасыз ететін әдістер жүйесі).
– 2) ОБӘ сабақтың қандай кезеңдерінде қолдануға болады? (П
едагогтардың жауабы тыңдау).

– ОБӘ сабақтың  барлық кезеңдерінде қолдануға болады. Мысалы: (сыныпты ұйымдастыруда, үй тапсырмасын тексеру кезінде, сабақтың мақсаты мен міндеттерін қоюда, жаңа сабақты түсіндіргенде,сабақты бекітуде, алған білімді қорытуда,өздік жұмысты ұйымдастырғанда, сабақтың нәтижесін жасағанда, кері байланыста ).

– Сабақтың кезеңдерінде нақты міндеттерін тиімді шешетін сабақтың  әр кезеңіне өзіңіздің белсенді әдістеріңізді қолдануға болады.

– Біз сіздермен бірнеше ОБӘ түрлерімен таныстық, оларды атаңыздар  және өздеріңе жазып отырыңыздар. («Әр күнге арналған рецепт», «Күзгі бақ», «Бойжазу – миға шабуыл», «Бағдаршам», «Карусель» әдістері.)

«Карусель» әдісінің сұрақтар: (қосымша сұрақтар)

  1. Оқытудың белсенді әдістері деген не?

  2. ОБӘ түрлері қандай?

  3. ОБӘ-н сабақтың қандай кезеңдерінде қолдануға болады?

  4. Біз ОБӘ қандай жаттығуларын білеміз?

  5. ОБӘ қандай кері байланыстары бар?

  6. «Әр күнге арналған рецепт» жаттығуын сабақтың қай кезеңінде қолдануға болады?

  7. Сабақтың соңында қандай кері  байланыстарды  пайдалануға болады?

  8. «Төрт табиғи құбылыс» жаттығуын қандай тақырыптарда пайдаланар едіңіз?

  9. Сіз «Коллаж» әдісін қандай сабақтарыңызда пайдаланар едіңіз?

  10. «Домино» , «Шығыс базары» әдістерін білесіз бе?

№ 4 «Төрт табиғи құбылыс» немесе ТТҚ  жаттығуы. (Сергіту сәті)

 – Бұл жаттығу «Төрт табиғи құбылыс» деп аталады. Бұлар жер, су, ауа, от.

  • Егер мен «жер» десем, – сіздер төменге аяқтарыңызға отырасыздар және қолдарыңды еденге жеткізесіздер.

  • Егер мен «су» десем, – сіздер қолдарыңызды алдыға созып, суда жүзу қимылдарын жасайсыздар.

  • Егер » ауа» десем, – сіздер аяқтарыңыздың ұшымен көтерілесіздер және қолдарыңызды жоғары көтеріңіздер.

  • Егер «от» десем, -сіздер қолдарымызды жоғары көтеріп, білектерімізбен  қозғалтып құйын жасаймыз. Орындаймыз.

 

№5  «Коллаж» әдісі.

 

Мақсаты: топпен жұмыс жасау, шығармашылық қабілеттерін дамыту, сын тұрғысынан ойлауға, тез шешім қабылдауға, жүйелі түрде өз ойын айтуға жаттықтырады.

Оқушылар топпен жұмыс жасау барысында парталардың арасында қозғала алуы шарт. Сынып парталары арасы бос болуы керек.

  1. Сынып оқушылары 2-3 топқа бөлінеді.

  2. Әр топқа бір сөз немесе бір тақырып беріледі.Осы тақырыптың айналасында қолдарындағы бар материалды қолданып көрсетулері қажет. (газет, журнал, суреттер, қайшы, желім, картон, түсті қағаздар, маркерлер, фломастерлер). Мысалы: аяқ киім (суреттерден қиып түрлерін көрсету, қай мезгілде киетінін айту, оларға анықтама жазу және т.б.)

  3. Коллаж қызықты болу үшін мұғалім критерийлер қоюға болады.

а) уақыт белгілейді (1 ұпай);

б) бірнеше түстерді қолдану (1 ұпай);

в) сөз тіркестерін жазуға (1 ұпай);

  1. Жұмыс аяқталған соң басқа топтың жұмыстарымен танысу керек.

  1. Әр топ өз жұмыстарын қорғайды.

  1. Топтар бір-бірінің жұмыстарын бағалайды.

  1. Өздерін бағалауға уақыт береді.

Сергіту сәті.   «Ит –  жеті қазынаның бірі» әңгімесін айту.Әңгіменің соңын айтпай тоқтату керек.

Фокус топқа  тапсырма:  – мына берілген суреттер  мен сөздерден «Оқытудың белсенді әдістері» атты тақырыпқа  құралдармен қиып, сабақтың қай кезеңдерінде,  қалай қолданатындарың  туралы  Коллаж  жасаңыздар.

Фокус топ  жұмыстарын аяқтауға 7-10 минут беріледі.


№6 «Төрт сөйлем» әдісі

Мақсаты: Жеке жұмыс ретінде орындалатын тапсырма.Оқушылар белгілі бір шығарманы оқып болғаннан соң жүргізіледі.Оқушының жеке пікірі мен ойын,таным-түсінігін жүйелейтін,сараптайтын тапсырма.

1.Пікір: Шығарма туралы,не шығарма кейіпкері жайында бір сөйлем түрінде пікір айтады.

2.Дәлел: Өз ойын оқиға желісіне сүйене отырып бір сөйлеммен дәлелдеп шығады.

3.Мысал: Шығармадан бір сөйлем құрау арқылы мысал келтіреді.

4.Қорытынды:Өзінің бір сөйлеммен шығарма жайындағы қорытынды түйінді ойын келтіреді.

 

№7  Кері  байланыс «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі.

Мақсаты: Топпен және жеке жұмысты бағалау, өз жұмысын жақсарту, тапсырманы орындауға әр түрлі тәсілдер табуға жаттықтыру.

Ұйымдастыру: оқушылармен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру, сын тұрғысынан ойлау, өзін-өзі басқаруға үйретеді.

Жаттығудың  сипаттамасы:

Оқушылар сыныптың ішінде еркін қозғала алады, бір – бірінің жұмысымен танысуға мүмкіндіктері болуы керек.

  1. Ең алдымен өз жұмысын бағалайды.(төменгі 3 ретте берілген)

  2. Басқа топтардың жұмысымен танысуға мүмкіндіктері беріледі.

  3. Әр оқушыға бірнеше стикерлер беріледі.Осы стикерге өздеріне ұнаған екі сәттерді жазады және жұмысты жақсарту үшін бір тілектерін жазуы керек.

  4. Өз топтарының жұмысына қалдырғ ан тілектермен танысады, уақыт болса, жақсы тілектерін оқуға болады.

ұмыстарын жақсарту үшін қалдырған тілектердің тізімін жасайды да, топта өзара талқылайды.

Теориялық  топқа  тапсырма. Онда үш-үш адамнан 6 адам болуы керек. Құрметті ұстаздар, сіздер берілген әдістерді және жаттығуларды оқып шығып, топта талдап, оларды сабақтың қай кезеңдерінде қолдануға болатынын ашып жазыңыздар немесе баршаға айтып кетіңіздер. (Теориялық  топтың жауаптары)

І нұсқа бойынша сіздерде:                                   ІІ нұсқа бойынша сіздерде

1)«Мен кіммін?» жаттығуы.                       1) «Ешкім білмейді?» жаттығуы.

2)«Стикердегі сұрақтар»  әдісі                   2) «Шығыс базары» әдісі

3)«515» әдісі                                3) «Бағдаршам» әдісі.

4)«Бес саусақ» әдісі                                     4) «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі.



 Шеберлік сыныпты  қорытындылау .

 Шеберлік сыныпты қорытындылай келе келесі әдісіміз «Ақылды кеңес».ОБӘ технологиясымен әлі де таныс емес мұғалімдерге өздеріңіз білетін әдіс- тәсілдерді айтып үйретіп жүріңіздер. Бір-бірлеріңізден қызғанбаңыздар, сонда ғана біздің еңбегіміз алдыға жылжиды, сонда ғана технологиялар тарайды, қолдану аясы кеңейген сайын олар өзгеріп, түрленіп отырады, технология өзгеруі қажет, бір жерде жатып қалмауы қажет. Қорытындылай келе, барлықтарыңызға  жұмыстарыңызға табыс тілеймін  және ескеретін жайт, әр таңдап алынған әдіс сіздердің мақсаттарыңызға, міндеттеріңізге, сабақтың тақырыбына, оқушылардың ерекшеліктеріне  сай болуы қажет әрі міндетті.

Ұмытпаңыздар, оқытудың белсенді әдістері өте эмоциональды, сондықтан оларды біртіндеп енгізу керек.





Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Нұржанова Ж. Қазақ тілін тиімді оқыту жолдары. А., 2001.

2. 0разбаева Ф.Ш.,Рахметова Р.С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі.А.,2005.

3. Көккөзова М., САбақан. Әдіскер тағылымы. Алматы, 2000.

4. Исабаев Ә.Қазақ тілін оқыту методикасы. Ташкент-2003.

 5. Оразбаева Ф.Ш. Рахметова Р.С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі: Оқу құралы. –Алматы: Print-S, 2005

6. Мейрманқұлов А, Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы: Фолиант, 2010

7. Құрман Н.Ж. Қазақ тілін оқытудың әдіснамалық негіздері. Монография. – Астана: Сөздік, 2008. – 160 с.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
21 ақпан
3728
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі