Қазақ тілі мен әдебиетІ сабағында оқушылардың тілдік дағдыларын дамыту

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақ тілі мен әдебиетІ сабағында оқушылардың тілдік дағдыларын дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні — оқушылардың тілдік дағдыларын дамытуға арналған аса маңызды пәндердің бірі. Осы пән арқылы оқушылар тек тіл үйренумен шектелмей, сонымен қатар, өз ойларын жүйелі, түсінікті және көркем түрде жеткізу қабілеттерін қалыптастырады. Осы тұрғыда 9-сыныпқа арналған «Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында оқушылардың тілдік дағдыларын дамыту» атты авторлық бағдарлама маңызды рөл атқарады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қарағанды облысы білім басқармасының

Шет ауданы білім бөлімінің

«Ы.Алтынсарин атындағы тірек мектеп (ресурстық орталық) жанындағы интернат»

коммуналдық мекемесі





«КЕЛІСІЛДІ» «БЕКІТЕМІН»

Ы.Алтынсарин атындағы Шет ауданының

тірек мектеп (РО) білім бөлімінің

интернат директоры басшысы

________Д.Б.Бакаев Р.Б.Абенова

«__»_____ 2025 жыл «__»_____ 2025 жыл









«Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында оқушылардың тілдік

дағдыларын дамыту»

(Авторлық бағдарлама

9-сынып, 34 сағат)


















2025 жыл



Автор-құрастырушы : Шет ауданы, Ақсу-Аюлы ауылы

«Ы.Алтынсарин атындағы тірек мектеп (ресурстық орталық) жанындағы интернат»

коммуналдық мекемесінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі , педагог-зерттеуші_________Ж.Е.Рашитова

қолы



Рецензенттер:

Хамзина Қарлығаш Мәуенқызы

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті, Қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты




Г.А.Сағындықова

Ы.Алтынсарин атындағы тірек мектеп (РО) жанындағы интернаттың қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші








«Ы.Алтынсарин атындағы тірек мектеп (ресурстық орталық) жанындағы интернат» коммуналдық мекемесінің әдістемелік кеңесі ұсынған

2024ж. « 31» 10 2 хаттама

Хатшы:

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі __________Куанышбекова П.М.

қолы



Шет ауданы білім бөлімінің әдістемелік кеңесі ұсынған

2025ж. « » хаттама

Хатшы:

Әдіскер_________ Есенова А.А.

қолы




Облыстық сараптамалық кеңесі ұсынған.

Хаттама № «___» __________ 20___ ж.

Хатшы:

Әдіскер __________



Түсініктеме хат


Жалпы сипаты. «Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында оқушылардың тілдік дағдыларын дамыту» aвторлық бaғдaрлaмaсы оқу жоспарының вариативті бөлігінің оқу бағдарламалары және элективті курстарды әзірлеу және әдістемелік қамтамасыз ету барысында барлық деңгейдегі мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды басшылыққа ала отырып, «Оқу жоспарының вариативті бөлігінің оқу бағдарламалары және элективті курстарды сараптамадан өткізу және оларды жаңартылған білім беру мазмұны аясында әдістемелік қамтамасыз ету» туралы ереже ҚР-ң 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-ІІІ «Білім туралы» Заңына (06.05.2020 жылы енгізілген толықтырулар мен өзгертулер негізінде) сәйкес, «Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығы, «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығы, «Білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» ҚР Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 2 сәуірдегі №72 бұйрығы негізінде құрaстырылды. Бaғдaрлaмa мазмұнына аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат жүктеме берілген. 9-сынып оқушыларына қолдануға ұсынылады.


Бағдарламаның мақсаты: 9-сынып оқушыларының қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым дағдыларын кешенді дамыту арқылы олардың коммуникативтік құзыреттілігін арттыру.


Бағдарламаның міндеттері:

1.Оқушылардың қазақ тіліндегі мәтіндерді тыңдап, негізгі және жанама ақпараттарды анықтау қабілетін жетілдіру.

2.Оқушылардың қазақ тілінде еркін, нақты, жүйелі сөйлеуін дамыту.

3.Көркем және публицистикалық мәтіндерді түсініп оқу, негізгі ойды анықтау, мәтін бойынша қорытынды жасау дағдыларын дамыту.

4.Оқушылардың грамматикалық нормаларды сақтай отырып, ойларын жазбаша дұрыс әрі жүйелі жеткізу дағдыларын қалыптастыру.

5.Әртүрлі жанрдағы шығармашылық және функционалдық жазба жұмыстарын орындау.

6. Сөздік қор мен тіл мәдениетін жетілдіру:

7. Оқушылардың сөздік қорын байыту, мағыналық реңктерін ажырата білуге дағдыландыру.

8. Тілдік нормаларды сақтай отырып, әдеби тілде сауатты сөйлеуге үйрету.


Бағдарламаның өзектілігі: Әлемдік білім беру үдерісінде оқу сауаттылығына негізделген мәтінмен жұмыс 1970 жылдан өзекті, себебі осы жылдан Халықаралық сауаттылық қауымдастығы (ILR) білім алушылардың оқу сауаттарын зерттеуді бастаған.  2009 жылдан бастап Қазақстан PISA – халықаралық зерттеуіне қатысып келе жатқандықтан, Отандық білім беру үдерісінде бұл тақырып өзекті.

Аталмыш білім беру ұйымы PISA – халықаралық зерттеуіне қатысты, нәтижелерін саралау барысындағы оқушылардың оқу сауаттылығына негізделген мәтіндерді түсіну қабілетінің төмен көрсеткіш көрсетуі – оқу сауаттылығы бойынша жұмысты жақсартуды қажет еткендіктен өзекті.


Бағдарламаның жаңалығы:

Педагогикалық жаңалығы: мәтіндерді БЛУМ таксономиясының алты

деңгейіне сәйкес талдау арқылы оқушылардың зерттеу сауаттылығын арттыру және оқушылардың мәтінді түсіну, қолдану және талдау дағдыларын кешенді түрде дамыту.


Психологиялық жаңалығы: оқушылардың жас ерекшеліктері, эмоционалдық және мотивациялық ерекшеліктерін ескере отырып, зерттеу дағдыларын жетілдіру, яғни оқушының жан-жақты тілдік дамуымен қатар оның тұлғалық ерекшеліктерін ескеруді көздейді және кәсіби құзыреттіліктерінің артуы қамтамасыз етіледі.


Күтілетін нәтиже:

1.Оқушылар мәтіндердің құрылымын, идеясын, негізгі және қосымша ақпараттарды анықтай алады.

2.Оқушылар мәтін мазмұнын жан-жақты талдап, маңызды ақпаратты ажырата алады, дәлелдерді сараптай алады және қорытынды жасай алады.

3.Оқушылар мәтінді талдау арқылы деректерді жинай алады, сұрыптай алады, салыстыра алады және интерпретациялай алады.

4.Оқушылар түрлі көзқарастарды салыстырып, олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтай алады.

5.Оқушылар ақпараттарды сыни тұрғыдан бағалай алады және қорытынды жасай алады.

6.Оқушылар мәтіндерді талдау арқылы мәдениетаралық түсіністік пен құрмет сезімін қалыптастыра алады.

7.Оқушылар өз пікірлерін білдіре алады, мәселелерге өз көзқарасын ұсына алады және шығармашылық шешімдер таба алады.

8.Оқушылар шығармашылық және зерттеушілік жұмыстарға ынталана алады.


Тұрақталу бөлімі

(аптасына – 1 сағат, барлығы – 34 сағат)


Бұл бағдарламада дәрістік сабақтар мен тәжірибелік сабақтар араластырып берілген.


Тақырыбы

Сағат саны

Нәтижесі

1

Мәтін және оның түрлері

1

Мәтіннің анықтамасын және түрлерін ажыратады.

2

Ақпараттық мәтіндермен жұмыс

1

Ақпараттық мәтіндердің құрылымын түсінеді, негізгі ойды табады.

3

Сипаттау мәтіні: құрылымы мен мазмұны

1

Сипаттау мәтінінің құрылымы мен ерекшеліктерін анықтайды.

4

Баяндау мәтіні және оның ерекшеліктері

1

Баяндау мәтінінің құрылымын меңгереді, оқиға желісін құрады.

5

Пайымдау мәтіні және оның құрылымы

1

Пайымдау мәтінінің құрылымын түсінеді, дәлелдер мен қорытынды жасауды үйренеді.

6

Мәтін мазмұнын түсіну стратегиялары

1

Мәтін мазмұнын түсінудің белсенді стратегияларын меңгереді.

7

Оқу сауаттылығын дамытуға арналған жаттығулар

1

Оқу сауаттылығын дамытуға арналған жаттығуларды орындайды.

8

Ғылыми мәтіндерді талдау

1

Ғылыми мәтіндердің ерекшеліктерін талдайды, негізгі ақпаратты ажыратады.

9

Көркем мәтіндермен жұмыс

1

Көркем шығармалардың құрылымын, кейіпкерлерін талдайды.

10

Публицистикалық мәтіндердің ерекшеліктері

1

Публицистикалық стиль ерекшеліктерін меңгереді.

11

Дәлелді мәтін құру тәсілдері

1

Дәлелді мәтін құру тәсілдерін үйренеді.

12

Жарнамалық мәтіндер және олардың құрылымы

1

Жарнамалық мәтіндердің құрылымын және әсер ету әдістерін меңгереді.

13

Талдау мәтінін жазу әдістері

1

Талдау мәтіндерін жазуды үйренеді.

14

Эссе жазу құрылымы

1

Эссе құрылымын түсініп, жазу дағдыларын қалыптастырады.

15

Реферат және аннотация жазу

1

Реферат және аннотация жазуды үйренеді.

16

Хат жазу дағдылары

1

Ресми және бейресми хат жазуды меңгереді.

17

Құжат мәтіндері: өтініш, түйіндеме

1

Ресми құжаттарды (өтініш, түйіндеме) толтыруды үйренеді.

18

Қысқа мәтіндер жазу (пост, хабарлама)

1

Қысқа мәтіндер (пост, хабарлама) жазудың ерекшеліктерін түсінеді.

19

Диалог және сұхбат құру

1

Диалог және сұхбат құрудың негізгі әдістерін меңгереді.

20

Сұрақ қою және ақпарат жинау

1

Сұрақ қою және ақпарат жинау дағдыларын қалыптастырады.

21

Сурет бойынша мәтін құру

1

Сурет бойынша мәтін құрастырады.

22

Картамен, кестемен жұмыс

1

Картамен, кестемен жұмыс істеуді үйренеді.

23

График, диаграмма, сызбалармен жұмыс

1

График, диаграмма, сызбаларды талдай алады.

24

Жазбаша тапсырмалар орындау

1

Жазбаша тапсырмаларды орындау қабілетін дамытады.

25

Пікірталасқа дайындық

1

Пікірталасқа дайындық жүргізуді үйренеді.

26

Мәтін мазмұнын өзгерту тәсілдері

1

Мәтін мазмұнын өзгерту тәсілдерін меңгереді.

27

Қорытынды шығару және түйіндеме жасау

1

Қорытынды шығару және түйіндеме жасауды үйренеді.

28

Функционалдық мәтіндермен жұмыс

1

Функционалдық мәтіндермен жұмыс дағдыларын жетілдіреді.

29

Күнделікті өмірге қажетті мәтіндермен жұмыс

1

Күнделікті өмірге қажетті мәтіндерді талдау қабілетін қалыптастырады.

30

Ақпаратты саралау

1

Қажетті ақпаратты тиімді саралай алады.

31

Цифрлық мәтіндермен жұмыс

1

Цифрлық мәтіндерді талдау және бағалауды үйренеді.

32

Креативті мәтіндер жазу

1

Креативті мәтіндер жазудың тәсілдерін меңгереді.

33

Функционалдық сауаттылықты бағалау тапсырмалары

1

Функционалдық сауаттылықты бағалау тапсырмаларын орындайды.

34

Қорытынды сабақ: алған білімді пысықтау

1

Алған білімін қорытындылайды, жетістіктерін бағалайды.









Нормативті бөлім
(аптасына – 1 сағат, барлығы – 34 сағат)


Тақырыбы

Оқу мақсаты

Сағат саны

Оның ішінде
Дәріс |

Тәжірибе

Нәтиже

1

Мәтін және оның түрлері

Мәтін ұғымын түсіндіру, мәтін түрлерін ажырату

1

1

0

Оқушылар мәтін түрлерін анықтай алады

2

Ақпараттық мәтіндермен жұмыс

Ақпараттық мәтіннің ерекшеліктерін талдау

1

1

0

Оқушылар ақпараттық мәтіндерді талдайды

3

Сипаттау мәтіні: құрылымы мен мазмұны

Сипаттау мәтінінің құрылымын талдау

1

1

0

Сипаттау мәтіндерін жаза алады

4

Баяндау мәтіні және оның ерекшеліктері

Баяндау мәтінін құрастыру

1

1

0

Баяндау мәтінін құрастырады

5

Пайымдау мәтіні және оның құрылымы

Пайымдау мәтіндерін талдау

1

1

0

Пайымдау мәтіндерін жазады

6

Мәтін мазмұнын түсіну стратегиялары

Мәтінді түсініп оқу дағдыларын дамыту

1

1

0

Мәтінді толық түсіне алады

7

Оқу сауаттылығын дамытуға арналған жаттығулар

Оқу сауаттылығын дамыту

1

1

0

Оқу дағдылары жетілдіріледі

8

Ғылыми мәтіндерді талдау

Ғылыми мәтіннің ерекшеліктерін анықтау

1

1

0

Ғылыми мәтіндерді талдай алады

9

Көркем мәтіндермен жұмыс

Көркем мәтін құрылымын талдау

1

1

0

Көркем мәтінге талдау жасайды

10

Публицистика-лық мәтіндердің ерекшеліктері

Публицистикалық мәтіндерді талдау

1

1

0

Публицистика-лық мәтіндерді ажыратады

11

Дәлелді мәтін құру тәсілдері

Логикалық дәлелдер келтіру дағдыларын дамыту

1

1

0

Дәлелді мәтін құрастырады

12

Жарнамалық мәтіндер және олардың құрылымы

Жарнамалық мәтіннің ерекшеліктерін талдау

1

1

0

Жарнамалық мәтін құрастырады

13

Талдау мәтінін жазу әдістері

Талдау мәтіндерін жазу дағдыларын дамыту

1

1

0

Талдау мәтіндерін құрастырады

14

Эссе жазу құрылымы

Эссе жазу әдістерін меңгеру

1

1

0

Эссе жаза алады

15

Реферат және аннотация жазу

Реферат пен аннотация жазу тәсілдерін меңгеру

1

1

0

Реферат және аннотация жазады

16

Хат жазу дағдылары

Ресми және бейресми хат жазу

1

1

0

Хат жазу үлгілерін орындайды

17

Құжат мәтіндері: өтініш, түйіндеме

Құжат мәтіндерінің құрылымын меңгеру

1

1

0

Өтініш, түйіндеме жаза алады

18

Қысқа мәтіндер жазу (пост, хабарлама)

Қысқа мәтіндерді құру ерекшеліктерін үйрену

1

1

0

Қысқа ақпараттық мәтіндерді жазады

19

Диалог және сұхбат құру

Диалог, сұхбат құрастыру әдістерін меңгеру

1

1

0

Диалог құрастырады

20

Сұрақ қою және ақпарат жинау

Ақпаратты сұрыптау дағдыларын дамыту

1

1

0

Ақпаратты сұрыптай алады

21

Сурет бойынша мәтін құру

Көркем мәтін жазу дағдыларын дамыту

1

1

0

Суретке қарап мәтін жазады

22

Картамен, кестемен жұмыс

Ақпаратты талдау дағдыларын жетілдіру

1

1

0

Кестеден ақпарат ала алады

23

График, диаграмма, сызбалармен жұмыс


Ақпараттарды жүйелі түрде түсіндіру

1

1

0

Диаграмма мен сызбаны түсіндіреді

24

Жазбаша тапсырмалар орындау

Жазба жұмыстарын жетілдіру

1

1

0

Жазба жұмыстары жетіледі

25

Пікірталасқа дайындық

Пікірталас мәдениетін қалыптастыру

1

1

0

Дәлел келтіре алады

26

Мәтін мазмұнын өзгерту тәсілдері

Мәтінді өңдеу дағдыларын дамыту

1

1

0

Мәтінді өңдейді

27

Қорытынды шығару және түйіндеме жасау

Қорытындылау дағдыларын дамыту

1

1

0

Негізгі ойды қорытындылайды

28

Функционалдық мәтіндермен жұмыс

Функционалдық мәтіндерді түсіну

1

1

0

Функционалдық мәтіндерді түсінеді

29

Күнделікті өмірге қажетті мәтіндермен жұмыс

Практикалық мәтіндерді талдау

1

1

0

Күнделікті мәтіндерді қолданады

30

Ақпаратты саралау

Ақпаратты дұрыс бағалау дағдыларын дамыту

1

1

0

Ақпаратты саралайды

31

Цифрлық мәтіндермен жұмыс

Цифрлық сауаттылықты дамыту

1

1

0

Цифрлық мәтіндермен жұмыс істейді

32

Креативті мәтіндер жазу

Шығармашылық дағдыларды жетілдіру

1

1

0

Шығармашылық мәтіндер жазады

33

Функционалдық сауаттылықты бағалау тапсырмалары

Тест тапсырмаларын орындау

1

1

0

Функционалдық сауаттылығын тексереді

34

Қорытынды сабақ: алған білімді пысықтау

Жалпы білімді қорытындылау

1

1

0

Оқушылар алған білімдерін көрсетеді























Ақпараттық-әдістемелік бөлім
(аптасына – 1 сағат, барлығы – 34 сағат)

9-сыныпқа арналған "Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында оқушылардың тілдік дағдыларын дамыту" авторлық бағдарламасының алғашқы бөлімі "Мәтін және оның түрлері" деп аталады. Бұл бөлімде 7 сағат қамтылған: Мәтін және оның түрлері; Ақпараттық мәтіндермен жұмыс; Сипаттау мәтіні: құрылымы мен мазмұны; Баяндау мәтіні және оның ерекшеліктері; Пайымдау мәтіні және оның құрылымы; Мәтін мазмұнын түсіну стратегиялары; Оқу сауаттылығын дамытуға арналған жаттығулар. Бұл бөлімде қолданылатын оқыту технологиялары:

  • Ұжымдық оқыту технологиясы;

  • Тірек сигналдар технологиясы (В.Ф.Шаталов);

  • Дамыта оқыту технологиясы.

Авторлық бағдарламаның екінші бөлімі "Мәтіндерді талдау және аргументтеу", бұл бөлімге 17 сағат арналған: Ғылыми мәтіндерді талдау; Көркем мәтіндермен жұмыс; Публицистикалық мәтіндердің ерекшеліктері; Дәлелді мәтін құру тәсілдері; Жарнамалық мәтіндер және олардың құрылымы; Талдау мәтінін жазу әдістері; Эссе жазу құрылымы; Реферат және аннотация жазу; Хат жазу дағдылары; Құжат мәтіндері: өтініш, түйіндеме; Қысқа мәтіндер жазу (пост, хабарлама); Диалог және сұхбат құру; Сұрақ қою және ақпарат жинау; Сурет бойынша мәтін құру; Карта мен кестемен жұмыс; График, диаграмма, сызбалармен жұмыс; Жазбаша тапсырмалар орындау. Бұл бөлімде қолданылатын оқыту технологиялары:

  • Модульдік оқыту технологиясы;

  • Ақпараттық-коммуникативтік оқыту технологиясы;

  • Топтық оқыту технологиясы.

Бағдарламаның "Мәтін мазмұнын өзгерту және құрылымдау" бөлімінде

4 сағат берілген: Пікірталасқа дайындық; Мәтін мазмұнын өзгерту тәсілдері; Қорытынды шығару және түйіндеме жасау; Функционалдық мәтіндермен жұмыс. Оқыту технологиялары:

  • Жаңа білім беру технологиясы;

  • Мәліметтік технология;

  • Интербелсенді оқыту технологиясы.

"Күнделікті өмірде мәтіндерді қолдану" бөлімінде 6 сағат қарастырылған: Күнделікті өмірге қажетті мәтіндермен жұмыс; Ақпаратты саралау; Цифрлық мәтіндермен жұмыс; Креативті мәтіндер жазу; Функционалдық сауаттылықты бағалау тапсырмалары; Қорытынды сабақ: алған білімді пысықтау. Бұл бөлімде қолданылатын оқыту технологиялары:

  • Сын тұрғысынан ойлау технологиясы;

  • Модульдік оқыту технологиясы;

  • Проблемалық оқыту технологиясы.

Бағалау критерийі


Критерийлер

Дескриптор

Әдіс

Теориялық сабақтар үшін

Мәтін тақырыбы мен идеясын, құрылымын анықтайды.

Өзін-өзі бағалау

Мәтіндегі негізгі, қосымша ақпараттар мен автор көзқарасын талдайды.

Ауызша мадақтау

Әдеби мәтіндердің ерекшеліктерін ажыратады.

Бас бармақ

Тілдік құралдарды біледі.

Жапондық бағалау

Ғылыми мәтіндерді талдау әдістерін, тұжырымдарды таниды.

Өзара бағалау

Публицистикалық мәтіндердің ерекшелігін біледі.

Бағдаршам

Уақыт және кеңістік ұғымдарын зер-делейді.

Блоб ағашы

Мәтіндердегі мәдени және тарихи контекстті анықтайды.

СМС

Практикалық сабақтар үшін

Мәтіндерді салыстыра талдайды.

5

Сатылай кешенді талдау жасайды.

5

Кейіпкердің даму жолын көрсетеді.

5

Аргументтер арқылы дәлелдейді.

5

Өзіндік көзқарасы мен пікірлерін дәлелдейді.

5

Негізгі идеялар мен деректерді график, диаграмма, кестелер арқылы жеткізеді.

5

Мәтіндегі күрделі құрылымдарды түсінеді және қателіктерді анықтап, редакциялайды.

5

Ақпаратты тиімді құрылымдап, шығармашылық жұмыс орындайды.

5

Шығармашылық жұмыстың құрылымын сақтайды.

5

Көркем ой құралдарын қолданады.

5










Қолданылған әдебиеттер

Мұғалімдер үшін:

  1. Әлімхан, А. Қазақ тілін оқытудың инновациялық әдістері. – Алматы: Білім, 2020.

  2. Ахметов, Ш. Қазіргі қазақ әдебиеті: әдістемелік құрал. – Астана: Фолиант, 2019.

  3. Құлмағанбетова, Б. Тілдік дағдыларды дамыту әдістемесі. – Алматы: ҚазҰУ, 2021.

  4. Сүлейменова, Р. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы. – Нұр-Сұлтан: Лингва, 2018.

  5. Ысқақ, Д. Оқу сауаттылығын дамыту стратегиялары. – Шымкент: Айкос, 2022.


Оқушылар үшін:

  1. Байтұрсынов, А. Тіл тағылымы. – Алматы: Ана тілі, 1992.

  2. Жұмабаева, М. Қазақ тілі: оқу құралы. – Алматы: Мектеп, 2017.

  3. Молдабеков, Қ. Оқылым дағдыларын жетілдіру. – Астана: Назарбаев Зияткерлік мектептері, 2020.

  4. Сейітова, Г. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі. – Қарағанды: Болашақ, 2019.

  5. Уәлиханова, Л. Қазақ тіліндегі мәтін талдау тәсілдері. – Тараз: Тараз университеті, 2021.

  6. ҚР Оқу-ағарту министрлігі. Оқу сауаттылығын дамыту әдістері. – Астана, 2022.

  7. Ахметов Ә. Көркем мәтінді талдау әдістемесі. – Алматы: Білім, 2018.

  8. Бақытова А. Эссе жазу әдістемесі. – Астана, 2020.

  9. PISA оқу сауаттылығы бойынша тест жинағы (2018-2022 жж.).

  10. Интернет-ресурстар: TED-Ed, Coursera курстары, OpenAI негізіндегі мәтіндік талдау құралдары.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.04.2025
504
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі