"Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында оқытудың белсенді әдістері"

Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында оқытудың белсенді әдістері"

Материал туралы қысқаша түсінік
Әдістемелік құрал
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жетісу облысы, Кербұлақ ауданы

«Панфилов атындағы орта мектеп» КММ

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Марипова Арайлым Сериковна











Әдістемелік құрал

Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында оқытудың белсенді әдістері

5-8 сыныптар



















Түсінік хат

Бүгінгі таңдағы оқыту үрдісі жаңа әдіс- тәсілдерді, жаңаша идеяларды қолдануды талап етеді. Әр мұғалім өз іс- тәжірибесінде көптеген қиындықтармен, кедергілермен кездеседі. Ол заман көшіне ілесу үшін өз білімін жетілдіріп отыруы қажет.

Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі таңда Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңашылдық енгізуді, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, сындарлы оқытуды, жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуды, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.

Педагогикалық шеберліктің негізі – балалардың өз еркімен дамуына жол ашу, оқу – тәрбие процесінде оқушылармен педагогикалық ынтымақтастықтар, жұмыс атқарудың формаларын, әдістерін дамыту, шәкіртке деген қамқорлық пен сүйіспеншілікті арттыру педагогикалық шеберліктерінің басты сипаты болып табылады.

Осы орайда, жаңартылған білім беру мазмұны бойынша жасалған бағдарламаның мәні зор боп отыр. Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқушылар ерекше дағдыларды меңгеруде. Мұғалімнің кәсіби білік дағдылары оның жеке кәсіби педагогикалық мәдениетін көрсететін өлшемі боп отыр. Жаңаша өмірге бет бұрып, жаңаша ой түзеген егемен еліміздің ұрпағын білім нәрімен сусындататын саналы тәрбие, сапалы білім беретін жеке тұлға, мәдениеті мен кәсіби шеберлігі шыңдалған мұғалім – ғасыр көшін бастаушы болып табылады.

Мақсаты

Қазақ тілі пәнін тереңдетіп оқыту;

Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер;

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету;

Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау;

Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану;

Талантты және дарынды балаларды оқыту;

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту;

Білім берудегі басқару және көшбасшылы;

Міндеті

  • әдебиеттер мен қосымша көрнекіліктерді тиімді пайдалану арқылы оқушылардың жалпы қабілетін дамытудың алғышарттарын негізге алу;

  • ұлттық құндылықтардың ерекшеліктерін білдіру;

  • мектепте алған білімін өмірде қолдана білетін біліктілік дағдыларын қалыптастырудың алғышарттарына негіз болу;

  • оқушылардың кез-келген ұғымдарды түсіндіру кезінде күнделікті өмірмен байланыстыра отырып тақырыпқа сай тәрбиелеу;

  • оқушылардың қоршаған орта және табиғатқа деген қызығушылық,қорғаушылық сезімдерін ояту;

  • пән бойынша игерген білімдері мен әртүрлі ақпарат құралдарынан алынған мәліметтердің қоршаған ортаға тигізетін ықпалын бағалау үшін қолдана білу дағдыларын қалыптастыру.

Өзектілі

Қазіргі оқушылардың кейде кітапты өздігінен ұғынып оқу, өздігінен ізденіп оқу дағдылары төмендей бастады. Осындай талаптар мен қажеттіліктердің негізінен туындап отырғандықтан да арнайы мақсатқа негізделген бағадарлама құрастыру арқылы оқушылардың танымдық, шығармашылық, интеллектуалдық қабілеттерін арттыру өзекті мәселеге айналуда.

Күтілетін нәтиже

  • оқулығынан тыс қосымша берілетін тақырыптар бойынша білімдерін дамытуға негіз болады;

  • коммуникативтік біліктілігі артқан, логикалық ойлау жүйесі өз деңгейіне сәйкес дамыған оқушы тұлғасы қалыптасады;

  • сонымен қатар, бұл бағдарлама оқушылардың жинақтаған материалдарын тереңдете оқыту арқылы алған білімдерін кеңейтіп, ойлауын, сараптама жасай білуін, өз ойын толық жеткізе білумен қатар, өмірге деген көзқарасын қалыптастырады;

  • мектепте алған білімін өмірде қолдана білетін, біліктілік дағдылары негізінде адами капиталы қалпытасқан, ұлтжанды ұрпақтың бойында жоғары деңгейдегі интеллектуалдық өріс қалыптасады.

Жаңашылдығы

  • бағдарламада кешенді білім берудің ғылыми-ақпараттық ауқымының шеңбері кең көлемде алынған, мектеп бағдарламасында көрсетілген шеңберден (сағат санынан) тыс оқушы өзіндік ізденіске жетекшілердің «нұсқау-бағытымен» белгілі бір бағытта ізденіске бара алады;

  • бұл бағдарламада мектеп оқулығынан тыс ақпараттардың (жас ерекшелігі ескерілді) табиғат тылсымдары жайлы материалдардың берілуі – оқушының танымдық өрісі мен оның білім-білігін арттыратыны сөзсіз және ғылыми тілде ойын тұжырымды жеткізу мен жүйелі жаза білудің негізін игеруіне толыққанды мүмкіндігі болады. Бұл– қазіргі қоғамның да басты талаптардың бірі;

  • оқушының өздігінен ізденуіне толыққанды мүмкіндік қарастырылған.

Жұмыстың ғылымилығы

оқушылардың білімін, білігін, дағдысын қалыптастырып қоймай, оқушылар тұлғасын дамыту және тәрбиелеу;

Жұмыстың практикалық маңыздылығы

оқушының ойын дамыту;

кеңес бере отырып, бағыттап оқыту;

ізденушілік, зерттеушілік жұмыстарын ұйымдастыру;

оқушылардың ғылыми, техникалық, кәсіпшілік қызығушылықтырын қалыптастыруға жағдай жасау, бейім таңдауда өз тағдырын өзі шешуге мүмкіндік беру;

оқушылардың стандартты логикалық операцияларды жылдам және дұрыс орындау іскерлігін дамыту.

салмақты ойластырылған шешім қабылдауға, өзінің және өзгенің ойлау әрекеттері туралы дұрыс пікір білдіре білу, қарсы оппоненттердің ой жүгіртулеріндегі қателерді таба білу.

Оқушылардың білім дағдысын бағалаудың түрлері мен әдістері

Оқушылардың білім дағдысын бағалаудың оқыту үшін бағалау түрін қолданамын. Бұл өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтауға мүмкіндік береді. Оқыту үшін бағалауда оқушылар өздерін-өздері, сыныптастар бір-бірін бағалау арқылы жүргізеді. Мұғалімнің бағалауы мадақтау, ынталандыру оқушылардың көңіл күйін көтеріп, өздерінде сенімділікті тудырады.

Сабақта эвристикалық, өзіндік жұмыс істеу, көрнекілік, тежірибелік, есептеу әдісін қолдану.

Зерттеу нысаны

Әдістемелік құралдың мүмкіндіктерін кеңейту

Жұмыс істеу формасы

- тілдесу;

- жеке оқушымен жұмыс;

- зерттеу, жобалау әдістері;

- проблемалық оқыту технологиясы;

- кітапханаларға бару, интернетпен жұмыс жасау.

Әдістемелік негізі

  • Әдістемелік ұстанымдар: 1. Ғылымилық 2. Байланыстылық;

  • Оқушылардың теориялық білімі негізінде практикалық тапсырмаларды орындау біліктіліктерін қалыптастыру;

  • Бағалау, болжау, анықтау, сипаттау, түсіндіре білуі қажет;

  • Курс бағдарламасында теориялық білімдерін нақтылау,талдау, салыстыру және қорытындылауға, оқудағы іс- әрекет тәсілдерін жаңа жағдайда пайдалану мақсатындағы практикалық жұмыстар басым.

  • Оқушының функционалдық сауттылығын арттыру әдістемесі негізге алынады.

  • Көрнекілік құралдары: көрсетілімдік аспаптар мен стендер,баспа құралдары, бейнефильмдер, бейнефрагменттер, глобус, карталар, кесте, сызбалар, әдістемелік әдебиеттер т.б.

  • Бағдарламаны жүргізу формалары: мәнжазба, сынақ, тест, лекция.

  • Бағдарламаны аяқтау формалары: тест.

Бағдарламаның құрылымы

Құрастырылып отырған авторлық бағдарлама қазақ тілінде оқытылатын мектепке құрастырылған. Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес аптасына 1 сағаттан, оқулық бойынша берілген 34 тақырыпқа және сол тақырыптарға қысқа мерзімді сабақ жоспарлары бар.

Сонымен қатар, деңгейлік тапсырмалар және әр түрлі стратегиялар қолдана отырып, оқушылардың өз бетімен жан-жақты білім алуына мүмкіндік туғызады.

Курстың құрылымы мектеп бағдарламасындағы негізгі бөлімдерді қамтиды. Табиғат және адам негізгі бөлімдерін жан-жақты, тереңдете оқытуға негізделген. Курстың оқу бағдарламасының көрсетілген тақырыптары мектеп бағдарламасында теориялық тұрғыдан берілсе, курсты оқытуда практикалық жағына мол көңіл бөлінеді. Сабақты өткізу түрлеріне лекция, семинар, практикалық жұмыстар, түрлі тест тапсырмалары, тірек конспектілер және жоба қорғау пайдаланылады.

Оқушы жұмысын бағалау критерииі

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 486 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 9 желтоқсанда № 31053 болып тіркелді.

«Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидалары туралы» нұсқаулық негізге алынады.

Көмекші құралдың маңыздылығы

  • Оқушының өздігінен еркін, жүйелі, мақсатты бағытта ізденуіне мүмкіндік береді. Интеллектулдық өрісі кеңиді, таным көкжиегі артады.

Қорытынды

Бағдарламаның басты миссиясы – оқушылардың пәндер бойынша білімдерін тереңдетуге, баланың жеке тұлға ретінде дамуына, өзіндік көзқарасының қалыптасуына негіз болу. Сонымен қатар, ұлттық құндылықтар негізінде ізетті біліммен қаруланған, рухани жандүниесі бай, эстетикалық, интеллектуалдық өресі биік, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу болып табылады. Бағдарлама – уақыт талабынан туындаған қажеттілік деп білеміз.

Бағдарлама арқылы мұғалім оқушы танымын кеңейтіп, интеллектулдық өрісін кеңейту үшін арнайы бірізділікке құрылған жоспар негізінде жүйелі жұмыс жасай алады. Осы бағдарламаның негізінде мұғалім өзінің уақытын тиімді пайдаланып, оқушыға өздігінен ізденудің тиімді жолын көрсете алады. Оқушы осы курсты толық аяқтаған соң, төмендегідей нәтижелерге қолжеткізе алады:

  • оқулықтан тыс қосымша берілетін тақырыптар бойынша білімдерін дамытуға негіз болады;

  • коммуникативтік біліктілігі артқан, логикалық ойлау жүйесі өз деңгейіне сәйкес дамыған оқушы тұлғасы қалыптасады;

  • сонымен қатар, бұл бағдарлама оқушылардың жинақтаған материалдарын тереңдете оқыту арқылы алған білімдерін кеңейтіп, ойлауын, сараптама жасай білуін, өз ойын толық жеткізе білуімен қатар, өмірге деген көзқарасын қалыптастырады;

  • мектепте алған білімін өмірде қолдана білетін, біліктілік дағдылары негізінде адами капиталы қалпытасқан, ұлтжанды ұрпақтың бойында жоғары деңгейдегі интеллектуалдық өріс қалыптасады;

  • мектепте алған білімін өмірде қолдана білетін, интеллектуалдық өрісі биік, жан-жақтылық қасиет қалыптасады;

  • функционалдық сауаттылығы дамиды.

Бұл нәтижеге қол жеткізудегі табысты жетістіктерімен ерекшеленеді, сондықтан да мұғалім үшін де, оқушы үшін де пайдалы еңбек деп білеміз.

Мұғалімге ұсынылатын әдебиеттер тізімі

1. Аймауытұлы Ж. Комплекспен оқыту жолдары (Мұғалімге, қайталама курстарға, тәрбие техникумдарына көмек) Қазақ баспасы, 1921ж.

2. Н.Назабаевтың Қазақстан халқына Жолдауы "Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ", 17.01.2014ж.

3. ҚР Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Астана, 2010ж.

4. Қожаспирова Г.М., Қожаспиров А.Ю. "Педагогикалық сөздік" / М .: Академия, 2010ж.

5. Селевко Г.К. "Заманауи білім беру технологиялары" / М.: Халыққа білім беру, 2010ж.

6. Бахтиярова Г.Р. Қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениеті: тарих, теория және практика. Монография. – Ақтөбе, 2012ж.

7. Өстеміров К., Айтбаева А. Қазіргі білім беру технологиялары. – Алматы, 2006ж.

Оқушыға ұсынылатын әдебиеттер тізімі

1. Рысбаева А.Қ. Педагогикалық ситуациялар мен тапсырмалар. – Алматы: «XX ғасыр қоры», 2004ж.

2. Қ. Әбілқайыр, Л. Шашкова, А. МырзахметЕ ңселі елордасы қазағымның: [жинақ] / - Алматы : Әдебиет, 2020ж.

3. Жұмабайұлы Б., Қазақ балаларының байырғы ойындары : [халық арасына кең тараған балалар ойындарға арналған] / - Алматы : Абзал-Ай, 2020ж.

4. Эрдоған Ф., Сиқырлы кітап : [әңгімелер] / Ф. Эрдоған; түрік тілінен ауд.: Д. Бахытбек; сурет. салған: Х. Корман. - Нұр-Сұлтан : Фолиант, 2021ж.

Қазақстандағы жан-жануарлар мен өсімдіктер әлемі.


Достар
Қыстыгүні Зейін баққа барды. Бақта әдемі қызыл төс торғайлар жеміс ағаштарының бүршіктерін шоқып жүр екен.
- Қандай әдемі торғайлар - дейді Зейін. Ол торғайларды ұстап алғысы келді. Бірақ торғайлар ұшып кетті.
- Бір–екі торғайды үйге апарайын деп едім, ұстатпайды ,- деді Зейін.
- Олар аш сенен жем сұрап жүр. Күн сайын жем беріп, қолға үйрету керек, -деді шешесі. Зейін қуанып кетті. Ағаштың төменгі жағына жем шашатын тақтай орнатты. Міне, енді бізге торғай үйренді. Шашқан бидайды тақтай үстінен жейтін болды. Кейін алақандағы дәнді шоқитын болды.

  1. Мәтіндегі тірек сөздерді белгілеңіз:

А. Қыс, ағаш, бүршік

Ә. Торғай, жем, қолға үйрету

Б. Ұстап алу, тақтай, шешесі

В. Алақан, ұшып кетті, үй


  1. Мәтіндегі бөлім атауларын дұрыс ретпен орналастырыңыз (1,2,3,4 сандарын қою арқылы):

  2. Ананың кеңесі.


    Бақтағы торғайлар.


    Құстардың қолға үйренуі.


    Ұшып кеткен торғайлар.


  3. Берілген сурет мәтіннің қай бөлігіне сәйкес келеді?



  1. Мәтіндегі ақпараттың қайсысы «дұрыс», қайсысы «бұрыс» екенін анықтаңыз:

Ақпарат

Дұрыс

Бұрыс

Жаздыгүні Зейін баққа барды.



Зейін торғайлардың әдемілігіне таңданды.



Торғайлар қолға үйренбеді.



Құстар алақандағы дәнді шоқитын болды.




  1. Мәтіннің негізгі ойы қай нұсқаға сәйкес келеді?

А. Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет

Ә. Құстарға қамқорлық

Б. Отбасылық дәстүр

В. Досы көпті жау алмайды


  1. Мәтін мазмұны бойынша келесі кестені толтырыңыз:


Зейіннің әрекеті

Зейіннің шешесінің әрекеті

Торғайдың әрекеті









Тары

Қазақ халқының ежелден келе жатқан мәдени дақылдарының ішіндегі ең маңыздысы – тары. Оның құрамында адам организміне аса қажетті түрлі витаминдер мен белоктар, майлар мен минералды заттар өте көп болады.

Тарыдан дайындалатын жент, майсөк, қазыға жанышқан сөк, тағы басқа көптеген жеңсік тағамдар кімнің болса да тәбетін ашары сөзсіз.

Тары – астық тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдік. Оның дүние жүзінде 500-ге тарта түрі, Қазақстанда 1 түрі – кәдімгі не екпе Тары өседі. Тары қазақ даласында 6 ғасырдан бастап егіле бастаған. 19 ғасырда да егістік жердің 75 – 80%-ына тек Тары ғана егілген.


  1. Мәтін мазмұны бойынша келесі сұрақтарға жауап беріңіз:


  1. Тары пайдалы ма?

  2. Тарыдан қандай тағамдар дайындалады?

  3. Тары қандай өсімдік түріне жатады?

  4. Дүние жүзінде тарының қанша түрі бар?


  1. Мәтіндегі бөлім атауларын дұрыс ретпен орналастырыңыз (1,2,3,4 сандарын қою арқылы):


Тарының түрлері.


Тарының егілуі.


Ең маңызды мәдени дақыл.


Тарыдан жасалатын тағамдар.



  1. «Тары қандай өсімдік?» деген сұраққа жауап бере отырып, келесі диаграмманы толтырыңыз:

Прямоугольник 9


Прямая соединительная линия 4

Прямоугольник 10

Тары

Прямая соединительная линия 5 Прямая соединительная линия 6 Прямая соединительная линия 7 Прямая соединительная линия 8 Прямоугольник 11 Прямоугольник 12 Прямоугольник 13















  1. Мәтіндегі ақпараттың қайсысы «дұрыс», қайсысы «бұрыс» екенін анықтаңыз:


Ақпарат

Дұрыс

Бұрыс

Тарының құрамында адам организміне аса қажетті түрлі витаминдер бар.



Жент, майсөк, қазыға жанышқан сөк тарыдан дайындалады.



Тары – астық тұқымдасына жататын екі жылдық шөптесін өсімдік.



Тарының дүние жүзінде 600-ге тарта түрі кездеседі.




  1. Тары қазақ даласында 6 ғасырдан бастап егіле бастаған. Берілген сөйлемдегі асты сызылған сөздің орыс тіліндегі аудармасын табыңыз:


А. год

Ә. день

Б. век

В. эра


Қос кептер


Қос кептер күнде қонады,

Ауламды менің кең көріп.

Бағымның солар қонағы,

Сыйлаймын ылғи жем беріп.


Екеуі қандай әдемі,

Жем тереді жарасып,

Қандай және әдебі,

Көрген жоқ бірде таласып.


Қандай тату екеуі,

Достық деген осы да!

Күні-түні бір мекені,

Көкке ұшады қосыла.

Айтқаны әлде өлең бе,

Үндеседі сұңқылдап,

Құс тілін білсем егер де,

Мәз болар ем сыр тыңдап.[2]


Қалижан Бекқожин


  1. Берілген сұрақтарға жауап бере отырып, «Қос жазба күнделігін» толтырыңыз:


  1. Кептерлер қандай?





  1. Кептерлер не істейді?




  1. Өлең мәтіні бойынша сөз тіркестерін сәйкестендіріңіз:


  1. Күнде

  1. әдемі

  1. Жем

  1. қонады

  1. Қандай

  1. ұшады

  1. Көрген

  1. жоқ

  1. Көкке

  1. беріп


  1. Көп нүктенің орнына түсіп қалған әріптерді жазыңыз:


Қан..ай тату е..еуі,

Д..стық дег..н осы да!

Күні-т..ні бір м..кені,

К..кке ұ..ады қ..сыла.


  1. «Кептер не себепті бейбітшілік символы?» деген сұраққа жауабыңды кептердің ішіне толтырып жаз:


  1. Өлең мәтіні бойынша семантикалық картаны толтырыңыз:



Зат есім

Сын есім

Сан есім

Етістік

Есімдік

кептер






аула






сыйлаймын






әдемі






тереді






тату






екеуі






осы






өлең








Жәндіктердің ең улысы және қауіптісі – қарақұрт. Ол шөл және шөлейт жерлерде, сай-жыраларда, адырлы жоталарда, жусанды жерлерде көп болады. Қарақұрт үйге кіріп, төсек-орынға тығылады да, жанасқанды шағып алады. Шаққаны бірден сезілмейді, еш жерің ауырмайды. Біраз уақыт өткеннен кейін денеге уы жайылады да, адам есінен танады.

Қарақұрт шаққанын білген заматта, шаққан жерді сіріңкемен күйдіру керек. Уы тістеген жерден 0,5 миллиметрден әрі сіңбейді.

Егер 20-30 минуттай кешіксе, у адамның денесіне тарап кетеді де, бұл әдістің әсері болмайды. Қарақұрттың уы – май тәрізді еритін сұйықтық. Оны 60 градусқа дейін қыздырса, уытын жояды.


  1. Мәтінге ат қойыңыз:


  1. «Қарақұрт» сөзін қай топқа қосуға болады?

А. Құстар

Ә. Балықтар

Б. Жәндіктер

В. Аңдар


  1. Мәтіннен «қауіпсіз» сөзінің антонимін табыңыз:


  1. Сөйлемді аяқтаңыз.

Қарақұрттың уы - ...

А. газ тәрізді еритін сұйықтық

Ә. май тәрізді еритін сұйықтық

Б. май тәрізді еритін қатты зат

В. су тәрізді еритін сұйықтық


  1. Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз:

А. Қарақұрт – қауіпсіз жәндік.

Ә. Қарақұрт – қауіпті жәндік.

Б. Қарақұрт – әдемі жәндік.

В. Қарақұрт – үй жәндігі.


Мұхитбақ


Кит – дүние жүзіндегі ең үлкен хайуан. Кит – суда тіршілік еткенімен, ешқандай балық емес, ол – аң, яғни сүтқоректі хайуан.

Кашалот – тісті кит. Ол өте сүңгігіш: теңіз түбіне қарай бір километр тереңге кетеді де, бір сағаттан кейін ауамен дем алу үшін судың бетіне шығады.

Қайыс балық әрі ұзын, әрі жалпақ. Кейбіреуінің ұзындығы 9 метрге жетеді. Ауырлығы соншалық – бес адам көтере алмайды.

Басында ал қызыл тәжі бар қызғылт балық майшабақ патшасы деп те аталады, өйткені ол майшабақ үйірін бастағанды ұнатады.

  1. Мәтін мазмұны бойынша сипаттау кестесін толтырыңыз:



Сипаттау






  1. Қазақ тіліне аударып жазыңыз:

  1. Кит – самое большое в мире животное.

  2. Длина некоторых доходит до 9 метров.

  3. Он такой тяжелый, что его не могут поднять пять человек.


  1. Сұрақтарға жауап жазыңыз:

  1. Дүние жүзіндегі ең үлкен жануар қайсы?

  2. Қызғылт балықты не себепті майшабақ патшасы деп атайды?

  3. Майшабақ патшасының түсі қандай?

  4. Кит балық па, әлде хайуан ба?


  1. Мәтін мазмұны бойынша келесі сөйлемдерді аяқтаңыз:

  1. Ол өте сүңгігіш: ...

  2. Қайыс балық ...

  3. Басында ал қызыл тәжі бар ...


  1. Мәтін мазмұнына сүйене отырып, кит пен кашалотты салыстырыңыз. Венн диаграммасын толтырыңыз:




Барыс


Қар барысы – мысық тұқымдастардың ерекше өкілі. Олар кербез және биік тауларда мекендейді. Өкінішке орай, олар жойылып кетудің алдында тұр.

Қар барысының тағы бір атауы – ілбіс. Ол түркі тілінен аударғанда «қар мысығы» деген мағынаны береді. Қар барыстары бүгінгі күннің өзінде аз зерттелген. Себебі олардың мекендейтін ортасына жету қиын болғандықтан, кез келген зерттеуді қиындатады. Олардың қаншалықты ұзақ өмір сүретіні нақты белгісіз. Қазіргі зерттеулер олардың 20-25 жыл өмір сүретінін айтады.

Көптеген азия халықтары үшін бұл жануар күштің, тектіліктің және биліктің символы болып табылады. Қазақстанда қар барысын Тянь-Шань тауларында, атап айтқанда Өгем жотасында, Талас Алатауында, Іле және Жоңғар Алатауында, сондай-ақ елдің шығысында орналасқан Тарбағатай, Сауыр жоталарында және Оңтүстік Алтайда кездестіруге болады. [4]


  1. Мәтін мазмұнына сәйкес келетін сөйлемдерді көрсетіңіз, (+) белгісін қойыңыз:

  1. Ілбіс – қар барысының екінші атауы.

  2. Қар барысы жойылып кетудің алдында тұр.

  3. Зерттеулер олардың 30-35 жыл өмір сүретінін айтады.

  4. Қазақстанда барысты Іле және Жоңғар Алатауында кездестіруге болады.

  5. Қар барысы ит тұқымдастарына жатады.


  1. Дұрыс нұсқаны таңдаңыз:

Олардың қаншалықты ұзақ өмір сүретіні нақты ...


А. белгілі В. белгісіз С. шешілмеген Д. шешілген


Көптеген ... халықтары үшін бұл жануар күштің, тектіліктің символы болып табылады.


А. еуропа В. шет ел С. азия Д. әлем


Ол түркі тілінен аударғанда «...» деген мағынаны береді.


А. қар мысығы В. қар күшігі С. қар барысы Д. қар аюы


  1. Берілген ақпараттан 1 шындықты табыңыз:


Ақпарат

Шындық

Жалған

Қазақстанда қар барысын Анд тауларында кездестіруге болады.



Қар барысының тағы бір атауы – ілбіс.



Олар аласа тауларда мекендейді.




  1. Келесі сөз тіркестерін аудармаларымен сәйкестендіріңіз:

  1. қар барысы

  1. место обитания

  1. түркі тілі

  1. азиатские народы

  1. мекендейтін ортасы

  1. можно встретить

  1. нақты белгісіз

  1. снежный барс

  1. азия халықтары

  1. тюркский язык

  1. кездестіруге болады

  1. точно неизвестно


  1. Мәтін мазмұны бойынша сөйлемді аяқтаңыз:


Ол түркі тілінен аударғанда ......

Қазіргі зерттеулер олардың ......

Көптеген азия халықтары үшін ......

Олар кербез және ......

Қар барыстары бүгінгі ......


«Қасқыр мен түлкі» ертегісі

Ертеде түлкі мен қасқыр айырылмас дос болыпты. Бір күн екеуі жортып келе жатып, жол үстінде жатқан бір кесек еттің үстінен шығыпты. Етті түлкінің де, қасқырдың да жегісі келеді.

Қасқыр қасындағы түлкіге:

Ал, сен жей ғой, достым, – депті жол беріп.

Түлкі арсалаңдай күліп:

Менің аузым ораза ғой, достым, білмеуші ме едің? Сен-ақ жей бер, – дейді.

Қасқыр етті жемек болып, тұмсығын созады. Енді шетінен тістей бергенде, мойнын қақпан қауып алады. Ет бір шетке ұшып түседі. Түлкі етті қағып алып, қылғи салады.

Мұны көріп тұрған қасқыр:

Ей, достым-ау, сенің аузың ораза емес пе еді? – деп сұрайды.

Түлкі қылмың қағып:

Менің аузымдағы ораза ашылып, сенің мойныңа түсті ғой, – деп зыта жөнеліпті. [5]


  1. Берілген ақпарат дұрыс болса (+) белгісін қойыңыз, бұрыс болса (-) белгісін қойыңыз:


Ақпарат

+/-

Ертегінің басты кейіпкерлері – қасқыр мен түлкі.


Қасқыр түлкіні алдады.


Қасқыр мен түлкі дос болды.


Қасқыр етті жемек болып, қолын созады.


Енді шетінен тістей бергенде, мойнын түлкі қауып алады.



  1. Ертегі мазмұнына сүйене отырып суреттер сал:


Скругленный прямоугольник 22

Прямая со стрелкой 23

Прямая со стрелкой 29 Прямая со стрелкой 32



  1. Сөйлемдердегі сөздерді дұрыс тәртіппен жазыңыз:

  1. Түлкінің де, жегісі етті қасқырдың да келеді.

  2. Етті тұмсығын болып, қасқыр жемек созады.

  3. Қағып алып, түлкі етті қылғи салады.

  4. Ораза ашылып, сенің мойныңа түсті ғой менің аузымдағы.

  5. Шетінен енді бергенде, тістей қақпан мойнын алады қауып.

  1. Ертегі мазмұнына байланысты 1 қиын, 1 жеңіл сұрақ құрастырыңыз:

  1. Ертегі мазмұны бойынша бөлім атауларын дұрыс ретпен орналастырыңыз (1,2,3,4):

Түлкінің етті жеп қойғаны


Қасқырдың қақпанға түсуі


Жол үстіндегі бір кесек ет


Түлкінің қашып кетуі




ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ҚАТЫСЫМДЫҚ ТАПСЫРМАЛАР

Еліміз егемендік алып, тіліміздің мәртебесі жоғарылады, ана тіліміздің еркін дамуына кең жол ашылды, қазақ тілі - мемлекеттік тіл мәртебесіне қол жеткізді. Тіл мәртебесі – ел мәртебесі. Еліміздің өркендеуі жолына үлестерін қосып, халық үшін қызмет ететін мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік тілді білуі заңдылық. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында «Маманның ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады» деген болатын. Ал қазақстандық азаматтар үшін мемлекеттік тілді білуі біліктілік қағидаларының бірі ретінде аса маңызды шарттарының бірі болуы заңды талап. Жан-жақты білімділігімен қатар, мемлекеттік тілде еркін сөйлеп, ойлай алатын, оны терең меңгерген азаматтар ғана өз елінің еңсесін тіктеп, мәртебесін көтермек. Қоғамдық аясының кеңеюі оқыту мен үйрету әдістемелерін жақсартуды, оқытудың жаңа технологияларын қолдануды қажет етеді.

Әдіс ұғымының мағынасы кең. Біздің саламызда білім берудің, тәрбиелеудің және үйренушілердің білімін көтерудің мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған, үйретуші мен үйренушінің өзара бірлескен іс-қимыл жиынтығы - оқыту әдісі болып табылады. Оқыту әдісі - дидактиканың ең басты құрамдас бөлігінің бірі. Әдіс – тілді оқытудың мазмұнын, мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыратын және оларға қол жеткізудің амалдарын айқындайтын бағыттар.

Елбасының халыққа Жолдауында «Халықаралық тәжірибелерге сүйене отырып, қазақ тілін оқытудың қазіргі заманғы озық бағдарламалары мен әдістерін әзірлеп, енгізу қажет. Мемлекеттік тілді тиімді меңгерудің ең үздік, инновациялық әдістемелік, тәжірибелік оқу-құралдарын, аудио-бейнематериалдарды әзірлеу керек» деп атап көрсеткеніндей, бүгінгі күн талабынан туындап отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілеріне мемлекеттік тілді жеделдете оқыту-тілдік тұғырнаманы қалыптастыру болып отыр.

Қазақ тілі пәнінің мемлекеттік 2010 жылы шыққан бағдарламасында мынадай анықтама берілген: « «Қазақ тілі» пәнінің оқу бағдарламасы –қазақ тілді емес мектептерде қазақ тілін коммуникативтік тұрғыдан меңгеруді қамтамасыз ететін; қазақша сөйлесім әрекетінің барлық түрлерін (тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым, тілдесім) бастапқы деңгейде іс жүзіне асыратын; оқушының түсінікті сөйлеу дағдысы мен сауатты жазу дағдысын қалыптастыратын білім мазмұнын, көлемін, мөлшерін, оқу жүктемесін қамтитын; білім, білік дағды деңгейлеріне байланысты тақырыптық аяларды, дидактикалық ұстанымдарды; оқушылардың білімі мен білігіне қойылатын талаптарды анықтайтын нормативтік құжат».

Бұл жердегі коммуникативтік дегеніміз – қатысымдық деген сөз. Демек, жаңа стандарт бойынша, алға қойған озық әдістеріміздің бірі – қатысымдық оқыту болмақ. Қазақ тілін өзге ұлт аудиториясында оқытудағы қатысымдық әдістің алғаш ғылыми негіздемесін жасаған профессор Ф.Ш.Оразбаева оқылым, тыңдалым, жазылым, айтылым, тілдесім процестерінің сөйлеу және ойлау механизмдеріне байланысты аспектілерінің әдістемелік жүйесін қалады. Ғалым: «Қатысымдық әдіс дегеніміз – оқушы мен оқытушының тікелей қарым-қатынасы арқылы жүзеге асатын; белгілі бір тілде сөйлеу мәнерін қалыптастыратын, тілдік қатынас пен әдістемелік категорияларына тән басты белгілер мен қағидалардың жүйесінен тұратын; тіл үйретудің тиімді жолдарын тоғыстыра келіп, тілді қарым-қатынас құралы ретінде іс жүзіне асыратын әдістің түрі», - деген анықтама береді.

Жалпы қатысымдық құзыреттілікке қол жеткізудің бірден-бір жолы - сабақ барысында құрғақ жаттығулардан гөрі қатысымдық тапсырмаларды қолдану болып табылады. Сондықтан да ұсынылып отырған қатысымдық тапсырмалар мұғалімдерге қатысымдық әдісті сабақ барысына тереңінен енгізуге көмек жасайды.

Жинақтың бірінші бөлімі- теориялық бөлім, екінші бөлімі- қатысымдық тапсырмалар үлгілері. Тапсырмалар мемлекеттік қызметкерлерге бейімделіп жасалған. Осыған ұқсас тапсырмаларды мұғалімнің өнертапқыштығына қарай көптеп ойлап табуға болады.


І. ҚАТЫСЫМДЫҚ ТАПСЫРМАЛАР

(ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ)

Қатысымдық бағдарлы оқыту арқылы бегілі бір тіл туралы білім берілмейді. Қарым- қатынас құралы тілдің өзін қалай қолдану керек, сол жөнінде оқытылады, яғни сол тілде сөйлеу басты мақсатқа алынып оқытылады. «Қатысымдық әдіс дегеніміз - оқушы мен оқытушының тікелей қарым-қатынасы арқылы жүзеге асатын; белгілі бір тілде сөйлеу мәнерін қалыптастыратын; тілдік қатынас пен әдістемелік категорияларына тән басты белгілер мен қағидалардың жүйесінен тұратын; тіл үйретудің тиімді жолдарын тоғыстыра келіп, тілді қарым- қатынас құралы ретінде іс жүзіне асыратын әдістің түрі».

Қатысым әдісінің негізгі мақсаты - тіл үйренушілерді бірінші сабақтан бастап сөйлесім әрекетіне баулу. Е.И.Пассов бұл жөнінде былай дейді: «Готовить учащегося к участию в процессе иноязычного общения нужно в условиях иноязычного общения, созданного в классе. Это и определяет сущность коммуникативного обучения, которая заключается в том, что процесс обучения является моделью общения».

Қатысымдық әдістің басты белгісінің бірі - тілді үйретуді күнделікті өмірде жүзеге асыру, сабақты практикалық жағынан жан-жақты қамтамасыз ету. Мұнда оқу сырттай немесе жеке ара күйде іске аспайды, адамдардың іс жүзіндегі өзара іс-әрекеті үстінде, ауызба-ауыз сөйлесуі, тілдесуі арқылы болады.

Қатысымдық бағдарлы оқу әрекетінің маңызды құрылымдық элементтерінің бірі – қатысымдық тапсырмалар тіл үйренушілердің орындайтын дәстүрлі тілдік, грамматикалық тапсырмаларындай емес, қатысымдық дағдыларды қалыптастыруға бағытталып, сөйлеу әрекетінің барлық түрін дамытуға негізделе жүргізіледі

Қазақ тілін қатысымдық бағдарлай оқытуда қатысымдық құзыреттілікке жету үшін жаттығу жұмыстарын ұтымды қолданудың маңызы аса зор. Тіл үйренушілер бір-бірімен қарым-қатынасқа түсіп, пікір алмасулары үшін тапсырмалардың қатысымдылығы үлкен роль атқарады. Қатысымдық тапсырмаларды зерттеу ісімен Е.И.Пассов, Б.Л.Скалкин, В.С.Коростылев, Н.И.Гришина, Л.М.Войтюк ,Г.А.Китайгородская, М.Берман, А.В.Бухбиндер, А.Н.Леонтьев т.б. айналысты.

Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың сөйлесім дағдысын қалыптастыру жаттықтырушы тапсырмаларды қажет етеді. Ғалым З.Бейсембаеваның айтуынша: «Тілдік құбылыстар тек жаттығу арқылы, бірнеше рет орындалатын (әр түрлі формада, әр түрлі мақсатта) жаттығулардың негізінде оқушының дағдысына айналады, есінде ұзақ сақталады.

Құбылыс немесе объект, үдеріс туралы ақпараттың бір бөлігінің толық, екінші бөлігінің белгісіз болып берілуі жолымен жасалған қатысымдық тапсырмалар тіл үйренушінің өз бетімен ізденуі, қатысым әрекетіне түсуі нәтижесінде оқытудың тұлға аралық белсенді сипат алуын көздейді.
Қатысымдылық оқып үйренетін шетел тілін табиғи және шынайы түрде қоғаммен қарым қатынас жасау үшін пайдалануды талап етеді.
Бұл жағдайда тіл үйренушілердің дәстүрлі емес қарым-қатынас әдісінің үлгісі ойынның төмендегідей түрлері негізінде құрылады:

Қатысымдық ойындар аудиторияда жағымды көңіл-күй тудырып, жайлы тілдік қарым-қатынастың қалыптасуына ықпал жасайды. Әрбір нақтылы сөйлеу жағдаятын ойнау арқылы талдап отырудың негізінде ұжым ішіндегі қарым-қатынас мәселелерін басқарудың әдісі мен стилін жетілдіру, мінез-құлқы қабілетін дамыту жатыр.

Топтық ойындар қатысымдық оқытудың қарапайым деңгейінде жиі қолданылады. Топтық ойындар фонетикалық және лексика-грамматикалық дағдыларды қалыптастыру үшін қолданылады. Топтық ойындардың негізгі ерекшелігі, тіл үйренушілердің сабаққа түгел қатысуы қамтамасыз етіледі, белсенділіктері арта түседі, сөйлесім дағдылары қалыптасады.Мысалы, тіл үйренушілер екіге бөлініп, бірінші топ жуан сөздер, екінші топ жіңішке сөздер айтып жарысады

Жағдаят– көптеген ынталандыру, уақиғалар, объектілер, адамдар мен эмоциялық кейіп үлгісінің /моделінің/ кешендік тұтастығы . Пассов Е.И жағдаят тек қана жағдайлардың, уақиғалардың, ара қатынастардың қосындысы емес, ол жүйе деп есептейді.

Тілдің басты міндеттерінің бірі әлеуметтік қарым-қатынас жасау болса, оны жүзеге асыруға ықпал ете алатын қағида – тіл үйретудегі жағдаяттылық. Жағдаяттылық қарым-қатынасқа түсудің шынайы жолын тудырып, сол арқылы тіл үйренушінің сөйлеуге деген қызығушылығын арттырады.

Қатысымдық жағдаят ауызша тіл қатынасының негізі болып саналады, ол коммуникативтік актінің шығуы мен дамуына (ағымына) мүмкіндік жасап қана қоймай, осы жағдайда туған ауызша тілдік мәтіннің барлық негізгі параметрлерін анықтайды .

Рөлдік ойындар белгілі бір мақсатта, тілді меңгеруге деген ынтызарлықты оята отырып, орындаушылық қабілетке де жетелейді. Рөлдік ойынның мәні, ойын барысында дәріс алушының тілдік қатынас жасауға деген талабын ашуда, қажетті сөздерді үйренсем, тауып айтсам деген ойды да туғызады. Осындай ойындық жағдайда ғана қарым-қатынастық, тілдік қатынастар ерекше маңызға ие болады. Оқушылар тіл үйренуші рөлінен кейіпкер рөліне еніп, шындық өмірге ең жоғары сөйлеу мүмкіншілігімен жақындауға, қате жібермеуге тырысады. Бұл амал үйренушінің сыни ойлауын дамытады. Рөлдік ойындар оқушылардың елестету, қиялдау қабілетін ұштауда ерекше қызмет атқарады. Үйренуші басқа адамның рөліне енеді және іштей әрекет жасайды. Рөлдерде ойнауда әрекетшілдік іс пен жан-жақты білім қажет, ойын барысында топтарға бөлу, нұсқау материалдарын беру, бағыттау, талқылау, бекіту кезеңдері рет-ретімен жүргізіледі.

Іскерлік ойын – қазақша кәсіби сөйлеуді үйрету барысында маманның сөйлесім дағдысын қалыптастыру үшін жүргізілетін пайдалы әдістің бірі. Рөлдік ойындар оқытудың жоғары деңгейінде іскерлік ойындарға ұласады. Іскерлік ойындар тарихи жағынан алғанда шаруашылық, басқару, имитациялық түрінде пайда болды. Іскерлік ойындар - кәсіби бағытталған іс-әрекеттің жоспарына жатқызылатын, білімді меңгеру мен білік, дағдыны қалыптастырудың кейбір модельдік формаларын ұсынатын оқытудың түрі.

Қатысымдық тапсырмалардың мақсаты:

- қатысымдық – тілдік қатынасқа түсуге қажеттілік, қызығушылық тудыру;

- білімдік – ауызша тілдесім әрекетіне жаттықтыру арқылы фонетика-грамматикалық дағдылар қалыптастыру;

- тәрбиелік - саналы тәртіп, еңбексүйгіштік, белсенділікті дамыту, өзара көмек беруге тәрбиелеу;

- бағдарлық – тіл үйренушінің сөйлесім әрекетін, қатысымдық ниетін жоспарлай білуді дамыту;

- бағалаушылық - әрбір тіл үйренушінің өзінің және басқалардың сөйлесім әрекетін бақылап, бағалауы арқылы өз-өзіне есеп беруін, рефлексиялық қабілетін дамыту.

Қазіргі кезде қатысымдық ойындарды орындаудың үш сатылы формасы кең тарап келеді. Іс жүзінде кез-келген тапсырма үш сатыда орындалуы мүмкін. Олар:

- дайындық сатысы;

- орындау сатысы;

- қорытынды сатысы:

Бұл кезде Р.П.Мильруд, И.Р.Максимовалардың айтуынша «....жеке тұлғаның іс-әрекетке белсенді және еркін қатысуына қолайлы жағдай жасау керек».

Бұл жағдайда сөздегі қателерді тек мүмкін нәрсе деп қана емес, сонымен қатар қалыпты жағдай деп түсіну керек. Әңгімелесу грамматикасы жазбаша сөз грамматикасынан белгілі дәрежеде ауытқушылықты да тудырады. Жоғарыда көрсетілген жағдайлар, біздің көзқарасымыз бойынша, қазақ тілін оқыту кезінде сөзсіз кездесетін жағдай болып табылады.

Осыған ұқсас тапсырмаларды мұғалімнің өнертапқыштығына қарай көптеп ойлап табуға болады.

Ойындарды ұйымдастыру барысында мынадай талаптар қойылады:

- оқушылардың дербестігін, олардың белсенді позициясын көрсететін тіпті дұрыс емес және теріс пікірлер де марапатталып отыруы керек;

- қарым-қатынасқа түсушілер жіберген қателіктері үшін сыналмайтынына, жазаланбайтынына сенімді болуы керек;

- тілдік материалдарды пайдалану жеке сөздік ой-пікірлерге бағынады;

- тілдік материал сөйлеушінің сөздік ойлану мүмкіндігіне сәйкес келеді;

- қарым-қатынас сыннан тыс, бағалаудан тыс негіздерге құрылады (бірге қапалану және бір-бірінің көңіл күйін түсіну).

Қатысымдық тапсырма барысында төмендегідей нәтижелерге қол жеткізуге болады:

- Оқушылар өз ойы мен сезімін өзара қарым-қатынас үдерісінде еркін білдіруге мүмкіндік алады

- Топтық қарым-қатынастың әрбір қатысушысы басқалардың ерекше назарында қалады;

- Оқушылар көрсетілген белгілерге сәйкес мүмкіндігінше тезірек қалыптасып бейімделуге тырысады;

- Әрбір оқушы өзінің белгілі бір рөліне ие болып, әңгімедегі өзіне сәйкес орынға ие болуға тырысады;

- Оқушылар бір-біріне жақын келеді және міндетті күлкімен сөз қағысулар алмасады;

- Оқушылар ішкі және сыртқы шеңбер жасайды, және шеңбер бойынша қозғала жүріп сөзқағысулар (реплика) алмасады;

- Қатысушылар бір-біріне жақын келіп әңгіме бастайды;

- Оқушылар өзінің әңгімелесушісіне арнап кез келген мәдени әңгімені айтады;

- Қатысушылар ол туралы басқа оқушылар не ойлайтынын білуге тырысады;

- Оқушылар келісім белгісі ретінде басын изей отырып және онымен келіскенін білдіре отырып, әріптесін мұқият тыңдайды.

Қатысымдық тапсырмаларды қолдана отырып жүргізілген қатысымдық оқыту барысында оқушылардың өз ойы мен пiкiрiн тұжырымдай алуы, сөйлеу машығы мен негізін меңгеруі, ойды сөзбен жеткiзудiң қатысымдық амалдарын игерiп, оларды күнделiктi өмiрде кездесетiн шынайы жағдаяттарда жұмсай алуы жүзеге асады.

ІІ. ҚАТЫСЫМДЫҚ ТАПСЫРМАЛАР ТҮРЛЕРІ

І. Сөйлеу жаттығулары

Тәжірибе барысында сөйлеу жаттығуларының төмендегідей түрлерін қолдандық:

1. Тірек сызбалар арқылы ауызша мәтін құрау;

2. Тірек сөздерге сүйене отырып өз мәтінін құрау;

3. Мәтінді өзгертіп әңгімелеу;

4. Берілген жоспар бойынша ауызша әңгіме құрау

5. Кестелерде берілген мәліметтер бойынша ауызша мәтін құрау;

6. Диалогтарды толықтыру;

7. Берілген диаграммаға сүйене отырып, өз мәтінін құрау;

8. Берілген жағдаяттық тапсырмаға сәйкес әңгіме құрау;

9. Сурет бойынша әңгіме құрау;

10. Берілген сұрақтарға жауап беру.

Сөйлеу жаттығуларының аталған түрлеріне сәйкес бірнеше мысалдар ұсынамыз:

1. Тірек сөздерге сүйене отырып өз мәтінін құрау жаттығуы

1.1.Сын есімдерді пайдаланып, қатар отырған екі көрші бір-біріңізді сипаттаңыздар

Сипаттайтын ерекшеліктер: Түрі, бет-әлпеті, бойы, шашы, көзі, киімі, өнері, мінезі, қызметі, білімі, қасиеттері, артықшылығы т.б. Тірек сызбалар арқылы ауызша мәтін құрау жаттығуы.

Төмендегі одағай сөздерді пайдаланып, мәтін құра. Сипаттайтын ерекшеліктері: эмоциялық жақтарын көрсету.

1.2. Төмендегі сызбаны тірек ете отырып, жаңа заман жастары жайлы өз ойыңызды айтыңыз: 21 ғасыр оқушысы

1.3. Төмендегі сызбаны тірек ете отырып, адам өмірі жайлы өз ойыңызды айтыңыз:

1 жас 20 жас 40 жас 70 жас 90 жас

1.4. «Мен оқушымын». Тапсырма: Берілген сөздерді, суреттерді қарап, пайдалана отырып, осы тақырыпқа лайықтысын таңда, «Мен оқушымын» тақырыбына өзің туралы айтып бер.

Сөйлеу жаттығуының бұл түрінде оқушылар алдына тірек сөздер мен суреттер беріледі. Берілген тірек сөздер мен суреттер арасында тақырыпқа сай келетіндері де ( сынақ кітапшасы, жатақхана, ғимарат, т.б.), тақырыпқа сай келмейтіндері де беріледі (гүл, қуыршақ, кілт, жол, т.б). Мақсаты: Сөйлеу жаттығуына қатысушы қажетті сөздер мен суретті таңдай отырып, өз ойын ауызша жеткізеді.

Нәтиже: Үйренуші алдымен түсіне отырып, тек өзіне қажетті сөздерді ғана таңдап алады, содан соң ойын бірден ауызша жүйелеп жеткізуге тырысады.

1.5. «Менің досым». Тапсырма: Бірге оқитын досыңның бейнесін сипаттап, оған мінездеме бер. Досыңның тек атын айтуға болмайды. Оның есімін басқа қатысушылар табуы керек.

Мақсаты: Берілген тапсырма арқылы сын есім, тәуелдік жалғауы сияқты грамматикалық тақырыптар мен «Менің досым» тақырыбын қайталау, тақырыпты қаншалықты меңгергенін бағалау.

Нәтиже: Оқушылар өз досының бейнесін, мінезін дәл берген жағдайда қатысушылар оны анықтай алады.

2. Мәтінді өзгертіп әңгімелеу жаттығуы

2.2. Үзіндіні оқып, Жандостың қандай оқушы екенін айтыңыз:

Жандос таңертең анасының еркелетуімен ұйқысынан әрең оянады;

Асықпай баптанып отырып таңғы асын ішеді;

Анасы дайындап қойған киімдерін киіп, бүгін болатын сабақ кестесіне таңдана қарайды;

Бөлмесін бәрін қопарып дәптерлерін әрең табады;

Сабағына кешігіп келеді;

Мұғаліміне неге кешіккендігі жайлы өтірігін айта бастайды;

Басқа оқушылар сабақ айта бастағанда ол аяқ астынан ауырып қалады;

Сабақ арасындағы үзілісте басқа оқушылармен дауласа кетеді;

Ұжымдық жұмыстарға қатыспайды;

Сабақтары бітер бітпестен үйіне асығады;

Үйіне келіп анасына қалай сабақ оқығандығы туралы мақтанып, шаршап келгенін айтады;

Етке тойып алып, теледидардан фильмдер көріп жатқанды ұнатады;

Анасы дүкенге жіберсе, шаршап, ауырып жатқанын айтады;

Кешке жолдастарымен көшеге қыдыруға кетеді;

Таң ата келіп, ұйқысына батады.

2.3. Үзіндіні оқыңыз және Асанның қандай қызметші екенін айтыңыз:

Асан таңертең ұйқысынан әрең оянады;

Асықпай баптанып отырып таңғы асын ішеді;

Әйелі дайындап қойған киімдерін киіп, портфелін алып, талтаңдай басып жұмысына кетеді;

Жұмысына кешігіп келеді;

Бастығының алдында құрдай жорғалайды;

Мәселенің мән-жайына бармастан әріптестерімен дауласа кетеді;

Есепті уақытында өткізбейді;

Жұмыс үстелін, құжат папкаларын ретсіздік жайлаған;

Жиналыстарда ұйықтап отырады;

Кешке елден бұрын үйіне асығады;

Үйінде етке тойып алып, теледидардан фильмдер көріп жатқанды ұнатады.

3. Берілген жоспар бойынша ауызша әңгіме құрау жаттығуы

3.1. Жоспарға сүйене отырып, өз мәтініңізді құрастырыңыз.

1. Менің қанша замандасым бар

2. Замандастарымның бойындағы жақсы және жаман қасиеттері.

3. Жаман қасиеттерден арылу үшін мен қандай әрекеттерге бардым.

4. «Қазіргі заман жастары қандай болу керек?» ( менің пікірім).


1. Мен өз мамандығымды неге таңдадым?

2. Болашақ жұмысымның артықшылықтары мен кемшіліктері.

3. Өз жұмысыма қатысты болашақ жоспарларым.

5. Кестелерде берілген мәліметтер бойынша ауызша мәтін құру жаттығуы

3.2. Лабиринт (кесте бойынша мәтін құра)

Тапсырма: Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін дұрыс пайдалана отырып, кестедегі сөздермен шағын ауызша мәтін құра.

Мақсаты: Сөздердің мағынасын бірден түсінуге дағдыландыру, сөйлемдегі орын тәртібін тәжербиеде дұрыс қолдана білуге үйрету.

Өтілген материалдар: зат есім, сын есім. сан есім, етістік, үстеу, т.б.

Нәтиже: Оқушы сөз мағынасын ұғынып, сөйлемді дұрыс құрайды. Шағын мәтінді әңгімелеп береді.


Етістік

Зат есім

Сын есім

Сан есім

Үстеу

Демалды

Курс

әдемі

20

Күзде

Оқиды

әжесі

дарынды

2

Жазда

Барады

Жаста

Озат

Бірінші

Көктемде

Жақсы

Оқушы

Қарт

ауылда

Көреді

Гүлім

шешен

3.3. Төменде берілген ақпараттарды салыстыра отырып, өз пікіріңізді білдіріңіз:


Көрсеткіштер

«Ақжол» компаниясы

«Сана» компаниясы

Қызметшілерінің саны

155

270

Орташа айлық жалақы

90 000 тг.

150 000 тг.

Мамандардың біліктілігін арттыру бағдарламасы

Семинарлар ұйымдастыру
Курстарға жіберу

Шет елдермен мамандар алмасу
Интернетте білімдік портал ашу

Жас мамандардың әлеуметтік жағдайын көтеру бағдарламасы

Жас нәрестелі отбасыларға көмек көрсету – 8 отбасы

Жаңа пәтермен қамтамасыз ету – 5 отбасы

Орындалған жобалар саны

7

10

Жобаларды мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру

20 000 000 тг.

100 000 000 тг.

4. Диалогтарды толықтыру жаттығуы

4.1. «Сұхбат»

Сіздердің оқу орындарыңызға «Қазақстан-Өскемен» телеарнасының журналисті келді. Ол оқушылардан сұхбат алуда. Осы сұхбатты толықтырыңыз.

- Кешiрiңiз, бiлуге бола ма, нешінші сыныпта оқисыз?

- ..............................................................................................................

- Мектебіңіз ұнай ма?

- ...............................................................................................................

- Ұлтыңыз кім?
- ...............................................................................................................

- Осы мектепті не үшін таңдадыңыз?
- ...............................................................................................................

- Болашаққа деген жоспарыңыз?
- ...............................................................................................................

- Өз еліңіздің өркендеуіне қандай үлес қостыңыз және қоспақсыз?

- ...............................................................................................................

- Сұхбатқа қатысқаныңыз үшін рахмет!
- ...............................................................................................................

  1. Берілген диаграммаға сүйене отырып, өз мәтінін құру жаттығуы

  2. Сіз Ақтөбе қаласында оқисыз, туған ауылыңызды сағынасыз. Бірге оқитын жолдастарыңызға өз ауылыңыз туралы айтып беріңіз немесе ауылдағы құрдастарыңызға Ақтөбе қаласы туралы тірек сызбаны пайдалана отырып, айтып беріңіз.

  3. 6. Берілген жағдаяттық тапсырмаға сәйкес әңгіме құру жаттығуы
    Сіз оқушылар арасындағы республикалық олипиадаға қатысу үшін Алматы қаласына бардыңыз. Сіздерді қаланың дәл орталығындағы бір қонақжайға орналастырды. Қазақстанның түпкір-түпкірінен келген оқушы жастар да сонда орналасты. Кешке барлықтарыңыз бірге тамақтанып, өз қалаң, оқу орның туралы сыр шертіп, мақтан тұтып әңгімелесіздер. Сіз өз қалаңыз, оқу орныңыз туралы не айтар едіңіз?

  4. Сіз бір күн жұмысқа келмей қалдыңыз. Бір күнде басыңыздан өткен тап бір голливуд фильмдеріндегідей шытырман оқиғаларға сан жетпейді. Тіпті бастығыңызға телефон шалып, келе алмайтыныңызды хабарлауға да уақыт болмады. Бастығыңыз өте қатал, алайда өте әңгімешіл адам. Ол не болғанын түгелдей білгісі келеді. Таңертеңнен бастап, кешке дейін әр сағатта не болғанын әңгімелеп, бастығыңызды сендіруге тырысыңыз.

  5. 7. Сурет бойынша әңгіме құру, сипаттау жаттығуы

  6. 7.1. Алдымен балаға ат қой, ол қайда барады, не істеді, ол қалай киінген? т.б. Баланың суреті беріледі.

  7. Мақсаты: тіл үйренуші күн тәртібі тақырыбын пайдаланып сурет бойынша ауызша шағын әңгіме құруы керек.

  8. Өтілген материал: Зат есім, сын есім, етістік, күн тәртібі мен уақыт лексика-грамматикалық тақырыптары.

  9. Нәтиже: Оқушылар сурет желісі бойынша жүйелі түрде сөйлем құрай отырып, өз бетінше ауызша шағын әңгіме құрап, әңгімелеп береді.

  10. 7.2. Туыстарыңыздың, дос, жолдас, жақындарыңыздың фотосуреттерін алып келіп, олар жайында әңгіме айтып беріңіз.

  11. 7.3. Берілген суретке қарап отырып мектебің туралы әңгімелеп бер.

  12. 7.4. «Ара» сөзін анықта. Тапсырма: Берілген сурет бойынша сөздің мағынасын ажыратып, мазмұны түсінікті болу үшін сөйлем құра.

  13. Бұл тапсырма түрінде оқушылар алдына екі түрлі сурет беріледі, бірінде ұшатын бал ара бейнеленсе, екіншісінде ағаш кесетін араның суреті беріледі. Жаттығудың мақсаты: Омоним сөдердің жазылуы бірдей болғанымен мағынасы әр түрлі болатынын, сөздің мағынасын ашу үшін сөйлем құрату арқылы дәлелдету.

  14. Нәтиже: Осындай суреттер арқылы грамматикалық және лексикалық тақырып бойынга өтілген материалды пысықтап, сабақ соңындағы бекіту сәттерінде ауызша жұмыс жасатуға болады.

  15. 7.5. Төмендегі суретке қарап, қалаңның табиғаты туралы сипаттап бер.

  16. 8. Берілген сұрақтарға жауап беру жаттығуы

  17. 8.1. Төмендегі сұрақтарға сүйене отырып, «Менің өмірбаяным» атты сұхбат құрыңыз.

  18. - Сен қай қай жылы туылдың?

  19. - Қай жерде туылдың?

  20. - Отбасыңда неше адамсыңдар?

  21. - Ата-анаңның есімдері?

  22. - Нешінші жылы және қандай балабақшаға бардың?

  23. - Бірінші сыныпқа қашан және қай мектепке бардың?

  24. - Оны қашан және қалай аяқтадың?

  25. - Мектептегі жолдастарыңмен қарым-қатынасың қандай?

  26. - Қай ЖОО – да оқисың?

  27. - Неге осы оқу орнын және мамандықты таңдадың?

  28. - Болашаққа деген жоспарларың?

  29. - Осы уақытқа дейінгі жеткен жетістіктерің қандай?

8.2.Блиц-сұрақтар

1. Атың кім?

2. Неше жастасың?

3. Қай көшеде тұрасың?

4. Үйдің нөмірі неше?

5. Пәтерің неше бөлмелі?

6. Өз бөлмең бар ма?

7. Бөлмеңде не бар?

8. Бөлмедегі ең ұнататын зат қай зат?

9. Оны саған кім сыйлады?

10. Сүйікті затыңды досыңа сыйлайсың ба?

11. Неліктен?

Мұндай сұрақтарды мұғалім өзінің өнертапқыштығына байланысты кез келген тақырыпта ойлап табуға болады. Бірақ тапсырманы міндетті түрде оңайдан күрделіге көшу әдісімен орындату қажет.

Мақсаты: Осы секілді жедел сұрақтар қою арқылы оқушыларды тез арада жауап беріп, ойын жүйелеп, нақты жауап беруге, бастысы ауызша сөйлеуге бағыт беру. Жеңіл сұрақтардан күрделі сұрақтарға көшу арқылы оқушылардың бойында өзіне деген сенімділікті туғызу, тілді үйренуге талпындыру.

Нәтиже: Оқушы бұл секілді тосын сұрақтарға жауап бере отырып, еріксіз, қызыға тапсырманы орындауға белсене кірісіп кеткенін байқамай да қалады. Оңайдан күрделіге көшу әдісі арқылы ол өзінің әр жауабына қуанып, одан әрі жауап беруге құлшысы артады.
ІІ. Топтық ойындар

1. Тіл үйренушілер екіге бөлініп, бірінші топ жуан сөздер, екінші топ жіңішке сөздер айтып жарысады.
2. Ойынға қатысушылар екі топқа бөлініп, “ОТАН” сөзінің құрамындағы әріптерден мүмкіндігінше көп сөздер құрап жарысады.

3. Тіл үйренушілер екі топқа бөлініп, «ӘДЕМІ» сөзіне мүмкіндігінше көп мағыналас сөздер тауып жарысады.

4. Оқушылар екі топқа бөлініп, берілген мәтіндегі сөздерді мүмкіндігінше буындарға тасымалдайды.

5.Тіл үйренушілер екі топқа бөлініп, бірінші топ адамның жақсы қасиеттерін, екінші топ жаман қасиеттерін айтып жарысады. Ойынды жүргізуші ол сөздерді тақтаға жазып отырады, соңынан барлығы көшіріп алады.

6. Аудитория екі топқа бөлініп, бір топ ілік септікті бір есім сөз айтады, екінші топ тәуелдік жалғауының ІІІ жағын қосып, сөз тіркесінің жалғасын айтады.

Мысалы: 1 топ: оқушының... –

2 топ: дәптері т.б.

7. Сөйлемдер тізбегі ойыны. Ойынды жүргізуге ыңғайлы болуы үшін оқушылар шеңбер бойымен бір-бірлерінің жүздеріне қарап отырады. Ойынды бастаушы адам ауыспалы осы және келер шақ формасын қатаң сақтай отырып, бір сөйлеммен бос уақытында не істейтіндігі жайлы айтады. Келесі адам алғашқының іс-әрекетін теріске шығарып (болымсыз тұлғаны қолдана отырып), өзінің немен шұғылданатындығы жайлы айтады. Осылайша ойын жалғаса береді. Кідіріп қалған адам ойыннан шығарылып отырады. Ең соңында қалған адам жеңген болып есептеледі. Мысалы: 1-адам: “Мен бос уақытымда тамақ жеймін”. 2-адам: “Ал мен тамақ жемеймін, қонаққа барамын” т.с.с.

8. Қағазға 1-топ мүшелері кез келген сын есімдерді, 2-топ әр түрлі (тұрмыстық заттар, дене мүшелері атаулары, әріптестерінің аттары) зат есімдерді жазып шығады. Одан кейін шетінен бір сын есім, бір зат есімнен оқи бастайды. Нәтижесінде түрлі күлкілі сөз тіркестері (сын есім + зат есім) шығады.

9. Әр топқа есім сөздер беріледі. Екі топ жарысып, сол сөздерді жіктеп шығады.

10. 1-топ мүшелері шартты раймен аяқталатын бірнеше жай сөйлемдер жазады, 2-топ өз алдына бірнеше тиянақты жай сөйлемдер жазып шығады (І, ІІ, ІІІ жақтарда). Одан кейін екі топтың мүшелері кезекпен өз сөйлемдерін оқи бастайды. Нәтижесінде түрлі күлкілі сөйлемдер шығады.

(Егер ..................-са; -се // Онда.......................- Ә).

11. Сөйлемдер тізбегі ойыны: Тіл үйренушілер шеңбер құра отырады. Бірінші адам “Мен ертең...” деп бастап, ауыспалы келер шақта бір сөйлем айтады. Келесі адам “Ал мен оны кеше орындағанмын...” деп, жаңағы айтылған әрекетті нақтылы өткен шақта қайталап шығады да, “Мен ертең ...” деп өзі жаңа бір сөйлем бастайды. Мысалы: бірінші адам: “Мен ертең ант қабылдаймын”. Екінші адам: “Ал мен кеше ант қабылдадым, ертең жұмысқа кірісемін”. Үшінші адам: “Ал мен кеше жұмысқа кірістім, ертең жалақы аламын” т.с.с.

12. Оқытушы алдын ала дайындалған сөздерді береді, оқушылар сол сөздердің антонимдерін табады.

Сонымен қатар топтық ойындарға шағын болса да сюжетке құрылған төмендегідей ойын түрлерін жатқызуға болады:

«Отбасы өмірінде қандай мінездер қажет» (топтық сұхбат ойыны)

Тапсырма: Екі топқа бөлінген қыздар мен жігіттер «Ең жақсы әйел», «Ең жақсы ер» тақырыбы бойынша мінездеме береді, сауалнама толтырады, ойын дәлелдейді (киім киісі, тамақ әзірлеуі, өзін отбасында ұстауы, отбасы қаржысын үнемдеу, т.б.), топ-топ болып қорғайды.

Өткізілген материалды қолдану. Өтілген тақырып бойынша, адам мінезі, сын есім, отбасы материалдарын пайдалану.

Нәтиже: Өтілген тақырыпты еске түсіре отырып, іс-жүзінде пайдалана білулері, ойларын дәлелді жеткізуі

«Ол кім?» ойыны

Тапсырма: Әр топ мүшелерінің ішінен бір адамды алып, бет-бейнесін, мінезін суреттеп беріңдер. Ал әр топ сол адам кім екенін анықтап, портретін салуы керек.

Мақсаты: өтілген грамматикалық, лексикалық тақырыпты пайдаланып, адам бейнесі мен мінезін дұрыс беру. Әр топ берілген мінездемені түсініп, адам бейнесін салу.

Нәтиже: Естігенін түсіну, есте сақтау, өтілген тақырыпты пайдалана отырып, өз ойларын дұрыс жеткізе білу.

«Топтық ойын»

Тапсырма: а) Қазақ тіліне тән дыбыстардан басталатын 1 буынды, 2 буынды, 3 буынды сөздер тізбегін жазу. Уақыт шектеулі. Қай топ көп жазса, сол топ жеңеді.

Шарты: 1 буынды сөздерді нашар оқитындар тобы, 2 буынды сөздерді жақсы оқитындар, ал 3 буынды сөздер тізбегін өте жақсы оқитын оқушылар тобы жазады.

Мақсаты: Тән дыбыстар мен буын түрлерін біліп қана қоймай, лексикалық қорларын пайдалану. буын талдайтын дыбыстар туралы материалды еске түсіру.

«Сөздерді таңдау» ойыны.

Тапсырма: Әр топқа көп мөлшерде түрлі тақырыпқа арналған кеспелерге жазылған сөздер беріледі. Оқушылар тақырып бойынша сөздерді бөліп, сөйлем құруы керек.

Мақсаты: оқушылардың сөз мағынасын түсініп, оны қай тақырыпқа сай екенін анықтау арқылы, материалды пысықтау.

Нәтиже: оқушылар сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін қарым-қатынас үстінде дұрыс пайдалануға дағдыланады.

Топтық ойын түрінің бірі - алдын ала мұғаліммен дайындалған мамандық туралы мәтін беріледі, оқушылар сол мәтінді оқи отыра қандай мамандық иесіне бағытталып жазылғанын анықтайды. Жаттығу соңынан оқушылар ең жақсы мамандардың моделін жасап, соны қорғайды, бір-біріне сұрақтар қояды.

ІІІ. Рөлдік ойындар

«Алтын балық» рөлдік ойынында қатысушылар жұп болып жұмыс істейді. «А» қатысушысы – алтын балық, «Б» қатысушысы оған 3 тілегін тілейді. Мақсат алтын балықты тілектерді орындауға көндіру. Балық сұрақтар береді. Қатысушылар рөлмен ауысады. Қалау рай түрлері жаттықтырылады.

«Мектептегі жағдай» ойыны.

Тапсырма: а) Сіз басқа жақтан оқуға Ақтөбе қаласына келдіңіз. Жаңа мектепке келдіңіз. Мектептегі сынып жетекшіңізбен бірінші рет сөйлесіп тұрсыз. Оқудың ұйымдастырылуы туралы, сабақ кестесі, ауысым туралы сұрап, сынып жетекшінің сұрақтарына жауап беріңіз.

б) Сіз 9 сынып жетекшісісіз. Жаңа келген оқушымен танысып, оның сұрақтарына жауап беріңіз, оқушыны оқу бағдарламасымен, сабақ кестесімен таныстырыңыз.

Өтілетін материал: Өзін ресми жағдайда таныстыру, ұйымдастыру жұмыстарына байланысты сұрақтарды талдау, оқудың мақсаты мен мазмұнын айту.

«Мен басқа бөлмеде тұрғым келеді» ойыны.

Тапсырма:

а) Сіз жатаханада тұрасыз, бірақ басқа бөлмеге ауысқыңыз келеді. Комендантқа себебін айтып, ауысқыңыз келетіні жайлы ойыңызды түсіндіріңіз.
б) Сіз жатахана комендантысыз. Жатахананың 1 оқушысы басқа бөлмеге ауысқысы келеді. Оқушыдан себебін сұрап, оның өтінішін орындауға тырысыңыз. Өтінішті орындай алмасаңыз, себебін айтып түсіндіріңіз.
Өтілетін материал: өтінішті негіздей білу, келісім, өз көзқарасын түсіндіру, өтінішті қабылдамау.

Ойын мақсаты: қатысушылардың өз ойларын негіздей, жүйелі түрде жеткізуі, ойын дәлелдей алуы.

Ойыннан күтілетін нәтиже: ойынға оқушы өтілген материалды еске түсіре отырып, өз ойын жүйелі, дәлелді жеткізуге талпынады.

«Кітапқа тапсырыс беру» ойыны.

Тапсырма:

а) Үй жұмысын дайындауға сізге кітапханадан каталог арқылы қажетті әдебиетті тауып, тапсырыс беріп, оның орындау уақытын анықтаңыз.
б) Сіз кітапхана қызметкерісіз. Тапсырысты қабылдап, оның дұрыс берілгенін анықтаңыз.

Тапсырма: кітапхана кеңесшісімен, кітапханашымен сөйлесу, тапсырысты рәсімдеу.

Ойын мақсаты: Оқушының күнделікті өмірінде жиі кездесетін жағдайда өз ойын дұрыс жеткізе білуі, тапсырысты бере білуі.

Нәтиже: Оқушы ойнай отырып, кітапханада жұмыс істеу жолдарын да үйренеді. Қарым- қатынасқа түсе біледі. Оқушының ой жүйелілігі.

«Патент» ойыны.

Тапсырма:

а) Сіздер патенттік бюроның қызметкерлерісіздер. Патент жобасын қабылдаңыз немесе кері қайтарыңыздар.

б) Инженерлер тобысыздар. Өздеріңіз жасаған жаңалықтар туралы айтып, оның экономикалық тиімділігін, мақсаттылығын, пайдалылығын дәлелдеңіздер.

Пайдаланылатын материал: Ресми жағдайда талдау этикеті, сапалы мінездеме беру.

Мақсаты: өтілген лексикалық бірліктерді қайталай отырып, іс жүзінде ойын жеткізу, дұрыс пайдалана білу.

Нәтиже: ізденіс, еске түсіру, нәтижеге жету талпынысы.

«Іс – тәжірбиеден өту» ойыны.

Тапсырма: а) Сіз 9 сынып оқушысысыз, ертеңнен бастап сіз белгілі бір өнекәсіпте іс-тәжірибеден өтесіз. Директорға барып, болашақ жас маман ретінде өз мамандығыңыз, алға қойған мақсатыңыз, қандай тапсырмалар алатыныңызды білуіңіз керек.

б) Сіз директорсыз, келген оқушыға қандай жағдай жасалып, кім жетекші болатынын, қандай сынып бекітіліп берілетінін және іс-тәжірибеден өтушіден қандай нәтиже күтетіндігіңізді айтуыңыз керек.

Мақсат: ресми жағдайды сақтай отырып, қойылатын сұрақтар мен жауаптарға жүйелі, дұрыс жауап беру.

Нәтиже: Өз беттерімен іздену, сөздік қорларын пайдалана отырып жүйелі жауап беру.

«Біз бүгін қайда барамыз?» ойыны

Тапсырма: а) Сіздің уақытыңыз бос. Досыңызды немесе құрбыңызды киноға шақырыңыз. (кино соңғы рет болатынын, қандай атақты актерлер қатысатынын, халықтың кино туралы беріп жүрген пікірін, т.б.) айтып, досыңызды немесе құрбыңызды баруға көндіріңіз.

б) Досыңыздың өтінішін қимайсыз, бірақ басқа адамға уәде беріп қойғаныңызды, онымен театрға баратыныңызды айтуыңыз керек. Досыңызды сонда баруға көндіріп көріңіз.

Мақсаты; Екі сөйлесуші адам бір-бірін түсініп, дұрыс жауап берулері қажет.

Нәтиже: Сауалдарды дұрыс қойып, өз ойларын нақты жеткізе білу.

«Менің сөзім» ойыны.

Тапсырма: Ойын шартына сай директор, оқушы, мұғалім, оқушы, ата-ана қатысады. Ортада оқушы мен іс-тәжірибеден өтуге келген оқушы арасындағы болған келіспеушілікке байланысты айтылатын сөйлемдер жатады. Ерекшелік: сөйлемнің кез-келген жерінде (басында, ортасында, аяғында) сөздер жетіспеуі мүмкін. Әр қатысушы өз айтатын сөзін дәл тауып, сөйлемді толықтырады, өз рөлін ойнап шығуы керек.

Мақсаты: Өтілген грамматикалық, лексикалық бірліктерге сай құрылған сөйлемді дұрыс толықтырып, сөйлеу барысында өз кезегінің қай кезде келетінін анықтай білуі керек.

Нәтиже: Ойынға қатысушы сөйлеушілердің не айтып тұрғанын түсінуі, әрі соған дәл жауапты тауып айта алуы арқылы грамматикалық, фонетикалық, лексикалық норманың сақталуы.

«Түйіндеме» ойыны

Тапсырма: бір топ оқушы бүгін өздеріне берілген тапсырма бойынша өз оқу орнына білім алуға шақырып, қала тұрғындарына жарнама жасауы керек. (Білім ордасында қандай сыныптар бар, қандай үйірмелер бар, оқу орнының ерекшелігі т.б. туралы). Бұл ойында оқушылар екі немесе одан да көп топқа бөлініп, бір-бір сыныпты таңдайды да, сол туралы жарнамалап береді, қорғайды.

«Жиһаз сатып аламыз» ойыны.

Тапсырма: Ертең отбасындағы барлық мүшелерімен ақылдасып, үйге жиһаз алуыңыз керек. Әр жиһазды неге, кімге, қанша ақшаға алғалы отырғандарыңызды, қай бөлмеге қоятындарыңызды айтып беріңіз.

Өтілген материал: Менің отбасым, менің үйім, бөлмем және тәуелдік жалғауы, зат есім.

Мақсат: Әр топ мүшесі ана, бала, әке рөлдерін ойнай отырып, топпен жұмыс істейді. Олардың мүддесі ортақ. Отбасында қажетті жиһазды алу. Топ жүйелі, көлемді , толық түрінде жауап беруі қажет.

Нәтиже: Бір-бірін тыңдау, ортақ шешімге келе отырып, көлемді мәтін әзірлеу, өткен тақырыпты еске түсіру, бастысы алған лексика-грамматикалық білімдерін іс-жүзінде пайдалану.

«Іс-сапар» ойыны.

Тапсырма: Оқушылар 2 топқа бөлінеді. 1 топ әкімшілік, 2 топ іс-сапарға аттанатын қызметкерлер.

а) Іс-сапарға бару керек. Сіздер әкімшіліктен сапарға қандай мақсатпен баратыныңызды, қойылатын мақсат пен талап туралы хат жолдауларыңыз керек.

б) Әкімшілік тобы іс-сапарға барудағы басты мақсат, қай қалаға, қанша уақытқа, неше адам барады, оның мүшелері мен төлемақы туралы мәлімет берулері керек.

Мақсат: Топ мүшелері қойылған талап бойынша жауап берулері керек, жүйелі, нақты, көлемді жауап арқылы айтпақ ойларын дұрыс жеткізу.

Нәтиже: Топ дұрыс жауап беру мақсатында ұйымдаса жұмыс істеу, талпыныстарын туғыздырып, өткен материалды еске түсіреді.

«Біз көрген кино» ойыны.

Ойын шарты: Тыңдаушылар екі топқа бөлінеді. Бір топ көрген киноның тек жақсы жақтарын айтып, бағалайд, екінші топ киноның кемшілігін айтып, сынайды.

Тапсырма: а) Киноның тек жақсы жақтарын, қатысатын актерлар туралы мәлімет беріп, кино мазмұнын қысқаша айту.

б) Ұнамаған киноның жағымсыз жақтарын, оның себебін, актерлердің ойнаған рөлдерін талдау.

Мақсаты: Өтілген тақырыптарды пайдалана отырып, ойларын толық жеткізу.
Нәтиже: Ізденіс, еске түсіру, ойларын ұйымдасқан түрде жеткізуге деген талпыныс. Осы ойын арқылы шығармашылық жұмыс түрінде өзінің ой түйінін жазып келуге болады.

«Аукцион» ойыны.

Бұл сабаққа әрбір қатысушы ескі, қажет емес заттарын (түйме, қораптар, білезік...) әкеле алады. Әкелетін заттар бірдей болып қалмас үшін ерекше заттар әкелуді тапсырған дұрыс. Ол заттардың не үшін қажет екенін айтпау қажет. Мұғалім аукционда сауданың қалай жүретінін көрсетеді. Ол өз затын ұсынып, оған толық сипаттама береді: салмағы, өлшемі, формасы, түсі. Сосын бастапқы бағасын айтады. Мысалы: Бұл Шыңғыс ханның көйлегінің жағасы, жібектен жасалған, көгілдір түсті. Бастапқы бағасы 10 000 теңге. Осымен сауда басталады. Мұғалім ойынды бастап бергеннен кейін, оның орнын кезекпен тіл үйренушілер алады. Қалғандары сатып алушылардың рөлін атқарады. Мақсат: затты неғұрлым жан-жақты сипаттап, сатып алушыларды қызықтыру. Әрбір қатысушыға ақшаның сомасы жазылған карточкалар беріледі. Олар сол сомадан артық бағаны айта алмайды. Тіл үйренушілерге өз заты туралы аңыз-әңгіме құруға мүмкіндік беру қажет. Ойынды басқаша ұйымдастырушыларға суреттер беріп, үйден сипаттама жаздырып дайындауға болады. Ескі кітаптар, белгілі бір суреттер, антиквариаттарды сатқызып аукцион ұйымдастыруға болады. Ал ойынның қосымша көрнекілігі ретінде темір- қақпақ, ағаш балғаны пайдаланып, гонг ұрғызуға болады.

«Демалыста» рөлдік ойыны.

Ойынға қатысушылар: Отбасы мүшелері, олардың достары.

Қатысымдық жағдаят: Бір жексенбіде бос уақыттарын бірге өткізуге тырысқан әке-шешесі мен есейіп қалған балаларының тағы да әдеттегідей бірге демалу мүмкіндігінің болмауы.

Сөйлеу ниеттері: ұсыныс, талап, кеңес, шақыру, келісу немесе келіспеу, бас тарту, рұқсат беру немесе тыйым салу, кешірім сұрау, алғыс пен кешірімге жауап беру, оқиға мен әрекеттің уақыты, орны, себебі жайлы мәлімдеу, ұсыныс, шақыру, деректер мен оқиғалар, тұлғалар мен заттарға қатысты сұрақтар қою, баға беру т.б.

Ойынның барысы:

1. Жексенбілік таңғы ас үстінде отбасы мүшелерінің демалысты бірге өткізу туралы сұхбаты.

2. Отбасы мүшелері әрқайсысы өз достарымен, таныстарымен телефонмен сөйлесіп, басқа жоспарлар құруы.

3. Кешкі ас үстінде бәрінің қайта жиналып, қалай демалғандары туралы әңгімелесуі.

«Әкімшілік» ойыны. Оқушылар Ақтөбе қаласының әкімі, облыс әкімі, мектеп директорлары, зауыт бастықтары, депутат, білім министрі, экология министрі т.б. рөлдерге бөлінеді. Тапсырма: қаланың көкейкесті мәселелерін шешу: экологиялық, білім беру, жол. Мақсаты: ойыншылар өз рөлдеріне ене отырып, өлкенің қазіргі жағдайына үңіле отырып сөйлеу әрекетіне итермелеу.

IV. Іскерлік ойыны

«Банкте» іскерлік ойыны.

Ойынға қатысушылар: Банктің бастығы, бөлім бастығы, хатшы, мамандар.Қатысымдық жағдаят: қызмет істейтіндер арасында қайта қаржыландыру мәселесі бойынша шұғыл түрдегі жиналыс өтеді. Күн тәртібінде клиенттердің қаржылық мәселелері. Сөйлеу ниеттері: талап ету, үгіттеу, дәлелдеу, тілек, өтініш, ұсыныс, шақыру, келісу немесе келіспеу, бас тарту, рұқсат беру немесе тыйым салу, кешірім сұрау, көңіл аударту, қайталауын өтіну, қайталап сұрау, кінәлау, аяу т.б.

Ойынның барысы:

  1. Бастықтың шұғыл жиналыстың өтуі туралы хатшысына хабарлауы

  2. 2. Бөлім бастығы мен мамандардың сұхбаты: Мамандардың жиналыста не туралы айтатындықтары туралы талқылауы.

  3. 3. Мамандардың хатшы қыздан келіп құжаттарды алуы.

  4. 4. Жиналыстың барысы: сұхбат, банк клиенттерінің ұсыныстарын оқу, пайыздық мөлшерді түсіру мәселесі туралы айту

  5. 5. Бөлім бастығы мен бастықтың, хатшының сұхбаттары.

  6. 6. Пайызды түсіру немесе түсірмеу туралы мамандардың сұхбаты: келісу, келіспеу, түсініктеме беру, сөздерін дәлелдеу.

  7. «Басқармадағы кеңес» ойыны

  8. Тапсырма: а) сіз құрылыс басқармасының басшысысыз. Студенттер қалашығында қонақ үйін салуды жоспарладыңыз. Жобалаушы, тұрмыстық қызмет көрсетуші, тамақтандыру қоғамымен кеңесуде көрсетілетін қызмет түрлері, қонақ үй жобасы туралы айтуыңыз керек.

б) Жоба ұйымдастырудың қызметкері қанша бөлме болатынын, қонақ үй жобасымен таныстырады. Қонақ үйдің құны, жоспардың аяқталу уақыты, пайдасы туралы айтып, сөзін дәлелдеу.

в) Қызмет көрсету ұйымының өкілі көрсетілетін қызмет туралы айтуы тиіс. Жобаға байланысты өз талаптарын көрсетуі шарт.

г) Тамақтандыру өндірісінің бас қызметкері қонақ үй тұрғындарын қалай тамақтандыратыны туралы мәлімет беруі керек. Өз тілектері мен талаптарын айтуы қажет.

Мақсат: Ойынға қатысушылардың түгелдей қатысуы керек. Өз ойларын жеткізу үшін тек сөздік қорларын пайдаланып қана қоймай, термин сөздерді өз беттерімен ізденіп, қарым-қатынаста қолдану керек.

Нәтиже: Үгіттеу, дәлелдеу, келісу, шешім қабылдау секілді сөйлеу ниеттері пайдаланып, дәлелді, нақты ойлар айтуға үйренеді, термин сөздерді дұрыс қолдануға дағдыланады.

«Ресми кездесу» ойыны.

Тапсырма: а) Сіз экспорттық фирманың қызметкерісіз. Іс- сапарға келген кезде өндіріс директорымен кездесу керек. Хатшымен байланысып, кездесу уақытын, себебін айтуыңыз керек.

б) Сіз хатшы ретінде фирма өкілімен қандай мақсатта, қашан, қай жерде т.б. директормен кездесуі керектігін және ол кісімен қайта кездесу үшін телефон нөмірін алуыңыз керек.

в) Сіз директорсыз. Кездесуге байланысты шешім қабылдап, қызметкермен бір шешімге келу немесе керісінше келіспеу.

Мақсат: мамандыққа байланысты лексиканы пайдалана отырып, өзара түсінісе білу.

Нәтиже: ойларын жеткізуге деген талпыныс. Кәсіби лексикалық қорларын дамытады.

«Екі билет» ойыны.

Тапсырма: а) Сіз Париж қаласына аттанасыз . Әуежай кассасына келіп, билет сатып алдыңыз. Ұшатын күніңіз, уақытыңыз, билет нөмірі, неше билет қажет, билет құны қанша тұратынын сұрауыңыз керек.

б) Сіз кассир ретінде жолаушының бар сұрағына жауап беріп, бірақ ауа-райының қолайсыздығына байланысты ұшақ әуеге көтерілмейтінін айтып, кешірім сұрауыңыз керек

Қатысушылар: Жолаушы, мамандық, кассир мен жолаушы арасындағы сөйлесу этикеті.

Мақсат: Шынай өмірде жиі болатын оқиға болғандықтан, қатысушылар одан әрі де толықтырып, сөйлеп, өзара ұғынысуы керек.

Нәтиже: Балалардың жағдаятты ойнаудағы шынайылығы, өтілген материалды пайдалана алуы, өзара шығармашылық ізденіс жасап, тапсырма талабын одан әрі толықтырып сөйлей білуі.

«Кинофестиваль» ойыны.

Тапсырма: а) Сіз кинофестивальдің қатысушысысыз. Көрсетілген фильмдер ішінен ең жақсы фильм туралы өз ойыңызды айтыңыз. Киноның қысқаша мазмұны, ойнаған актерлер, киноның авторы мен режиссері туралы мәліметтерге тоқталып, фильмнің сапасына баға беріңіз.

б) Сіз кинофестивальға қатысқан фильмде ойнаған басты актерсіз. Фильм туралы айтылған ойды тыңдап, сұрақтарға жауап беріп, өз ойыңызды айтыңыз, алған әсеріңіз бен болашақ жоспарыңыз туралы әңгімелеп беріңіз.

Ойын мақсаты: маман иесі ретінде киноға өз бағасын беруші алдымен тақырыпта өтілген лексикалық бірлікті қаншалықты меңгергенін байқау, алған білімді іс-жүзінде пайдалану.

Нәтиже: Тек сөздік қорын қолданып қана қоймай, қатысушы өзінше қиялдап, өз қиял арманын да қосып айту арқылы неғұрлым ойларын толық, жүйелі нақты жеткізеді.

«Тізбек» ойыны.

Қатысушылар: сатушы, тапсырыс беруші, тапсырысты алушы, тұтынушы.

а) Тұтынушы өзінің өте жақсы көретін кондитерлік өнімі туралы сұрап, оның аты, неліктен ұнағанын, қай фирмадан жеткізілетіні туралы сұрап, тапсырыс береді. (Өтініш формасында).

б) Сатушы бұл өнімнің қазір саудада жоқ екенін, алайда міндетті түрде тапсырыс беруге, тапсырыс алушыны шақыртатынын, келісім бергенін жеткізуі керек.

в) Тапсырыс алушы бұл өнімді қанша мөлшерде, қашан әкелуге болатынын , бағасын нақтылап, өтінішті қабылдайды.

г) Тапсырысты жеткізуші бұл өнімнің бұдан былай шықпайтынын, сондықтан бұл тапсырыс орындалмағанын айтып, өкініш білдіреді.

Өтілген материал: ресми іс-қағаздар, мамандық тақырыбы.

Мақсаты: Ойынға қатысушыларға бағыт берілгенімен, ойларын жеткізуге толықтай еркіндік беріледі.

Нәтиже: Өтілген материалды қайталау, еске түсіру, жаңа тақырыппен байланыстыру, ойды дұрыс жеткізу, бір-бірін ұғына білу.

Осыған ұқсас тапсырмаларды мұғалімнің өнертапқыштығына қарай көптеп ойлап табуға болады.

Бүгінде мемлекеттік тіл туралы көп айтылып жүр, көз майын тауысып, жанарын жасытып жүргендер жетеді. Өйткені, мемлекеттік тіл елімізде аса маңызды да ең өзекті мәселе. Тіл – қазақтың жан дүниесі, рухани негізі, ел еркіндігі мен ұлтты танытатын басты белгісі. Ол – ұлт болмысын ұғындырып, төңірегіне жұртты топтастырушы, біріктіруші фактор. Сондықтан, мемлекеттік тілді білу - өмір талабы, заман сұранысы, қоғам қажеттілігі. Олай болса, тілді өмірдің барлық саласында қолданып, аясын кеңейту жолында әрбір қазақстандық өз азаматтық міндетін атқаруға тиіс. Ол үшін тіл білуді мақсат тұтып, алдына талап қоя білсе, қажымай ізденіп, айрықша көңіл бөліп, аянбай еңбектенсе, мемлекеттік тілді меңгеретіні анық.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деген. Олай болса облыс, аудан көлемінде өтетін тәрбиелік мәні бар, қазақ тілінің мәртебесін көтеретін шараларға міндетті түрде қатысып, әсіресе жастар арасындағы ұлттық намыс, патриоттық сезімін тәрбиелеуге жауапкершілікпен қарап, алдымызда тұрған жетістіктерге жете берейік.

І нұсқа


ТЫҢДАЛЫМ


Мәтінді тыңдаңыз және төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

Бекзат – студент. Ол Алматыда, ауласы кең жер үйде тұрады. Оның үйінде әдемі бау-бақша бар. Бау-бақшада ағаштар, өсімдіктер көп. Бекзат ауласына гүл отырғызады. Оның ауласындағы гүлдер өте әдемі. Гүлдер жақсы өсу үшін ол гүлдерді жиі суарады. Бекзат жыл сайын көшет отырғызады. Өсімдіктер ауаны тазартады.


1. Бекзат .... тұрады.

а) пәтерде

в) көшеде

с) жер үйде

д) бөлмеде

2. Қандай үйде бау-бақша болады?

а) пәтерде

в) тұрғын үйде

с) жер үйде

д) көшеде

3. Өсімдіктер ауаны .... .

а) тазартады

в) суарады.

с) ластайды

д) жасайды

4. Гүл жақсы өсу үшін .... керек.

а) суару

в) жұлу

с) өсіру

д) егу

5. Таза ауа денсаулыққа .... .

а) пайдалы

в) пайдасыз

с) зиян

д) төмен

6. Бекзат .... .

а) оқушы

в) сәби

с) студент

д) мұғалім

ОҚЫЛЫМ


Мәтінді оқыңыз және төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

Алматы қаласының экологиясы нашар, себебі бұл қалада автокөліктер, өндіріс орындары өте көп. Олардың түтіні ауаны, табиғатты, суды ластайды. Лас ауа адам денсаулығына зиян. Ауа таза болу үшін адамдар көп ағаш, гүл отырғызу керек. Қаланың тазалығын сақтау үшін қоғамдық ортада, саябақтарда, демалыс орындарында қоқыс тастамау керек.


7. Алматы қаласының экологиясы .... .

а) жақсы

в) әдемі

с) нашар

д) тәуір

8. Алматының экологиясы жаман, себебі .... .

а) үйлері биік

в) жолдары кең

с) автокөліктер мен өндіріс орындары көп

д) пеш жағады

9. .... табиғатты, суды ластайды.

а) таза ауа

в) лас ауа

с) таза су

д) лас су

10. Ауа таза болу үшін .... керек.

а) ағаш отырғызу керек

в) өндіріс орны көп болу керек.

с) қалада автокөлік көп болу керек

д) үйлерге от жағу керек

11. Қаланың тазалығын сақтау үшін демалыс орындарына, қоғамдық

ортада қоқыс .... .

а) тастау керек

в) тастамау керек

с) жинау керек.

д) лақтыру керек

12. Лас ауа адам денсаулығына .... .

а) жақсы

в) зиян

с) тиімді

д) қолайлы

ЛЕКСИКА – ГРАММАТИКАЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАР


13.Сөздердің қарама-қарсы мағынасын табыңыз.

Алматы қаласының экологиясы нашар.

а) жақсы

в) әдемі

с) лас

д) тәуір

14. Лас ауа адам денсаулығына зиян.

а) пайдалы

в) пайдасыз

с) нашар

д) жақсы

15. Сіз үйіңіздің ауласын таза ұстайсыз ба?

а) лас

в) нашар

с) қоқыс

д) лай

16. Сіз жылда көшет отырғызасыз ба?

а) алмайсыз

в) тазартпайсыз

с) істемейсіз

д) отырғызбайсыз

17. Өсімдіктер ауаны тазартады.

а) тазартпайды

в) отырғызбайды

с) ластамайды

д) былғамайды


ГРАММАТИКА


18. Дұрыс жауапты табыңыз.

Бекзат жер үй.... тұрады.

а) -де

в) -та

с) -те

д) -да

19. Өсімдік.... ауаны тазартады.

а) -дар

в) -лар

с) -тар

д) -тер

20. Сіз үйіңіздің .... таза ұстайсыз ба?

а) аула

в) аулаға

с) ауланы

д) ауласын

21. Алматы қаласы.... экологиясы нашар.

а) -ның

в) -нің

с) -дың

д) -дің

22. Мен қоқысты көше.... тастамаймын.

а) -ке

в) -қа

с) -ға

д) -ге

23. Айналаны .... тазарту керек.

а) судан

в) топырақтан

с) ағаштан

д) қоқыстан

24. Етістіктің болымды, болымсыз түрін табыңыз.

Лас ауа табиғатты, суды ластайды.

а) ластамайды

в) нашарлайды

с) жинайды

д) көркейтеді

25. Сергек жүру үшін уақытымен ұйықтау керек.

а) тамақтанбау

в) ұйықтамау

с) қолданбау

д) жинау

26. Денсаулық дұрыс болу үшін дұрыс тамақтану керек.

а) ішпеу

в) ауырмау

с) ұйықтамау

д) тамақтанбау

27. Мен қоқысты көшеге тастамаймын.

а) тазартамын

в) жинаймын

с) тастаймын

д) лақтырамын

28. Табиғатта шашылып жатқан қоқысты жинау керек.

а) жинамау

в) шашпау

с) тазартпау

д) тастамау

29. Лас ауаның зияны көп.

а) мол

в) аз

с) жоқ

д) жеткілікті

30. Автокөліктің түтіні денсаулыққа зиянды.

а) пайдалы

в) жақсы

с) қажетті

д) тиісті


ЖАЗЫЛЫМ


«Лас ауаның зияны» туралы жазыңыз.


ІІ нұсқа


ТЫҢДАЛЫМ

Мәтінді тыңдаңыз және төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

Қоршаған ортаны қорғау - қазіргі кездегі өткір мәселелердің бірі. Ол -еліміздің болашағы, халықтың байлығы.

5 маусым - Қоршаған ортаны қорғаудың дүниежүзілік күні. Оның негізгі мақсаты - табиғатты қорғау мәселесіне жұртшылықты шақыру. Ол мереке ретінде табиғатты қорғауға арналған. Ол күні әр түрлі ойын-сауық, ағаш отырғызу, сурет салу, саябақтарды тазалау сияқты жұмыстар өткізіледі. Келер ұрпаққа жасыл орман, мөлдір де таза өзен-көл мен таза ауа қалдыру - біздің борышымыз.

1. Қоршаған ортаны қорғау - …. мәселелердің бірі.

а) ескі

в) жаңа

с) өткір

д) жақсы

2. .... - еліміздің болашағы.

а) қоршаған орта

в) орман

с) тоғай

д) ағаш

3. .... - Қоршаған ортаны қорғау күні.

а) 1 қыркүйек

в) 30 тамыз

с) 7 мамыр

д) 5 маусым

4. Ол мереке ретінде .... арналған.

а) тәрбиелеуге

в) оқуға

с) тойлауға

д) табиғатты қорғауға

5. Келер ұрпаққа жақсы қоршаған ортаны қалдыру – біздің .... .

а) мақсатымыз

в) арманымыз

с) борышымыз

д) міндетіміз

ОҚЫЛЫМ

Мәтінді оқыңыз және төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

Экология, алдымен, адамның өз басынан басталады. Яғни адам жанының экологиялық тазалығы сақталуы керек. Ол үшін табиғат пен адамның бөлінбейтін дүние екендігі жайлы ұмытпағанымыз дұрыс.

Үлкендер: «Жаңа шыққан көк шөпті жұлма, көктей соласың», - деп, жұл, таптауға тыйым салатын.

Ата-бабаларымыз жақсылықтың да, жамандықтың да адамға айналып соғатынын жақсы түсінген.

6. Мәтінде не туралы айтылған?

а) аумақ

в) экология

с) отбасы

д) Отан

7. Үлкендер неге тыйым жасап отырған?

а) жүгірмеуге

в) алыспауға

с) көк шөпті жұлмауға

д) лақтырмауға

8. Нелер адамға айналып келіп соғады?

а) өтірік, шындық

в) достық, қастық

с) аштық, тоқтық

д) жақсылық, жамандық

ЛЕКСИКА – ГРАММАТИКАЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАР

9. Мына сөздердің қарама-қарсы мағынасын табыңыз.

Адам баласы табиғатты қорғауы тиіс.

а) қорғамауы тиіс

в) қарауы тиіс

с) ашуы тиіс

д) жазуы тиіс

10. Су бар жерде - тіршілік бар.

а) көңіл

в) өмір

с) өлім

д) бұлақ

11. Экология адамның өзінен басталады.

а) бастау алады

в) қойылады

с) ашылады

д) аяқталады

12. Біз бұлақтың көзін аштық.

а) тазарттық

в) жаптық

с) тападық

д) қаздық

13. Көк шөпті таптауға болмайды.

а) рұқсат

в) қоймайды

с) жазбайды

д) болмайды

14. Қазір экологиялық апат жайында көп айтады.

а) аз

в) мол

с) сонша

д) жиі

ГРАММАТИКА

15. Етістіктің болымды, болымсыз түрін табыңыз.

Сергек жүру үшін уақытымен ұйықтау керек.

а) ұйықтамау

в) тамақтанбау

с) қолданбау

д) пайдаланбау

16. Жер бетінде таза су ресурстары көп емес деп саналады.

а) есептеледі

в) саналмайды

с) жазылмайды

д) есептелмейді

17. Сіз үйіңіздің айналасын таза ұстайсыз ба?

а) ұстамайсыз

в) жинамайсыз

с) сыпырмайсыз

д) жумайсыз

18. Жер-Ана жыламасын.

а) ұйықтамасын

в) жыласын

с) жинасын

д) ұстасын

19. Бұл полигонда бірінші бомба 1949 жылы жарылған.

а) лақтырған

в) жинаған

с) жарылмаған

д) сынған

20. Семей полигоны жабылды.

а) жылады

в) жарылды

с) жарылмады

д) жабылмады

21. Дұрыс жауапты табыңыз.

Адам.... адам ететін - еңбек.

а) -ты

в) -ді

с) -ті

д) -ды

22. Тәуелсіз Қазақстан – ядро.... мемлекет.

а) -лы

в) -лі

с) -сіз

д) -сыз

23. Өсімдік.... ауаны тазартады.

а) -лер

в) -лар

с) -тар

д) -тер

24. Табиғат адамдардан қамқорлық .... .

а) күтеді

в) талап етеді

с) қажет етпейді

д) сұрайды

25. Біз табиғаттан тек .... білеміз.

а) беруді

в) қажет етуді

с) сұрауды

д) жылауды

26. Біздің республикамыздың көп аймағы көмекке зәру .... .

а) айта береді

в) қажет болды

с) болып отыр

д) береді

27. Еуропа елдері қоршаған ортаны қорғауға ерекше мән .... .

а) көрсетеді

в) қосады

с) береді

д) алады

28. Алматы қаласы.... экологиясы нашар.

а) -ның

в) -нің

с) -дың

д) -дің

29. Үлкендер ертеде көк шөпті .... тыйым салған.

а) шашуға

в) тапауға

с) өртеуге

д) жұлуға

30. Су – тіршіліктің .... .

а) көзі

в) басы

с) аяғы

д) қолы

ЖАЗЫЛЫМ

«Табиғатты қорғау» туралы жазыңыз.


ІІІ нұсқа

ТЫҢДАЛЫМ

Мәтінді тыңдаңыз және төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

Бүгінде экология ғаламшар халқының ең үлкен проблемасына айналды. Табиғи ресурстар азайып барады. Бізді қоршаған орта ластанған. Үлкен қалалардың ауасында адам ағзасына зиян көптеген улы заттар кездеседі.

Табиғат - тірі дүние. Біз табиғаттан тек алуды білеміз. Оның бар байлығын пайдаланып жатырмыз. Ал табиғатқа қамқорлық жасауды ұмытып кетеміз.

Табиғатқа келтірген зиян - өзімізге жасаған қастандығымыз. Табиғатты аялайық!

1. Экология ең …. проблемаға айналды.

а) үлкен

в) кіші

с) маңызды

д) зор

2. Табиғи ресурстар …. .

а) көбейіп барады

в) азайып барады

с) алынып барады

д) салынып барады

3. Бізді қоршаған орта …. .

а) таза

в) лай

с) тазарған

д) ластанған

4. Біз табиғаттан тек …. білеміз.

а) беруді

в) айтуды

с) алуды

д) қарауды

5. Оның бар байлығын пайдаланып …. .

а) отырмыз

в) жатырмыз

с) тұрмыз

д) жүрміз

6. Табиғатқа қамқорлық жасауды …. .

а) есте сақтаймыз

в) ұмытып кетеміз

с) ойлаймыз

д) білеміз

7. Табиғатқа келтірген зиян - өзімізге келтірген …. .

а) пайда

в) айла

с) мәселе

д) зиян

8. Табиғатты …. !

а) қорғайық

в) аялайық

с) ластайық

д) шашайық

ОҚЫЛЫМ

Мәтінді оқыңыз және төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

Қазіргі уақытта тәуелсіз Қазақстан - ядролық қарусыз мемлекет. Бірақ бұрынғы кеңес үкіметі кезінде үш сынақ полигоны болған. Соның ең үлкені - Семей сынақ полигоны. Бұл полигонда бірінші бомба 1949 жылы тамыз айының 29-ы күні жарылған. Семей полигонында барлығы 456 жарылыс өткізіліпті.

Біз Жер-Ана жыламаса екен дейміз. Бұл бүкіл ғаламшар адамдарының ойы.

9. Қазақстан - ядролық қарусыз …. .

а) мемлекет

в) елді мекен

с) ауыл

д) облыс

10. Бұрын …. сынақ полигоны болған.

а) бес

в) алты

с) бір

д) үш

11. Ең үлкені - …. сынақ полигоны.

а) Арал

в) Орал

с) Семей

д) Байқоңыр

12. Онда жарылыс өткізілді.

а) 203

в) 450

с) 584

д) 456

13. Біз Жер-Ана …. екен дейміз.

а) жыламаса

в) құламаса

с) егілмесе

д) секірмесе

14. …. жылы жарылған.

а) 1945 жылы

в) 1990 жылы

с) 1949 жылы

д) 1963 жылы


ЛЕКСИКА – ГРАММАТИКАЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАР

15. Сөздердің қарама-қарсы мағынасын табыңыз.

Спортты жақсы көремін.

а) ұнатамын

в) сүйемін

с) сыйлаймын

д) жек көремін

16. Сусыз өмір жоқ.

а) бар

в) болмайды

с) болған емес

д) мүмкін емес

17. Көлдер ластанып жатыр.

а) лайланып

в) өзгеріп

с) жақсарып

д) тазарып

18. Жер бетінде таза су ресурстары көп емес.

а) аз

в) мол

с) бар

д) жоқ

19. Лас ауа адам денсаулығына зиян.

а) пайдалы

в) пайдасыз

с) нашар

д) жаман

20. Экологиямыз нашар.

а) жақсы

в) әдемі

с) лас

д) тәуір

21. Көшелеріміз тазарды.

а) жақсарды

в) ластанды

с) әдеміленді

д) лайланды

22. Германия суды Швециядан сатып алады.

а) береді

в) үлестіреді

с) сатып алмайды

д) бермейді


ГРАММАТИКА

23. Етістіктің болымды, болымсыз түрін табыңыз.

Лас ауа табиғатты ластайды.

а) ластамайды

в) нашарлайды

с) жинайды

д) нашарламайды

24. Дұрыс тамақтану керек.

а) тамақтанбау

в) ұйықтамау

с) қолданбау

д) бермеу

25. Мезгілінде ұйықтау керек.

а) ұйықтамау

в) тамақтанбау

с) ішпеу

д) ауырмау

26. Табиғатты қорғауды өзіңнен баста.

а) аяқтама

в) ұста

с) ұстама

д) бастама

27. Адал бала анасын ұмытпайды.

а) білмейді

в) біледі

с) ұмытады

д) сүйеді

28. Экология жайында көп оқыдым.

а) оқымадым

в) жазбадым

с) үйренбедім

д) білмедім

29. Семей полигоны жабылды.

а) ашылмады

в) жабылмады

с) қойылмады

д) берілмеді

30. Табиғат бізді асырайды.

а) білмейді

в) түсінбейді

с) аямайды

д) асырамайды


ЖАЗЫЛЫМ

«Экология» жайлы жазыңыз.


І нұсқа

ТЫҢДАЛЫМ

Мәтінді тыңдаңыз және төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

Менің атым - Анатолий. Мен қазақ тілін үйреніп жүрмін. Маған қазақ тілі ұнайды. Қазақ тілінде өз ойымды жеткізе алмасам да, өзіме қажетті сөздерді және заттарды сұрай аламын. Мемлекеттік тілде таза сөйлегім келеді. Достарымның көбісі қазақ тілін үйрену қиын емес дейді. Тілді үйрену үшін ықылас керек. Қазақ тілі - мемлекетіміздегі жүзден астам ұлт өкілдерінің арасындағы татулық тілі. Мен қазақ тілін үйренумен қатар, домбыра тартып, мақал-мәтелдерді жаттап жүрмін. Сондай-ақ маған қазақ әндері де ұнайды. Мен қазақ тілінде таза сөйлеп кететініме сенімдімін.

1. Анатолий .... тілін үйреніп жүр.

а) орыс

в) ағылшын

с) неміс

д) қазақ

2. Оған қазақ тілі .... .

а) ұнайды

в) ұнамайды

с) жақсы көру

д) біледі

3. Ол өзіне қажетті заттарды сұрай .... .

а) алмайды

в) алады

с) біледі

д) білмейді

4. Оның достары қазақ тілін үйрену .... дейді.

а) қиын емес

в) қиын

с) жақсы

д) жаман

5. Тілді үйрену үшін .... керек.

а) ақша

в) білім

с) ықылас

д) күш

6. Ол қазақ тілімен қатар нені үйреніп жүр?

а) домбыра тартуды

в) гитарада ойнауды

с) қобызда ойнауды

д) шаңғы тебуді

7. Ол .... жаттап жүр.

а) әндер

в) билер

с) ескі өлеңдер

д) мақал-мәтелдер

  1. Ол қазақ тілін үйреніп кететіндігіне .... .

а) сенімсіз

в) сенімді

с) біледі

д) білмейді


ОҚЫЛЫМ

Мәтінді оқыңыз және төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

Қазіргі кезде мемлекеттік тілді үйренуге деген ықылас күшейіп келеді. Мысалы, саясаткер, депутат Юрий Кубайчук: «Мен мемлекеттік тілде сөйлеуге талпынып жүрмін, өйткені Қазақстан - Отаным, туып-өскен жерім. Қазақстандықтар мемлекеттік тілде сөйлеумен қатар жаза білу қажет»,- дейді. Евгений Аман мемлекеттік тіл жайында былай дейді: «Жылдан жылға мемлекеттік тілді қоғамда кеңінен қолдану мәселесі қазақстандықтар тарапынан қолдау тауып келеді. Қазақ тілді көптеген жұлдыздардың пайда болуы қазақ мәдениетіне деген өзгелердің сүйіспеншілігі мен қызығушылығын туғызды. Мен өзім шетелге жолсапарлап барсам да, қазақы сувенирлерді алып барамын», - дейді. Сондай-ақ, көшедегі жарнамалардың көбісі қазақ тілінде. Теледидарларда да қазақ тілді кинолар және жарнамалар көптеп шығып жатыр. Осыдан біз қазақ тілінің беделінің артқандығын байқауымызға болады.

9. Қазіргі кезде қай тілге деген ықылас күшейіп келеді?

а) қазақ

в) орыс

с) ағылшын

д) неміс

10. Юрий Кубайчук мемлекеттік тілді .... .

а) таза сөйлейді

в) білмейді

с) үйреніп жүр

д) жақсы біледі

11. Ол қайда туып өскен?

а) Ресейде

в) Канадада

с) Өзбекстанда

д) Қазақстанда

12. Қазақ тілінде сөйлеумен қатар .... .

а) ән айта білу керек

в) билей білу керек

с) домбыра тарта білу керек

д) жаза білу керек

13. Евгений Аманның айтқан сөзін табыңыз.

а) мемлекеттік тілде өлең жаттау керек

в) достарымның көбісі ағылшын тілінде сөйлейді

с) мемлекеттік тіл қазақстандықтар тарапынан қолдау тауып келеді

д) Қазақстан - менің Отаным

14. .... пайда болуы қазақ мәдениетіне деген қызығушылықты

туғызды.

а) орыс тілді жұлдыздардың

в) қазақ тілді жұлдыздардың

с) өзбек тілді жұлдыздардың

д) саясаткерлердің

15. Ол шетелге барғанда не алып барады?

а) қазақы сувенирлер

в) ескерткіштер

с) ойыншықтар

д) киімдер


ЛЕКСИКА – ГРАММАТИКАЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАР

16. Сәйкес келетін сөздерді табыңыз.

Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді .... .

а) сыйла

в) құрметте

с) сақта

д) ойла

17.Сәйкес келетін сөздерді табыңыз .... .

Сөз үйренуден .... .

а) жиренбе

в) саспа

с) асықпа

д) кетпе

18. Сәйкес келетін сөзді табыңыз.

Өз .... сүймеген адам ештеңені де сүйе алмайды.

а) анасын

в) дүниесін

с) елін

д) мүлкін

19. Сәйкес келетін сөзді табыңыз.

Жүректен .... сөз,

Жүрекке жол табады.

а) айтылған

в) шыққан

с) сөйлеген

д) атылған

20. Асты сызылған сөздің синонимін табыңыз.

Мен ертең мәжілісте баяндама жасаймын.

а) жиналыс

в) хабарлама

с) ақпарат

д) сабақ

21. Асты сызылған сөздің синонимін табыңыз.

Қызметкерлердің тіл үйренуге деген құлшынысы да ерекше.

а) зейіні

в) ынтасы

с) ойы

д) санасы

22. Мақалдың жалғасын табыңыз.

Шешеннің сөзі мерген, .... .

а) шебердің өзі мерген.

в) шебердің сөзі мерген.

с) шебердің көзі мерген.

д) шебердің бізі мерген.

23. Мақалдың жалғасын табыңыз.

Атаңа не қылсаң, .... .

а) алдыңа өзі келер.

в) алдыңа сол келер.

с) алдыңа мен келемін.

д) алдыңнан өзі шығар.

24. Мағынасы сәйкес келетін сөзді табыңыз.

Сөз сүйектен өтеді,

.... еттен өтеді.

а) қамшы

в) таяқ

с) оқтау

д) шоқпар


ГРАММАТИКА

25. Етістіктердің болымды/ болымсыз түрін табыңыз.

Мен кеше қызықты мәтін оқыдым, түсініксіз сөздерді жазып алған

жоқпын.

а) алдым

в) бардым

с) оқыдым

д) жаздым

26. Адам белгілі бір нәрсені ойлай отырып, не ойлап отырғанын білмеуі мүмкін?

а) естуі

в) алуы

с) білуі

д) көруі

27. Мен әдетте теледидардан көргенімді есте сақтаймын.

а) білмеймін

в) жаттамаймын

с) көрмеймін

д) сақтамаймын

28. Мемлекеттік тіл қазақстандықтар тарапынан қолдау тауып отырған жоқ.

а) отыр

в) кетеді

с) жүр

д) келді

29. Мемлекеттік тілдегі радионы көбірек тыңдамау, сөздерді диктордан

кейін қайталап отыру да есте жақсы сақтауға көмектеседі.

а) жазбау

в) тыңдау

с) көрмеу

д) бармау

30. Мен үнемі қазақ әндерін радиодан тыңдап отыруға тырысамын.

а) айтпаймын

в) тырыспаймын

с) тыңдаймын

д) айтамын

ЖАЗЫЛЫМ

«Қазақ тілі - мемлекеттік тіл» тақырыбы бойынша бірнеше сөйлем жазыңыз.

ІІ нұсқа

ТЫҢДАЛЫМ

Мәтінді тыңдаңыз және төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

Адам бойындағы сезімдердің ең күштісі – махаббат. Махаббат – бұл екі адамның бір-біріне деген сүйіспеншілігі. Одан «бақыт» келіп шығады. Бақытты адамның бойында жақсы көру, сыйлау және тағы басқа сезімдер болады. Бақытты адамның көңіл-күйі де жақсы болады. Сондай сезімдердің тағы бірі – күлкі. Күлкі адам өмірін ұзартады және оның денсаулыққа пайдасы зор. Күлкі, қуаныш сыйлау отбасына да жақсы әсер етеді. Ал қорқыныш адамның мінезіне кері әсер етеді. Қорқудан адам өзін әлсіз сезінеді.Әлсіз адам тез ауырып қалады. Адам бойындағы осындай сезімдер жеке адамға және айналасындағы адамдарға да қатты әсер етеді.


1. Адам бойындағы күшті сезім - .... .

а) махаббат

в) қорқыныш

с) сыйлау

д) жауабы жоқ

2. Махаббат деген екі адамның - .... .

а) қорқынышы

в) досы

с) сүйіспеншілігі

д) баласы

3. Бақытты адамның көңіл-күйі қандай болады?

а) жаман

в) күлкілі

с) қорқынышты

д) жақсы

4. Күлкі адамның өмірін .... .

а) ұзартады

в) қысқартады

с) алады

д) береді

5. Күлкі - денсаулыққа .... .

а) жаман

в) пайдасыз

с) пайдалы

д) жақсы

6. Күлкі, қуаныш сыйлау отбасына .... әсер етеді.

а) жаман

в) тез

с) жақсы

д) нашар

7. .... адамның мінезіне кері әсер етеді.

а) қорқыныш

в) бақыт

с) махаббат

д) күлкі

8. Қорқудан адам өзін .... сезінеді.

а) күшті

в) жақсы

с) әлсіз

д) мықты

9. Қандай адам тез ауырып қалады?

а) жаман

в) жақсы

с) күшті

д) әлсіз


ОҚЫЛЫМ

Мәтінді оқыңыз және төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

Менің үш ұлым бар. Балаларым – менің мақтанышым. Үлкен ұлымның аты – Асхат. Ортаншым – Азамат. Кенже ұлым – Самат. Асхат – заңгер. Асхат – алғашқы көрген қызығым. Тұңғышым ержетті. Ол – қара шаңырақ иесі.

10. Оның неше ұлы бар ?

а) бес

в) үш

с) екі

д) бір

11. Азамат - .... .

а) кенже ұлы

в) ортаншы ұлы

с) тұңғыш ұлы

д) жалғызы

12. Кенже ұлы - .... .

а) Асхат

в) Азамат

с) Самат

д) Аслан

13. Кім қара шаңырақ иесі ?

а) Самат

в) Азамат

с) Асхат

д) Аслан

ЛЕКСИКА – ГРАММАТИКАЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАР

14. Сөз тіркесін толықтырыңыз.

Балам - .... етім.

а) жүрек

в) бауыр

с) бақыт

д) көз

15. Жеңіс - .... шаңырақ иесі.

а) ақ

в) қара

с) көк

д) өз

16. Қызым .... .

а) үлкен жігіт болды

в) бойжетті

с) ержетті

д) кішкентай

17. Ұлым .... .

а) бойжетті

в) үлкен қыз болды

с) ержетті

д) өспеді

18. Сөздердің қарама-қарсы мағынасын табыңыз.

Мен үйдің тұңғышымын.

а) бойжеттім

в) кенжесімін

с) ержеттім

д) өстім

19. Ақылды адам - .... .

а) білімді

в) ақымақ

с) бақытты

д) бақытсыз

20.Сөздің қарама-қарсы мағынасын табыңыз.

Қанатты тұлпар – қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне.

а) тез

в) тар

с) асығыс

д) жылдам

21. Ән - Қазақстанның мемлекеттік рәмізі.

а) күй

в) елтаңба

с) ұран

д) жылдам

22. Сөзді мағынасымен сәйкестендіріңіз.

Мемлекеттің байлығы.

а) адам

в) өмір

с) күн

д) ауа райы

23. Мына сөздің синонимін табыңыз. Ыңғайлы.

а) жылдам

в) ыңғайсыз

с) қолайлы

д) жайлы

24. Дәрілік шөп аттарын табыңыз.

а) аспирин, цитрамон

в) түймедақ, итмұрын

с) алма, шие

д) жусан, жуа

ГРАММАТИКА

25. Дұрыс жауабын табыңыз.

Менің үш .... бар.

а) ұлыңыз

в) ұлы

с) ұлым

д) ұлың

26. Темірхан - .... тұңғыш ұлым.

а) сенің

в) менің

с) оның

д) сіздің

27. Біз бақытты .... .

а) ата-анасыздар

в) ата-анамыз

с) ата-анасыңдар

д) ата-аналар

28. Балаларымыз - .... байлығымыз.

а) біздің

в) бізге

с) бізбен

д) бізде

29. Мен .... отбасы жайлы білемін.

а) бақытты

в) бақытсыз

с) әдемі

д) сұлу

30. Қазақ халқы - .... халық.

а) сыйлы

в) ақылды

с) қонақжай

д) сараң


ЖАЗЫЛЫМ

Отбасыңыз туралы сөйлем жазыңыз.

ІІІ нұсқа

ТЫҢДАЛЫМ

Мәтінді тыңдаңыз және төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

«Хабар» телеарнасында болатын танымал бағдарламалардың бірі «Таң қалмаңыз» қызықты бағдарламасы. Ол 2003 жылдың қаңтар айының бірінші жексенбісінен көрермен назарына ұсынылды. Хабардың ұзақтығы – 60 минут. «Қонақжай», «Дүние - думан», «Ән – думан», «Дәм – думан» деген айдарлардан тұрады. Бұл бағдарламада көптеген ойындар өткізіледі, ұтқан жеңімпазға сыйлықтар беріледі. Мысалы, 15 сәуірдің «Махаббат мейрамы» болып жариялануының толық себебін тапқан көрерменге 1500 доллар ақшалай сыйлық берілді. Осы сияқты байқаулар бағдарламаның беделін одан сайын арттырып отыр.


1. «Таң қалмаңыз» телебағдарламасы қай телеарнада болады?

а) Рахат

в) Астана

с) Алматы

д) Хабар

2. Бұл бағдарлама қай жылдан бастап эфирге шыға бастады?

а) 2003 ж

в) 2004 ж

с) 1999 ж

д) 2006 ж

3. Қай айдан бастап шыға бастады?

а) наурыз

в) қаңтар

с) сәуір

д) желтоқсан

4. Хабардың ұзақтығы - .... .

а) 30 минут

в) 50 минут

с) 60 минут

д) 45 минут

5. Бағдарламаның бір айдарын табыңыз.

а) «Кеш қалмаңыз»

в) «Дәм-думан»

с) «Кешкі жаңалықтар»

д) «Ән айтамыз»

6. Бұл бағдарламада көптеген .... өткізіліп тұрады.

а) ойындар

в) сабақтар

с) жұмыстар

д) кеңестер

7. Жеңімпаздарға .... беріледі.

а) тамақ

в) киім

с) сыйлық

д) көлік

8. .... - «Махаббат мейрамы».

а) 12 мамыр

в) 30 тамыз

с) 11 желтоқсан

д) 15 сәуір

9. Телеарнада болатын байқаулар .... бағдарламасының беделін

арттырады.

а) кешкі жаңалықтар

в) «Кеш қалмаңыз»

с) шетел жаңалықтары

д) «Таң қалмаңыз»


ОҚЫЛЫМ

Мәтінді оқыңыз және төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

Елімізде көптеген журнал-газеттер шығады. Солардың бірі - «Қазақстан әйелдері». Ол 1925 жылдан бастап шыға бастады. Журнал айына бір рет шығады. Бұл журналдағы ақпараттардың бәрі пайдалы және қызықты. Журналда әр айдардың өз ерекшелігі бар. Мысалы, «Іздеймін сені» айдарында оқырмандардың хаттары жарияланады. Бір-бірімен хабары үзілген құрбылар, туыстар, бауырлар, достар бір-біріне іздеу салып хат жазады. «Артық болмас білгенің» айдары тіпті қызық. Мұнда көптеген нәрселердің құпиясы мен сырын білуге болады. Мысалы, «Киіз басудың құпиялары», «Сырмақтың да сыры бар» деген сияқты тақырыптар осы айдарда жарияланады. Бұл айдарлардан басқа қызықты «Ел тынысы», «Көкейтесті», «Замандас», «Жұлдыздар көші» деген сияқты айдарлары бар.

10. «Қазақстан әйелдері» журналы айына қанша рет шығады?

а) екі рет

в) бір рет

с) алты рет

д) төрт реет

11. .... айдарында оқырмандардың хаттары жарияланады.

а) «Ел тынысы»

в) «Көкейтесті»

с) «Замандас

д) «Іздеймін сені»

12. Қай айдардан көптеген нәрселердің құпиясы мен сырын білуге

болады?

а) «Жұлдыздар көші»

в) «Замандас»

с) «Сымбат»

д) «Артық болмас білгенің»

13. «Сырмақтың да сыры бар» тақырыбындағы мақаланы қай

айдарға жатқызуымызға болады?

а) «Іздеймін сені»

в) «Артық болмас білгенің»

с) «Ел тынысы»

д) «Көкейтесті»

14. Журнал нешінші жылдан бастап шыға бастады?

а) 1986 ж

в) 1924 ж

с) 1932 ж

д) 1925 ж


ЛЕКСИКА – ГРАММАТИКАЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАР

15. Сәйкес емес сөзді табыңыз.

Бағдарлама, айдар, жаңалықтар, қонақ.

а) бағдарлама

в) айдар

с) жаңалықтар

д) қонақ

16. Тыңдау, көру, есту, танысу.

а) тыңдау

в) көру

с) есту

д) танысу

17. Сөздердің қарама-қарсы мағынасын табыңыз.

Әлемде қанша ұлт болса, сонша ұлттық ерекшелік дәстүр бар.

а) жоқ

в) аз

с) көп

д) бір

18. Жыл өткен сайын айтыс қанатын кеңге жаюда.

а) жаңартуда

в) жайлауда

с) биіктетуде

д) айтуда

19. Ашық аспан астында қазақтың кең жазира даласының кез келген

жері айтыс үшін дайын сахна болған.

а) бос

в) жаңа

с) ескі

д) тар

20. Бүгінгі күні айтыс сирек өтеді.

а) тез

в) ақырын

с) жиі

д) терең

21. Олар халық ішінде беделді болған.

а) ертеден

в) беделсіз

с) табиғи

д) тыңдаушы

ГРАММАТИКА

22. Етістіктердің болымсыз мағынасын табыңыз.

«Іздеймін сені» айдарында оқырмандардың хаттары

жарияланады.

а) көрсетпейді

в) жарияланбайды

с) шықпайды

д) бармайды

23. «Танысқым келеді менің сізбен .... » айдарында жігіттер мен

қыздар өздері туралы жазып, бір-бірімен танысады.

а) таныспайды

в) оқымайды

с) бармайды

д) көрмейді

24. «Кеш қалмаңыз» бағдарламасында әр тақырыпты жан-жақты

талқылайды.

а) талқыламайды

в) алмайды

с) бармайды

д) көрмейді

25. Мен кешікпеу үшін күнімді жоспарлаймын.

а) жасамаймын

в) жоспарламаймын

с) қарамаймын

д) бармаймын

26. Сөйлемнен дұрыс емес сөзді табыңыз.

Менімен әдетте жұмысқа кешігіп келемін.

----------- ------------ --------- -----------

а) в) с) д)

27. Менде «Кеш қалмаңыз» бағдарламасын үзбей қараймын.

-------- ----- ------------- ------------------- ------------

а) в) с) д)

28. «Қазақстан әйелдері» журналындағымен ақпараттардың бәрі

---------------------- -----

пайдалы және оқуға қызықты ақпараттар.

----------- --------------

а) в) с) д)


29. Мен журналдармен қатар газеттердің оқимын.

------ ---------------- ----- --------------

а) в) с) д)

30. Сіз әдетте кездесуге кешігіп келесің бе?

-------- ----------- -------- ---------

а) в) с) д)


ЖАЗЫЛЫМ

«Телебағдарламалар және журналдар» тақырыбы бойынша сөйлем жазыңыз.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
25.03.2025
286
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі