"Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында табысқа жетуге жағдай туғызу тәсілдері " Баяндама

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында табысқа жетуге жағдай туғызу тәсілдері " Баяндама

Материал туралы қысқаша түсінік
"Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында табысқа жетуге жағдай туғызу тәсілдері " тақырыбында тіл дамытуда атқарылатын жұмыстың негізгі түрілерімен таныстыру. Мысалы, сөздік жұмысын жүргізу. Сөздік жұмысын жүргізу арқылы оқушының сөздік қорын байыту көзделеді. Сөздік қоры бай адамның ойын анық жеткізу мүмкіндігі бар. Екінші бір тілді меңгеру сөз үйренуден басталады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Shape2 Shape3




Shape4

«Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында табысқа жетуге жағдай туғызу тәсілдері»

Семинар-практикум


"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Азат ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі


Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Семсерхан Съез

25.04.2024




"Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында табысқа жетуге жағдай туғызу тәсілдері "

Балаға күштеп білім беруден гөрі,

баланың білімге деген құштарлығын ояту

ең маңызды мақсат

(К.Д.Ушинский)


Тіл – адам мен адамды, ұлт пен ұлтты жақындастыратын  өзгеше қатынас құралы. Тілмен сөйлесу  –  адамзат баласы үшін тысқары  бір дүние емес, ол ішкі құбылыс.

Адам баласы бірнеше тілде сөйлеседі.    Жер бетінде бар адамзат тілдерін күнделікті өмірдегі қарым - қатынас  барысында үнемі заман талабына, уақыт ағымына қарай өзгеріп, дамып, жетіліп отырады. Қазақстан Республикасының  «Тілдерді дамытуға арналған мемелекеттік бағдарламаларының  негізгі талабы - мемлекеттік тілді  оқытудың саны мен сапасына көңіл  бөлу керек».

Орыс мектептерінде өтілетін қазақ  тілі сабақтарының мақсаты – оқушылардың  сөздік қорын дамыту, оқу техникасын қалыптастыру, дұрыс сөйлеуге, сауатты  жазуға үйрету, сөйлем құрылысын меңгерту, қазақ тіліне тән дыбыстарын айтып, сөз ішінен ажырата білуге үйрету. Оқушылардың білімін  арттыру үшін сабақта жаңа технологияларды қолдана білу керек. Оқыту технологиясы мен әдістеме ғылымы бір-бірімен тығыз байланысты. Әдістеме ғылымы «Нені оқыту керек?», «Не үшін оқыту керек?», «Қалай оқыту керек?» деген сұрақтарға жауап іздесе, оқыту технологиясы «Қалай нәтижелі оқытуға болады?» деген мәселенің шешімін іздейді. Олардың мақсаты бір, яғни оқытудың тиімді жолдарын қарастыру. Бүгінгі таңда оқу процесінде оқытудың қалыптасқан негізгі әдістерімен қатар оқытудың жаңа әдістері, яғни инновациялық әдістері де жиі қолданылады. Оқу процесінде оқытудың озықтехнологиясын қолдану –бүгінгі  күннің өзекті мәселесі.

Ұстаз ретінде заман  талабына сай оқушылардың білімін  тереңдету үшін, тілге деген қызығушылығын  арттыру үшін көп еңбек етуіміз қажет. Басты  талап – сабақтың сапасын арттыра  отырып сабақ түрлері мен әдістерін  танымдылық, білімділік деңгейге жеткізу. Қазіргі  уақыт талабына сай мен де өз сабақтарымды жаңаша ұйымдастырып, өзіндік тың  ізденістерге талпынып отырамын. Сабақ  өткізу барысында оқушыларды халық  педагогикасы негізінде тәрбиелеп, оқушылардың сабаққа қызығуын арттырып, сабақ беру әдісінің тиімді түрлерін пайдаланып келемін. Мен қолданатын сабақтың жаңа түрлері де сабақтың мазмұнын, мақсатына, жүру барысына қарай  дамытпалы саяхат сабақ, ертегі сайыс сабақ, ойын, жарыс сабағы, тест әдісімен өткізіліп келеді.

Ұстаздың ең басты парызы – сабақта көңіл қанағаттанарлық жағдай, көтеріңкі көңіл-күй, жалпыға бірдей өзара сыйластық кеңістігін қалыптастыру. Сабақты бастамас бұрын психологиялық ахуал тудырып оқушыларды ояту керек.

Ұтымды психологиялық ахуал:

  • қиялдану процестерін арттыруға;

  • жаңа ақпаратты меңгеруге

  • есте сақтау процесін арттыруға

  • оқу еңбегін өнімді, сапалы болуына көмектеседі.


Ұйымдастыру кезеңі тұрады:

- оқушылармен амандасу

- сыныптың сабаққа даярлығын қадағалау

- мұғалімнің дауыс мәнері

- оқушының зейінін сабаққа аудару, оқушылардың тәртібі.

Дидактикалық ойындар – бала миын жаттықтыратын әрі тынықтыратын негізгі жаттығу. Міндеті - баланың қызығушылығын арттырып, оқуға белсенділігін дамытады.

Ойын

сабақтың басында

Сабақтың ортасында

Сабақтың соңында

өткен сабақты еске түсіреді

көңіл - күйін сергітеді, ерік - жігерін дамытады, сабаққа ынтасын арттырады

тақырыпты бекіту, сабақта алған білімді жинақтау мақсатын көздейді


Ойын әдістері мақсаты:

1.Сөздік қорын дамыту. 

2.Сөйлеудің грамматикалық  жағын ескере отырып қалыптастыру.

3.Ауызекі сөйлеу тілін  дамыту. 

4.Әңгімелеуге үйрету. 

Қазақ тілі сабақтарында бұл мәселені шешу жолдарының бірі әр түрлі әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану, жаңа технологияларды енгізу. Сабақта оқушылардың тілін диалог, монолог дамытуға болады. Диалогтық, монологтық сөйлеу барысында туындайтын қиыншылықтар да бар:

  • Диалогтық сөйлеуде қабылдаушы  баяндаушының айтқан ойын,

көзқарасын  бірден түсінуі қажет. 

  • Қабылдаушы бірден аяқ  асты жауап беруі тиіс.

  • Сөйлеу барысында қабылдаушы тыңдалым мен айтылым әрекетін бір-бірімен сабақтастыра меңгеру  керек. 

Монологтық сөйлесу барысында  қабылдаушы баяндаушының айтқан  ойын,

көзқарасын саналы түрде  ұғынып, оны логикалық жүйеікпен  айтуы керек. 

Монолог арқылы оқушылардың  мынадай іскерліктері қалыптасады:

  • белгілі бір тақырыпқа  өз көзқарасын білдіреді 

  • белгілі бір тақырып  бойынша ақпарат береді

  • сөз тіркесі мен сөйлем  құрай білу дағдылары қалыптасады 

  • сөйлеу тілін байтады 

  • сөздік қорын байытады 

  • нақты, дәл, анық жауап  беруге үйретеді 

  • әдеби тіл нормасында  сөйлеуге дағдыландырады 


Тіл дамытуда атқарылатын жұмыстың ең негізгі түрі – сөздік жұмысын жүргізу. Сөздік жұмысын жүргізу арқылы оқушының сөздік қорын байыту көзделеді. Сөздік қоры бай адамның ойын анық жеткізу мүмкіндігі бар. Екінші бір тілді меңгеру сөз үйренуден басталады.

Тіл үйрету дегеніміз – кез келген сөзді құрғақ жаттап алу емес, жаңа сөздің мағынасын түсініп, саналы түрде есте сақтау, жаттау, ауызша, жазбаша сөздерді дұрыс қолдана білу. Ал, оқушының жаңа сөздерді саналы түрде есте сақтауы үшін сабақта түрлі көрнекіліктер, кесте сөздердің орыс тіліндегі аудармасын айту, түсіндіру сияқты тәсілдер қолданылады. Жалпы, оқушылардың тілін дамытуда өткен сабақтарда үйренген сөздерді жаңа сабақпен байланыстыра, сол сөздерді қайталап, жаңа сөздермен бірге ауызша, жазбаша сөйлем құраттыру аса маңызды. 
Оқу орыс тілінде жүретін мектептерде оқушыларға жаңа сөздерді үйретуде төмендегідей әдістемелік талаптар ескерілуі тиіс.

1. Жаңа сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру. Сөздердің мағынасын түсініп

есте сақтаумен бірге, дұрыс айтып үйренудің мәні зор.

2. Заттың өзін көрсету арқылы меңгерту. Затты нақты көрсеткенде оқушының көру қабілеті арқылы сөздің мағынасын түсініп, есте сақтау мүмкіндігі артады.

3. Жаңа сөзді аудару арқылы меңгерту. Жаңа сөздерді оқушылардың ана тіліне иаудару сөздің дәл мағынасын ашатын бірден – бір тәсіл деуге болады.

Оқу орыс тілінде жүретін мектептердің бастауыш сыныптарындағы қазақ тілі сабақтарында оқушыға жаңа сөздерді үйретуде мынадай әдістемелік талаптар ескеріледі:

  • Жаңа сөздер жеке, дара алынбай, басқа сөздермен байланыста мәтінде алынып, қолданыстағы жағдайда беріледі.

  • Оқушының белсенді түрде меңгеретін жаңа сөздері 7 - 8 сабақ бойынша еске түсіріліп, қайталанып отырады.

  • Сондай - ақ, жаңа сөз оқушының түсінуіне ыңғайлы, жеңіл түрде беріледі.

  • Ол сөздің сөйлемде түрлі грамматикалық тұлғада қолданылатыны оқушыларға сөздердің бастапқы айтылу негізі бекітіліп түсіндіріледі.

  • Бір сабақтың ішінде жаңа сөздер мен грамматикалық ереже бір мезгілде берілмейді.

Демек, жаңа  технологиялық  әдіс-тәсілдерді пайдалану  білім  сапасын арттырудың бірден-бір жолы.

Оқыту үрдісінде оқушылардың білім қорын молайтуға, шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге көмегі бар.

Ойын түрлерін өздеріңіз жасап алуға болады. Төмендегі сілтемелерде құрастырған ойын түрлері мен сайттарға сілтемелерді ұсынамын:

1. сөз жұмбақтар жасауға қолданамын. Жаңа сөздер түсіндіру немесе сабақтың тақырыбын ашқанда http://rebus1.com/kz/index.htm?item=rebus

2 .Топтық жұмыс орындағанда, жаңа сабақты бекіткенде қолданамын

https://quizlet.com/793303237/Зат-есім-flash-cards/



3. Видео түрінде тапсырмалар және неше түрлі форматтағы ойын түріндегі тапсырмалар орындағанда қолданамын

https://games4esl.com/powerpointgames/hidden-picture-ppt-games/

4. Word, PPT, Video фарматында барлық тақырыптарға қатысты тапсырмалармен слайдтар, Видео тапсырмалар бар.

https://ru.islcollective.com/russkii-rki-rabocie-listy/slovarnaya-praktika/rabota-so-slovarem-v-kartinkah-ili-zadanie-na-sootvetstvie/telo-cheloveka/telo-celoveka-slovar-v-kartinkax/148559

5. Топқа бөлу, үй тапсырмасын сұрау, сөз жұмбақ, тб көптеген форматтағы тапсырма дайындайтын сайт

https://www.flippity.net/fc.php?k=1QjjZ2gxBIqDF9TbiGwzHb439VPP4kkovbe4qTZhyHgA

6. сілтемені қысқарту, оқушы туралы мәлімет, топқа бөлу, тапсырма беру

http://qrcc.ru/generator.php

7. дәптердің сыртындағы оқушы туралы мәліметті толтыру

https://vkqr.ru/contact?modal


8. Сабақты қызықты қорытындылау, тест

https://konstruktortestov.ru/test-34263

https://wordwall.net/ru/resource/55571696

https://wordwall.net/ru/resource/55572521

https://wordwall.net/ru/resource/55572954





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.00.2025
94
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі