«ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ САБАҚТАРЫНДА ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ӘДІС-ТӘСІЛ ЖҰМЫСТАРЫ»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ САБАҚТАРЫНДА ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ӘДІС-ТӘСІЛ ЖҰМЫСТАРЫ»

Материал туралы қысқаша түсінік
Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты — олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Какенбаева Г.У.

«Шахтинск қаласы әкімдігінің №11 ЖББМ» КММ

Шахтинск қаласы, Қарағанды облысы


«ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ САБАҚТАРЫНДА ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ӘДІС-ТӘСІЛ ЖҰМЫСТАРЫ»


«Баланы тәрбиелеушінің дәл өзіндей қылып шығармай,

келешек заманына лайық қылып шығару керек»

Мағжан Жұмабаев

Қазақстан Республикасы Президентінің «ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына жолдауында жазылғандай: Барлық дамыған елдердің сапалы бірегей білім беру жүйесі бар. Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. Жалпы білім беру мектептеріне заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды. Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептердегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуі тиіс. Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс.

Қазіргі заманға сай жеке тұлға қалыптастыру үшін оған ықпал ететін басты адам ол – жаңашыл, шығармашыл мұғалім. Мұғалімнің шығармашылығы мен жоғары деңгейдегі ұйымдастырушылығының арқасында ғана оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, тәрбиелеу мен жетілдіру, бойындағы ерекше қасиеттерін дамытуға мүмкіндік ашылады. Әрбір жеке тұлғаның бойында өнерге, шығармашылыққа спортқа деген ынтасы, дарыны болады. Ал, оқушы бойындағы дарындылықты байқап, әрі қарай шыңдау мұғалімнің шеберлігі. Мұғалім дарынды балаларды анықтаған кезде - өз алдына және оқушының алдына мақсат, міндет қоя білу керек.

Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты — олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады.

Менің ойымша дарынды оқушы ол: қазіргі озық технология негізінде әлемдік ақпараттан хабардар болуы; алған мәліметтерді өз ой- елегінен өткізіліп, қабылдауы; ғылыми – әдеби шығармашылықпен айналасуы; қоғамдық жұмыстарға белсенді араласуы; толыққанды ой-санасы артқан тұлға; өзіндік ой-пікірі қалыптасқан оқушы.

Оқушылардың белсенділігі мен танымдық іс-әрекеттері арқылы шығармашылығын дамыту, қажетті жағдайда айрықша шешім қабылдай алатын жеке тұлғаны дайындау, осыған орай оқытуды ізгілендіру мектептерінің алдында тұрған үлкен міндет екені белгілі. Қазақ тілі және әдебиет сабақтарында: ақпараттық – комуникативтік, модульдік, сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтерін пайдалану оқушылардың білімдерін шыңдап, дарынды оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыта түседі деп ойлаймын.

Менің тәжірибемде ақпараттық – технологияларды қолданудың тиімді жақтары: ақпараттық технологияны қолдану мұғалім үшін тиімді; оқушының білімін қысқа уақытта бағалай алады; білім сапасын арттыра алады; оқушының білімін кез-келген уақытта бағалай алады.

Ал ақпараттық жаңа технологияны қолдану оқушыға не береді?

Оқу материалдарын жиі қайталау мүмкіндігінің өсуімен қатар шығармашылық шеберлігінің артуына жағдай туғызады; көрнекті түрде тапсырмаларды орындай алады; ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуға көмектеседі; уақытты үнемдейді; қайталау мүмкіндігі кеңейеді; орындаған жұмыстарының қателіктерін бірден көруге мүмкіншілік тудырады.

Мұғалім ең алдымен, сыныпта шығармашылық көңіл-күй тудыру үшін баланың назары бір нәрсеге бағытталуы керек. Әрбір шығармашылық тапсырманы оқушыға ұсынудың мазмұны жеткіншектердің жас ерекшелігіне, қызығушылығына үйлесуі керек. Оқушының шығармашылықпен айналысуына мектепте, сабақ үстінде, үйде қолайлы жағдай туғызып, шығармашылық бағытқа баланы жүйелі, сапалы түрде қалыптастырып отыру қажет. Сондықтан баланың шығармашылығын дамытуда ұстаз көп еңбек сіңіру керек деген оймен толық келісемін.

Оқушылардың белсенділігін, қызығушылығын арттыра түсу үшін, шығармашылық қабілеттерін сабақта дамытуда әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады.

Дарынды оқушының бойындағы шығармашылықты дамыту үшін қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында төмендегідей жұмыстарды ұйымдастыруға болады: жеке жұмыс; әр шығармашылығына көңіл бөлу; әдеби шығармалар бойынша эссе жазу; ақын-жазушылар туралы мәлімет жинау, талқылау; шығарманы өз бетінше аяқтау; мектепішілік, қалалық, облыстық сайыстарға қатысу; сабақ тақырыбына байланысты кездесу ұйымдастыру, мұражай, көрмеге, ескерткіштерге саяхат жасау; ғылыми-зерттеушілік әрекетке баулу.

Қазақ тілі немесе әдебиет сабқатарында дарынды оқушыларды ғылыми-зерттеу жұмыстарына баулуға байланысты сабақта проблемалық сұрақтар мен тапсырмалар қою арқылы оқушыны зерттеуге жетелеуге болады.

Осы бағытта 7 сынып оқушысы Илюхина Софья қазақ тілінде «Емдік мақсатта қолданылатын ұлттық сүт тағамдары» тақырыбындағы ғылыми жобасында: қазіргі оқушылар мен жасөспірімдердің арасында асқазан, ішек жолдары, бауыр, өт қапшығы ауруларымен зардап шегушілер саны жыл сайын арта түсуіне байланысты, жылқы және түйе сүті, қымыз бен шұбат ағзаны физиологиялық табиғи пайдалы азық – түліктермен толықтырып, ағзаға әсерін күшейту туралы айтылған. 2010 жылғы ІІ Республикалық «Жарқын болашақ» өнер байқауының, ғылыми жоба бағыты бойынша қалалық және облыстық деңгейде бірінші орынға ие болды.

Оқушылардың шығармашылығын, тіл байлығын, әр түрлі қабілеттерін ашу, оқушы бойына,ойына, қанына ұлт рухын сіңіру, мемлекеттік тілді анық үйретіп шығару, оқушы шығармашылығына қолдау көрсету, жас дарындарды барлық бағытта қолдап жеке тұлға қалыптастыру мақсатында: 9 – сынып оқушысы - Маврова Диана ІІ Республикалық «Жарқын болашақ» өнер байқауының, «Өлкетану» бағыты бойынша қалалық деңгейде І орынға ие болды, облыстық деңгейде «Көрермендер көзайымына» ие болды; 11 – сынып оқушысы - Корсак Юлия І Республикалық «Жарқын болашақ» өнер байқауының, тіл шеберлігін көрсету туралы «Мәнерлеп оқу» бағыты бойынша қалалық деңгейде І орынға ие болды; 9 – сынып оқушысы – Илюхиа Софья І Республикалық «Жарқын болашақ» өнер байқауының, тіл шеберлігін көрсету туралы «Сөз шебері» бағыты бойынша қалалық деңгейде ІІ орынға ие болды; 10 – сынып оқушысы – Бондарев Андрей ІV Республикалық «Жарқын болашақ» өнер байқауының, тіл шеберлігін көрсету туралы «Тілші - әдебиетші» бағыты бойынша қалалық деңгейде ІІ орынға ие болды.

Мұғалім оқу-тәрбие үрдісін шығармашылықпен ұйымдастыра білген жағдайда ғана дарынды оқушы басқалардан өз ісіне деген сенімділігімен, қиял ұшқырлығымен, әдемілікті сезіне білуімен, өзгеше шабытымен ерекшеленеді. Өз ойын жаза білу зиялылықтың бірінші белгісі. Шығармашылық адамның бақылағыштық қабілетін, қиялын, фантазиясын дамытады. «Қазақ әдебиеті» тақырыбындағы эссе жазып, 10 – сынып оқушысы Макарцова Виктория облыстық мектеп оқушыларының арасындағы олимпиадада ІІІ – орынға ие болды; 11 – сынып оқушысы – Бондарев Андрей Қарағанды қаласындағы «Болашақ» университетінің ұйымдастырылуымен өткізілген жыл сайын өтетін облыстық «ЭРУДИТ» олимпиадасына қатысып ІІІ – орынға ие болды; Мектептің 9-10 сынып оқушыларының арасында «Дарын» аймақтық шығармашылық байқауында, ақындардың өлеңін мәнерлеп оқу бағыты бойынша 9 – сынып оқушысы Какенбаева Перизат ІІ – орынға ие болды.

Әрине, атқарылған істер аз емес. Дегенмен, әлі де болса бізді ойландыратын, толғандыратын істер жетерлік. Атап айтқанда, олар – білім сапасын арттыру, оқушылардың біліміне, ойлау қабілетіне сай деңгейлеп оқыту, ғылыми-ізденіс қабілеттерін қалыптастыру. Өйткені, ХХІ ғасыр- білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.

Қорыта келгенде, О.Бальзактың “ұдай еңбек ету- өнердің де, өмірдің де заңы” дегеніндей, оқушылардың шығармашылық қабілеті мен белсенділігін арттыруда мұғалімге үнемі ізденуді, тұрақты еңбек етуді міндеттейді.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Жанабілова А.Қ. Тіл дамыту жұмыстарының инновациялық технологиясы. Өскемен. 2008ж.

2. Кәтенбаев Б.Ш. Тіл ұстарту жұмыстары бойынша методикалық нұсқаулар. Алматы. 1991ж.

3. Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ». Астана. 2014ж.

4. Сабыров Т. Оқушылардың оқу белсеңділігін арттыру жолдары. Алматы. 1978 ж.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
21.12.2017
989
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі