400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында көркем шығарманы оқытудың тиімді жолдары»

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқу орыс тілінде жүргізілетін жалпы білім беретін мектептегі «Қазақ әдебиеті» пәнін оқытудың мақсаты – оқушыларды қазақ халқының көркем әдебиеті туындыларымен, әдебиет теориясымен жүйелі түрде таныстырып, сол негізде оқушыларға жан-жақты тәрбие беру. «Қазақ әдебиеті» пәнінің алдына қоятын негізгі мақсаты – оқушыларды әдебиетіміздің үздік туындыларымен таныстыру арқылы қазақ әдебиеті туралы ұғымдарын қалыптастырып, көркем мәтіндерді оқыту барысында қазақ тілінде ауызша және жазбаша сөйлеу тілін дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында көркем шығарманы оқытудың тиімді жолдары»

Мақсаты: Оқушыны көркем мәтіннің оқу түрлеріне дағдыландыру керек. Көркем мәтінді оқу  түрлерін жіктеп ажыратамыз: Абай өмірі және оның шығармашылығы.

Орыс тілінде білім беретін мектептерде мемлекеттік тіл – қазақ тілі мен қазақ әдебиетін оқыту – қазіргі заман талабы, өмірлік зор маңызы бар өзекті іс болып отыр.

«Тілдің нағыз әдемілігі, - дейді М. Горький, - сөздің дәлдігі, оның айқындығы, естілуі, айтылуы арқылы көрінеді». Аталған қасиеттердің барлығы болу үшін тілдің бай сөздік қорын меңгеру қажет екені айқын. Ұлы педагог К.Д. Ушинский: «Тіл – ешқашан солмайтын, мәңгі жасарып, жайыла түсетін гүл», - деп тегін айтпаса керек.

Оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымын қалыптастыруда «Қазақ әдебиеті» пәнінің орны ерекше.

Оқу орыс тілінде жүргізілетін жалпы білім беретін мектептегі «Қазақ әдебиеті» пәнін оқытудың мақсаты – оқушыларды қазақ халқының көркем әдебиеті туындыларымен, әдебиет теориясымен жүйелі түрде таныстырып, сол негізде оқушыларға жан-жақты тәрбие беру. «Қазақ әдебиеті» пәнінің алдына қоятын негізгі мақсаты – оқушыларды әдебиетіміздің үздік туындыларымен таныстыру арқылы қазақ әдебиеті туралы ұғымдарын қалыптастырып, көркем мәтіндерді оқыту барысында қазақ тілінде ауызша және жазбаша сөйлеу тілін дамыту.

«Қазақ әдебиеті» оқулығы көркем шығармаларды негізге ала отырып, оқушылардың қазақ тілінде ойлау белсенділігі мен сөйлеу әрекетінің дамуын қамтамасыз етеді. Оқушылар қазақ әдебиеті арқылы қазақ халқының салт-дәстүрімен, мәдениетімен танысады.

Сондықтан мұғалімнің пәнді оқытудағы мақсаты – оқушының пәнге деген қызығушылығын ояту, қазақ тілінде сөйлеуге ынталандыру, мәнерлеп оқу, мазмұндау, жатқа айту, ауызша, жазбаша баяндау сияқты жұмыс түрлерін жүйелі жүргізу арқылы оқушы бойында белгілі бір дағдыларды қалыптастыруға тырысу болып табылады. Мұғалім ең алдымен сөздік жұмысына, оқушының сөйлеу мен жазу мәдениетіне, түсінігін жеткізе білуіне басты назар аударуы қажет. Орыс тілінде білім беретін мектептерде «Қазақ әдебиеті» пәнін оқытудың негізгі жолдарының бірі – сөздік жұмысын дұрыс жүргізу болып табылады. Ол оқушының сөздік қорын байытуда ерекше орын алады. Сөздік жұмысын ұйымдастырудың басты ұстанымдарының бірі – оқушының берілген материалды белсенді түрде меңгеріп, сөйлеуде еркін қолдана білуге үйрету нәтижесінде қалыптасады. Сөздік жұмысын жүргізудің жолдары, әдіс-тәсілдері әр түрлі. Оқушы ұғымына ауыр, түсініксіз сөздерді синонимдер, антонимдер арқылы түсіндіру тиімді. Сонымен қатар аударма жұмысы арқылы да жақсы нәтижеге жетуге болады. Мұғалім мәтін арқылы үйретілген жаңа сөздерді сөздікке жазғызып қоюмен ғана шектеліп қалмай, оларды естеріне сақтауға арналған жаттығулар жүргізу қажет: сол сөздерді қатыстырып бір-біріне сұрақтар қойғызу, оған жауап бергізу, сол сөздерді дұрыс оқу мен жазуға көңіл бөлу, кейігі сабақтарда қайталап отыру, сөз тіркестері мен сөйлемдер құрату, түрлі сөздіктермен жұмыс істеуге бағыт беріп, пайдаланудың жолдарын үйрету.

  • А. Құнанбаев : «Балаға үйренген сөзін қолдана білуіне жағдай туғыза білу керек. Үйренген сөзін сөйлеу тілінде, өзінің ауызекі сөйлеу тілінде қолдана білсі, ол оның жеке меншігіне айналады», - деген болатын.

Көрнекті ғалым, тілші А. Құнанбаевтың мұрасы, негізінен, балалардың сөздік қорын, сөйлеу қабілетін дамытатын ғылыми дидактикалық материалдардан тұрады. «Ауыздан шыққан сөздің бәрі сөйлем бола бермейді, айтушының ойын тыңдаушыға ұғарлық дәрежеде түсінікті болып айтылған сөздер ғана сөйлем болады», - деп атап көрсеткен ұлы ғалым. А. Құнанбаев бала тілін дамытуда сөз үйретіп, сөздік қорын молайту мақсатында өте тиімді әдістер қолданған. Атап айтқанда, ол баланы ойната отырып, ойлантатын әдістерді қолдануды талап еткен.

Аудандық мектеп оқушылары арасында республикалық Абай оқуларының аудандық кезеңінде мен оқушылармен бірге 2013 жылдан қатысып жүрміз. Ең біірінші оқушылардан бастаған, 7 сынып оқушысы Жантемирова Дилара - Аудандық «Абай оқулары» байқауының «Көңілім әңді ұғады» бағыты «Көзімнің қарасы» әнімен. 2014-2015 о.ж.

4 сынып оқушысы Абахан Балжан - Аудандық «Абай оқулары» байқауының «Көңілім әңді ұғады» бағытында. 2015-2016 о.ж. 6 сынып оқушысы Абахан Балжан - Аудандық «Абай оқулары» байқауының «Көңілім әңді ұғады» бағытында және Қуанышбеков Дарын – 5 сынып оқушысы - Аудандық «Абай оқулары» байқауының «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы» бағытында. 2017-2018 о.ж. 5 сынып оқушысы Қуанышбеков Дильназ - - Аудандық «Абай оқулары» байқауының «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы» бағытында, қатысқан үшін мадақтама. 2018-2019 о.ж. 6 сынып оқушысы Қуанышбеков Дильназ - - Аудандық «Абай оқулары» байқауының «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы» бағытында, мадақтама 1 орын. Биыл 2019 жылы «Кітап оқып, рухани бай бол!» сайысының тұжырымдамасында Абайдың туғанына175-жылдығына орай, өлеңдерің оқып, видеоролигің Инстаграммға қойып, ол балла – 53 комментарии және 244 адам қараған.

Оқушылардың стимулы бар, мен бірге олармен тырсып, алға кележатырмын.

Белгілі әдіскер-ғалымдар ауызша тіл ұстартудың төмендегі жүйесін ұсынады:

  1. Сабақтағы оқушы жауабының мұғалімнің қатысынсыз, өз тарапынан айтылуы.

  2. Оқушылардың ізденіс жасаған шығармашылық жұмыстарының қорытындысын жинақтап айтқызу.

  3. Оқушыға көрген кино, сурет, спектакльдердің мазмұнын айтқызу.

  4. Ауызша суреттеп сөйлеу.

  5. Ойдан әңгіме, өлең шығару.

  6. Көпшілік алдында сөйлеуге баулу.

  7. Мәтін оқу.

  8. Мәнерлеп оқу.

  9. Үйде оқу.

  10. Хабарлау.

  11. Күнделікті көргендерін әңгімелеу.

  12. Сын айту.

  13. Айтыс, жарыса сөйлеп айтысу.

  14. Таласу.

  15. Есеп беру.

  16. Үгіт-насихат.

  17. Баяндама жасау.

  18. Құттықтау.

Тіл дамыту жұмысы келесі бағыттырды қамтиды:

  1. Оқушылардың сөздік қорын дамыту:

- жаңа сөздер үйрету және осы үйренген сөздерінің, сондай-ақ балалардың бұрыннан сөздік қорында бар сөздердің мағыналарын үйрету;

- көркем мәтіндегі бейнелі құралдарды үйрету;

- синонимдермен, омонимдермен жұмыс;

- антонимдермен жұмыс;

- көп мағыналы сөздермен жұмыс;

- қанатты, нақыл сөздермен жұмыс;

- мақал-мәтелдермен жұмыс;

- жұмбақ, жаңылтпаштарды үйрету;

- ертегі, мысалдармен жұмыс;

- оқушылардың үйренген сөздерін қолдану белсенділігін арттыру жұмыстары;

  1. Сөз тіркестері, сөйлемдермен жұмыс.

  2. Байланыстырып сөйлеуге үйрету.

Әдебиет пәнін басқа пәндермен байланйстыра оқытудың маңыздылығын әдіскерлер Д. Әлімжанов пен Ы. Маманов: «Пән мен пәнді байланыстыра оқытудың қазіргі күндегі жаңа ұстанымдары оқушылардың алған білімдерінің тиянақты болуына және оны нақтылы фактілерден өздері бақылып, сапалы меңгеркіне, алған білімдерінің әр жақты дамуына жол ашатын ғылыми-практикалық маңызы бар әдісі болып отыр», - деп атап көрсеткен.













Прививать любовь учащихся к изучению произведения выдающихся поэтов, просвитетелей. Отличать стихи, слова назидания, на примере творчества великого Абая. Мои ученики принимают участие на районном уровне с 2013 года Абайских чтений среди школьников. Первой взлетела, моя ученица 7-го класса Жантемирова Дилара - «Абай оқулары» байқауының «Көңілім әңді ұғады» бағыты «Көзімнің қарасы» әнімен.

2014-2015 уч.год - Абахан Балжан, ученик 4-го класса, Аудандық «Абай оқулары» байқауының «Көңілім әңді ұғады» бағытында.

2015-2016 о.ж. 6 сынып оқушысы Абахан Балжан - Аудандық «Абай оқулары» байқауының «Көңілім әңді ұғады» бағытында және Қуанышбеков Дарын – 5 сынып оқушысы - Аудандық «Абай оқулары» байқауының «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы» бағытында.

2017-2018 о.ж. 5 сынып оқушысы Қуанышбеков Дильназ - - Аудандық «Абай оқулары» байқауының «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы» бағытында, қатысқан үшін мадақтама.

2018-2019 о.ж. 6 сынып оқушысы Қуанышбеков Дильназ - - Аудандық «Абай оқулары» байқауының «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы» бағытында, мадақтама 1 орын. Биыл 2019 жылы «Кітап оқып, рухани бай бол!» сайысының тұжырымдамасында Абайдың туғанына175-жылдығына орай, өлеңдерің оқып, видеоролигің Инстаграммға қойып, ол балла – 53 комментарии және 244 адам қараған.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
15 ақпан
507
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі