«Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың жазылым дағдысын жаңартылған бағдарламасы бойынша дамыту».

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың жазылым дағдысын жаңартылған бағдарламасы бойынша дамыту».

Материал туралы қысқаша түсінік
ақпаратты сурет және белгілер/пиктограммалар арқылы беру; каллиграфиялық нормаларды сақтау; сөздердің дұрыс жазылуын (орфографиялық нормаларды) меңгертуге арналған тапсырмалар орындау; мәтіннен сөздерді, сөйлемдерді, қысқа үзінділерді көшіріп жаздыру; мәтіндегі жазылуы қиын сөздерден сөздік құрастыру; сөзден сөйлемдер, сөйлемдерден мәтін құрастырып жазу; шағын хат жазу; есте сақтау арқылы жазу; байқағаны, ұнататын істері, ойындары туралы тірек суреттермен сөйлемдер, шағын мәтін құрастырып жазу; сурет бойынша жазу; өзі құрастырған мәтінін мұғалімнің көмегімен
Материалдың қысқаша нұсқасы









БАЯНДАМА

«Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың жазылым дағдысын жаңартылған бағдарламасы бойынша дамыту».






Дайындаған:қазақ тілі мен

әдебиеті пәнінің мұғалімі:

Бекжигитова А.Б.














Менің ойымша, қазіргі кезеңде оқушының өз бетімен білімге ие болу барысында оның белсенді іс-әрекетін ұйымдастыру оқу үдерісіне қойылатын негізгі талаптардың бірі болып табылады. Бұл тәсілдеме пәндік білімді, әлеуметтік және коммуникативтік дағдыларды ғана емес, сонымен бірге өзінің жеке мүдделері мен болашағын сезінуге, сындарлы шешімдер қабылдауына мүмкіндік беретін тұлғалық қасиеттерді де меңгеруге ықпал етеді.

  Бүгінгі күннің басты талабы - болашақта өркениетті елдердің жоғары технологиясын меңгеріп, дүниежүзілік білім кеңістігінен көріну, қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде оқытуда әлемдік озық үлгілерді тиімді пайдаланып, оқушылар бойында тілдік дағдыларды қалыптастыру. Бұл орайда қазақ тілін оқытудың озық технологияларын меңгеріп, оқушылардың сөйлеу дағдысын дамытуда, қарым – қатынас біліктілігін қалыптастыруда, мемлекеттік тілді меңгеріп, сауатты жазып, сөйлеуіне жағдай тудыруда қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің атқаратын қызметі. Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы заман талабына сай келешек ұрпаққа жаңа серпіліс беретін бағдарлама деп есептеймін.

Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Оқытудың жүйесі өзгерді. Осыған байланысты алдымызда оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұрғандығы баршамызға аян. Яғни, қазақ тілінің жаңа оқыту әдістері арқылы біз білім деңгейі, ой-өрісі дамыған, тіл арқылы өз ойын еркін жеткізе алатын, туындаған мәселелерді шеше білетін, шынайы өмірге бейім жаңашыл ұрпақ тәрбиелейміз. Оқушылардың оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым дағдыларын қалыптастыра отырып, оларды еркін қарым-қатынас жасауға, сын тұрғысынан көзқарасын білдіруге, өз ойын жеткізіп, шешім қабылдауға дағдыландырамыз. Бұл төрт дағды бір сабақтың үстінде өзара байланысты бірізділікпен жалғасын тауып жатады. 

«Қазақ тілі» пәнінде жазылым дағдысын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:

  • ақпаратты сурет және белгілер/пиктограммалар арқылы беру;

  • каллиграфиялық нормаларды сақтау;

  • сөздердің дұрыс жазылуын (орфографиялық нормаларды) меңгертуге арналған тапсырмалар орындау;

  • мәтіннен сөздерді, сөйлемдерді, қысқа үзінділерді көшіріп жаздыру;

  • мәтіндегі жазылуы қиын сөздерден сөздік құрастыру;

  • сөзден сөйлемдер, сөйлемдерден мәтін құрастырып жазу;

  • шағын хат жазу;

  • есте сақтау арқылы жазу;

  • байқағаны, ұнататын істері, ойындары туралы тірек суреттермен сөйлемдер, шағын мәтін құрастырып жазу;

  • сурет бойынша жазу;

  • өзі құрастырған мәтінін мұғалімнің көмегімен тексеру.

    Жазылым дағдысы оқылым арқылы келетіндігін атап өткен дұрыс деп ойлаймын. Соған дәлел ретінде газет-журнал мақалаларымен жұмысты алуға болады. Мысалы, «Негативтен-позитивке» тапсырмасы мақаланы қайта өңдеп жазуға көмектесумен қатар, кейбір грамматикалық ұғымдарды игеруге де көмектеседі. Ол үшін жағымсыз хабар айтылған газет мақалаларын қиып ала келемін. Әр оқушыға әр түрлі мақаланы беріп, оқуды тапсырамын. Мақаланың ішінен өздеріне жағымсыз әсер тудыратын сөздерді бірінің астына бірін теріп жазғаннан соң, сол сөздерге антоним сөздерді табады. Сөйтіп, тапқан сөздерін пайдалана отырып, позитив мақала жазып шығады.

Бұл қызығушылықты ояту кезеңінде Миға шабуыл стратегиясы , Топтастыру,

Т кестесі стратегиясы арқылы қолдану тиімді.«Егіздер» әдісін пайдалануға ұсынамын. Мұнда екі оқушы тақтаға шығып, тақырып бойынша жаңа сөздерді жазып, үшінші оқушы сол екі сөзден тіркес құрайды. Қалған оқушылар тіркестерден сөйлем құрап дәптерлеріне жазады.Бұл әдіс оқушының жазылым дағдысымен бірге ойлау қабілетін арттырып, грамматикалық дағдыларын дамыта түскендігін байқадым. Яғни, бұл жерде бірлескен жазылым жұмысы көрінді. Осы әдіс бойынша тапсырма орындауда өте жақсы ахуал қалыптасқанын, ұжымдық түсіну сияқты табысқа қол жеткізгенімді байқадым. Жалпы жаңартылған бағдарлама әсіресе оқылым мен жазылымда оқушылардың бірлесіп жұмыс істеуін басты назарда ұстайды. Өйткені орыс тілді аудиторияның сөздерді мәтін мазмұнын тез түсініп,ойын қағазға түсіруіне оңай әдістің бірі.

Жаңа сабақты бастар алдында «Топтастыру» стратегиясы арқылы оқушылармен бірлесе жұмыс жасауға болады.Осылайша, күн сайын сабақта жаңа әдіс-тәсілдерді енгізе отырып, жазылым сынды дағдыны да қызықты етіп өткізуге болады.

Мағынаны тану кезеңінде «RAFT» стратегиясын Түртіп алу, ДЖИКСО , «Сөздік» жұмысы,Талдау картасы  тәсілдерін қолдану тиімді деп ойладым.

Баяндамамды Серке Қожамқұловтың ««Ұстаз» деген ұлағатты атауды естігенде, күні бүгінге дейін өзімді шәкірттей сезінемін»-деген сөзімен аяқтағым келеді.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.03.2025
242
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі