Қазақ тілі мен әдебиеті
сабақтарында саралап оқыту технологиясының элементтерін тиімді
пайдалану
Қазақстан Республикасының
«Білім туралы» заңында білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың
ұстанымдарының бірі - жеке адамды қалыптастыруға,кәсіби шыңдауға
бағытталған білім алу және педагог қызметкерлер студенттің
мемлекеттік білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес
білім,білік,дағды алуын қамтамасыз етуге,олардың жеке шығармашылық
қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасауы қажеттілігі қарастырылған.
Осыған сәйкес бүгінгі ұстаздар қауымының алдында студентке білім
мен білік дағдыларын игертіп қана қоймай,ақпараттық технологияны
терең меңгерген,бүгінгі заманға лайықты,өз бетімен жұмыс жасай
білетін,бәсекеге қабілетті жаңашыл, жеке тұлғаны дамыту міндеті -
ол баланың тілін ой-өрісін,қиялы мен шығармашылығын дамыту болып,
жаңа заман талабына сай жан-жақты дамыған жеке тұлға ретінде
тәрбиелеу. Белгілі психолог Л.С.Выготскийдің негізі бойынша «Бала
дамуының ең шарықтау шегі - бұл тіл мен ойдың шығармашылығы» -
деген екен.
Бүгінгі таңда білім беру
саласында әртүрлі сипаттағы және бағыттағы инновациялар енгізілуде.
Азды-көпті мемлекттік жүргізіліп,мазмұнға,ұйымдастыруға оқыту
әдістері мен технологияларына жаңалықтар кіруде. Білім беру
саласына еңген жаңалықтарға мына өзгерістерді
жатқызамыз:
1.оқу-тәрбие мекемелерінің
жаңашыл басқарылуы;
2.білімнің қоғамдағы орны және
сол жүйені қаржыландыру деңгейін;
3.тәрбие және білім жүйесі
құрылымын;
4.осы міндеттерді шешуді,яғни
іздену іс-әрекетін ұйымдастыру,мұнда үлгі көрсетуге
болмайды,сондықтан мұғалім оқушыларды іздену іс-әрекетіне таратуы
қажет ол үшін екі шартты орындау
керек.
5.Мұғалім өзара ізденуге
басқарушы болмай, шын мәнінде қатынасушы болу
керек.
6.Ол студенттер жүргізіліп
жатқан ізденуді шын мәнінде жүзеге асыру керек,оларға дұрыс шешім
көрсету керек.
Оқу міндеті шешілгеннен кейін
оқытушы табылған шешімнің бағасын ұйымдастырып,оның басқа
міндеттерді шешу үшін қаншалықты пайдалануға болатынын түсіндіреді.
Деңгейлік тапсырмалар беру әдістемесінің негізгі ұстанымы – оқу
материалдарын студенттің жас ерекшелігі мен психологиялық
ерекшеліктеріне байланысты ойлау әрекеттеріне ойластырып,саналы
меңгерту.Студенттердің білім сапасының көп жағдайларда төмен болуы
осындай түрлі жағдайларды ескермеудің салдарынан деп айтуға болады.
Деңгейлік тапсырмалар мен жұмыс жасау студенттердің іскерліктерін
жүзеге асырады.
Сабақ өткізу формаларын және
түсіндіру әдістерінің жаңа тәсілдерін күнделікті сабаққа қолдануға
тырысамын.
Көбінесе мына жағдайларға
көңіл бөлемін:
1.Сабақтың мазмұны.
2.Сабақты өткізудегі тәсілдері мен әдістерін
таңдау.
3.Сабақтың нәтижелігі.
Жалпы білім беру бағдарлама
бойынша «Қазақстан мемлекеті,оның құрылымы» тақырыбын өту барысында
бейнелі суреттер,бейнефильмдер,слайдтар,сызбалар,үлестірмелі
қағаздар,дидактикалық материалдар
пайдаланылды. Сабақта жаңа тақырыпқа байланысты жаттығу
жұмыстары орындалады.Сабақты пысықтау мақсатында студенттермен
деңгейлік тапсырмалар,жұмыстар орындалады. Барлық студент
тапсырманы І деңгейден бастайды.Әр студент оларды орындау арқылы 5
ұпай жинап, келесі деңгейге көшіп отырады. ІІ деңгей үшін 10 ұпай
қосып « 4 » алады. ІІІ деңгей үшін 15 ұпай қосып, барлық жинаған
ұпайы үшін «5» алады.
І
деңгейде студентке 2 тапсырма берілді. ( 5 ұпай
)
-
Етістік қандай сөз табы? Мысал
келтіру.
-
Қазақстанның неше облысы бар? Атап
бер.
-
ІІ
деңгей 10 ұпай:
-
Қай
сөйлемнің құрамында осы шақ етістігі
қарастырылған?
а)
Арман мен Айдар мектепте бір партада
отырады.
б)
Кеше қаладан әртістер келді.
в)
Еңбек ерлікке жеткізер,ерлік елдікке
жеткізер.
2.Сөйлем мүшесіне талда.
Шопандар қалашығында электр шамы
жарқырайды.
ІІІ
деңгейлің тапсырмасы.
«Туған жер» тақырыбына өзің білетін бес мақал
жаз.
ІV
деңгей шығармашылық деңгей. «Атамекен», «Менің Қазақстаным»,
«Туған
жердің келбеті» ой
толғау.
Осы
деңгейлік тапсырмалар бойынша олардың жұмыстарын дистаграмма сызып
бағалаймын.
Қазіргі заман - бәсекелестік пен жоғары
технологиялар заманы, ғылым мен білім заманы. Бүгінгі мұғалім –
үнемі ізденіс үстіндегі өзін-өзі дамытып отыратын тұлға. Мұғалімнің
кәсіби дайындығы,білім мен біліктері,оқу үрдісінің дұрыс бағытта
жүруі тек шығармашылық қызмет арқылы жүзеге асады. Басты міндет -
жоғары сапалы білім беруді қамтамасыз ету, баланың, қоғамның,
мемлекеттің қажеттілігінқанағаттандыру.
Бүгінгі білім беру сапасы - қоғамымыздың
ертеңі.Соңғы жылдары жеке адамды қалыптастыруда, оған жан-жақты
терең білім беру мақсатында көптеген жаңа технологиялар ұсынылуда.
Жаңа технологиялардың басты мақсаты- баланы оқыта отырып, оның
еркіндігін, белсенділігін қалыптастыру,өз бетінше шешім қабылдауға
дағдыландыру.Бұрын дәстүрлі оқытуда оқытушы студентке дайын
ақпаратты таратушы,
Студент тек тыңдап, ақпаратты қабылдаушы,яғни
«оқытушы айтады – студент тыңдайды». Ал қазіргі оқытудың
инновациялық технологиясы бойынша бірінші орынға студенттің білім
алуы емес, студенттің жеке тұлғасы оның білім арқылы дамуы қойылып
отыр. Студент өзі ізденіп, өзі оқып, өзі үйренеді.Сабақта
проблемалық оқыту іске асырылады(жағдаятты шешу, балаға ой тастау,
«миға шабуыл,дебаттар» т.б.).Мұғалім сабақта студентке бағыт-бағдар
береді. Мұғалімнің көңілі әрбір студенттің жеке
мүмкіндіктерін,қызығушылықтарын анықтауға
бөлінеді.