400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақ тілі мен әдебиеті "Сөз таптары"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі мен әдебиеті "Сөз таптары" тақырыбы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Онлайн сабақ жоспары



Пәні: қазақ тілі мен әдебиеті   Сынып: 2


Бөлім: 6-бөлім: «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті»


Сөздік қор: байғазы, көрімдік, сыйлық

Оқу мақсаттары:

2.1.1.1 мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру


2.4.2.3 көптік жалғауларын дұрыс қолдану


Сабақ мақсаты:

Сұрақтар қою және жауап беру

Сөздегі көптік жалғауларын ажырату


Сабақ барысы:  

Стартер. 2 минут

Балалар, ребусты дұрыс шеше алсаң, сен бүгінгі тақырыбымыз не туралы екенін өзің анықтай аласың.

Қанекей, кім тапқыр! Ойлан.

Сен білесің бе? 1 минут

Байғазы – қазақ дәстүрінде үлкеннің балаға беретін сыйлығы. Байғазыны көбінесе жаңа киім кигенде, жаңа зат алғанда ағалары немесе жеңгелерінен, жақын туыстарынан сұрайды.
Үлкендер Байғазы (ақша,малдың төлі-лақ, қозы, тай, бұзау) берумен бірге құтты болсын айтып ізгі тілек білдіреді.

Байғазы сөзін жазып алу.



Мәтін оқу. «Байғазы» 4 минут

Cұрақ қойып талдау

Сен қалай ойлайсың, әжесі балаларға не үшін ақша берді?

Мәтінде қандай салт – дәстүр туралы айтылған?

Байғазыны қашан береді?



Топтық жұмыс

5 минут

1. Мәтін мазмұны бойынша екі сұрақ құрастыр.

2. Сыныптасыңның қойған сұрақтарына жауап бер

Дескриптор:

  • Мәтін мазмұны бойынша бір сұрақ құрастырады;

  • Мәтін мазмұны бойынша екінші сұрақ құрастырады;

  • Сыныптасының қойған сұрағына жауап береді;

Мадақтау арқылы бағалау







Тапсырма 1. 1 минут



Көптік жалғауы жалғанған сөздерді тап.

-Ау, әжесі, мына батырлар жаңа киім киіп келіпті ғой, байғазы бересің бе?-деді атасы.

-Ал,
балалар, киімдерің тоза берсін, өмірлерің ұзақ болсын!-деп екеуіне екі қағаз ақша берді.



Сәйкестендіру 2 минут

Төменде берілген сөздердің көптік жалғауларын жалғап жаз. Қосымша жалғауды белгіле

Мадақтау

2 минут

Ойын «Қайтала» Мәтін оқу. Сөйлем құрамында байғазы, сыйлық, көрімдік, салт-дәстүр» сөздерін естігенде оқушылар үш рет айқайлап айтады.

Мысалы: Дастан атасынан байғазы сұрады. (байғазы, байғазы, байғазы)

Атасы Дастанға көрімдік берді. (көрімдік, көрімдік, көрімдік)

Қазақ ұлтында осындай дәстүр бар. (дәстүр, дәстүр, дәстүр)

1 минут



Қалыптастырушы бағалау

Тапсырма

Суреттерге мұқият қара. Заттың атауына тиісті көптік жалғауын жалғап жаз.


Бесік, сандық, көрпе


Дескриптор


Білім алушы

- суреттегі заттарды көпше түрде жазады;

-көптік жалғауларын дұрыс жалғайды;

- сөздерді сауатты жазады;

- көркем жазу ережесін сақтайды.

Кері байланыс

1 минут






Сабақ бойынша рефлексия



Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған. Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді.



Сабақта жаңа тақырып бойынша жұмыс жүргізілді. Кейбір оқушылар белсенді, кейбір оқушылар жауап бермей қалды. Оның себебі,


Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды.

Сабақ жоспарынан ауытқулар болмады.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
11 қаңтар
231
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі