400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақ тілі мен әдебиетиі Т2 / ҚМЖ 6 сынып /3 тоқсан/

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі мен әдебиетиі Т2 / ҚМЖ 6 сынып /3 тоқсан/
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Пәні: Қазақ тілі мен әдебиеті

Мектеп: «Октябрьское орта мектебі» КММ

Ұзақмерзімді жоспар бөлімі: Болашақтың мамандықтары

Мұғалімнің аты-жөні: Алибаев Ринат Булатович

Сынып: 6

Қатысқан оқушылар саны:

Күні:

Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақтың тақырыбы

1-2 – сабақтар. Мамандық неден басталған?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.4.1 – әңгіме, хикаялар мен шағын поэзиялық шығармалардың мазмұнын талдай отырып, кейіпкерлерге сипаттама жасау

6.3.1.1 – мәтіндегі негізгі және жанама ақпаратты анықтау, өмірдегі кейбір жағдаяттармен байланыстыру

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушы мәтіндегі негізгі және жанама ақпаратты ажыратады.

Көптеген оқушы шағын поэзиялық шығармалардың мазмұнын талдайды

Кейбір оқушылар өмірдегі кейбір жағдаяттарымен байланыстырады

Бағалау критерийлері

Мамандықтар туралы білетінін айтады, ақпарат береді, сыныптастарымен тақырып аясында сұхбат құрады

Тілді мақсат

Пәнге тән лексика мен терминология: мүмкіндік, білікті, сала, арманда, дамыт

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: мамандық, жаратылыс

Бастапқы білім

Қазақстан қорықтары туралы айтады, сипаттайды. Мұғалім оқушының бастапқы білімін жетекші сұрақтар қою арқылы біле алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері



Жоспарланған жаттығу түрлері




Ресурстар

Сабақтың басы

Психологиялық ахуал қалыптастыру. Ынтымақтастық атмосферасын орнату үшін оқушылар парталас достарымен қазақша амандасады.

  • Сәлем достым (амандасады)

  • Қалің қалай? (иықтарын қағады)

  • Қалай демалдың? (құлақтарын тартады)

  • Мен сені сағындым! (қолдарын жүрекке қояды)

  • Қош келдің! (қолдарын жаяды)

  • Күніміз сәтті болсын! (құшақтайды)

Қызығушылығын ояту. Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында «Ой шақыру» әдісін пайдаланып, «мамандық» сөзіне ассоциограмма құрғызады.



Shape1

мамандық











«Қызық суреттер» тәсілі бойынша айтылымға қатысты тапсырманы орындатады. Оқушылар суреттерге қарайды, суреттегі бейнеленген адамдарды сипаттайды, олардың арасында қандай байланыс барын анықтайды, ақпарат көздерінен мәлімет табады (1-тапсырма).

Мәтіналды жұмыс. Мұғалім интерактивті тақтадағы тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады, оқиды, оқушыларға қайталатады, сөздік дәптермен жұмыс жасатады.

«Ой шақыру» әдісі. 2-тапсырма. Кәсіпке, мамандыққа қатысты 1 мақал, 1 қанатты сөз жазады, мағынасын түсіндіреді.

Тренинг жазылған парақшалар

















Интерактивті тақта, Тұсаукесер,

Оқулық


Сабақтың ортасы

Мәтінмен жұмыс. Мәтінмен жұмыс істеу негіздерін қалыптастыру үшін «Дана үкілер» техникасын қолданады. Оқушыларға аудиотаспадан мәтінді тыңдатады, оқытады, жаңа сөздерді тапқызады. Оқушылар сөздіктің көмегімен мәтіндегі қою қаріппен жазылған сөздердің мағынасын анықтайды, етістіктердің қай шақта жазылып тұрғанын анықтап, кестені толтырады, сұрақтарға жауап береді.

өткен шақ

осы шақ

келер шақ





Топтық жұмыс. «Оймоншақ» тәсілімен мәтінді баяндайды, мәтіндегі негізгі және қосалқы ойды анықтайды, мазмұны бойынша әр абзацты тақырып қояды, тірек сөздерді анықтайды (8-тапсырма).

9-тапсырма. «Бейнелеп көрсет!» тәсілі. Суреттердегі

жан-жануарлардың қимылын бейнелеп көрсетеді, сипаттайды, үлгіні негізге алып, қимыл-әрекетін үш шақта жазады. (Үлгі: Кит теңізде жүзді. Кит теңізде жүзіп жүр. Кит теңізде жүзер).

Топтық жұмыс. «Пікірлер парағы» әдісінің негізінде ортақ тапсырма орындатады (10-тапсырма). Мәтіннің негізінде бірнеше пікір ұсынылады, қай пікірді қолдайтынын айтады, себебін түсіндіреді.

1-топ. «Достық» пікірді таңдап, талдайды.

2-топ. «Арман» 1-топтың айтқан ойларын дәйексөз ретінде қолданып, көзқарастарын түйіндеп айтады.

3-топ. «Жеңіс» ұсыныстарын жазады.

Сергіту сәті. Топтық жұмыс. Мұғалім «Қызық суреттер» тәсілі бойынша әр жұпқа мамандық түрлеріне байланысты сурет бөліктерін таратып береді. Әр жұп бөліктерді құрастырады, сипаттайды.

Мәтінсоңы жұмыс. «Ойлан, тап!» тәсілін пайдаланып, берілген тапсырманың шарты бойынша оқушылар мамандыққа қатысты кластерді толтырады, сипаттайды (11-тапсырма).

Оқулық, аудиотаспа, қазақша-орысша сөздік. -Алматы:

Дайк-Пресс, 2008. -962 б.



























Тақырыпқа суреттер





Флипчарттар, маркерлер





Ғаламтор ресурсы









Сабақтың соңы

















Топтық жұмыс. Рөлдік ойынды ұйымдастырады. Оқушылар табиғат құмарлар үйірмесінің мүшесі ретінде Хасен ағайға сұрақ қояды, пікір алмасады.

Қалыптастырушы бағалау. Әр топ «Бас бармақ» әдісі арқылы бір-бірінің жауаптарын бағалайды.



Кері байланыс. «Рефлексиялық шеңбер» тәсілі

Оқушылар шеңберге тұрып, төмендегі сұрақтарға жауап береді:

Сабақ барысында көңіл күйің қандай болды? Неліктен?

Бүгінгі сабақта не білдің? Сен үшін не жаңалық болды?

Сабаққа қатысуыңды қалай бағалайсың?

Сабақта неден қиналдың?

Сабақ аяқталғандағы көңіл күйің қандай? Неліктен?

Үйге тапсырма. Үй тапсырмасы ретінде оқулықтағы

3-тапсырма беріледі. Тапсырманың шарты, қалай орындалуы қажет екені түсіндіріледі.

Оқулық





Ғаламтор ресурсы





Рефлексиялық шеңбер

Қосымша ақпарат

Рефлексия

Сабақ барысында оқу мақсатына қол жеткізді ме? Оқу мақсатына қол жетпеудің себебі неде? Бүгін оқушылар не біліп, не үйренді? Сыныптағы психологиялық ахуал қандай болды? Жоспардан ауытқу болды ма? Себебі неде? Жоспарланған саралау шаралары тиімді болды ма? Уақыт дұрыс пайдаланылды ма? Жоспарыма қандай түзетулер енгіздім. Не себепті?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз, сұрақтарға жауап беріңіз (Сабақ жүйелі жоспарлағандықтан, сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалады.

Оқушылар мәтін мазмұнын түсінеді, сұрақтарға жауап береді, сөздікпен жұмыс істейді. Сабақ жоғары деңгейде өтеді, өйткені оқу мақсаттары дұрыс таңдалды, уақыт тиімді пайдаланылып, саралау жұмыстары да орындалады).

Қорытынды бағалау:

Қандай екі нәрсе (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз) табысты болды ма? Сабақтың өзіне ұнаған 2 тұсын анықтап жазыңыз.

1: __________________________________________________________________________________

2: __________________________________________________________________________________

Қандай екі нәрсе (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз) сабақтың тиімділігін арттырады?

1: __________________________________________________________________________________

2: __________________________________________________________________________________

Сабақ барысында өзіңіздің көңіліңіз толмаған 2 әрекетті (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз) атаңыз.

1: __________________________________________________________________________________

2: __________________________________________________________________________________

Сабақ барысында келесі сабағымда сыны не жекелеген оқушының сапалы білім алуы үшін нені жетілдіруге болатынын білдім.

1: __________________________________________________________________________________

2: __________________________________________________________________________________





































Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Пәні: Қазақ тілі мен әдебиеті

Мектеп: «М.Мәметова атындағы орта мектебі» КММ

Ұзақмерзімді жоспар бөлімі: Болашақтың мамандықтары

Мұғалімнің аты-жөні: Абильбекова Замзагуль Кенжебековна

Сынып: 6

Қатысқан оқушылар саны:

Күні:

Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақтың тақырыбы

3-4 – сабақтар. «Жер астына саяхат» мамандықтар сыры туралы кітап.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.6.1 - тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде шынайы өмірмен байланысырып жауап беру

6.2.2.1 - тақырып бойынша диалогті бастау, жалғастыру, аяқтаудың ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын білу

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
21 ұстаз жүктеп алған
22.11.2023
743
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі