Қазақ тілі мен әдебиетінен бастапқы білімді анықтауға арналған бақылау жұмысы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақ тілі мен әдебиетінен бастапқы білімді анықтауға арналған бақылау жұмысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі мен әдебиетінен (оқыту қазақ тілінде емес) бастапқы білімді анықтауға арналған бақылау жұмысы
Материалдың қысқаша нұсқасы

9-сынып бойынша бастапқы бақылау кесіндісі

Оқу мақсаты

9.3.3.1 прозалық және поэзиялық шығармалардағы автордың ойы мен көтерілген мәселені анықтап, оқырманға әсерін бағалау;

9.4.3.1 жазба жұмыстарында афоризмдерді тиімді қолданып жазу;

Мәтінді мұқият оқыңыз. Тапсырмаларды орындаңыз.

Мамандық таңдау – тек оқу мен диплом алу ғана емес, бұл – өз өмір жолыңды дұрыс таңдау. Сондықтан болашаққа қадам басар кезде талапкердің де, ата-ананың да «жеті рет өлшеп, бір рет кескені» абзал. Десек те, ол кейде біздің айтқанымыздай бола бермейді. Кейде ЖОО бітірген жастарымыздың өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасуға қызығушылық танытпауының өзі сондықтан. Шынайы көзқараспен қарайтын болсақ, дұрыс таңдалған мамандық иесі қашанда өз ісінің шебері, әрі білгірі болып, қашанда сұрансқа ие болып жатады. Ол өз таңдаған бағытын жақсы көріп, сол саланың мақтанышына айнала алады.

Жалпы біздің жастарымыз жоғары сынып оқушылары болған уақытта  көбіне болашақ мамандығын таңдауға тиісті көңіл бөле бермейтіні анық. Кей жастарымыздың студент атанған шақта осы мамандыққа амал жоқ, біреудің айтуымен түсіп едім деп қынжылып отыратындары да жасырын емес.

Мамандықты дұрыс таңдап, қоғамда лайықты орнын табу оңай шаруа емес. Таңдау жасамас бұрын, «Болашақ мамандығыңыздан не күтесіз?» деген сұраққа шынайы жауап беріңіз. Көп нәрсе осыған тікелей байланысты.

1-тапсырма. Мәтіннен автордың ойын және көтерілген мәселені анықтаңыз.

Автор ойы

Көтерілген мәселе









2. Афоризмдердің қажеттісін таңдап, мәтін бойынша өз ойыңды жаз.

Өнер үйрен. Мамандығыңда мықтысы бол.(Б.Момышұлы)

Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ оның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе. (Ж.Аймауытов)

Мамандықты дұрыс таңдау – ол өмір жолының сәттілігінің негізі. (Э. Ф. Зеер)

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Бағалау критерийі

Дескриптор 1. Мәтіндегі автордың ойын анықтайды-2

2. Мәтіндегі көтерілген мәселені анықтайды-2

3. Мәтін бойынша өз ойын жүйелі жеткізіп жазба жұмысын орындайды-2

4. Жазба жұмысында афоризмдерді орынды қолданады-2

5. Жазба жұмысында орфографиялық норманы сақтайды-2

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.00.2024
471
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі