Маңғыстау
облысы
Маңғыстау
ауданы
Е.
Айшуақұлы атындағы орта мектеп
Кентанова
Гүлжан Нұрғалиқызы
Қазақ
тілі мен әдебиетінің берілісі туралы
анықтама
2019-2020
оқу жылында 13-25 қаңтар аралығында қазақ
тілі мен әдебиеті пәндерінің берілісіне
бақылау-басшылық жүргізілгені туралы
Анықтама
Тексерген:
Кентанова Г
Мақсаты:
Оқушылардың білім сапасын саралу, білім
үдерісін жақсарту бағытында
мұғалімдерге
әдістемелік көрсету
2019-2020
оқу
жылында қазақ тілі мен әдебиеті
бірлестігінде 4 мұғалім қызмет етеді.
Олар : Махамбетова Б- жоғары санатты,
Нәбиева С- жоғары санатты, Епенова
Бақтыгүл - жоғары санатты, Түнғатарова
Асылтас-бірінші санатты. Махамбетова
Б 5,9 сыныптарда, Нәбиева С 8,11 сыныптарда,
Епенова Б 6,10 сыныптарда, Түнғатарова А
7,8,11сыныптарда сабақ береді. Бұл
мұғалімдердің аудан, облыс көлемінде
жетістіктері өте көп. Республика бойынша
айтатын болсақ ,Епенова Бақтыгүлдің
дайындаған оқушысы Зинелғабиденқызы
Әйгерім Республикалық Дарын Ғылыми
жобасынан IV орын иеленді, Қазақстан
Интернет Олимпиадасынан осы мұғалімнің
10-сынып оқушылары Кәдірбай Еркеназ-ІІ
орын, Еңсеген Айдана, Еңсепбай Айдана-
ІІІ орын алған. Бірлестік мүшелері
Республикалық «Зият» байқауына қатысып
«Менің үздік презентациям » номинациясы
бойынша Махамбетова Б –І орын, Нәбиева
С , Епенова Б, Түнғатарова А ІІ орынға
ие болған. Бірлестік жоспары бекітілген,
апталықтар жоспарға сай уақытылы
өткізілген. 22-27 қыркүйек аралығында
Қазақстан халықтары тілдері мерекесіне
орай «Ана тілім-айбыным , туған
тілім-тірлігім» апталығы өтті. Апталықта
ашық сабақтар, мәнерлеп оқу сайысы,
тәрбие сағаты өткізіліп, баяндама
оқылды. 13-17 сәуір аралығында «Халқымыздың
қаһарман ұлы И. Сүйеубаев» атты апталық
өтті. Апталық шығармашылық ізденіспен,
Ұлы Жеңістің 70 жылдығымен ұштасқан
шараларды қамтыды
ІІІ
тоқсан қорытындысы бойынша Махамбетова
Б-73%, Епенова Б-73%, Нәбиева С-59%, Түнғатарова
А-60% сапа көрсеткен.
Епенова
Бақтыгүл НЗМ педагогикалық шеберлік
орталығынан ілгерінді деңгей бағдарламасы
бойынша үш айлық курстан өткен. Нәбиеа
Салтанат осы курстың соңғы айында оқып
жатыр. Махамбетова Б, Түнғатарова А
қысқа мерзімді курстардан өткен.Мұғалімдердің
сабақтарына қатысу барысында педагогикалық
шеберліктері жоғары, теориялық білімі
терең, инновациялық әдіс-тәсілдерді
барынша меңгерген ұстаздар деп айта
аламын. Бірлестік жетекшісі және бірінші
деңгейлік курстан өтіп келген Епенова
Бақтыгүлден тәлім алушы курстан өтпеген
екі мұғалімде жаңа технологияны жақсы
меңгерген. Жазба жұмыстары күнтізбелік
жоспарға сай уақытылы жазылып, тексерілген,
бағасы журналға қойылған.Оқушылардың
білім сапасын анықтау мақсатында 5-10
сыныптар арасында 25 сұрақтан тұратын
сынақ алынды .
Сыныбы
|
барлығы
|
қатысқаны
|
«5»
|
«4»
|
«3»
|
«2»
|
сапа
|
үлгерім
|
5а,ә
|
52
|
50
|
2
|
13
|
36
|
2
|
31
|
96
|
6а,ә.б
|
54
|
53
|
-
|
29
|
23
|
1
|
55
|
98
|
7а,ә
|
37
|
33
|
7
|
10
|
16
|
-
|
51,5
|
100
|
8
а,ә.б
|
36
|
30
|
9
|
16
|
5
|
-
|
83
|
100
|
9
|
24
|
23
|
-
|
18
|
5
|
-
|
78,2
|
100
|
10
|
26
|
24
|
1
|
11
|
12
|
-
|
50
|
100
|
«2»
алған 5-сынып оқушылары: Шопан Д, Жалғас
И. 6-сыныптан Есен Ернар
11
–сынып үшеу, 11а,ә
сыныптарына
Нәбиеа Салтанат, 11б
сыныбына
Түнғатарова Асылтас сабақ береді. Нәбиеа
С ҰБТ –ға дайындаудан бірнеше жыл
тәжірибиесі бар мұғалім, Түнғатарова
А бірінші жыл ҰБТ-мен айналысуда. Нәбиева
Салтанат сабақ беретін 11а,ә
сыныптарында
20 оқушы , Түнғатарова Асылтастың сыныбында
4 оқушы ҰБТ-ға баруға дайындық үстінде.
ҰБТ-ға қазақ тілінен дайындыққа 3 сағат
факультатив қаралған, оның 2 сағаты
11а,ә
сыныбына, 1 сағаты 11б
сыныбына
берілген. Мұғалімдердің жоспарлары
бекітілген, кестеге сай сабақтар
өткізілуде.Алғашқы сынақ қорытындысы
бойынша орта балл-12,5 сапа -37,5% болған,
қазіргі кезде сәуір айындағы байқау
сынақтарының нәтижесі бойынша орта
балл-17,3 сапа-83% көтерілген. Мұғалімдерді
жеке алатын болсақ Нәбиеа Салтанаттың
орта балы-16,6 Түнғатарова Асылтастың
орта балы-15,7 көрсетіп тұр.Төмен нәтиже
көрсетіп жүрген оқушылар: Қуаныш Ш,
Нысанбай С, Темірхан М, Құрбанғазы Е.
Тұрақты «5» алып жүрген оқушылар: Бектеміс
Б, Баянғали Н, Күмісбай М, Байжанова А,
Таймасова З, Қорғанбаева Р, Оңғарбай А,
Жеткізген Ж.
Қазақ
тілі мен әдебиеті пәні бойынша «Сөз
зергері» жас тілшілер, «Мөлдір бұлақ»
жас ақындар, «Сөз мәнері» мәнерлеп оқу
үйірмелері жұмыс жасайды,аудан, облыс
көлемінде бірнеше жетістіктерге жеткен.
Ұсыныс:
Қазақ
тілі мен әдебиеті пән мұғалімдерінің
жұмысын, жетістіктерін саралай келе
мұғалімдердің жұмысын «жақсы» деп
бағалауға болады, алайда өткен шаралар
жөнінде баспасөз беттеріне жариялау
жағы төмен екенін ескеріп, алдағы уақытта
баспасөзге жариялауды қолға алуды
ұсынамын