400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

қазақ тілі мен әдебиеттен олимпиадалық тапсырма

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сыныпқа құрылған логикалық олимпиада тапсырмалары
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Кids» олимпиадасы 2 сынып әдебиеттік оқу

1.Көркем шығармады кейіпкердің мінез-құлқы, көңіл-күйі суреттеледі.

А.ертегі

Ә. диалог

Б. кейіптеу

В. мінездеу

2.Теңеу сөзді тап

А. жасыл гүл

Ә. қалың қар

Б. күндей мейірімді ана

В. жаңбыр жауды

3. «Ана» өлеңінде баланың анасына деген тілегі, сезімі айтылады. Бұл-

А.мәтіннің басы

Ә. мәтіндегі негізгі ой

Б. мәтіннің соңы

В. кіріспе

4. Фариза Оңғарсынова кім?

А. жазушы

Ә. зерттеуші

Б. ақын, қоғам қайраткері

В. геолог

5. «Қартқожа» романының  авторы

А.Мұхтар Әуезов

Ә. Шоқан Уалиханов

Б.Жүсіпбек Аймауытов

В. Ыбырай Алтынсарин

6. Б.Соқпақбаевтың «Мектеп» мәтінін қай жанр түріне жатқызуға болады?

А.өлең

Ә. әңгіме

Б. ертегі

В. роман

7. Өлеңнің тақырыбы мен авторын тап:

Келе жатсаң оқудан,

Көңілің бір кемеңгер

Көлеңкеде отырған

Көрші апаңа сәлем бер

А. С.Оспанов «Тілегіміз-бейбіт күн»

Ә.Г.Әзімбаева « Достық көңіл»

Б. Е.Өтетілеуұлы «Туыстарым менің»

В.Т.Молдағалиев «Сәлем бер»

8. «Кіп-кішкентай бойы бар, алтын-алтын қолы бар» кімнің жұмбағы?

А. Ержан

Ә. Бауыржан

Б. Зейнеп

В. Бақытжан

9. «Әтеш пен тотықұс» ертегісінің мазмұнына сай мақалды тап

А. Еңбек түбі - береке

Ә. Жаман достан мың сақтан

Б. Оқу- білім бұлағы

В.Ынтымақтың түбі - игілік

10. Не артық? Торғай , қарлығаш , тауық, шымшық

А. торғай

Ә. қарлығаш

Б. тауық

В. шымшық

11.Абылай ханның шын есімі?

А. Абылай

Ә. Қанапия

Б. Әбілмансұр

В. Әл-Фараби

12. Нұрлан Есеновтың  шығармасы кім туралы?

А. Абай

Ә. Бауыржан

Б. Мұхтар

В. Қажымұқан

13. Қазақтан шыққан тұңғыш ұшқыш әйел

А. Мәншүк

Ә. Әлия

Б. Хиуаз

В. Роза

14. «Жолбарыс пен тышқанның достығы» ертегісі қай ертегі түріне жатады? 

А. тұрмыс- салт

Ә. жануарлар туралы

Б. қиял-ғажайып

В. достық туралы



15. Маржан, ақық, жақұт сөздері қандай мағына береді? 

А. қымбат бағалы мата

Ә. бағалы жануар

Б. қымбат бағалы асыл тастар

В. мұнай

16. Бір затты немесе құбылысты екінші бір затқа, құбылысқа ұқсатып бейнелеу не деп аталады?

А. теңеу

Ә. мінездеу

Б. монолог

В. кейіптеу

17.«Мұнай теңізі» өлеңін кім жазды?

А. А.Байтұрсынұлы

Ә. Ш.Смаханұлы

Б. М.Әлімбаев

В. Ф.Оңғарсынова

18. Апорт алмасы қайда өседі?

А. Астана

Ә. Алматы

Б. Ақтау

В. Тараз

19.  «Рекорд» сөзінің мағынасы

А. атақ

Ә. олимпиада

Б. үздік жетістік

В. шың



20. Бейбарыс Сұлтан туралы жазған кім?

А. Ж.Аймауытов

Ә. Ш.Сариев

Б. А.Қыраубаева

В.Ә.Марғұлан

21.16 килограмға тең салмақ өлшемі

А. тонна

Ә. пұт

Б. центнер

В. масса

22. Адам да, ұшқан құс та, жүрген аң да,
Жұмыссыз тек тұрған жоқ ешбір жан да.
Қай өлеңнен үзінді?

А.Күз

Ә. Кел, балалар, оқылық!

Б.Оқуға шақыру

В.Сәлем бер

23. «Шегіртке мен құмырсқа» мәтіні қай жанрға жатады?

А. ертегі

Ә. өлең

Б. шығарма

В. мысал

24. Аң-құстарды ұстауға арналған құрал. Оны үзілмейтін мықты жіппен, қылдан немесе сымнан жасайды.

А. қамба

Ә. тұзақ

Б. темір

В. жіп








25.  «Абай жолы», «Көксерек» шығармаларын кім жазды?

А.М.Әуезов

Ә. Ы.Алтынсарин

Б.А.Құнанбаев

В. Ш.Уәлиханов































«Кids» олимпиадасы 2 сынып

қазақ тілі

1. Екі немесе бірнеше адамның сөйлесуі

А. монолог

Ә. мәтін

Б. диалог

В. шығарма

2. Ұяң дауыссыздар қатарын тап:

А.) а, о, е ,ү Ә). б, в, г, ғ

Б.) д, ж, з, й В). к, қ, л, м

3. Дауыссыз у дыбысы бар сөзді тап:

А. ту Ә. қауын

Б. сатушы В. ару

4. Қате тасымалданған сөзді тап:

А. О-тан

Ә. қыр-ғауыл

Б. уа-қыт

В. та-уыс

5. Дұрыс жазылған сөзді тап:

А. тыйын

Ә. көйлег

Б. сыилап

В. тиін

6. Шаян, қоян, аю, қасқыр сөздерінен дыбыс саны мен әріп саны бірдей сөзді тап:

А. шаян

Ә.қоян

Б. аю

В. қасқыр

7.  Ю дыбысы қандай дыбыс?

А. дауысты

Ә. дауыссыз

Б. қосарлы

В. жуан

8. Дауысты  у  дыбысын тап:

А. уық

Ә. алау

Б. уақыт

В. улы

9. Сиса деген не?

А. жыртқыш құс

Ә. жұқа шыт мата

Б.марқайған қозы

В. биік тау

10. Бүгін жаңбыр жауды сөйлемін лепті сөйлемге айналдыр

А. Бүгін жаңбыр жауды ма

Ә. Алақай, бүгін жаңбыр жауды

Б. Бүгін жаңбыр жауып тұр

В. Жаңбыр бүгін жауды

11.Сөйлемнің ережесін тап:

А. Сөйлем аяқталған ойды білдіреді.

Ә. Сөйлем бірнеше әріптен құралады.

Б. Сөйлемнен соң тек қана нүкте қойылады.

В. Сөйлем бірнеше мәтіннен тұрады.

12.  Сын есімді тап:

А. көбелек

Ә. алпыс

Б. қымбат

В. ойнады

13. Күрделі етістікті тап:

А. жауып тұр

Ә. қалың орман

Б. жаңбыр жауды

В. күркіреді

14. Қыста адамдар қалың киінеді. Өйткені ол суықты өткізбейді. Сонымен  қатар дененің жылуын сақтайды. Себебі қалың киімнің арасында ауа бар. Ол даланың суығын ішке жібермейді. Мәтіннің қай түріне жатады?

А. әңгімелеу

Ә. сипаттау

Б.пайымдау

В. шығарма

15. Бос тор көздерге әріптерді сан ретімен орналастырып, мақалды тап

1-і, 2- а, 3-ө, 4-л, 5-ы, 6-б, 7-ғ, 8-з, 9-р, 10-м

А. Оқу - білім бұлағы

Ә. Кітап –алтын қазына

Б.Білім - өмір азығы

В. Еңбек түбі береке

16. Жазбаша сөйлеу дегеніміз не?

*

А. еститін сөзіміз

Ә. айтатын сөзіміз

Б. жазылып берілетін хабар

В. әңгіме

17.    ... адамға ғана тән.

*

А. сөйлеу

Ә. есту

Б. сөйлемеу

В. ұшу

18. Сөзі дана, үні жоқ,

      Сөйлемейді – тілі жоқ

      Қолыңа алсаң – шешен,

      Ақылы асқан көсем

*

А. радио

Ә. теледидар

Б. кітап

В. тақта

19.  «Әуен» сөзіндегі у дыбысы қандай дыбыс?

*

А. дауысты

Ә. дауыссыз

Б. жуан

В. жіңішке

20.  «Тауыс», «тауық» сөздерін дұрыс буынға бөл:

*

А. та-уыс, тау-ық

Ә.тау-ыс, тау-ық

Б.тау-ыс, та-уық

В.та-уыс, та-уық

21. Дұрыс тасымалданған сөзді тап:

*

А. қырға-уыл

Ә. жеңі-мпаз

Б. А-яқ

В. дәр-умен

22. Берілген әріптер қатарынан жасырынған сөзді тап.

1. ЛАШАЯНМСҚРҰ             

2. ЫБЛҚИЯРСКУН

*

А. құм, күн

Ә. шаян, қияр

Б. сана, сия,

В. қаш, биыл

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
9 ұстаз жүктеп алған
14 ақпан
789
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі