400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 13 материал табылды

Қазақ тілі пәні бойынша ашық сабақтар мен тірек сызбалар

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал қазақ тілі пәнінің мұғалімдеріне дайын ашық сабақ. Ашық сабақта мұғалімге толық мағлұмат беріледі. керекті материалдардың қайдан алынғаны мен сілтемесі көрсетілген. Жалпы материал білім стандартына сай жасалған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Эссе

«Наурыз – бейбітшілік пен татулықтың мерекесі»

Міне, көп ұзамай көктем де келді. Көктемнің алғашқы мейрамы «8 Наурыз». Бұл мейрам біздің ардақты, аяулы, ақжаулықты аналарымыз бен әжелеріміздің, әрі қыз-келіншектердің мейрамы. Бұл мейрам бізге көктемнің келгенін хабардар етеді. Осы мейрамды атап өткеннен кейін қазақстандықтар, яғни қазақ халқы «Наурыз» мейрамына дайындала бастайды.

Алғашқы дайындықтарды қаламыздың көшелеріндегі сәндеу мен өнер адамдарының концерттік бағдарламасынан және ақпараттық құралдардан естіп жатамыз. Наурыз мейрамының басты бір ерекшелігі сол күні бір-біріне жолыққан адамдар ерекеше жылы жүзбен сәлем береді, төс қағыстырып амандасады. Бір-біріне жылы тілегін білдіреді. Бұл да достық пен бейбітшіліктің, татулықтың белгісі. Егер қазақ халқымда мұндай қасиеттер болмаса, бізде мұндай салт-дәстүр болмаса, біз елге, жерге, дінге, нәсілге бөлініп кетер едік, немесе сыйластық пен татуластық, салт-дәстүрден құр алақан қалар ма едік деген ой келеді. Ашық аспанымыздың, елбасымыздың, ата-бабамыздың арқасында біз осындай мерекені тойлау барысында өзіміздің елдігімізді, халықтар достығын, кішіпейіл халық екенімізді мақтанышпен айтып, көрсете аламыз. Мысалы, биыл 16-17 наурыздан бастап Қазақстанның барлық қалаларында «Амандасу наурызы» бастау алып, қаланың көшелерінде ойын-сауықтар мен концерттік бағдарламалар көрініс алуда. Ондағы жиналған адамдар бір-бірімен «Амандасып», «Көрісіп» жақсы игі тілектерімен бөлісуде.

Наурыз мерекесі - Ұлы күн. Бұл көктем мерекесі. Шығыс күнтізбесі бойынша «Жаңа жыл» мерекесі.

Наурыз сөзі — парсыша — ну — «жаңа», рыз — «күн» деген ұғымды білдіреді. Қазақша «жаңа күн», «жаңа жыл», «көктем мерекесі» «ұлыс күн» немесе «ұлы күн» деген мағына береді. Кейде оны «Ақ мерекесі», «сүт мейрамы», «төл ырысы» деп те атаған.

Меніңше, олай атауының себебі қыс мезгілі аяқталып, көктемде қой қоздап, елдің бір малы екі бас болып көбейеді, төрт түлік мал төлдейді. Адамдардың аузы аққа тиеді. Мал аузы көкке тиеді, жер бетіне шаттық орнайды. Наурыздың 21 мен 22 жұлдызында күн мен түн, жарық пен қараңғы теңеледі. Көктем құстары келеді. Қысқы ұйқыдағы жануарлар оянады. Осындай қасиетті күнді қазақ «Ұлыс күн» деп атаған.

Наурызды мереке ретінде тойлау қазақстанда 1988 жылдан қолдау алды. Бұл дәстүр ата-бабамыздан бері қарай жалғасып келеді. Сол кезден бастап осы Наурыз мерекесінің «бейбітшілік пен татулықтың мерекесі» деп атауға әбден болады. Себебі, бұл мерекеде сол күні жиылған халық түні бойы ұйықтамайды, ән айтады, күй шертеді, би билейді, әралуан әзілді әңгіме дүкен құрады. Олар өте көңілді отырады. Қызырдың келуін күтеді. Жаңа күннің шығуын қарсы алады. Үй иесі қонағына бір қойын атап сояды. Мол, бай дастарқан жаяды. Қонақтарын жылы қабақпен күтіп алады. Жиылған топ та бірін-бірі ренжітіп алмауға мұқият назар аударады, ерекше көңіл бөледі. Бұл түні ренжісіп қалса, біріншіден, Қызыр баба үйге келмей кетіп қалады. Қызыр келмесе үйден құт кетеді, алдыдан ас кетеді, қорадан мал кетеді-деп үрейленеді. Енді бірі жыл басында ұрысып-қағысып, ренжісіп қалса, жыл басындағы жанжал жыл аяғына дейін жалғасады, — деп ырым етіп, бір-біріне деген реніштерін кешіріп, достық татулық ниеттерімен Жаңа жылды қарсы алуға тырысқан. Қазақ халқындағы Наурыз мерекесін бүкіл түркі халқы болып тойланып, ол әртүрлі аталады. Мәселен, гректер «Патрих» бирмалықтар «Су мейрамы», тәжіктер «Гүл гардон», хорезмдіктер «Наусатж», татарлар «Нардуган», буряттар «цаган сар», ұйғырлар «гүл наурыз», қазақтар «Наурыз» деп түрлі — түрлі атап келген. Бірақ, осы мерекенің мақсаты - татулық

Тек Кеңес Одағының тұсында бұл мереке ауылды жерлерде ғана көненің көзі болған қарттарымыздың арқасында жалғасын тауып отырған. Соның арқасы болар, қазір де ауылдың тұрғындары қала тұрғындарына қарағанда әлде қайда тату.

Қазақ халқы наурыз күнінен бір күн бұрын үйлерін қағып-сілкіп тазалайды. Мереке күні киетін сәнді киімдерін әзірлейді.

Қазақ халқы Наурыз күнін «Ақ түйе қарыны жарылған күн» деп ерекше қастерлейді. Осы күні ел ішіндегі дуалы ауызды батагөй, әулие ақсақалдарды арнайы дәмге шақырады. Не арнайы іздеп барып ақ батасын алады. Ол қарияларға шапан-шақтық жейде не тақия сыйға тартады. Қазақтың «Баталы ұл арымас, батасыз құл жарымас» деген мақалы осы шындықты растайды. Өйткені қазақта наурыз күнгі тілек қабыл болады деген наным бар. Жақсы адамнан бата алсаң, жолың жақсылыққа оңғарылады деп ырым етеді. Бата алған жастардың жүрегі қуанып, жылдар бойы көңілді жүреді.

Қорытып айтқанда, сонау заманынан басталған сан ғасыр санағынан өтіп, бізге жеткен Наурыз мерекесі қазақы салт-дәстүр, ырым-жырым, наным-сенім, кәделік жол-жоралғыларымен өңделіп, бүгінгі таңдағы ұрпағымызға мирас болған үлкен мереке. Осы мерекенің арқасында елімізде Үлкенді сыйлау, мен құрметтеу елімізде кеңінен орын алған.

9 сынып оқушысы

Китуев Нұрболат

КММ №134 лицей

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
27.03.2019
388
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі