Қазақ тілі пәні бойынша оқушыларды олимпиадаға дайындау жолдары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақ тілі пәні бойынша оқушыларды олимпиадаға дайындау жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
«Қазақ тілі пәні бойынша оқушыларды олимпиадаға дайындау жолдары» атты бағдарлама оқу жоспарының вариативті бөлігінің оқу бағдарламалары және элективті курстарды әзірлеу және әдістемелік қамтамасыз ету барысында барлық деңгейдегі мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды басшылыққа ала отырып, «Оқу жоспарының вариативті бөлігінің оқу бағдарламалары және элективті курстарды сараптамадан өткізу және оларды жаңартылған білім беру мазмұны аясында әдістемелік қамтамасыз ету» туралы ереже ҚР-ң 2007 шілдедегі №319-ІІІ «Білім туралы» Заңына (06.05.2020 жылы енгізілген толықтырулар мен өзгертулер негізінде) сәйкес әзірленді.Бағдарлама мазмұны аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат жүктеме берілген.Жалпы білім беретін мектептің 10-сынып оқушыларына қазақ тілі пәнінде қолдануға ұсынылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрлігі

Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық білім басқармасы

«И.Таиров атындағы орта мектеп МДШО» комуналдық мемлекеттік мекемесі



«БЕКІТЕМІН»

Директор Г.Р Гаитова

«18» «қараша» 2024ж

Қолы______



Қазақ тілі пәні бойынша оқушыларды олимпиадаға

дайындау жолдары

(Жалпы білім беретін мектептің 10-сынып оқушыларына арналған)













Камалова Гульзара Умаржановна

педагог-сарапшы

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі















Түсінік хат

Жалпы сипаты. «Қазақ тілі пәні бойынша оқушыларды олимпиадаға дайындау жолдары» атты бағдарлама оқу жоспарының вариативті бөлігінің оқу бағдарламалары және элективті курстарды әзірлеу және әдістемелік қамтамасыз ету барысында барлық деңгейдегі мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды басшылыққа ала отырып, «Оқу жоспарының вариативті бөлігінің оқу бағдарламалары және элективті курстарды сараптамадан өткізу және оларды жаңартылған білім беру мазмұны аясында әдістемелік қамтамасыз ету» туралы ереже ҚР-ң 2007 шілдедегі №319-ІІІ «Білім туралы» Заңына (06.05.2020 жылы енгізілген толықтырулар мен өзгертулер негізінде) сәйкес әзірленді.Бағдарлама мазмұны аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат жүктеме берілген.Жалпы білім беретін мектептің 10-сынып оқушыларына қазақ тілі пәнінде қолдануға ұсынылған.

Бағдарламаның мақсаты. Қазақ тілі пәні бойынша оқушыларды олимпиадаға дайындау

Міндеттері.

  1. Оқушылардың қазақ тілі бойынша теориялық білімін жүйелеу және тереңдету;

  2. Лексика, фонетика, морфология, синтаксис салалары бойынша күрделі тапсырмаларды орындау дағдыларын қалыптастыру;

  3. Олимпиадалық деңгейдегі тест, талдау және шығармашылық тапсырмалармен жұмыс жүргізу;

  4. Оқушылардың тілдік талдау, салыстыру, дәлелдеу қабілеттерін дамыту;

  5. Сауатты жазу мен логикалық ойлау мәдениетін жетілдіру;

  6. Қазақ тілінің заңдылықтарын практикада қолдана білуге үйрету;

  7. Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау, іздену және, ғылыми ойлау дағдыларын қалыптастыру;

  8. Олимпиадаға қатысуға психологиялық дайындық пен сенімділікті арттыру;

Бағдарламаның өзектілігі:

Қазіргі жаһантану жағдайында білім алушылардың функционалдық сауаттылығы мен жоғары деңгейлі тілдік құзіреттілігін дамыту халықаралық білім сапасын бағалау жүйелерінің негізгі талабы болып отыр.

Қазақстанда дарынды және қабілетті оқушыларды қолдау, пәндік олимпиадаларға жүйелі даярлау- білім сапасын арттырудің және ұлттық интелектуалдық әлеуетті дамытудің маңызды бағыты болып табылады.

1

Жаңартылған білім беру мазмұны оқушылардың сыни ойлауын,тілдік талдау дағдыларын және шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталғандықтан, қазақ тілі пәні бойынша олимпиадалық дайындықты жүйелі ұйымдастыру ерекше өзектілікке ие.

Бағдарламаның жаңалығы:

Педагогикалық жаңалығы: Қазақ тілі пәні бойынша олимпиадалық дайындық үдерісінде оқушылардың тілдік білімін тереңдетумен қатар, грамматикалық заңдылықтарды талдау, салыстыру және дәлелдеу арқылы меңгеру жолдарын зерттеп, олардың логикалық ойлауын, зеттеушілік қабілетін және жоғары деңгейдегі танымдық белсенділігін қалыптастыруға бағытталуында.

Психологиялық жаңалығы: Оқушылардың олимпиадаға қатысу кезінде ішкі кедергілерді жеңуге бағытталған. Әр оқушының психологиялық ерекшелігін ескере отырып, қолдау көрсету, жағымды эмоциялық орта қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже:

  1. Оқушылардың қазақ тілі бойынша теориялық білімін жүйелейді және тереңдетеді;

  2. Лексика, фонетика, морфология, синтаксис салалары бойынша күрделі тапсырмаларды орындау дағдыларын қалыптастырады;

  3. Олимпиадалық деңгейдегі тест, талдау және шығармашылық тапсырмалармен жұмыс жүргізеді;

  4. Оқушылардың тілдік талдау, салыстыру, дәлелдеу қабілеттерін дамытады;

  5. Сауатты жазу мен логикалық ойлау мәдениетін жетілдіреді;

  6. Қазақ тілінің заңдылықтарын практикада қолдана білуге үйретеді;

  7. Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау, іздену және, ғылыми ойлау дағдыларын қалыптастырады;

  8. Олимпиадаға қатысуға психологиялық дайындық пен сенімділікті арттырады;





2

Тұрақталу бөлімі

(аптасына 1 сағат, барлығы – 34 сағат)


Бұл бағдарламада дәрістік сабақтар мен тәжірибелік сабақтар араластырып берілген.

Тақырып

Сағат саны

Нәтиже

1

Қазақ тілін олимпиадалық деңгейде оқытудың мақсаты мен ерекшеліктері

1

Олимпиадалық деңгейдегі тапсырмалардың ерекшелігін түсінеді

2

Тіл білімінің салалары және олимпиада тапсырмаларындағы орны


1

Олимпиадалық тапсырмада қай тіл саласы қолданылғанын анықтап, соған сәйкес дұрыс талдау жүргізеді.

3

Фонетика негіздері және дыбыстық талдау


1

Сөздің дыбыстық құрамын ғылыми талапқа сай талдап, дыбыстардың түрлерін дәл ажыратады.

4

Фонетикалық заңдылықтар және үндестік заңы


1

Қазақ тіліндегі негізгі фонетикалық заңдылықтарды, әсіресе үндестік заңын терең меңгеріп, оны тапсырма барысында қолдана біледі.

5

Лексика және сөз мағынасы


1

Сөз мағынасының түрлерін (тура, ауыспалы, көп мағыналы, омоним, синоним) меңгереді және лексикалық талдау жасап үйренеді.

6

Лексикалық талдау және сөз мағынасын анықтау


1

Берілген сөзге толық лексикалық талдау жасап, мағыналық ерекшеліктерін нақты дәлелдермен көрсете алады.

7-8

Фразеология және тұрақты тіркестер

2

Фразиологизм мен тұрақты тіркестердің мағынасын түсініп,оларды ауызша жіне жазбаша тілде орынды қолдана алады. Салыстыру әдісі, мәтінмен жұмыс,шығармашылық тапсырмалар арқылы сөйлеу мәдениетін дамытады.

9-10

Сөзжасам және сөз тудыру тәсілдері

2

Сөзжасамдық ұғымдарды меңгереді, күрделі сөзжасамдық тапсырмаларды орындайды.
Сөзжасамды морфология және лексикамен байланыста оқыту арқылы пәнішілік сабақтастықты қамтамасыз етеді.

11-12

Морфологияға кіріспе: сөз таптары

2

Сөз таптарының жүйесін, олардың морфологиялық және семантикалық белгілерін біледі.

Теориялық білімді жүйелеу арқылы жоғары деңгейлі талдауға негіз қалайды..

13-14

Сөз таптарын терең талдау

2

Сөз табының категориялық белгілерін, грамматикалық формаларын терең меңгереді. Салыстырмалы талдау әдістерін қолдану арқылы оқушының ғылыми ойлау мәдениетін қалыптастырады.

15-16

Грамматикалық форма мен мағына.

2

Грамматикалық мағына мен грамматикалық форманың арақатынасын түсінеді.

Тілдік құбылыстарды функционалдық тұрғыдан түсіндіруге үйретеді.

17-19

Морфологиялық талдаудың олимпиадалық үлгілері


3

Морфологиялық талдауды ғылыми талапқа сай орындайды. Жоғары деңгейдегі талдау дағдысын, дәлелдеу мәдениетін және олимпиадалық жазылым стандарттарын қалыптастырады.Тапсырмаларды жауапкершілікпен орындап, еңбексүйгіштікке тәрбиеленеді.

20-21

Синтаксис негіздері



2

Синтаксистің негізгі ұғымдарын терең меңгереді,

Синтаксистік ойлауын дамытуға бағытталған сараланған тапсырмалар жүйесін қалыптастырады..

22-23

Сөйлем түрлері және тыныс белгілері

2

Сөйлем түрлерін және олардың тыныс белгілерін контекст аясында дұрыс қолданады. Тыныс белгілерін механикалық емес, мағыналық-логикалық негізде түсіндіру арқылы сауатты жазуға жетелейді.

24-25

Пунктуация және ғылыми дәлелдеу

2

Пунктуациялық нормаларды меңгеріп, тыныс белгілерінің қойылуын ғылыми дәлелмен негіздей алады.

Ғылыми стиль элементтерін меңгерту арқылы зерттеушілік қабілеттерін дамытады.

26-27

Мәтін лингвистикасы

2

Мәтіннің құрылымдық және мағыналық бірліктерін анықтайды. Мәтін арқылы оқушының тілдік құзыреттілігін кешенді дамытып, оны ғылыми тұрғыда зерттеуге дағдыланады.

28-29

Олимпиадалық мәтіндерді кешенді талдау

.

2

Олимпиадалық мәтіндерді фонетикалық, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік деңгейде кешенді талдай алады. Жоғары нәтижеге бағыттайтын аналитикалық оқыту моделін жүзеге асырады.

30-32

Шығармашылық тапсырмалар және эссе жазу

3

Шығармашылық тапсырмалар арқылы өз ойын жүйелі, сауатты түрде эссе жазуды меңгереді.

Сыни ойлау, ойды құрылымдау,өз пікірін дәлелдеу және жазбаша тілдік дағдылары дамиды.

Өз еңбегін жоспарлауға,ұқыпты жазуға және басталған ісін соңына дейін жеткізуге дағдыланады.

33-34

Олимпиадаға психологиялық және тұлғалық дайындық

2

Олимпиадаға қатысу кезінде өз сезімін басқаруды үйренеді.

Психологиялық тренинг арқылы өзін-өзі реттеу қабілеті дамиды.



5



Нормативті бөлім

Аптасын - 1 сағат. Барлығы 34 сағат

Тақырыбы

Оқу мақсаты.


Сағат саны



Нәтиже

Барлы ғы

Лек

ция

Тәжірибе

1

Кіріспе.Қазақ тілін олимпиадалық деңгейде оқытудың мақсаты мен ерекшеліктері

Олимпиадалық деңгейдегі тапсырмалардың ерекшелігін түсіну;


1

1


Олимпиадалық деңгейдегі тапсырмалардың ерекшелігін түсінеді

2

Тіл білімінің салалары және олимпиада тапсырмаларындағы орны


Олимпиадалық тапсырмада қай тіл саласы қолданылғанын анықтап, соған сәйкес дұрыс талдау жүргізу;

1


1

Олимпиадалық тапсырмада қай тіл саласы қолданылғанын анықтап, соған сәйкес дұрыс талдау жүргізеді.

3

Фонетика негіздері және дыбыстық талдау


Сөздің дыбыстық құрамын ғылыми талапқа сай талдап, дыбыстардың түрлерін дәл ажырату;

1

1


Сөздің дыбыстық құрамын ғылыми талапқа сай талдап, дыбыстардың түрлерін дәл ажыратады

4

Фонетикалық заңдылықтар және үндестік заңы


Қазақ тіліндегі негізгі фонетикалық заңдылықтарды, үндестік заңын терең меңгеріп, оны тапсырма барысында қолдану;

1

1


Қазақ тіліндегі негізгі фонетикалық заңдылықтарды, үндестік заңын терең меңгеріп, оны тапсырма барысында қолданады.

5

Лексика және сөз мағынасы


Сөз мағынасының түрлерін меңгереді және лексикалық талдау жасап үйрену;

1


1

Сөз мағынасының түрлерін меңгереді және лексикалық талдау жасап үйренеді.

6

Лексикалық талдау және сөз мағынасын анықтау


Берілген сөзге толық лексикалық талдау жасап, мағыналық ерекшеліктерін нақты дәлелдермен көрсете алу.

1


1

Берілген сөзге толық лексикалық талдау жасап, мағыналық ерекшеліктерін нақты дәлелдермен көрсете алады.

7-8

Фразеология және тұрақты тіркестер

Фразиологизм мен тұрақты тіркестердің мағынасын түсініп,оларды ауызша жіне жазбаша тілде орынды қолдана алу; Фразеологизмдердің стильдік, экспрессивтік қызметін талдап, олимпиадалық тапсырмаларда дәлелді қолдану;

2

1

1

Фразиологизм мен тұрақты тіркестердің мағынасын түсініп,оларды ауызша жіне жазбаша тілде орынды қолдана алады. Салыстыру әдісі, мәтінмен жұмыс,шығармашылық тапсырмалар арқылы сөйлеу мәдениетін дамытады.

9-10

Сөзжасам және сөз тудыру тәсілдері

Сөзжасамдық ұғымдарды меңгереді, күрделі сөзжасамдық тапсырмаларды орындау;
Сөз тудыру тәсілдерін ажыратып, жаңа сөздердің жасалу жолын дәлелдеп түсіндіріп, күрделі сөзжасамдық тапсырмаларды орындау;

2


2

Сөзжасамдық ұғымдарды меңгереді, күрделі сөзжасамдық тапсырмаларды орындайды.
Сөзжасамды морфология және лексикамен байланыста оқыту арқылы пәнішілік сабақтастықты қамтамасыз етеді.

11-12

Морфологияға кіріспе: сөз таптары


Сөз таптарының жүйесін, олардың морфологиялық және семантикалық белгілерін білу;

Сөздерді сөз таптарына ажыратуда негізгі және қосымша белгілерді қолданып, олимпиадалық деңгейдегі теориялық сұрақтарға жауап беру;

2

1

1

Сөз таптарының жүйесін, олардың морфологиялық және семантикалық белгілерін біледі.

Теориялық білімді жүйелеу арқылы жоғары деңгейлі талдауға негіз қалайды.

13-14

Сөз таптарын терең талдау

Сөз табының категориялық белгілерін, грамматикалық формаларын терең меңгеру;

Сөз табының ауысу құбылыстарын талдап,контекстік талдау негізінде сөздің қызметін дәл анықтау;


2

1

1

Сөз табының категориялық белгілерін, грамматикалық формаларын терең меңгереді. Салыстырмалы талдау әдістерін қолдану арқылы оқушының ғылыми ойлау мәдениетін қалыптастырады.

15-16

Грамматикалық форма мен мағына

Грамматикалық мағына мен грамматикалық форманың арақатынасын түсіну;

Көпмағыналы формаларды контексте ажыратып,морфологиялық категориялардың қызметін дәлелді түрде түсіну;

2

1

1

Грамматикалық мағына мен грамматикалық форманың арақатынасын түсінеді.

Тілдік құбылыстарды функционалдық тұрғыдан түсіндіруге үйретеді.

17-19

Морфологиялық талдаудың олимпиадалық үлгілері

Морфологиялық талдауды ғылыми талапқа сай орындайдау;

Стандартты және стандарттан тыс олимпиадалық үлгілерді ажыратып, дәлелді, жүйелі, терминологиялық тұрғыдан сауатты жауап беру;

Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;

3

1

2

Морфологиялық талдауды ғылыми талапқа сай орындайды. Жоғары деңгейдегі талдау дағдысын, дәлелдеу мәдениетін және олимпиадалық жазылым стандарттарын қалыптастырады.Тапсырмаларды жауапкершілікпен орындап, еңбексүйгіштікке тәрбиеленеді.

20-21

Синтаксис негіздері



Синтаксистің негізгі ұғымдарын терең меңгереді;

Сөйлем құрылымын логикалық және грамматикалық тұрғыдан талдай алады.

2

1

1

Синтаксистің негізгі ұғымдарын терең меңгереді,

Синтаксистік ойлауын дамытуға бағытталған сараланған тапсырмалар жүйесін қалыптастырады.

22-23

Сөйлем түрлері және тыныс белгілері

Сөйлем түрлерін және олардың тыныс белгілерін контекст аясында дұрыс қолдану;

Құрмалас сөйлем түрлерін ажыратып, тыныс белгілерінің қойылу себептерін ғылыми тұрғыда дәлелдеу.

2

1

1

Сөйлем түрлерін және олардың тыныс белгілерін контекст аясында дұрыс қолданады. Тыныс белгілерін механикалық емес, мағыналық-логикалық негізде түсіндіру арқылы сауатты жазуға жетелейді.

24-25

Пунктуация және ғылыми дәлелдеу

Пунктуациялық нормаларды меңгеріп, тыныс белгілерінің қойылуын ғылыми дәлелмен негіздей алу; Олимпиадалық эссе мен талдау жұмыстарында пунктуациялық сауаттылығын арттыру;


2

1

1

Пунктуациялық нормаларды меңгеріп, тыныс белгілерінің қойылуын ғылыми дәлелмен негіздей алады.

Ғылыми стиль элементтерін меңгерту арқылы зерттеушілік қабілеттерін дамытады.

26-27

Мәтін лингвистикасы

Мәтіннің құрылымдық және мағыналық бірліктерін анықтау; Мәтіннің тұтастығы мен байланыстылығын лингвистикалық тұрғыда талдап, әртүрлі стильдегі мәтіндерді салыстырып, функционалдық ерекшеліктерін айқындау;

2


2

Мәтіннің құрылымдық және мағыналық бірліктерін анықтайды. Мәтін арқылы оқушының тілдік құзыреттілігін кешенді дамытып, оны ғылыми тұрғыда зерттеуге дағдыланады.

28-29

Олимпиадалық мәтіндерді кешенді талдау

Олимпиадалық мәтіндерді фонетикалық, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік деңгейде кешенді талдау;

Авторлық идеяны, тілдік тәсілдерді, көркемдік және логикалық құрылымды дәл анықтау;


2


2

Олимпиадалық мәтіндерді фонетикалық, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік деңгейде кешенді талдай алады. Жоғары нәтижеге бағыттайтын аналитикалық оқыту моделін жүзеге асырады.

30-32

Шығармашылық тапсырмалар және эссе жазу

Шығармашылық тапсырмалар арқылы өз ойын жүйелі, сауатты түрде эссе жазуды меңгеру;

Берілген тақырып бойынша жоспар құрып,негізгі ойды дәлелдермен толықтырып,көлемі шағын эссе жазу.

Өз еңбегін жоспарлауға,ұқыпты жазуға және басталған ісін соңына дейін жеткізуге дағдылану;

3

1

2

Шығармашылық тапсырмалар арқылы өз ойын жүйелі, сауатты түрде эссе жазуды меңгереді.

Сыни ойлау, ойды құрылымдау,өз пікірін дәлелдеу және жазбаша тілдік дағдылары дамиды.

Өз еңбегін жоспарлауға,ұқыпты жазуға және басталған ісін соңына дейін жеткізуге дағдыланады.

33-34

Олимпиадаға психологиялық және тұлғалық дайындық


Олимпиадаға қатысу кезінде өз сезімін басқару;

Жарыс жағдайында өз эмоциясын басқаруды, күйзелісті жеңуді және сенімді түрде білімін көрсетуге үйрену;

2


2

Олимпиадаға қатысу кезінде өз сезімін басқаруды үйренеді.

Психологиялық тренинг арқылы өзін-өзі реттеу қабілеті дамиды.



9



Ақпараттық – әдістемелік бөлім

(аптасына – 1 сағат, барлығы – 34 сағат)


10- сыныптың қазақ тілі пәні бойынша жазылған «Қазақ тілі пәні бойынша оқушыларды олимпиадаға дайындау жолдары»(олимпиадаға дайындық) бағдарламасының алғашқы бөлімі «Қазақ тілін олимпиадалық деңгейде меңгерудің теориялық негіздері» тақырыбымен аталады. Бұл бөлімде 6 сағат: «Кіріспе. Қазақ тілін олимпиадалық деңгейде оқытудың мақсаты мен ерекшеліктері», «Тіл білімінің салалары және олимпиада тапсырмаларындағы орны», «Фонетика негіздері және дыбыстық талдау», «Фонетикалық заңдылықтар және үндестік заңы», «Лексика және сөз мағынасы», «Лексикалық талдау және сөз мағынасын анықтау» тақырыптары қамтылған. Аталған бөлімде қолданылған технологиялар:

  • Ақпараттық-коммуникативтік оқыту технологиясы;

  • Деңгейлеп оқыту технологиясы;

  • Құзыреттілікке бағытталған оқыту технологиясы;


Авторлық бағдарламаның екінші бөлімі «Тілдік талдау дағдыларын тереңдету және олимпиадалық ойлау қалыптастыру» 13сағат берілген. « Фразеология және тұрақты тіркестер», « Сөзжасам және сөз тудыру тәсілдері», « Морфологияға кіріспе: сөз таптары»,
« Сөз таптарын терең талдау», «Грамматикалық форма мен мағына», « Морфологиялық талдаудың олимпиадалық үлгілері» тақырыптары қамтылған. Аталған тақырыптарды оқыту барысында төмендегідей технологиялар қолданылады.

  • Проблемалық оқыту технологиясы;

  • Зерттеушілік ( ізденіс) технологиясы;

  • Интеграциялық технология;  

«Синтаксис және мәтінмен кешенді жұмыс» бөлімінде 10сағат берілген. «Синтаксис негіздері», «Сөйлем түрлері және тыныс белгілері», «Пунктуация және ғылыми дәлелдеу», « Мәтін лингвистикасы», « Олимпиадалық мәтіндерді кешенді талдау» тақырыптары негізінде құралған. Бұл бөлімде төмендегі технологиялар қолданылды.

  • Дамыта оқыту технологиясы (Элькони-Давыдов)

  • Кешенді дамыту технологиясы

  • Аналитикалық оқыту технологиясы;


«Шығармашылық жұмыс және олимпиадаға тұлғалық дайындық» бөліміне 5 сағат берілген. Төртінші бөлімнің тақырыптары «Шығармашылық тапсырмалар және эссе жазу», «Олимпиадаға психологиялық және тұлғалық дайындық». Бұл бөлімде төмендегі педагогикалық технологиялар қарастырылады.

  • Сын тұрғысынан ойлау технологиясы;

  • Психологиялық тренинг технологиясы;

  • Өзіндік дамыту технологиясы (М. Монтессори)

10







Бағалау критерийі



Критерийлер

Дескриптор

әдіс

Теориялық сабақтар үшін

Олимпиадалық тапсырмалар туралы мәліметтерді біледі

жарайсың

Фонетикалық заңдылықтарды біледі

БББ

Сөз таптарының граматикалық формаларын талдауды үйренеді

БАҒДАРШАМ

Лексикалық,морфологиялық,синтаксистік талдау жүргізуге дағдыланады

5

Шығармашылық тапсырмалар арқылы сауатты жазуды меңгереді

10

Практикалық сабақтар үшін

Олимпиадалық тапсырмаларға дұрыс талдау жүргізеді

5

Сөз мағынасының түрлерін ажырата алады

5

Сөз таптарының жүйесін жаттайды

5

Морфологиялық талдау жасайды

5

Синтаксистік ұғымдарды талдайды

5

Тыныс белгілерін дұрыс қолданады

5

Мәтіннің құрылымын, мағыналық бірліктерін анықтайды

5

Сауатты түрде эссе жазады

10

Барлығы:


60 балл


















11



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Ұстаздар үшін: 1. Төлеубаева М.С. «Лингвистика және үштілді білім беруді дамыту»: Манаграфия – Астана. - 2022ж. -89б. 2. Жанпейісова М.М. «Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде»: дипломдық жұмыс. – Алматы. 2002ж (2022ж) – 40 б. 3. Имaнбeкoвa Б. «Мeктeптeгi ғылыми-әдicтeмeлiк жұмыc»: -Aлмaты. -2003ж. -136 б.

4. Epнaзapoвa З.Ш. « Эcce түpлepi»: oқy құpaлы -Aлмaты. 2018ж. – 55б

5. Баянбаева Б.Б. «Инновация һв образвании»: - Казахстан.-2020ж.-69б.

Оқушылар үшін:

1.Дayлeткaлиeвa, P. Л. «Қaзaқ тiлi caбaғындa oқyшылapдың oқy cayaттылығын дaмытy»: -Астана. -2017ж.-152б.

2.Оразбаева Ф.Ш, Дәулетбекова Ж.Т,Рауандина А.Қ,Рахметова Р.С,

Мукеева Б.Қ. «Қазақ тілі мен әдебиеті»: Тіл-байрақ. Оқулық. -Алматы. «Көкжиек-Горизонт» баспасы. -2019ж.-144б.

3. Ибрагимов Қ. «Шың-кітап» талапкерге арналған оқулық-тест: -Алматы. «Шың-кітап» баспасы.-2020ж.

4.Ахметов.Ш. «Қазақ тілі мен әдебиетінен олимпиадаға дайындау» әдістемелік құрал.-Алматы.-2022ж.

5. Баймұхамбетов.Ә. «Шығармашылық қабілеттерді дамыту әдістемелері»:-Алматы «Кітап»баспасы.-2019ж.

6. «Жұмабеков Н. «Оқушылардың ойлау қабілеттерін жетілдіру» көмекші құрал:-Алматы.-2018ж.

7. Диyaнoвa.Р. «Қaзaқ тiлiн oқытyдa oқылым әpeкeтiнe үйpeтy жoлдapы»:-2017ж.-63б.http://group-global.org/kk/publication/15595-shetel-tilin-okytuda-okylym-reketin-uyretu-zholdary

8.Мамыт А.А. «Халық ауыз әдебиеті»: -Алматы. –«Әлем»,2024ж. - 47б.

9.Абдрахманов А. «Қазақ тілінде философиялық-поэтикалық эсселер жинағы»: -Алматы. -2025ж. -123б.

10.http://www.library.novouralsk.ru/recommends—esse.html

11. «Эcce жaзy әдicтeмeci» Ғaлaмтop мaтepиaлдapы

12.http://melimde.com/astana-alasini-bilim-basarmasi-edistemelik-kabinet.html

https://stan.kz/esseni-kalay-zhazadi-barlik-erezheler-311643/













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.02.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі