жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Қазақ тілі пәні бойынша тест сұрақтары
Қазақ тілі I семестр
I нұсқа
1. Жалқы есімді көрсетіңіз
А) Тау. В) Сәкен. С) Ит. Д) Ағаш. Е)Кітап.
2. Шығыс септігіндегі зат есімді табыңыз.
А) Сабақтар. В) Табысқа. С) Дәрігерден. Д) Гүлді. Е) Оқушының.
3.Тұйық етістік болмайтын сөзді көрсетіңіз
А) Табу. В) Айту. С) Тау. Д) Көру. Е) Есту
4. Қазақ тілінде етістің неше түрі бар?
А)1. В) 2. С) 3. Д) 4. Е) 5.
5. Кіріккен сөзді табыңыз.
А) Ауа В) Ағаш С) Белбеу Д) Зат Е) Атақ
6.Туынды сын есімді табыңыз.
А) Тауың. В) Таумын. С) Тауға. Д) Таулы. Е) Таулар.
7. Сын есімнің сұрақтарын табыңыз.
А) Кімнің? ненің? В) Қандай? қай? С) Қанша? неше? Д) Қайда? қалай? Е) Не істеді? қайтты?
8. Осы шақта түрған етістікті көрсетіңіз
А)Сабақ қараймын. В) Сабақ қарап отырмын. С) Сабақ қарағым келмейді
Д) Сабақ қарап болдым Е) Сабақ қарамаймын
9. Есімшені табыңыз
А) Барып В) Бара. С)Барған . Д) Барғанша Е) Барғалы
10. Сұрау есімдіктерін көрсетіңіз.
А) Қашан, қалай. В) Міне, әне. С) Бәрі, бүтін. Д) Біздер, сіздер. Е) Біреу, кейбіреу.
11. Белгісіздік есімдігін табыңыз.
А) Бәріміз. В) Біреу. С) Күллі. Д) Бәрі. Е) Барша.
12. Болымсыз етістікті табыңыз.
А) Алмады. В) Қызғанды. С) Жылады. Д) Күлді. Е) Жуынды.
13. Негізгі етістікті табыңыз.
А) Көр. В) Берер. С) Ашуланды. Д) Салынды. Е) Әперді.
14). Қалау райды табыңыз.
А) Менікі емес. В) Бара жатыр. С) Көргім келеді. Д) Көрдім. Е) Кездесетін болдық.
15.Күрделі етістікті табыңыз.
А) Отырмын. В) Отырсыңдар. С) Қыдырамыз. Д) Жазып отырмын. Е) Жуынамыз.
16. Көсемшенің жұрнағын табыңыз.
А) –ар, -ер, -р. В) –мақ, -мек. С) –а, -е, -й. Д) –ған, -ген. Е) –атын, -етін, -итын.
17. Шартты райлы етістіктің жұрнағын көрсетіңіз.
А) –ды, -ді. В) –ғы, -гі. С) –са, -се. Д) –ын, -ін, -н. Е) –а, -е, -й.
18. «Көзді ашып жұмғанша» деген тұрақты тіркес қандай мағына береді?
А) Асықпай. В) Тез. С)Қорқынышты. Д) Таң қалу. Е) Көмектесу.
19. Толықтауыш қай септікте тұрғанын көрсетіңіз. Ол бізбен кездесті.
А) Барыс септік. В) Шығыс септік. С) Ілік септік. Д) Табыс септік. Е) Көмектес септік.
20. Қайтті? Не істеді? Не қылды? қай сөйлем мүшесінің сұрақтары екенін көрсетіңіз.
А) Баяндауыш. В) Пысықтауыш. С) Анықтауыш. Д) Толықтауыш. Е) Бастауыш.
21. Наурыз мерекесінің ең басты тағамы не?
А) Қазақша ет. В) Наурыз көже. С) Палау. Д) Салма. Е) Тұшпара.
22. Киіз үйге қатысты сөздерді табыңыз.
А) Биік, аласа В) Ағаш, кірпіш С) Шаңырақ, кереге Д) Сурет, кескін Е) Қабырға, төбе
23.Көмекші есімді табыңыз.
А) Менің ауылым В) Ауылда тұру С) Ауылдың маңы Д) Ауыл туралы Е) Ауылдағы ән
24. Баланың ең алғашқы қадам басуына байланысты дәстүрді табыңыз.
А) Мүшел той. В) Бесікке бөлеу. С) Ат қою. Д) Шілдехана. Е) Тұсау кесу.
25. Астана қаласы қашан Нұр-Сұлтан қаласы болып өзгертілгенін белгілеңіз?
А) 2017ж. В) 2019ж. С) 2018ж. Д) 2016ж. Е) 2009ж.
II нұсқа
1. Жалпы есімді табыңыз.
А) Балқаш. В) Сырдария. С) Бетпақдала. Д) Тау. Е) Жамбыл.
2. Туынды зат есімді көрсетіңіз.
А) Еңбекті. В) Еңбекші. С) Еңбекпен. Д) Еңбегің. Е)Еңбектен.
3. Жұрнағы бар сөзді табыңыз.
А) Шөп. В) Тұз. С)Құс. Д) Басшы. Е) Үй.
4. Сын есімді табыңыз.
А) Доп. В) Аспан. С) Қарлығаш. Д) Көрпе. Е) Қызыл.
5. Қатыстық сын есімді көрсетіңіз.
А) Пырақ. В) Алтын. С) Жаңбырлы. Д) Қос. Е) Бейне.
6. Күрделі сан есімді көрсетіңіз.
А) Екі. В) Жеті. С) Тоғыз. Д) Жиырма бір. Е) Бес.
7. Сын есімнің сұрақтарын табыңыз.
А) Кімнің? ненің? В) Қандай? қай? С) Қанша? неше? Д) Қайда? қалай? Е) Не істеді? қайтты?
8. Осы шақта тұрған етістікті көрсетіңіз
А)Сабақ қараймын. В) Сабақ қарап отырмын. С) Сабақ қарағым келмейді
Д) Сабақ қарап болдым Е) Сабақ қарамаймын
9. Есімшені табыңыз
А) Барып В) Бара. С)Барған . Д) Барғанша Е) Барғалы
10. Өткен шақтағы етістікті табыңыз.
А) Ақша. В) Көрмеу. С) Ақшыл. Д) Келе жатыр. Е) Бітірді.
11. Болымды етістікті табыңыз.
А) Күлмеді. В) Жуынбады. С) Қуанбады. Д) Алды. Е) Жыламады.
12. Көсемшені белгіле.
А) Кет. В) Кеткелі. С) Кетпек. Д) Кеткен. Е) Кетеді.
13. Тұйық етістік жұрнағын табыңыз.
А) –ып. В) –й. С) –а. Д) –у. Е) –е.
14.Күрделі етістікті табыңыз.
А) Отырмын. В) Отырсыңдар. С) Қыдырамыз. Д) Жазып отырмын. Е) Жуынамыз.
15. Қалау райлы етістікті табыңыз.
А) Еңбек етсем. В) Амандасайын. С) Айтқысы келген. Д) Тынығыңыз. Е) Жүдеп қалыпты.
16. Бала туғаннан кейін шашын және тырнағын алатын салт-дәстүр
А) Тұсаукесер В) Сүндет той С) Қырқынан шығару Д) Беташар Е) Сырға салу
17. Кіріккен сөзді табыңыз.
А) Ауа В) Ағаш С) Бүгін Д) Зат Е) Атақ
18. Қандай? Қай? сұрақтарына жауап беретін сөз табын табыңыз.
А) Сын есім. В) Сан есім. С) Зат есім. Д) Етістік . Е) Есімдік.
19.Сөйлемдегі мекен үстеуді көрсетіңіз
А) Жақсы. В) Қалада. С) Әдейі Д) Бүгін. Е)Кеше .
20. «Жерге кіріп кете жаздау» тұрақты түркесі қандай мағына береді?
А) Жылдам. В)Ұялу. С) Қорқу. Д) Тоңу Е) Көмектесу
21.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасында не бейнеленгенін табыңыз.
А) Пырақтар. В) Қырандар. С) Күн сәулесі. Д) Ою-өрнектер. Е) Қыран құс.
22. Қазақстанның жер көлемін анықтаңыз.
А) 1600 мың шаршы шақырым. В) 2700 мың шаршы шақырым. С) 3700 мың шаршы шақырым.Д) 1500 мың шаршы шақырым. Е) 1700 мың шаршы шақырым.
23. Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алған уақытын көрсетіңіз.
А) 1992ж. В) 1988ж. С) 1990ж. Д) 1991ж. Е) 1989ж.
24.Қазақстан Республикасының тұңғыш ғарышкерін табыңыз.
А) С.Абдрахманов В) Т.Әубәкіров С) В.Волков Д) Н.Әбдіров Е) Т. Мұсабаев
25. Жалқы есімді көрсетіңіз
А) Тау. В) Қызылорда. С) Ит. Д) Ағаш. Е)Кітап.
Жауаптары:
I нұсқа |
II нұсқа |
1.В |
1.Д |
2.С |
2.В |
3.А |
3.Д |
4.Д |
4.Е |
5.С |
5.С |
6.Д |
6.Д |
7.В |
7.В |
8.В |
8.В |
9.С |
9.С |
10.А |
10.Е |
11.В |
11.Д |
12.А |
12.В |
13.А |
13.Д |
14.С |
14.Д |
15.Д |
15.С |
16.С |
16.С |
17.С |
17.С |
18.В |
18.А |
19.Е |
19.В |
20.А |
20.В |
21.В |
21.А |
22.С |
22.В |
23.Д |
23.Е |
24.Е |
24.В |
25.В |
25.В |

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген