400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

қазақ тілі пәні мұғалімдерінің олимпиадасы

Материал туралы қысқаша түсінік
қазақ тілі пәні мұғалімдеріне арналады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ тілі мен қазақ әдебиетінен сабақ беретін мұғалімдер олимпиадасын өткізу сценарийі



Мақсаты: қазақ тілі пән мұғалімдерінің ғылыми - әдістемелік деңгейлерін анықтау, кәсіби және ақпараттық құзыреттілік деңгейлерін арттыру үшін қажетті жағдайлар жасау;
Міндеттері:- шығармашылық белсенділікті ынталандыру, кәсіби шеберлік деңгейді арттыруға уәж жасау, шығармашылықпен айналысатын мұғалімдерді қолдау мен мадақтау; педагог кәсібінің беделін арттыру; ғылыми білімді насихаттау.

Сахна өтілетін шараға сай безендірілген. Ұстаз туралы ұлағатты ой, қанатты сөздер жазылған түрлі - түсті қағаздар мен шарлар ілінген.


(Ең бірінші олимпиаданы шәкірттердің әдемі сазды әнімен ашылады)

Ән "ақылшым мұғалім"

1 жүргізуші: Сәлем бердік ұстаздар баршаңызға,
Сіздермен тола берсін ортамызда.
Бүгінгі ел басқарған азаматтар,
Білім алған сіздердің арқаңызда.


1 жүргізуші: Қазіргі кезде біздің, яғни ұстаздардың мектептегі басты міндеті - заман талабына сай жан - жақты дамыған, туған жерін, Отанын сүйетін ұлтжанды, саналы, ғылым мен білім негізін бойына дарытқан азамат етіп тәрбиелеу, мектептен шыққан шәкіртті өмірге даярланған тұлға етіп шығару. Сол себептен мұғалімдерді шығармашылық белсенділікке ынталандыру, кәсіби шеберлік деңгейді арттыруға уәж жасау, шығармашылықпен айналысатын мұғалімдерді қолдау мен мадақтау; педагог кәсібінің беделін арттыру; ғылыми білімді насихаттау мақсатында қазақ тілі мен қазақ әдебиетінен дәріс беретін мұғалімдер арасында олимпиада өткізіліп отыр.

2 жүргізуші:
Ұстаздықты арман еткен жүректер,
Ұрпақ үшін еңбек етер тіректер.
Мектеп атты білім орда ұядан,
Келді міне ортамызға кілең алтын жүректер - деп ауданымыздың мектептерінен келген олимпиадаға қатысушы ұстаздарымызды шақырамыз.
(ортаға олимпиадаға қатысушы ұстаздар шығады, әр мұғалімге і әдемі өлең жолдарымен шақырылады ).
1. Көздерінен жігер оты лаулайтын,
Білімімен шәкірттерді баулайтын.
2. Биік қойған парасат пен тәлімді,
Мәртебелі ұстаздықты таңдады.
3. Білім бердің, аяладың жасынан,
Шәкірттерін сипайтұғын басынан.
4. Биік сенің ұстаздық қасиетің,
Мінезің жоқ қиынға бас иетін.
5. Ұстаздың оттай ыстық алақаны,
Болған соң ойлайтыны-бала қамы

6. Баладан ұстазыма мың сан алғыс
Өйткені ол ұстазымның ақ арманы.

7. Көрінбес ғажап еңбектің бейнетін кешіп жүрсіздер.

Жүректе тұрар жалқы үнің,

жанымнан жалын жігер күт.

Ұстазым, сенің әр күнің, әр сәтің тұрған бір ерлік!

8. Тәуелсіз мемлекеттің мұғалімі,
Өзіңменен бала өмірі басталады.
9. Ақыл - шырақ, қара түнді ашатын,
Білім жарық, оқушыға шашатын.
10. Сөйлесіп шәкіртімен тіл қатады,
Шешіліп кейде достай сырласады.
11. Ұстаз бізді білім беріп өсірген
Қатемізді әрқашанда кешірген
«Өмір жолы-қиын жол» деп әрдайым
Тәрбиелеп, ақылды ғып өсірген.

12. Өздеріңнен алған білім бар адам,
Туған елдің құрметіне жараған.
13. Мұғалім – ұстазысың балалардың,
Болашақ ғалымдардың, даналардың.
Өмірде сенің алар орыныңды
Бәрі де жеткізе алмас бағалардың. (осы өлең жолдары арқылы олимпиадаға қатысушы мұғалімдер ортаға шығады)
1 жүргізуші: Құрметті ұстаздар, қазақ тілі және әдебиеті пәнінің аудандық олимпиадасына қош келдіңіздер! Құттықтау сөз беріледі. ( ұйымдастырып отырған әдіскерге құттықтау сөз кезегі беріледі)
2 жүргізуші: Бүгінгі күн жүйріктерден жүйріктер таңдау үшін, өздерінің әділ бағаларын қоюға келген әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.
(олимпиада әділқазылары бес адамнан құралады)

1.Ахмерова Ергүл Тоқановна-Өрел орта мектебінің мұғалімі

2. Сулейменова Алем Калелхановна-В.Ленин атындағы орта мектептің мұғалімі

3. Китакпаева Кульзағия Мамиевна-бөлім әдіскері

4.Керейбаева Раиса Мейрмановна-бөлім әдіскері
(олимпиадаға қатысушылар құттықтау сөзден кейін өз орындарына жайғасады.)
Осы сәтте: «Әннің де естісі бар, есері бар
Тыңдаушының құлатын тесері бар»- деп ұлы Абай данамыз жырлағандай әдемі әніміз сіздерге арналады құрметті ұстаздар!(ән орындалады)
1 жүргізуші: Олимпиада ережесімен таныстырып өтейін.
1. Тестілеу жұмысы.Барлығы 30 сұрақтан құралды. Ішінде логикалық тапсырмалар бар.

2. «Мұғалімнің жұмыс жүйесі» тақырыбында презентация қорғау


Берілген тақырып бойынша сабақта мұғалімдердің іс тәжірибесінің жүйесімен таныстырасыздар. Презентацияны қорғауға 7 минут беріледі. Бұнда жұмыс жүйесінің маңыздылығы

- жүйенің тиімділігі мен шынайлығы – жүйенің тұтастығы – қойылған мақсатқа жету үшін мазмұны мен әрекеттің толықтығы;

- ұсынып отырған жүйенің тиімділігі мен нәтижеге жетуі;

- материалды ұсынудағы мақсатқа негізделгені мен логикалық мазмұны;

- презентацияның мәдениеттілігі мәнері есепке алынады.

2 жүргізуші:

«Мұғалім - мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ісі мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі.» Ендеше, ой қимыл әрекетін бір арнаға жұмылдырып тоғыстыра білетін мұғалімдерімізді тестілеу кезеңіне шығарып салайық.


(Мұғалімдер тестілеуге қатысады. Тест жұмыстарының барлық саны-30. Тестілеу қағаз жүзінде орындалады. Әрбір жұмысқа шифр қойылады. Тесті орныдауға барлығы 45 минут уақыт беріледі.)


1 жүргізуші: Мұғалім мектепте тек білім ғана беріп қоймай оқушыларды әдемі сөйлеуге, қатесіз жазуға, өзінен үлгі алуға үйретеді. Бүгінгі олимпиадаға қатысып отырған мұғалімдеріміздің тіл байлығы мен сабақ берудегі үндестігін байқау кезегі келді. Қазір ұстаздарымыз презентациясын қорғауға кіріседі. Ендеше іске сәт!

2 жүргізуші: Құрметті әділқазылар алқасы! Сіздерді бүгінгі олимпиаданың жеңімпаз мұғалімдерін анықтау үшін шығарып салуға рұқсат етіңіздер.

(әділқазылар алқасын шығарып салған соң ортаға бірнеше оқушы шығады, мына өлең жолдарын оқиды)

1 - оқушы: Ақыл, сана, сабыр, талас - тартысу
Мұғалімнің табиғаты, жалпы осы.
2 - оқушы: Бос уақыты ойдан басқа ойы жоқ,
Бос уақыты әрбір түннің жартысы.
3 - оқушы: Махаббаты: бала және отаны.
Сүйікті ісі: қағаз - кітап қопару.
4 - оқушы: Демалысы: шәкірттерге хат жазу.
Ал, кәсібі: от беру мен от алу.
5 - оқушы: Қашан көрсең күліп бара жатқаны
Күлетіні: бақыттылық нышаны.
6 - оқушы: Байлықтары: шәкірттердің хаттары,
Бұл халықтың мектеп мекен - тұрағы.
Барлығы: Мектеп десе жан дүние құрамы
Үсті - үстіне қатты соққан жүрек пен
Өзін - өзі ұмытудан тұрады.

1 жүргізуші: Құрметті ұстаздар! Олимпиаданың қортындысын шығару үшін әділқазылар мүшесіне сөз беріледі.


(Әділқазылар алқасы бүгінгі олимпиаданың жеңімпаздарын мақтау қағазы мен бағалы сыйлықтармен марапаттайды.)


Олимпиаданың соңында оқушылар «Ұстазыма» әнін хормен орындайды.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
18 наурыз
1880
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі