400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақ тілі пәнін оқытуда ұлттық құндылықтарды насихаттау

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақалада мектепте ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық қасиеттерді оқу процесі,тәрбиелік іс-шаралар арқылы жүзеге асыру туралы айтылады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ тілі пәнін оқытуда ұлттық құндылықтарды насихаттау

Болашақ ұрпақ Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды ,тарихи тәжірибелерді ,сан ғасырлық мәдени ұлттық дәстүрлерді ескере отырып ,ұлттық рухта тәрбиеленгені абзал. Мектепте тәрбиені таза,сау ,берік һәм өз жанымызға қабысатын,үйлесетін негізде жалғастыра білсек,келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады. Бүгінгі жаһандану үрдісінде әр ұлт, әр мемлекет өзіндік менталитетін ,өзіндік бет-бейнесін сақтап қалуға тырысуда. Бізді де осы үрдістен алып шығар -ежелден қалыптасқан ұлттық құндылықтарымыз және білімді ұрпақ. Сол себепті жас ұрпақты тәрбиелеудегі басты ұстанар бағытымыз –ұлттық құндылықтар болуы қажет.

Қазақ халқының кешкен тірлігі мен тұрмысы сонау көне ғасырдан бері жалғасып келе жатқан бай ауыз әдебиетінде



сақталған. Ұлттық құндылықтардың кең өрісті,келісті көрініс табуы-халықтың мақал-мәтелдерінде,шешендік сөздерінде,даналықтарында.

Сондықтан да қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда балаларға тақырыпқа сай мақал-мәтел,жаңылтпаш,батырлар жырын жаттатып,оларды нақышына келтіріп баяндауды үйретіп,рухани құндылықтарды бойына сіңіруіне мән беремін. Жастайынан осыларды естіп өскен ,ұлттық бұлақтан сусындап нәр алған жас ешқашан да ұлттық келбетін жоймайды.

Әр түрлі ұлт өкілдерінен құрылған сынып оқушыларына « қазақ тілі- ғылым мен білімнің,интернеттің тілі,ұлттың ұйтқысы »деп танытып,өзі өмір сүріп отырған мемлекеттің тіліне құрметпен қарап,ынтамен оқып үйренуіне назар аударылады.Өзге ұлт оқушылары арасында өткен« Тілден асқан қазына жоқ»мәнерлеп оқу жарысы, мектеп радиосы арқылы атаулы даталарға байланысты өлең оқуға,«Мемлекеттік тіл-менің тілім» фестивальдеріне қызығушылықпен қатысады.

Ал « Менің Отаным-Қазақстан», «ҚР рәміздері», «Астана-бас қала»,» Орал-менің мақтанышым» тақырыптарындағы сабақтар Қазақстандық патриотизмді дамытуға бағытталды.

Білім беруде ел тарихын қозғап,зиялы қауымның еңбектерін,қоғам дамуына қосқан үлесін айтып түсіндіру арқылы оқушы бойында адами құндылық қасиеттерін қалыптастыра аламыз. Мектепте өткен « Латын әліпбиі-ұлт болашағының кепілі» конференция, Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына арналған « Ыбырай салған сүре жол-ұрпаққа өнеге» атты дөңгелек стол осы мақсатта ұйымдастырылды.

Руханилық-жеке тұлғаның негізгі сапалық көрсеткіші. Руханилықтың негізінде адамның мінез-құлқы қалыптасады,ар-ұят,өзін-өзі бағалау және адамгершілік сапалары дамиды. Адамгершілік тақырыбы-мәңгілік. Ол ешқашан ескірмек емес. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру-ата-ана мен ұстаздардың басты міндеті. Адамгершілік-әр адамға тән асыл қасиеттер. Оның айна бұлағы- халқында,отбасында,олардың өнерінде,әдет-ғұрпында. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс-тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіре алады. Жас ұрпақты тәрбиелеу-отбасы мен мектептің бірден-бір парызы. Ата-аналармен жүргізілетін түрлі шараларда аталмыш мәселе сөз болады.

Қазақ тілі пәні мұғалімі ретіндегі мақсатым- оқушылардың ұлттық құндылықтары мен жалпы адамзаттық қасиеттерін оқу процесі ,тәрбиелік іс-шаралар арқылы қалыптастырып,әр баланың бойында ұлттық сана қалыптасқан,халқының әдет-ғұрып,салт-дәстүрін көңіліне тоқыған,рухани байлығы мол оқушы ,келешек жасты тәрбиелеу.



Рсаева М.Т-қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі,Орал қаласы,БҚО

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
15 қараша
705
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі