жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Қазақ тілі пәнінде ойын түрлерін пайдалану арқылы оқушылардың шығармашылығын дамыту
Тақырыбы:Қазақ тілі пәнінде ойын түрлерін пайдалану арқылы оқушылардың шығармашылығын дамыту
Мақсаты:Жаңартылған білім беру бағдарламасы негізінде оқыту мен оқу тәжірибесіндегі жаңа әдіс – тәсілдер мен ойын түрлерін пайдалана отырып, қазақ тілі пәнінде оқушылардың сөздік қорын, шығармашылығын дамыту, алған білімін өмірде пайдалана білу, өз бетінше үйренуге, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал ету.
Міндеті:
Есте сақтау қабілетін дамыту
Шығармашылық қабілетін арттыру;
Сыни ойлауын дамыту;
Ойлау қабілетін дамыту
Ойын арқылы шығармашылығын дамыту
Қызығушылығын арттыру
Зерттеу жұмыстарын жүргізу;
Ақпараттық – коммуникативтік дағдыларды пайдалану;
Тіл байлығын дамыту;
топта және жеке жұмыс істеу ептілігі;
проблемаларды шешу және өз бетімен шешім қабылдауға, бәсекеге қабілетті жеке тұлға қалыптастыру.
Болжам:
Егер, біз жаңартылған білім беру мазмұнына сай қазақ тілі сабағында түрлі ойындар арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып, сөздік қорын дамыту нәтижесінде балалардың есте сақтау қабілеті, шығармашылық қабілеті, ойлау қабілеттері мен сыни ойлауы дамып, үйренген білімдерін өмірде пайдалана білуіне, өз бетінше білім алуына жол ашқан болар едік.
Күтілетін нәтиже:
Жаңартылған білім беру мазмұнына сай қазақ тілі сабағында оқушыларды тиімді әдіс – тәсілдерін, ойын түрлерін өз тәжірибемде қолдану арқылы балалардың ұжымда, топтарда жұмыс істеу барысында есте сақтау қабілеті, ойлау қабілеті, логикасы, сыни ойлауыдамытып, алған білімдерін өмірде пайдалана білуімен бірге, танымдық белсенділігі, тіл байлығы, сөздік қоры арттып, өз бетінше білім алуға жол ашылып, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптасады.
Жоспар
І. Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
А) Ойынның бала өміріндегі маңызы
Ә) Оқушылардың дамуына әсер ететін ойындар
Б) Оқушылардың шығармашылығын, сөздік қорын дамытуда пайдаланған жаңа әдіс-тәсілдердің тиімділігі
В) Оқушылардың шығармашылығын, сөздік қорын дамыту жолдары
Г) Жаңартылған білім беру мазмұнына сай тиімді әдіс-тәсілдер, формативті бағалау түрлері және кері байланыс топтамаларын қолдану.
ІІІ. Қорытынды
ІҮ. Пайдаланған әдебиеттер
І.Кіріспе
Қазақ тілі сабағында оқушылардың шығармашылығын, сөздік қорын дамыту мұғалімдер үшін ең негізгі қадам. Алдымызда отырғаншәкірттерімізді білімді, саналы етіп тәрбиелеуде білім алуға икемдеу, ойын арқылы білім саласына бұру басты мақсатымыз. Балалар нені көріп, нені естиді соларды танып білу арқылы ой – өрісі мен есте сақтау қабілеті артады. Көз алдындағы заттарға қарап құмартып, көрген, білгенін өз ойымен әңгімелеу немесе ойындарды ойнау арқылы бір-бірімен сөйлеседі. Мұғалімнің нұсқауымен өз ойын анық жеткізуге талпынады. Сол арқылы сөздік қорына жаңа сөздер пайда болады. Біртіндеп сөйлеспелі сөздер арқылы оқулықтағы берілген тапсырмалары мен орындаған тапсырмаларын салыстыра отырып, өзіне деген сенімділік пайда болады. Тапсырманы дұрыс немесе бұрыс орындағанын салыстырады.Өз қоржынына жаңа сөздерді, идеяларды жинақтайды. Сонымен оқушылар ойыннан біртіндеп, білім алуға талпынып сөздік қоры дами түседі.
ІІ.Негізгі бөлім
А) Ойынның бала өміріндегі маңызы
Жаңартылған білім мазмұнына сай мектепке дейінгі оқытуда оқушылардың ойын арқылы сөздік қорын дамыту, шығармашылық қабілетін дамытуда тиімді әдіс – тәсілдерді қолдану. Міне, бұны қалай жүзеге асыру керек деген сұрақ туындайды. Жаңартылған білім мазмұнына балалардың шығрмашылығын, сөздік қорын дамыту үшін ойын түрлерін тиімді әдіс – тәсілдер арқылы қолдану, әр баланың көңіл-күйін байқау, бала мен ұстаз арасында байланыс орнату, мінез-құлқымен жете танысу арқылы жұмыс жасадым.Ойын ойнату арқылы ақыл-ойын дамыту. А.С.Макаренко «Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса, нақ сондай маңызы бар. Бала ойында қандай болса, өскен соң жұмыста да сондай болады». Сондықтан болашақ білімпазды тәрбиелеу ең алдымен ойыннан
басталады. Ойын оқушының қажетті әрекетінің бірі. Оқушының оқуы
ойыннан басталды. Ойын арқылы баланы білім алуға, оқуға қызықтыра отырып, тұлғалы дамуын қалыптастыруға болады. Қазақ халқының аса көрнекті ғалымы, ұлы педагог А.Байтұрсынов «Әрбір ұстаздың негізгі мақсаты – білім сапасын көтеру, түрін жетілдіру» деген. Бастысы - оқушыға деген құрмет, жұмысқа деген қабілетін өшірмеу, керісінше оны дамыту, онда өз күшіне сенімсіздік қалдырмау.
Конфуций: "Оқушы мен мұғалім бірге өседі",- деп жазған. Ойын түріндегі сабақтар оқушыға да, мұғалімге де өсуге мүмкіндік береді.Оқушыларға терең білім беру үшін тақырыпқа сай, қажетті ойын түрлерін тиімді меңгертуге, ойынды қолдану жолын өзі жақсы білуі керек. Ойындарға материалды таңдап алуда төмендегідей жайттарды есепке алдым:
1. Ойындарды пайдалануға оқу материалы мазмұнының мүмкіндіктері.
2. Білім көлемі мен сипаты, оларды меңгерудің қолайлылығы.
3. Ақыл-ой іс-әрекеті тәсілдерін қалыптастырудың алғышарттары.
Ойынның құрамына қойылатын талаптар, ойынның мақсаты, мазмұны және формасы арқылы анықталады.
Дидактикалық ойындарды ұйымдастыру мен жүргізу педагогикалық тұрғыдан бірқатар шарттарға байланысты:
1. Ойынның сабақтың дидактикалық мақсатына сәйкестігі.
2. Ойындардың мазмұны мен формасына қарай әртүрлілігі.
3. Ойынның балаларға түсінікті және тартымды болуы.
4. Ойынға қатысушылардың белсенді шығармашылық позициясы.
5. Ойынның эмоциональды болуы.
Осы шарттардан ойынды ұйымдастыруға мынадай әдістемелік талаптар қойылады.
1. Ойынның мақсаты және керекті көрнекті құралдар мен материалдар күні бұрын дайындалып отыруы тиіс.
2. Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібі оқушыларға әбден түсіндірілуі қажет.
3. Ойынға сыныптағы оқушылардың барлығының қатысуын қамтамасыз ету керек.
4. Оларды ойын үстінде ойлай білуге, шешім қабылдай білуіне жетелеу керек.
Ә) Оқушылардың дамуына әсер ететін ойындар
Дидактикалық ойындарды оқыту мазмұнына сәйкес түрлері:
1. Ойын-саяхаттар. Олар ертегілерге ұқсас. Олар фактілер немесе оқиғаларды бейнелейді, бipaқ олар ерекше түрде ашып көрсетіледі; қарапайым жұмбақ арқылы; қиындық - оңай жолмен; қажеттілер - қызық жолмен беріледі;
2. Ойын-тапсырмалар. Бұл ойындардың нeгiзiн заттар мен әрекет, сөздік тапсырмалар құрайды. Ойын міндеттері мен әрекеттері бip нәрсені болжауға негізделеді.
3. Ойын-болжамдар. Бұл ойындар "Не болар еді...?", "Мен не icтep едім, егер..." деген сұрақтарға негізделеді. Ойынның дидактикалық мазмұны балалардың алдына проблемалық міндет пен ситуацияны қоюда ерекшеленеді. Мұндай ойындар білімді нақты жағдайда ұштастыра байланыс тапсырмаларын белгілеуді талап етеді.
4. Ойын-жұмбақтар. Жұмбақтың нeгiзгi ерекшелігі - логикалық астарының болуында. Олар баланың ой-әрекетін белсендіреді. Жұмбақтар салыстыру, теңеу және сипаттау арқылы ұғымның қасиеттерін ажыратуға тәрбиелейді, оқушы қиялының дамуына әсер етеді.
5. Ойын-әңгімелер. Ол мұғалімнің балалармен, балалардың мұғаліммен және балалардың балалармен қарым-қатынасына негізделеді. Бұл қарым-қатынас ойын мазмұнында ерекше сипатқа ие болады. Ойынның құндылығы - олар эмоциональдық түрде белсендіруге, бip сөздікке, өзара әрекет жасауға, бірлесіп ойлануға мүмкіндік туғызады.
Енді, мен әрбір сабақта оқушылардың ой-өрісін, оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіру үшін ойын технологиясының осы түрлерімен жіктеп жүргізілген жұмыс мазмұнына тоқталайын.Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіруде мынадай жұмыстар жүргізіледі.
«Сөйлем» тақырыбын өту барысында «Сөз қуаласпақ», «Ұйқасын тап», «Жалғасын тап», «Жоғалған сөз», т.б. дидактикалық ойындар;«Сөз таптары», «Сөйлем түрлері» тақырыптарын өту барысында тірек- сызбалар, кестелер, плакаттар мен суреттер;«Сөз құрамы» тақырыптарын қорыту барысында «Білім биржасы», «Брейн ринг» оқыта үйрету ойындары оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, танымдық белсенділігін арттырады.Мысалы мен қазақ тілі сабағында дыбыстарды ажырату үшін «Дауысты, дауыссыз дыбыстар» ойынын қолдандым. Ойын түрлерін сабақ мазмұнына қарай белгілі бір мақсатта таңдап алу керек. Мазмұнды ойындарды қайталай бермеу керек, ол үшін өтілетін сабақтың тақырыбына сәйкес келетін ойын түрлерін күні бұрын реттеп оны жүргізудің тиімді тәсілдерін ойластыру керек. Барлық сабақтарда
дидактикалық ойындар қолданылады, оны сабақтың ортасында қолданған ыңғайлы. Қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындар оқушыларды
мұғалімнің айтқанын дұрыс ұғып, оны тыңдай білуге, дыбыстарды
ажыратып, дауысты, дауыссыз екенін ажыратып, берілген сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге олардың ой - өрісін дамытуға үйретеді.Сонымен бірге «Кім жылдам?» ойынын ойнау арқылы
«Мынау кімдікі?» дидактикалық ойынын ойнадық.
Шарты: киімдердің қайсысы ер баланікі,қайсысы қыз балаға кигізу керек?
Интерактивтік ойындар; Әлеуметтік ойындар; «Кино» Бұл ойынды өткізу үшін теледидар, бейнетаспа немесе DVD қолдану керек. Жүргізуші алдын
ала ертегілерден немесе мультфильмдерден түрлі эпизоттарды таңдап аладыМысалы, Алдар Көсе мен Бай арасындағы сұхбаттасу туралы эпизоды.
Ойыншылардың мақсаты: көрсетілген кейіпкерлердің мінезін дауыс
арқылы көрсету.Оқушыларға ертегі оқыту, содан кейін бұл ертегі бойынша қойылым жасайды. Оқушылардың білетін, оқыған ертегілерінің мазмұнын жаңа түрде жаңарта отырып, ертегінің соңын өздерінше аяқтаулары талап етіледі. Кейін оқушылар түрлі мазмұнда ертегілер құрастыруды еркін меңгеріп, өз бетімен шығармашылық бағытта ізденіп, жұмыс істей алатын болады. Сонымен бірге, әрбір сабақта оқушының ойын дамытып, оны шапшаңдыққа, тапқырлыққа баулуда жұмбақтар, ребустар, сөз жұмбақтар, анаграммалар, сконвордттар кұрастыру тапсырмасын орындау ерекше мәнге ие болады. Бұл оқушыдан салыстыру, жоспарлау сияқты тәсілдерді қолдануды талап етеді.
Б) Оқушылардың шығармашылығын, сөздік қорын дамытуда пайдаланған жаңа әдіс-тәсілдердің тиімділігі
Оқытудың дағдылары:
Айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым.
Бірінші аудиодан немесе видеодан, мультфильмдер арқылы көрсете отырып, тыңдалым дағдысы арқылы еске сақтау қабілетін дамыту.
Сабақтың ортасында «Миға шабуыл» әдісі бойынша балаларды сөйлету. Осы суреттерде не бейнеленген? Бұл суреттерге қарап қандай ой келді?
Миға шабуыл
Өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қойылады. Балалар тез жауап беруі керек. Оңай сұрақтардан бастап қиындатуға болады.
Сұрақтар қобдишасы
Ортаға сұрақтар жазылған қобдиша қойылады. Балалар кезектесіп бір сұрақты алады да жауап береді. Кей жағдайда балалар сұрақтар құрастырып қобдишаға салып, сосын оған жауап бергізуге де болады.
555Мұнда оқушылар топ ішінде өткен тақырып бойынша түйінді идеяларды жазады. Мұндағы бірінші 5-топ саны, екіншісі 5- идеялар саны, үшіншісі 5 уақыт. Сондықтан топ санына байланысты 434 деп (т.б.) өзгертуге болады, яғни 4 топ 4 минут ішінде 3 тақырыптың түйінін жазу керек деген сияқты.
Тікелей радиоэфир «РАФТ) Радио жүргізушісі талқыланатын тақырыпты таңдайды. Студия қонақтарына (төрт оқушыға) рөлдік карточка беріліп, олар сол карточкадағы рөлдерін ойнайды. Тыңдаушылар аудиториясы (сыныптағы оқушылар) баға береді, сұрақ қою үшін «қоңырау шалады», ескертпелер жасайды және т.б.
Адасқан әріптер:арпынсоқал , тұнауқыр, ыұқр, содмэнмреп, ытмұқ, лідүг ретмісөдік, ытражсоққан. Ытражарадқан, лүг, ысграмаидма, имбайк.
Бұрысын тап әдісі:Оқушылар лалагүлділер тақырыбына байланысты 8 сөйлем жазады. Сөйлемдердің 3 бұрыс, 5 дұрыс (санын әр түрлі алуға болады) етіп береді. Келесі топ мүшелері 8 сөйлемнің ішінде бұрыс жазылған сөйлемдерді табады.
В) Оқушылардың шығармашылығын, сөздік қорын дамыту жолдары
М
әтінмен
жұмыс барысында ең бірінші сыныпта
барлық оқушы үнсіз оқу, дауыстап оқу,
кезекпен оқу, музыка әуенімен оқу,
аудиодан тыңдау. Мәтінмен
жұмыс барысында үнсіз
оқу, дауыстап оқу, кезекпен оқу, музыка
әуенімен оқу, аудиодан тыңдау. Бұл
жерде цифрлық сауаттылық жүзеге асады.
Мәтін бойынша берілген сұраққа сыныпта
көп сөйлемейтін оқушы ...................ның
берген жауабы өте көкейге қонымды болды.
М
Көгершін
құсы
Адал ұшады, дәнмен қоректенеді
Көгершін қандай құс? Диалог құру. Ол сендерге ұнай ма? Неге? Көгершін болсаң не істер едің? Көгершін туралы не білесіңдер?
Ол мейірімді, адал болуды өзімізде көгершіннен үйренуіміз керек. Сондықтан мейірімді, адал болуды басты мақсат етемін деп .................. айтқан сөзі мені ерекше толғандырды. Кубизм стратегиясы арқылы оқыған мәтіннен не түсінгенін сұрақтарға жауап ретінде өз ойларын еркін жеткізе білді.
Сабақ кезінде оқушы мен мұғалімнің арасында қатынастар нығайып, өз бетімен ізденуге, саралап нақты шешім қабылдауға, сыни ойлауға, өз ойын дәлелдеуге, шығармашылық белсенділікке ұмтылды. Оқушы өз бойынан өткізіп, топпен, жұппен, жеке орындаған жұмысы шығармашылыққа жетелейді.
«Автор орындығы» Оқушының өзі жазған шығарма, эссесін оқытқанда отырғызып оқыту. Бұл әдістер қызығушылығын оятуда үй тапсырмасын сұрауда, ой толғаныс кезеңінде де қолданып отырдым.
Синквейн стратегиясы: Бес жолды өлең құрастыру:
Не? – Көгершін.
Қандай? – мейірімді, адал.
Не істейді? – ұшады, жем жейді.
Құмырысқа - бейбітшілік құсы..
Түйін сөз – Мейірімділік, адалдық адамдықтың белгісі.Осындай жұмыстар арқылы оқушының шығармашылығы, белсенділігі артып,
өздеріне сенімді бола алады. Таңдау курсында мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаштар туралы кітапша жасадық. Ертегі сахналауда оқушылардың актерлық шеберліктері, тіл байлығы, шығармашылық қабілеттері артты.
Кезбе тілші. Топтарда ……….туралы жаңалықтар бағдарламасын жасау қажет. (мысалы: су тасқыны, Гастингстегі шайқас және т.б.)
1-оқушы: Телефон соғылып жатқанға ұқсатып, тәулік бойы орын алған оқиғалар туралы хабарлайды. (мысалы: су тасқынының деңгейі)
2-оқушы: Телестудиядағы диктор; жиынтық ақпарат береді.
3-оқушы: Тілші; оқиға орнынан ақпарат ұсынады.
4-оқушы: Тілші сұхбат алатын куәгер.
Г) Жаңартылған білім беру мазмұнына сай тиімді әдіс-тәсілдер, формативті бағалау түрлері және кері байланыс топтамаларын қолдану.
«Бір қадам артқа» әдісіне негізділген алдыңғы сабақтағы кері байланыстан басталады. Әр сабақты осылай кері байланыстан бастау балалардың қателік жіберуге қорықпай, тәуекелге бару мәдениетін қолдау, оқушылардың ішкі уәжін сақтау және арттыру үшін жағымды кері байланыс ұсыну, оқушылардың өзіне беретін бағасын көтеріп, олардың алдағы уақытта нәтижені жетілдіре алатынына сенім ұялату болғандықтан сабақты осылай бастауды жөн деп санаймын.
Сабақтың басы «Ыстық алақан» әдісі арқылы балалардың арасында ынтымақтастық орта орнату. «Бес бармақ» әдісі арқылы 5 топқа бөлу.(бас бармақ, балаң үйрек, отан терек, шылдыр шүмек, кішкентай бөбек).
Сабақтың ортасында «Миға шабуыл» әдісі бойынша балаларды сөйлету. Осы суреттерде не бейнеленген? Бұл суреттерге қарап қандай ой келді? Бұл балалардың көрген суреттерді түсінуін жақсарту мақсатында тиімді тәсіл деп айтып, балалардың геометриялық фигураларды ажырата алуын, кеңістік фигуралары мен жазықтық фигураларын ажырата білуін уәждейді.
Аудиоға жазылған ертегіні тыңдау. Ертегіні үнсіз тыңдау,дауыстап бірге айту, кезекпен айту, ертегі не туралы?, кейіпкерлерін ата деген сұрақтар қоя отырып, ертегіні әңгімелеуге үйрету арқылы тіл байлығын дамыту. Немесе суреттер арқылы ертегі желісін баяндау. Оқылым, жазылым, айтылым дағдылары бойынша балаларды ынталандыру мақсатында бағалау. «Бас бармақ», . «Ашық микрофон» , «Пікір алмасу», «Қосу, алу, қызықты» әдістері арқылы. «Гамбургер» әдісі бойынша кері байланыс жасау
Балаларға би үйрету арқылы икемділігін, есте сақтау, көру, ой түю, көрген, көрсеткен дағдыларды қайталауға үйрету. Би билеген кезде музыканы тыңдай білу, музыка әуенімен бидің ырғағына сай билеу, әр қозғалысты зер сала қимылдау, үйрену.
КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ- «Бұл білім берудің мақсаты мен мазмұнына негізделген баланың оқу- танымдық құзырлығын қалыптастыруда алдын-ала белгіленген жетістіктермен салыстыру үрдісі»
«Детектив» әдісі: Ұйымдастыру: топпен жұмыс.
Мақсаты: балалардың сыни ойлау, көшбасшылық дағдыларын дамыту.
Сипаттамасы: балалар екі топқа біріктіріледі. Ең әуелі ертегіні аудиодан тыңдайды, видеодан көреді. Екі топта шытырман оқиғалы ертегіні қима қағаздарға ертегі кейіпкерлерінің суреті бөлініп беріледі. Олар 15 минут ішінде осы ертегінің шытырман оқиғаның шешімін табуы тиіс. Әр топ өз шешімдерін айтады. Қандай тәсілмен анықтағандары талқыланып, ақпараттармен жұмыс істеу туралы ой бөліседі.
Сабақтағы кері байланыс:
«Коллаж әңгіме» әдісіҰйымдастыру: топпен жұмыс.
Мақсаты: балалардың сыни ойлау және коммуникативтік дағдыларын дамыту.
Сипаттамасы: балаларға түрлі-түсті геометриялық фигуралар беріледі. Оларды қиып алып фигураларын флипчартқа жабыстырып, кеңістік фигура ма, жазықтық фигура ма табады. Айтып, түсіндіріп әңгімелейді.
«Он сұрақ!» әдісі. (мұғалімдермен жұмыс, гүл, семинар, сабақ, оқу сөздерін келтіру) Мұғалім бір оқушыны таңдап алады және оның маңдайына негізгі сөз жазылған стикерді жапсырады – қатысушы сыныпқа 10 сұрақ қоя алады, оған жауап не ИӘ, не ЖОҚ деп беріледі.
«Серпілген сауал» әдісі: Тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы оқушылардың арасында сұрақтарды лақтырыңыз.
«Сұрақтар жаңбыры»Ұйымдастыру: топпен жұмыс.
Мақсаты: оқушылардың сұрақ қою және сыни ойлау дағдыларын дамыту.
Сипаттамасы: оқушылар топтарға өз еркімен, қалауымен бөлінеді. Әр топ параққа сұрақтар жазып, бір-біріне лақтырады. Алған сұрақтарына жауап жазып, кері лақтырады. Жауап жазылған парақты қағып алған ойыншы, сол жауаптан сұрақ тудырып, ары қарай лақтырады. Ойын осылай жалғасады.
«Бағдаршам»
Түсінгендіктерін көрсету үшін бағдаршамның түстерін көрнекі құрал ретінде пайдаланамын.Мысалы:
Балаларда қызыл, жасыл және сары түсті карточкалар бар, оны олар өз алдына қояды немесе жоғары көтереді (қызыл = түсінбеймін, жасыл = барлығы түсінікті).
Балалар бағдаршамның түстерін пайдалана отырып, өздерін бағалайды.
2 жұлдыз, 1 тілек.Балаларды бағалау үдерісінде балалардан екі жұлдыз қоюды және бір тілек айтуды сұраймын.Екі жұлдыз = жұмыс істеген кезде оларға ерекше ұнаған 2 затБір тілек = бұл жақсартуға болатын нәрсе.
Мынадай нәтижелерге қол жеткіздік:
1. Баланың белсенділігі артты.
2. Қызығушылықпен қатысады.
3. Шығармашылығы дамыды
4. Өз пікірін дәлелдей алады.
5. Шығармашылықпен сұрақ қоя біледі.
6. Достарының ойын тыңдайды.
7. Болжам жасау арқылы елесі, қиялы дамыды.
8. Ұйымшылдыққа үйренді.
9. Цифрлық сауаттылықтары артты.
10. Тіл байлығы мен сөздік қоры артты;
11.Өз ойын еркін айта білуге үйренді
Қорытынды:
Қорыта айтқанда, аталған бағдарламаға сәйкес алынған ойын түрлерін сабақта тиімді қолданысқа енгізсеңіз, баланың ойын арқылы шығармашылығы, сөздік қоры дамып, танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді, балалар оқудың қызықты жеңіл өтетіндігін, ұжымда бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі, әрі тиянақтылығы артатындығын түсінеді. Өз ой-пікірін ашық еркін айтады, бір-бірін тыңдауға үйренеді топта ынтымақтастық атмосферасы қалыптасады. Жан-жақты дамыған, болашағы айқын, бағдары анық, бәсекеге қабілетті, рухани бай тұлға қалыптастыра алатынымызға сеніміміз мол.
ІҮ. Пайдаланған әдебиеттер
1.Қазақстан Республикасы жаңартылған білім берудің жалпыға міндетті стандарты. Нормативтік құжаттар, Астана 2016ж.
2.Қазақстан
Республикасы 12 жылдық орта білім берудің
жалпыға міндетті стандарты. Нормативтік
құжаттар, Астана 2016ж.
3.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың
мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
2012 жыл
4. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламалары 2013жыл
5.Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты2017 жылғы.
6.Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі 2018 жыл
7.Құр. Г.Қайбулдаева, М.Жаздықбаева, С.Әлімбекова. Ойын технологиясы.
Түркістан, 2007.
8.«Бастауыш мектеп» журналы, №9-2005

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген