Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақ тілі пәніндегі Квест ойыны

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі пәнінде Квест ойыны арқылы балалардың қызығушылығын арттырып, ойлау қабілеттерін жетілдіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Квест ойын: "Іздеген жетер мұратқа"


Зияткерлік күні. «Іздеген жетер мұратқа»


КВЕСТ – ағылшын тілінен аударғанда ( іздеу, табу деген мағынаны білдіреді). Ойын барасында бірнеше міндеттер шешіледі. Баланың ойлау, танымдық, шығармашылық қабілеттерін, бірлесе әрекет ету іс-қимылдарын, тілдерді үйренуге деген қызығушылығы,ұйымшылдыққа, тапсырмалардың шешімін оңай және жылдам шешуге,топта жұмыс жасауға, өзіндік пікір қалыптастыруға жетелеуге. Сонымен қатар, ойын барысында әртүрлі әдіс-тәсілдерді, тапсырмаларды қолдануға болады. КВЕСТ ойынының ұйымдастыруда алдына белгіленген бір нақты мақсат қойылады, яғни (кейіпкерді құтқару, қазына табу, картамен жұмыс т.б.) Көмекшінің көмегіне жүгінуге болады.

Мақсаты: Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» ұлттық идеясын бүлдіршіндердің санасына сіңіру, патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту, болашаққа деген сенімін, ой- өрісін дамыту.

Көрнекіліктер:  магниттік тақта, иллюстрациялық материал: оюдың бөліктері, тағамдар суреті, асықтар.


Тәрбиеші: Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Бүгін бізде ерекше мереке. Қонағымызды қарсы алайық!

(Музыка әуенімен Алдар көсе кіреді. бір шеңбер жасап, орнына тұрады).


Алдар көсе:

Ой, мен сендерге байқаусызда келіп қалдым ба?


Тәрбиеші: Иә, Алдар көсе қош келдің!


Алдар көсе:  Мен Көктем мерекесіне қонаққа шақырып еді, асығып жүріп мен бір  затымды жоғалтып алдым, және де аты есімнен шығып кетті, соны іздеп жүріп қайда кіріп кеттім өзі.


Балалар жауабы:  Сіз балабақшаға келдіңіз.


Тәрбиеші: Балалар, олай болса Алдар көсеге көмек берейік!


Алдар көсе: А, жарады сендер маған көмек беретін болдыңдар, қандай тамаша болды. Балалар мына бір қағазды тауып алып едім, бірақ оқи алмаймын.


Тәрбиеші: Кәне беріңізші көрейік. Құрметті Алдар көсе сіздің затыңызды табу үшін мына тапсырмаларды орындау керексіз. Ол тапсырмаларды бәйшешек гүлінің астынан табасыздар. Сол тапсырмаларды дұрыс орындап шықсаңыз затыңыз табылады. Әр тапсырма дұрыс орындалып отырса, сізге телефоныңызға хабарлама келіп отырады. Сәлеммен Көктем ханшайымы!





Алдар көсе: Балалар ол тапсырмаларды орындай аламыз ба? Орындай алмасақ менің затым табылмайды және де мерекеге бара алмайтын сияқтымын.


Тәрбиеші: Қалай балалар тапсырманы орындауға дайынсыңдар ма?


Балалар жауабы: Иә, дайынбыз.

1 –тапсырма: Сұрақ - жауап


Алдар көсе: Жарайсыңдар, 1 тапсырманы дұрыс орындадыңдар  маған хабарлама келді.

Келесі тапсырмамыз: «Көңілді іздер» ойыны.


Тәрбиеші: Жақсы. Келесі тапсырманы орындау үшін тік жүріп, ағаштардың қасынан өтіп, оңға бұрыласыңдар. Түрлі- түсті іздерді көресіңдер. Іздермен жүріп өту үшін, тапсырманы орындау керек. Ою құрастыру.

2 – тапсырма: Ою бөліктерін құрастыру.


Алдар көсе: Тамаша, 2 тапсырманы да  дұрыс орындадыңдар,  маған  тағы хабарлама келді.

Келесі тапсырмамыз: «Үй жануарлары» ойыны.


Тәрбиеші: 3 тапсырманы оқып көрейік. Бізге асықтар (5 дана) берілген. Ол асықтар нөмірленген. Әр нөмірдің өз тапсырмасы бар. 


3- тапсырма: Ұлттық тағамдарды ата.


Алдар көсе: Керемет,  жарайсыңдар, 3 тапсырманы дұрыс орындадыңдар  әдеттегідей маған хабарлама келді.


Тәрбиеші: Соңғы 4 тапсырманы оқып көрейік. Мында жұмбақ берілген. Ол жұмбақтың  жауабын табу керек.


Жұмбақ шешу:

Ұзын мойны, Екі ішек, 

Қатар-қатар тепкішек.

Басып көрсең бір-бірлеп,

Үн шығады күмбірлеп!

(домбыра)


Алдар көсе: Жарады балалар есіме түсті қандай затымды жоғалтып алғанымды. Мен домбырасыз жүре алмаймын домбыра менің көмекшім, сырласым. Көп рахмет! (домбыра жайылған дастархан басында)


Тәрбиеші:Ал, енді балалар бүгінгі мереке құрметіне Алдар көсемен қара жорға биін билеп жіберейік.

Би: «Қара жорға»

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.02.2022
2929
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11