Қазақ тілі пәнінен І тоқсан бойынша 10-сыныпқа арналған бақылау жұмысы
І. Оқылым бойынша мәтін
Отбасылық бюджет қалай
басқарылады? Отбасы бюджетін қалай тиімді етуге болады? Бүгінгі
күні адамдардың көпшілігінің алатын жалақыларынан шығындары көбірек
болып жатады. Мұндай жағдай болмас үшін отбасылық бюджетті
жоспарлап үйрену қажет.
Бюджеттің үш түрі бар: бірлескен, бірлескен жеке және жеке
бюджет.
Отбасылық бюджеттің ең кең тараған түрі – бірлескен бюджет. Әдетте
отбасылық бюджеттің бұл
түрінде әке-шешелеріңнің табыстары тең болмайды. Тек әкелерің ғана
жұмыс істеп, аналарың үй шаруасымен айналысады. Мұндайда
әке-шешелерің қолда бар ақшаны қалай жұмсау керектігін бірігіп
шешеді және келешек шығындарды талқылап, бюджетті бірлесіп
жоспарлайды.
Жеке бюджет түрінде ата-аналарың керісінше бюджеттерін дербес түрде
құрастырады.
Бюджеттің бірлескен жеке түрінде әке-шешелерің үй шығындарын бірге
көтереді, бірақ одан
қалған ақшаларын әркім өз қажеттілігіне жұмсайды.
«Бюджет» сөзі тікелей аударғанда «әмиян» деген сөзді білдіреді.
Тұрмыстық деңгейде бұл сөз
ақша шығындары мен кірістерін есепке алуды білдіреді.
Біріншіден, отбасының барлық шығындарын анықтап, оларды топтастыра
білу қажет. Олар: қажетті
шығындар мен уақытша шығындар. Қажетті шығындарға: тамақтану,
коммуналдық қызметтер,
көлік, балаларды оқыту жатады. Уақытша сипаттағы шығынға жоспарлы
(аяқкиім жөндеу, туыстарға сыйлық алу, т.б.) және жоспарланбаған
шығындар жатқызылады.
Мәтін бойынша тест
1.«Бюджет» деген сөздің аудармасы қандай?
а) Тұтынушы в) табыс с) үнемдеу д) шығын е) әмиян
2. Бюджеттің неше түрі бар?
а) 2 в) 6 с) 3 д) 4 е) 5
3. Отбасылық бюджеттің ең көп тараған түрі қандай?
а) бірлескен бюджет в) бірлескен жеке бюджет е) отбасылық бюджет
д) жеке бюджет с) дербес бюджет
4. Қажетті шығындарға не жатады?
а) сыйлық алу в) киім тіктіру с) коммуналдық төлемдер
д) демалуға бару е) жиһаз сатып алу
5. Уақытша шығындарға не жатады?
а) аяқ киім жөндеу в) азық-түлік алу с) суық суға төлеу
д) телефонға төлеу е) бала оқыту
6. «Отбасы» сөзінің синонимін тап
а) әулет в) ұжым с) жанұя д) семья е) қара шаңырақ
7. Мәтін мағынасына сәйкес келетін мақалды тап.
а) Ақша кетуге тырысады, есеп ұстауға тырысады.
в) Теңге тиыннан өсер, жылқы құлыннан өсер.
с) Базары жақын байымас.
д) Шашу оңай, жинау қиын.
е) Еңбекпен тапқан нан тәтті.
8. «Кең» сөзінің антонимін тап.
а) үлкен в) тар с) байтақ д) орасан е) тура
9. Омоним болатын сөзді тап.
а) отбасы в) әке-шеше с) тең д) шығын е) келешек
10. Мәтін қандай стильде жазылған?
а) ауызекі сөйлеу стилі в) көркем әдеби тіл стилі с) ғылыми стиль
д) ресми стиль е) публицистикалық стиль

ІІ. Тыңдалым бойынша мәтін
Қазақ халқында көптеген ізгі
дәстүрлер бар. Соның бірі—кішіге ізет ету, үлкенге құрмет көрсету.
Дастарқанға жасына қарай отырады. Алдымен ақ сақалды атаны, ақ
самайлы әжені сыйлайды. Бірінші соларға төрден орын береді.
Бұл—қазақ халқына ғана тән, ежелден келе жатқан «дала
этикасы».
Үлкенді сыйлау — қазақ халқының ата
салты. Үлкенді сыйлау — ең алдымен әке-шешені сыйлаудан басталады.
Өз отбасын, ата-анасын сыйламайтын ұл мен қыз басқа адамдарды да
сыйлай алмайды. Сен өз ата-анаңды қалай сыйласаң, ертең сені өз
балаларың да солай сыйлатын болады. Сондықтан
ата-ананы құрметтеу, оларды сыйлау—біздің ең
басты парызымыз. Қазақстан Республикасының Ата Заңының 27-бабында
«Кәмелетке толған еңбекке қабiлеттi балалар еңбекке жарамсыз
ата-анасына қамқорлық жасауға мiндеттi» деп, атап көрсетілген.
Өкінішке орай, қазіргі кезде өз ата-аналарын қарттар үйіне өткізу
көбейіп барады. Бұл—өз ата-анасын сыйламағандықтың белгісі, қоғам
дерті.
1 қазан — Халықаралық қарттар күні. Алғашында Қарттар күні
Еуропада, кейін Америкада, ал ХХ ғасырдың 80 жылдарының соңында
бүкіл әлемде аталып өтетін болды.
Бұл күні қарт адамдар, зейнеткерлер мен қарт мүгедектер құрметке
бөленеді, сондай-ақ
оларға материалдық, әлеуметтік-тұрмыстық және басқа да көмек
көрсетіледі.
Қарттар — біздің асыл қазынамыз. Қарттарды құрметтемейтін, олардың
алдындағы перзенттік парызын орындамайтын,
әдептілік,
кішіпейілділік көрсетпейтін жастар да
бар.
Мәтін бойынша тест
1.Қазақ халқында қандай ізгі дәсүрлер бар?
а) кішіге ізет ету, үлкенге құрмет көрсету в) төрге отырғызу с) қарсы сөз айтпау
д) дауыс көтеріп сөйлемеу е) қамқорлық жасау
2. Төрдегі орынға бірінші кімдер отырады?
а) жастар в) ақ сақалды ата, ақ самайлы әже
с) ата-аналар д) үлкендер е) қыз бала
3. Қазіргі уақыттағы «ғасыр дерті» не болып отыр?
а) ата-аналарын қарттар үйіне өткізу в) түрлі жұқпалы аурулар
с) үлкендерді сыйламау д) ұялмау е) экологиялық апаттар
4. «Дала этикасы» деген не?
а) төрден орын беру в) үлкендерді жақсы көру с) әдептілік көрсету
д) кішіге ізет ету, үлкенге құрмет көрсету е) кішіпейілділік көрсету
5. Қарттар күні алғаш рет қайда аталып өтті?
а) Америкада в) Ресейде с) Еуропада
д) Қазақстанда е) Азияда
6. 1 қазан — Халықаралық қарттар күні ХХ ғасырдың 80 жылдарының соңында қайда аталып өтетін болды?
а) тек Америкада в) Еуропада с) Совет одағында
д) Қазақстанда е) бүкіл әлемде

а) Ана алдында – құрмет, ата алдында – қызмет.
в) Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер.
с) Үлкенге – құрмет, кішіге –ізет.
д) Атасын сыйлаған абыройға бөленер.
е) Әке-шеше қадірін балалы болғанда білерсің.
8. «Сыйлау» сөзінің синонимін тап.
а) сыпайы в) құрметтеу с) әдепті болу
д) ізет көрсету е) кішіпейілділік көрсету

10. «Өкінішке орай» қандай сөз табына жатады?
а) шылау в) үстеу с) қыстырма сөз д) еліктеу сөз е) есімдік
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қазақ тілі пәнінен 10-сыныпқа арналған тыңдалым және оқылым тапсырмасы

шағым қалдыра аласыз