Материалдар / Қазақ тілі пәнінен 10–сынып оқушыларына арналған аралық емтихан тапсырмасының үлгісі. 1-нұсқа
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақ тілі пәнінен 10–сынып оқушыларына арналған аралық емтихан тапсырмасының үлгісі. 1-нұсқа

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі пәнінен 10–сынып оқушыларына арналған аралық аттестаттау тапсырмасы 1-нұсқа ЖМБ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Мамыр 2024
541
9 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақ тілі пәнінен 10–сынып оқушыларына арналған аралық аттестаттау тапсырмасы

1-нұсқа


1)Оқылым.(1б) Мәтіндегі негізгі ойды анықтау,көтерілген мәселеге баға беріп,мәліметтер мен пікірлерді өңдей білу.

Спорт –адамның досы

Спорт адам баласының дамуындағы ең маңызды бір бөлігі. Ол адам организмін жақсы дамуына және ұзақ жылдар бойы денсаулықты жақсы күйде ұстауға игі әсер етеді. Бірақ қазіргі кезде оның маңыздылығын көпшіліктен оның маңыздылығын ескермей келе жатыр.Өйткені қазіргі адамдардың одан да маңызды - жұмыс,интернет деген тірлігі бар. Олар өздерінің қазіргі дамыған технология жетістіктері арқылы орасан зор іс бітіріп жатқанына сенімді және ақыл-ой жұмысын спорттан артығырақ санайтыны ешкім жоққа шығара қоймас. Бірақ бұл екеуі тығыз байланысты екенін бәрі түсінсе де ол екеуін қатар алып жүруге көп ешкімнің құлқы жоқ. Қазіргі кезде жас адамдарда да,орта жастағылар арасында да физикалық белсенділік өте төмен, сол себепті артық салмақпен түрлі ауруға бейімділігі өте жоғары болып тұрғанын өздеріде біле бермейді.Егер адам физикалық түрде белсенді болса, жиі ауырмайды және ұзағырақ өмір сүреді сонымен бірге психикалық күйі де бірден жақсарады.Жаттығу жасамай ақ, күнделікті жаяу жүргеннің өзін ғана әдет еткен адамның қан қысымы жақсара түседі.Егер оған жүзумен велосипед тебуді қосса жүрек жұмысы түгелдей жақсарады.Ал мүлде уақыты жетпейтін адамдар- аптасына екі рет спортзалға барып немесе фитнеске қатысса соның өзі ақ,дене бітімін формада ұстауға көп әсерін тигізеді.

Құрметті халқым,біздің заманымызда нашар экологиялық тіршілік көздерімен қатар құрамы күмәнді және ГМО аралас тамақ ішіп жүрген замандастарым,егер- отбасыңыз емі табылмас неше алуан ауру түрлерімен және аллергия сияқты туа біте жабысатын емі жоқ ауруларға қарсы тұрып, иммунитетімді көтеріп,денсаулығымды күшейтем десеңіз. Алла берген жасымды аурусыз өткізіп,қартайғанша өз аяғыммен жүріп-тұрам десеңіз. Бірін емдесе, екінші ағзаңызды улайтын,қымбат әрі уақытша ғана әсер ететін түрлі дәрі-дәрмектен аулақ болып өмір сүрем десеңіз- спортпен айналысыңыз дер едім.

Спорт-адамның досы. Адам баласы үшін спорттан артық демалыс та, шипа да, ем де жоқ! Олай болса,халық болып, спортқа ден қояйық! Спорт –өмірдің сәні де мәні де екенін естен шығармайық!Баршаңызды жаппай спортпен айналысуға шақырамын!


1-тапсырма.Мәтіннен негізгі ойды анықтаңыз (0,5 б)

2-тапсырма.Мәтінде берілген мәліметтер мен пікірлерді өңдеп,көтерілген мәселені анықтап баға беріңіз (0,5 б)


Мәтіннің негізгі ойы

Көтерілген мәселе

Көтерілген мәселеге баға беріңіз






2)Жазылым.(3б)Қажетті клишелер мен лескикалық құрылымдарды қолданып,көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу («келісу,келіспеу»эссесі, дискуссивті ссе,аргументативті эссе)


«Спорт-бақытқа бастар жол» қажетті клишелер мен лескикалық құрылымдарды қолданып,көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп («келісу,келіспеу»эссесі, дискуссивті ссе,аргументативті эссе) эссе жазыңыз. 140-150 сөз


Қажетті клишелер:біріншіден,меніңше,атап айтсақ,басқа жағынан қарастырсақ,дәлелдейтін болсақ,қорытындылай келе.


3)Әдеби тіл нормалары. (1б)

Сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану.


әуен


әуез


тембр


қарқын


кідірісті сөйлеу









Бағалау критерийлері:


Оқу дағдысы

Бағалау критерийлері

Тапсырма

Дескриптор

Балл

Оқылым

Мәтіндегі негізгі ойды анықтау,көтерілген мәселеге баға береді,мәліметтер мен пікірлерді өңдеу.

1

-Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды. (0,5 б)

- Мәтінде берілген мәліметтер мен пікірлерді өңдеп,көтерілген мәселені анықтап бағалайды. (0,5 б)

1

Жазылым


Қажетті клишелер мен лескикалық құрылымдарды қолданып,көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу, орфографиялық, пунктуациялық нормаға сай жазу.

2

-эссенің құрылымын сақтап жазады,қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданады (1 балл);

-көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазады (1 балл);

-орфографиялық, пунктуациялық нормаға сай жазады (1 балл).



3


Әдеби тілдің нормалары

Сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану қызметі туралы білу..



3

-Сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері туралы біледі. (0,5 б)

-Сөйлеу мәнеріне сай қолдану қызметі туралы жазады,мысалдар келтіреді. (0,5 б)



1





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!