400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Қазақ тілі" пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал оқушыдан әр тоқсанның соңында алынатын бақылау тапсырмасы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Серікбай Перизат Әбдіжамалқызы Тыңдаушының портфолиосы Б бөлімі

Шымкент қ. «ПШО» ЖМ филиалы



3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ


Жиынтық бағалауға шолу

Ұзақтығы: 40 минут

Оқылым – 15 минут

Жазылым – 20 минут

Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі

Балл саны: 30


Тапсырмалар түрлері

Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар

Толық жауапты қажет ететін сұрақтар


Жиынтық бағалаудың құрылымы


Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 компоненттен тұрады: біріншісі - тыңдалым, айтылым және әдеби тіл нормаларын, екіншісі - оқылым және әдеби тіл нормаларын, үшіншісі - жазылым және әдеби тіл нормаларын тексеруге арналған.


Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы


*Тапсырма

Қамтылатын мақсаттар

Тапсырмалар түрлері

*Тапсырмалар сипаттамасы

*Орындау уақыты, мин

Балл

1




7.1.2.1 әлеуметтік-қоғамдық, оқу-еңбек тақырыптарына байланысты диалог, монолог, полилогтердегі (пікірталас, жаңалық) автор көзқарасы мен көтерілген мәселені талдау;


7.1.3.1 тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажырата білу;


Толық жауап

ты қажет ететін сұрақтар

Тапсырма жұппен орындалады. Білім алушыларға 120-150 сөзден тұратын тақырыпқа қатысты мәтіндер беріледі, жұппен отырып талқылап диологқа түседі. (немесе аудио арқылы тыңдатуға болады).

Білім алушылар мәтінді тыңдау барысында ондағы факті мен көзқарасты анықтайды, өз сөзімен түсіндіруге белсенді қатысады және пікірін білдіреді.

Тыңдалым мен айтылым сабақтан тыс, қосымша уақытта өткізіледі (әр білім алушыға 3-5 минут беріледі)


10

1-2




7.2.3.1 хроника, хабар, очерктердің құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату

7.2.5.1 мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастыру

Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар

Мәтінді оқып, оның тақырыбын анықтайды, хроника, хабардың құрылымыдық және жанрлық ереркшеліктерін анықтайды.

Білім алушыларға мәтін оқу ұсынылады, және әр мәтін бойынша екі прооблемалық сұрақтан құрастырады.

15

10







1

7.3.2.1 жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын әңгіме құрастырып жазу

7.4.4.4 одағай түрлерін ажырата білу, қолдану

Жазбаша толық жауап

ты қажет ететін сұрақтар

Білім алушылар ұсынылған үш тақырыптың бірін таңдайды, жазылым жұмысында жанрлық, стильдік ерекшеліктерді ескеріп, көркемдегіш құралдарды орынды қолданып, шағын әңгіме құрастырып жазады.


20

10

Барлығы

40 минут

30





«Қазақ тілі» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары


Ғаламтор ғаламаты. Морфология

Қазақстандағы ұлттар достастығы. Морфология

Дұрыс тамақтану. Морфология


Тыңдалым мен айтылым

Тапсырма


  1. Берілген мәтінді оқып, автор көзқарасы мен көтерілген мәселені талқылап, жұбыңызбен диологқа түсіңіз.

2. Мәтіннің мазмұнын түсініп оқып, факті мен көзқарасты анықтап, белсенді қатысып, пікіріңізді білдіріңіз

Мәтіндер [10]


1-мәтін Әлеуметтік желінің залалы

Таяқтың екі ұшы болатыны сияқты, әлеуметтік желілердің залалы да жетерлік. Ол, тіптен пайдасынан көбірек болып жатады. Сондықтан, әр адам әлеуметтік желіні пайдаланбас бұрын оның пайдасы мен залалын таразылап алғаны дұрыс. Әлеуметтік желі ең алдымен, адамның алтын уақытын жейді. Уақыт – Алланың адамға берген ең үлкен байлығы және баға жетпес құндылығы. Жоғалтқан уақытты ешқандай жолмен қайтара алмайсыз. Әлеуметтік желіде күн сайын жеті-сегіз, тіпті одан да көп сағаттап отыратындар алтын уақыттарын жоғалтып жатқандар. Екінші залалы – әлеуметтік желі адамды белсенді емес тұтынушыға, яғни көк жалқауға айналдырады. Әрине, әлеуметтік желіні адамдар әртүрлі мақсатта пайдалануына болады, оның ішінде жаңа нәрселерді жасап, соны жұртқы ұсынуға да мүмкіндік бар. Дегенмен, оны тұтынушылардың көбі жаңаны жасағаннан гөрі,  ұсынылып жатқан ақпараттарды тұтынғанды жөн санайды.

  http://kalkoz.bget.ru/?p=30#more-30






2-мәтін


Әлеуметтік жүйелердің пайдасы мен зияны

Қазақтың көрнекті ағартушы-педагогы Ыбырай Алтынсариннің «Өнер-білім бар жұрттар» атты өлеңін оқып отырып, еріксіз таңданасың.

Айшылық алыс жерлерден,
Көзіңді ашып-жұмғанша,
Жылдам хабар алғызды, – деп келетін жолдары бар. Өлеңін нақ бір қазіргі технологияның мүмкіндігіне тамсанып жазып отырғандай. Рас, қазір үйде отырып-ақ әлемнің кез келген түкпіріндегі адаммен әп-сәтте хабарласа аласыз .

Байланыстың түрі де көп. Телефонмен, интернет арқылы, тіпті бейнебайланыс арқылы өзімен тікелей сөйлесе бересіз. Бұл бүгінгі технологияның адамзатқа сыйлап отырған мүмкіндігі. «Бұрын ұялы телефон, интернет болмаған кезде адамдар қалай өмір сүрген а?!» деп таңданып қоятынымыз бар. Иә, жұмысымызды жеңілдеткен технологияның мүмкіндіктері мол. Бірақ біз олардың көлеңкелі тұсына мән бермей жүрміз.
Ұялы телефонның зияны жайында көп айтылып келеді. Жиі қолданатын адамды ми ісігіне ұшыратуы мүмкін деген сияқты қорқынышты мәліметтерді ғалымдар алға тартуда. Ал интернеттен келетін қауіп – одан да қорқынышты.

http://akikat01.com/%D3%99leumettik-zheli-pajdasy-men-ziyany/



Оқылым

Тапсырма


  1. Мәтінді оқып, олардың тақырыбын анықтап, хроника, хабардың құрылымы мен жанрлық ерекшеліктерін ажыратыңыз.

[10]






А мәтіні


Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Онда қазақтар, орыстар, ұйғырлар, өзбектер, корейлер, украиндар, дүнгендер және тағы басқа ұлт өкілдері тұрады. Олар өздерінің осындай кең байтақ Қазақ жерінде өмір сүріп жатқандарына қанша жыл өтсе де, Қазақ халқының осынша кең пейіл, қонақжай екендігіне көз жеткізді. Олар өз елдерінде болмасада, қазақтардың елін елім деп, жерін жерім деп құрметтеп, үлкен үлгілі отбасының кейпін көрсетуде. Әлем халықтарының мұндай көп ұлттан құрылған мемлекетте осыншалық тату – тәтті, бейбітшілікте



өмір сүріп отырғандығы біздің елдің арқасы және олар мұны жақсы біледі, рахметтері шексіз екендіктерін білдіреді.

Біздің еліміз ынтымағы жарасқан, бірлігі нығайған үлгілі елдердің біріне айналды. Халық әрқашан бір жеңнен қол шығарып, бір жағадан бас шығарған қиындықты бірге бөлісіп, қандай жағдайда да өздерінің бірліктерін көсетіп келеді.

qazaqstan-%E2%80%93-kop-ultty-memleket-emes

Ә мәтіні


Қазақстан халқы Ассамблеясы - ол әрі іргетас, әрі бейбітшілік, рухани келісім мәдениетінің негізгі қағидаты. Ассамблея-мемлекеттік органдардың халықпен жемісті үнқатысуын, барлық этностар өмірлерінің өзекті мәселелерінің шешілуін қамтамасыз етуші ұйым. «Дамудың сыры - бірлікте, Табыстың сыры - тірлікте». Мұратқа жолын тапқан жетеді. Еңбегіміздің жанбағы біздің ортақ үйімізді бейбітшіліктің бесігі етіп, барды бағалай білуімізге байланысты. Қазақты қасиетті қара шаңыраққа баласақ, еліміздегі барша этностар - сол шаңыраққа шаншылған уықтар. 

-Ортақ ордамыз - Қазақстанның босағасын берік, шаңырағын биік ұстап, түтінін түзу ұшыру - елдік мақсат. Сонда ғана Қазақстан «2050» Стратегиясында айтылған үздік 30 елдің қатарынан табылады. Біздің Отанымыз - ортақ, тілегіміз - бір, мақсатымыз - жалғыз. Ол - жері гүлденген, елі түрленген, дамуы жедел, ұрпағы кемел Мәңгілік Қазақстан!


https://kk.wikipedia.org/wiki





2. Жоғарыдағы екі мәтінді оқи отырып, екі проблемалық сұрақ құрастырыңыз.


А мәтіні

Сұрақтар:

1)

2)

Ә мәтіні

Сұрақтар:

1)

2)



Жазылым

Төменде берілген тақырыптардың бірін таңдаңыз. Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай, көркемдегіш құралдарды және одағай сөздерді қолдана отырып, шағын әңгіме құрастырып жазыңыз.

[10]



  1. «Қазіргінің дерті-ғаламтор»


  1. «Ас ішіп ауырғанша...» немесе « ГМО жайлы не білеміз?»


  1. «Қазақстан – бірлігі жарасқан ұлттар мекені»









Балл қою кестесі

Тыңдалым және айтылым

Балл

Коммуникативтік құзыреттілік

Грамматикалық құзыреттілік

5

Мәтінде көтерілген мәселені терең түсінгендігін көрсетеді. Өз пікірін мәтінмен, басқа да дереккөздердегі ақпараттармен байланыстырып, ұтымды жеткізеді. Фактілік және автор көзқарасын ажыратып, себебін өте жақсы түсіндіреді.

Ойын аяқталған, толық сөйлемдермен жеткізеді. Ой мен ойды байланыстыруда грамматикалық дағдыны өте жақсы қолданады. Сөздік қоры мол. Паразит сөздер мен қайталаулары жоқ. Жеке пікірін білдіреді.

4

Мәтінде көтерілген мәселені жақсы түсінгендігін көрсетеді. Өз пікірін мәтінмен, басқа да дереккөздердегі ақпараттармен байланыстырып, жеткізеді. Фактілік және автор көзқарасын ажыратып, себебін жақсы түсіндіреді. Талқылау кезінде мәтін аясында ашық сұрақтар қояды.

Ойын аяқталған, толық сөйлемдермен жеткізеді. Ой мен ойды байланыстыруда грамматикалық дағдыны жақсы қолданады. Сөздік қоры жеткілікті. Паразит сөздер мен қайталаулар аздап кездеседі..

3

Мәтінде көтерілген мәселені қанағаттанарлық деңгейде түсінгендігін көрсетеді. Өз пікірін мәтін ақпараттармен байланыстырып жеткізеді. Фактілік және автор көзқарасын ажыратуы қанағаттанарлық. Дәйектемелері көзқарасын дәлелдеуде үнемі орынды бола бермейді, кейде негізгі мәселеге қатыссыз пайымдаулар кездеседі. Талқылау кезінде мәтін аясында ашық, жабық сұрақтар қояды.

Ойын кейде аяқталған, аракідік синтаксистік құрылымы сақталмаған сөйлемдермен жеткізеді. Ой мен ойды байланыстыруда грамматикалық қателері кездеседі. Сөздік қоры қанағаттанарлық. Паразит сөздер мен қайталаулары кездеседі. Жеке пікірін білдіруде орынды, орынсыз сөздерді пайдаланады.

2

Мәтінде көтерілген мәселені шектеулі деңгейде түсінгендігін көрсетеді. Өз пікірін мәтін ақпараттармен байланыстыра жеткізуде қолдауды қажет етеді. Фактілік және автор көзқарасын шатастырады. Көзқарасын дәлелдейтін дәйектемелері сирек, көбіне жалпылыққа ұрынады. Талқылау кезінде қойған сұрақтары жабық сұрақтар шеңберінде болып келеді.

Ойын көп жағдайда аяқтамайды, жай сөйлемдерді, қарапайым синтаксистік құрылымдарды қолданады. Ой мен ойды байланыстыруда грамматикалық қателері жиі кездеседі. Сөздік қоры күнделікті ауызекі лексикадан тұрады. Паразит сөздер мен қайталаулары жиі кездеседі. Жеке пікірін білдіруде сөздерді орынсыз пайдалануы жиі кездеседі.

1

Мәтінде көтерілген мәселені түсінуі өте шектеулі. Факті мен көзқарасты ажырата алмайды. Ақпаратқа қатысты жеке көзқарасы мен пікірі жоқ, көбінесе, дайын ақпаратты қайталап беру деңгейінде. Себебін түсіндіруі аз. Жабық сұрақтармен шектеледі.

Ойын аяқтамайды, қарапайым синтаксистік құрылымдармен шектеледі. Грамматикалық дағдылары жетіспегендіктен, ой мен ойы байланыспайды, жүйе жоқ. Паразит сөздер мен қайталаулары негізгі лексикадан басым.



Оқылым

1-2-тапсырмалардың жалпы балл қою кестесі

Балл

Мәтінді талдау

Сұрақ құрастыру

5

Мәтінде көтерілген мәселені, құрылымдық, жанрлық ерекшеліктерін өте жақсы түсініп талдайды.

Мәтіннің мамзұны мен негізгі ақпараттарға қатысты жоғары ойлау деңгейіндегі ашық сұрақтарды өте жақсы құрастырады.

4

Мәтінде көтерілген мәселені, құрылымдық, жанрлық ерекшеліктерін жақсы түсініп талдайды.

Мәтіннің мамзұны мен негізгі ақпараттарға қатысты ашық сұрақтарды жақсы құрастырады.

3

Мәтінде көтерілген мәселені, құрылымдық, жанрлық ерекшеліктерін қанағаттанарлық деңгейде түсініп талдайды.

Мәтіннің мамзұны мен кейбір негізгі ақпараттарға қатысты жабық сұрақтар құрастырады.

2

Мәтінде көтерілген мәселені, құрылымдық, жанрлық ерекшеліктерін шектеулі түсінеді, талдауға талпыныс жасайды.

Мәтіннің жалпы мазмұнына қатысты, қатыссыз жабық сұрақтар құрастырады.

1

Мәтінде көтерілген мәселені, құрылымдық, жанрлық ерекшеліктерін өте шектеулі деңгейде түсінеді.

Мәтіннің жалпы мазмұнына қатыссыз жабық сұрақтар құрастырады.

0

Мәтінде көтерілген мәселені, құрылымдық, жанрлық ерекшеліктерін түсінбейді.

Сұрақтары жоқ.


Жазылым



Балл

Сипаттамасы

9-10

Тақырыптың мазмұнын толық ашады. Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен көркем тілдік құралдарды (авторлық сөз оралымдары, тұрақты сөз тіркестері, көркемдегіш құралдар, мақал-мәтелдер т.б.) өте шебер қолданады. Сюжеті логикалық тұрғыдан өзара байланысты, жүйелі. Сөздік қоры мол. Жанрлық ерекшеліктерді (сюжеттің болуы, оқиғаға құрылған эпизод, кейіпкерлер жүйесі, кейіпкерлер арасындағы диалог және т.б.), жазу стиліне қарай бірізділікті бастан-аяқ сақтайды.

Грамматикалық, стильдік тұрғыдан өте сауатты. Қателері жоқ.

7-8

Тақырыптың мазмұнын ашады. Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен көркем тілдік құралдарды (авторлық сөз оралымдары, тұрақты сөз тіркестері, көркемдегіш құралдар, мақал-мәтелдер т.б.) қолданауға тырысатыны байқалады. Сюжеті логикалық тұрғыдан өзара байланысты, жүйелі. Сөздік қоры жеткілікті. Жанрлық ерекшеліктерді (сюжеттің болуы, оқиғаға құрылған эпизод, кейіпкерлер жүйесі, кейіпкерлер арасындағы диалог және т.б.), жазу стиліне қарай бірізділікті сақтайды.

Грамматикалық, стильдік тұрғыдан сауатты, бірақ 1-2 ұсақ қате кездеседі.

5-6

Тақырыптың мазмұнын ашуы жеткіліксіз. Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен көркем тілдік құралдарды (авторлық сөз оралымдары, тұрақты сөз тіркестері, көркемдегіш құралдар, мақал-мәтелдер т.б.) сирек болғанымен, орынды қолданады. Сюжеті логикалық тұрғыдан аракідік байланыспайды. Сөздік қоры қанағаттанарлық деңгейде. Жанрлық ерекшеліктерді (сюжеттің болуы, оқиғаға құрылған эпизод, кейіпкерлер жүйесі, кейіпкерлер арасындағы диалог және т.б.) сақтайды. Жазу стиліне қарай бірізділіктен ауытқу бар.

Грамматикалық, стильдік тұрғыдан 2-3 ұсақ және ірі қателер кездеседі.

3-4

Тақырыптың мазмұнын ашуы шектеулі. Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен көркем тілдік құралдарды (авторлық сөз оралымдары, тұрақты сөз тіркестері, көркемдегіш құралдар, мақал-мәтелдер т.б.) сирек қолданады, орынсыздық байқалады. Сюжеті логикалық тұрғыдан байланыспайды. Сөздік қоры шектеулі. Жанрлық ерекшеліктерді (сюжеттің болуы, оқиғаға құрылған эпизод, кейіпкерлер жүйесі, кейіпкерлер арасындағы диалог және т.б.) сақтайды, бірақ толық емес. Жазу стиліне қарай бірізділік жоқ.

Грамматикалық, стильдік тұрғыдан 4-5 ұсақ және ірі қателер кездеседі.

1-2

Тақырыптың мазмұнын ашпайды. Көркем тілдік құралдарды (авторлық сөз оралымдары, тұрақты сөз тіркестері, көркемдегіш құралдар, мақал-мәтелдер т.б.) қолданбайды. Сюжеттің логикалық тұрғыдан жүйесі жоқ. Жанрлық ерекшеліктерді (сюжеттің болуы, оқиғаға құрылған эпизод, кейіпкерлер жүйесі, кейіпкерлер арасындағы диалог және т.б.) сақтамайды.

Грамматикалық, стильдік тұрғыдан алтыдан көп ұсақ және ірі қателер кездеседі.



















































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
19 наурыз
11987
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі