Қазақ
тілі
Бақылау
жұмысы
Мақсаты: Оқушылардың 1-жартыжылдықта
өткен материалдар бойынша білімдерін
тексеру.
Оқылым
Мақсаты:оқылым әрекеті
арқылы берілген мәтіннің негізгі ойын,мазмұнын түсініп,сұрақтарға
жауап беру
Тамыр
«Жаманға жан жуымас» дейді қазақ мақалы.
Қазақтар арасында басқа ұлттардың өз жеріндей өмір сүруі қазақ
халқының жақсылыққа бейім тұруынан болса керек. Рас айтады. Біздің
Иван атамыз айтқан сөзінен айнымайтын, турашыл, әділ адам болатын.
Ол мүмкіндігі болса, жәрдемін аямайтын. Атамыздың осы қасиетімен
қазақтарға қатты ұнайды. Иван атамыз көп ұзамай диірменші
болады.Түлкібастың түкпір-түкпірінде тұратын адамдар есекпен,
атпен, өгізбен қапшық-қапшық бидайларын әкеліп жатады. Бірі кетсе,
екіншісі келеді. Қысы-жазы тыным таппайды. Атам диірменінде
күндіз-түні жұмыс істейді.
-Тамыр, саған рақмет. Балаларыңның қызығын көр,-дейді
кетерде түлкі тымақты қазақтар.
«Жақсы-көпке ортақ» деген рас
екен.
«Тамыр» деген ұғымға қазақ халқы ерекше мән береді.
Халқымызда өздерінің дос-жарандарын, сыйлас, қимас адамдардың
«тамырым» деп атайды.
1. «Тамыр» деп кімді атаған?
а) ата-анасын. в) дос-жарандарын с) балаларын д) көршілерін
е) диірменшіні.
2. Мәтінде кім туралы айтылған?
а) қазақ халқы в) басқа ұлттар с) Иван атамыз д) жақсылық
е) жақсы көрші
3. Құрамындағы
шартты рай етістігі бар
сөйлемді анықтаңыз
а) Біздің Иван атамыз айтқан сөзінен айнымайтын, турашыл,
әділ адам болатын.
в) Бірі кетсе, екіншісі келеді.
с) «Тамыр» деген ұғымға қазақ халқы ерекше мән
береді.
д) «Жаманға жан жуымас» дейді қазақ мақалы.
е) Атамыздың осы қасиетімен қазақтарға қатты
ұнайды.
4. Иван атамыз кім болып жұмыс
істеді?
а) орманшы в) күзетші с) әнші д) диірменші е) жазушы
5. Мәтінде
қазақ халқы туралы не айтылған?
а) Жамандыққа бейім тұрады в) ешкімге
көмектеспейді с) жұмыс істеуін білмейді
д) бидай екпейді е) жақсылыққа бейім
тұрады
6. Етістіктің есімше формасында
тұрған сөйлемді
көрсетіңіз.
А) Рас айтады. В) «Жақсы-көпке
ортақ» деген рас екен.
С) Қысы-жазы тыным таппайды. Д) Иван атамыз көп
ұзамай диірменші болады.
Е) Біздің Иван атамыз айтқан сөзінен айнымайтын,
турашыл, әділ адам болатын.
7. Дара етістікті белгілеңіз
а) әкеліп жатады в) тыным таппайды с) дейді д) жұмыс істейді е) мән
береді
8. Адамдар диірменге не
әкеледі?
а) су в) бидай с) қант д) жер е) тұз
9. Атамыздың
қандай қасиеті қазақтарға қатты ұнайтын?
а) арамдығы в) әңгімені жақсы айтатындығы
с) өтірік айтпайтындығы д) атпен жүретіндегі е)
бәріне көмектесетіні
10. Есімшені табыңыз
а) ұнайды в) айтады с) деді д) айтқан е)
келеді