400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақ тілі пәнінен бақылау жұмысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі пәнінен бақылау жұмысы. Қазақ тілі мұғалімдеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ тілі

Бақылау жұмысы


Мақсаты: Оқушылардың 1-жартыжылдықта өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру.

Оқылым

Мақсаты:оқылым әрекеті арқылы берілген мәтіннің негізгі ойын,мазмұнын түсініп,сұрақтарға жауап беру

Тамыр

«Жаманға жан жуымас» дейді қазақ мақалы. Қазақтар арасында басқа ұлттардың өз жеріндей өмір сүруі қазақ халқының жақсылыққа бейім тұруынан болса керек. Рас айтады. Біздің Иван атамыз айтқан сөзінен айнымайтын, турашыл, әділ адам болатын. Ол мүмкіндігі болса, жәрдемін аямайтын. Атамыздың осы қасиетімен қазақтарға қатты ұнайды. Иван атамыз көп ұзамай диірменші болады.Түлкібастың түкпір-түкпірінде тұратын адамдар есекпен, атпен, өгізбен қапшық-қапшық бидайларын әкеліп жатады. Бірі кетсе, екіншісі келеді. Қысы-жазы тыным таппайды. Атам диірменінде күндіз-түні жұмыс істейді.

-Тамыр, саған рақмет. Балаларыңның қызығын көр,-дейді кетерде түлкі тымақты қазақтар.

«Жақсы-көпке ортақ» деген рас екен.

«Тамыр» деген ұғымға қазақ халқы ерекше мән береді. Халқымызда өздерінің дос-жарандарын, сыйлас, қимас адамдардың «тамырым» деп атайды.


1. «Тамыр» деп кімді атаған?

а) ата-анасын. в) дос-жарандарын с) балаларын д) көршілерін е) диірменшіні.

2. Мәтінде кім туралы айтылған?

а) қазақ халқы в) басқа ұлттар с) Иван атамыз д) жақсылық е) жақсы көрші

3. Құрамындағы шартты рай етістігі бар сөйлемді анықтаңыз

а) Біздің Иван атамыз айтқан сөзінен айнымайтын, турашыл, әділ адам болатын.

в) Бірі кетсе, екіншісі келеді.

с) «Тамыр» деген ұғымға қазақ халқы ерекше мән береді.

д) «Жаманға жан жуымас» дейді қазақ мақалы.

е) Атамыздың осы қасиетімен қазақтарға қатты ұнайды.

4. Иван атамыз кім болып жұмыс істеді?
а) орманшы в) күзетші с) әнші д) диірменші е) жазушы
5. Мәтінде қазақ халқы туралы не айтылған?

а) Жамандыққа бейім тұрады в) ешкімге көмектеспейді с) жұмыс істеуін білмейді

д) бидай екпейді е) жақсылыққа бейім тұрады

6. Етістіктің есімше формасында тұрған сөйлемді көрсетіңіз.

А) Рас айтады. В) «Жақсы-көпке ортақ» деген рас екен.

С) Қысы-жазы тыным таппайды. Д) Иван атамыз көп ұзамай диірменші болады.

Е) Біздің Иван атамыз айтқан сөзінен айнымайтын, турашыл, әділ адам болатын.

7. Дара етістікті белгілеңіз
а) әкеліп жатады в) тыным таппайды с) дейді д) жұмыс істейді е) мән береді

8. Адамдар диірменге не әкеледі?

а) су в) бидай с) қант д) жер е) тұз

9. Атамыздың қандай қасиеті қазақтарға қатты ұнайтын?
а) арамдығы в) әңгімені жақсы айтатындығы

с) өтірік айтпайтындығы д) атпен жүретіндегі е) бәріне көмектесетіні

10. Есімшені табыңыз

а) ұнайды в) айтады с) деді д) айтқан е) келеді





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
25 желтоқсан
634
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі