Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Түсінікті
Материалдар / Қазақ тілі пәнінен дидактикалық материалдар жинағы
Қазақ тілі пәнінен дидактикалық материалдар жинағы
Материал туралы қысқаша түсінік
Әдістемелік құралда қазақ тілінен дидактикалық материалдар ( жаттығулар жинағы) ұсынылған. Бұл оқулықта қазақ тілінің фонетика, лексика, морфология, синтаксис тараулары бойынша жан-жақты берілген. Тіліміздегі төрт жалғау септік, тәуелдік, жіктік, көптік жалғауларының септелуі мен жіктелуі, тәуелденуіне мысалдар кесте түрінде түсінікті көрсетілген. Грамматиканың әр тарауы бойынша жаттығулар топтастырылған. Бұған қоса өзге ұлт оқушыларының тілін дамытуға мәтіндер жинақталған. Орыс мектептерінде қазақ тілі пәнінен жалпы білім беретін мұғалімдеріне арналған.
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып көруге болады
Жанкулова М.Б., Кизембаева
А.Б.
ҚАЗАҚ ТІЛІ
ПӘНІНЕН
ЖАЛПЫ БІЛІМ
БЕРЕТІН
МЕКТЕПТЕРДІҢ
МҰҒАЛІМДЕРІНЕ
АРНАЛҒАН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК
ҚҰРАЛ
ҚАЗАҚ ТІЛІ
ПӘНІНЕН
ДИДАКТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР
ЖИНАҒЫ
Тараз
2014
ББК
УДК
Ж
-
Пікір жазғандар: Ж.М.
Жампейсова- ТарМПИ қазақ тілі
кафедрасының
доцент м.а.,
ф.ғ.к.
ISBN
Әдістемелік құралда қазақ
тілінен дидактикалық материалдар ( жаттығулар жинағы) ұсынылған.
Бұл оқулықта қазақ тілінің фонетика, лексика, морфология, синтаксис
тараулары бойынша жан-жақты берілген. Тіліміздегі төрт жалғау
септік, тәуелдік, жіктік, көптік жалғауларының септелуі мен
жіктелуі, тәуелденуіне мысалдар кесте түрінде түсінікті
көрсетілген. Грамматиканың әр тарауы бойынша жаттығулар
топтастырылған. Бұған қоса өзге ұлт оқушыларының тілін дамытуға
мәтіндер жинақталған. Орыс мектептерінде қазақ тілі пәнінен жалпы
білім беретін мұғалімдеріне
арналған.
Құрметті әріптестер! Біз
біраз жыл орыс мектебінде мемлекеттік тіл- қазақ тілінен сабақ
беріп келеміз. Республика, біздің облыс көлемдерінде көптеген
әдістемелік көмекші құралдар шығып жатыр. Олардың біздер үшін
көмегі, сөзсіз, көп. Осы жылдар ішінде оқулықтар жоқ болғандықтан
талай қиыншылықтар кездесті. Бұл оқу-әдістемелік құрал Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздың № 1080 Қаулысымен
бекітілген Орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті
стандартына сәйкес
әзірленді.
Құралдың маңыздылығы
қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесімен дәйектеледі.Бұл құрал
өзге тілде білім алатын негізгі мектеп оқушыларын қазақ тіліндегі
сөйлесім әрекетін мәдениетаралық қатысым құралы ретінде меңгертуді
көздейді.
Қазақ тілінен жаттығулар жинағы
оқушыларды дұрыс сөйлеуге дағдыландырып, ойын көркем тілмен
жеткізуге, тілін дамытуға үйретеді. Грамматикалық тақырыптарды
практика арқылы бекіту – оқушыларға қазақ тілінен сапалы да
тиянақты білім берудің қайнар көзінің бірі.
Жинақта мәтіндер таңдалып алынады.
Мәтіндер қазақтың ұлттық наным-сенімі, қазақтың ұлы адамдарына
қатысты жинақталған. Мәтінге қатысты тапсырмаларды орындау
барысында оқушылар өз білімін тексере алады.
Оқу-әдістемелік құралыныңмақсаты-өзге
ұлт оқушыларын қазақ мемлекеттік тілде сауатты жазуға және
мәдениетті сөйлеуге үйрету, дұрыс оқу, оқығанын жүйелі түрде айтуға
жаттықтыру.
Міндеті:
оқушылардың грамматикалық материалдарды қосымша жаттығулар
арқылы терең меңгеруіне жол ашу;
берілген мәтіндер бойынша оқушының өз түсінік-пікірін
жеткізе білуін қадағалау;
қазақтың ұлттық наным-сеніміне қатысты деректер арқылы
оқушылардың танымдық өрісін кеңейту;
Осы әдістемелік құралы
орыс мектептеріндегі қазақ тілі мұғалімдеріне, әсіресе, жас
ұстаздарға көмегі тиер деген ниетпен ұсынып
отырмыз.
Оқушыларға мемлекеттік
тілді меңгертуде сіздерге зор табыстар
тілейміз.
Авторлардан.
« Дидактикалық
материалдар»
оқулығы
туралы
«Дидактикалық
материалдар » атты оқулық өзге тілде оқитын оқушылардың қазақ тілі
грамматикасын үйренуге деген ынтасын арттыруға үлкен септігін
тигізеді. Бұл оқу құралы грамматикалық формалар мен құрылымдарды
функционалды көріністе дұрыс қолдана білуге үйретеді. Оқулық
қазіргі заманғы инновациялық технологиялық оқытудың негізінде
әзірленген. Оқытудың үрдістері оқу, тыңдау, жазу, сөйлеу, талдау
дағдылары мен қалпын қалыптастыра білу мақсатын алға қояды. Бұл
оқулықта қазақ тілінің фонетика, лексика, морфология, синтаксис
тараулары бойынша жаттығулар жан-жақты берілген. Тіліміздегі төрт
жалғау септік, тәуелдік, жіктік, көптік жалғауларының септелуі мен
жіктелуі, тәуелденуіне мысалдар кесте түрінде түсінікті
көрсетілген. Онда тілді оқыту барысында кездесетін кейбір тілдік
тұрғыдан бағынбайтын үндестік заңдары мен қатар мысалдар
келтірілген. Сонымен қатар, оқушылардың грамматиканы меңгеру
барысында ережелерді қолдануларына және көрсетілген тараулар
бойынша алған білімдерін тексеру мақсатында пысықтау үшін берілген
жаттығу жұмыстары мен тест тапсырмалары үлкен үлесін
қосады.
І бөлім.
Фонетика.
Дауысты және дауыссыз
дыбыстар.
1-жаттығу. Үлгідегідей
дыбыстарды
жіктеңіздер.
Қазақ жерінің
тарихы өте ежелден
басталады.
Үлгі: Қ- дауыссыз,
қатаң
а- дауысты,, жуан,
ашық, езулік
з- дауыссыз,
ұяң
а- дауысты,, жуан,
ашық, езулік
қ- дауыссыз,
қатаң
2- жаттығу. Бірілген
сөздерден жуан және жіңішке сөздерді бөліп
жазыңыздар.
Халық, ежелгі, кісі, орталық,
жер, қыздары, туысқан, мемлекет, өнер, білім, мектеп, қала,
құстардың, пайдалы қазбалар, көлдер, оқушылар, оқу құралдары, ұлт
өкілдері.
Жуан дауысты дыбысты
сөздер: Жіңішке дауысты дыбысты
сөздер
3- жаттығу. Берілген
сөздердегі дыбыстарды дауысты және дауыссыз дыбыстарға
бөліңіздер.
Меніңтуып- өскен жерім - Қазақстан.
Ол Еуразия құрлығында
орналасқан.
Дауысты
е,і,
Дауыссыз
м, н,
ң,
4- жаттығу. Мәтінді оқып,
қазақ тіліне тән дыбыстарға талдау
жасаңыздар.
Алфавитсіз жазу, жазусыз кітап
болмайтыны белгілі. Қазақтың көне және қазіргі кітаптары бірнеше
алфавитпен жазылып, жарық көрді. Ол алфавиттер: араб, латын,
орыс.
5- жаттығу. Бос орынға
керекті әріптерді
қойыңдар.
ы/і п/ б/
м
Мен оқушым...н. 1. Мен
ұстаз...ын.
Сен Ұланс...ң. 2. Мен
Айнаш...ын.
Сіз Қалимас...з. 3. Мен
Гүлім...ін.
Сіз мұғалімс...з. 4. Мен
Жанат...ын.
6- жаттығу. Бағандарды осы
әріптерден тұратын сөздермен
толтырыңыз.
Ә
Ғ
Қ
Ң
Ө
Ұ
Ү
һ
І
Ы
7-
жаттығу.Сөздіктен қазақтың төл
дыбыстары бар сөздерді теріп жазыңыз. Мағынасын біліп, жаттап
алыңыз.
8- жаттығу. Сергіту.
Мұғалімді тыңдаңыз, қайталаңыз. Сөздердің мағынасын
біліңіз.
Ең ежелгі әріп – «О». Бұл дыбыс біздің дәуірімізге дейінгі,
шамасы 1300 жылдары жасалған финики әліппесіне енгізілген кездегі
түрін күні бүгінге дейін жоғалтпай сақтаған. Ең жаңа әріптердің
қатарына 1630 жылдары ағылшын алфавитіне қосылған «і» мен «v»
әріптері екен. Қазір әлемде 65 әліппе бар. Солардың арасындағы ең
көлемдісі Камбоджа тілінің әліппесі 72 әріптен, ал ең қысқасы
Бугенвиль аралында өмір сүретін Роток деп аталатын шағын халық
тілінің әліппесі небәрі 11 әріптен тұрады
екен.
8.
Қазақтың төл дыбыстары нешеу? Атаңыз, мысал
келтіріңіз.
14- жаттығу.Көп нүктенің
орнына тиісті әріптерді
қойыңыз.
топ...рақ (і, ы,
ү)
...нім (ө, ү,
і)
Б...дай (ү, у,
и)
Ойла (у, ү,
ұ)
Қ...нарлы (ү, ұ,
у)
Ма...та (қ, к,
х)
Жем...с (и, і,
ы)
Ыст...қ (і, ы,
и)
Ж...р (е, и,
ы)
Өсімд...к (і, и,
ы)
15- жаттығу. Көп нүктенің
орнына «і» немесе «ө» әріптерін
қойыңыз.
К...ктем
770 ₸ - Сатып алу
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)
Соңғы бір жылда:
45 000 000 ₸
Авторлар тапқан ақша
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материал іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз