Материалдар / Қазақ тілі пәнінен емтихан тапсырмалары 10-сынып 2024жыл Т1

Қазақ тілі пәнінен емтихан тапсырмалары 10-сынып 2024жыл Т1

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі пәнінен емтихан тапсырмалары 10-сынып 2024жыл Т1
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Наурыз 2024
1387
11 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

10-сынып

1)Оқылым.(1б) Мәтіндегі негізгі ойды анықтау,көтерілген мәселеге баға беріп,мәліметтер мен пікірлерді өңдеу білу

1-тапсырма.Мәтіннің негізгі ойды анықтаңыз (0,5 б)

2-тапсырма.Мәтінде берілген мәліметтер мен пікірлерді өңдеп,көтерілген мәселені анықтап баға беріңіз (0,5 б)

Спорт –адамның досы

Спорт адам баласының дамуындағы ең маңызды бір бөлігі. Ол адам организмін жақсы дамуына және ұзақ жылдар бойы денсаулықты жақсы күйде ұстауға игі әсер етеді. Бірақ қазіргі кезде оның маңыздылығын көпшіліктен оның маңыздылығын ескермей келе жатыр.Өйткені қазіргі адамдардың одан да маңызды - жұмыс,интернет деген тірлігі бар. Олар өздерінің қазіргі дамыған технология жетістіктері арқылы орасан зор іс бітіріп жатқанына сенімді және ақыл-ой жұмысын спорттан артығырақ санайтыны ешкім жоққа шығара қоймас. Бірақ бұл екеуі тығыз байланысты екенін бәрі түсінсе де ол екеуін қатар алып жүруге көп ешкімнің құлқы жоқ. Қазіргі кезде жас адамдарда да,орта жастағылар арасында да физикалық белсенділік өте төмен, сол себепті артық салмақпен түрлі ауруға бейімділігі өте жоғары болып тұрғанын өздеріде біле бермейді.Егер адам физикалық түрде белсенді болса, жиі ауырмайды және ұзағырақ өмір сүреді сонымен бірге психикалық күйі де бірден жақсарады.Жаттығу жасамай ақ, күнделікті жаяу жүргеннің өзін ғана әдет еткен адамның қан қысымы жақсара түседі.Егер оған жүзумен велосипед тебуді қосса жүрек жұмысы түгелдей жақсарады.Ал мүлде уақыты жетпейтін адамдар- аптасына екі рет спортзалға барып немесе фитнеске қатысса соның өзі ақ,дене бітімін формада ұстауға көп әсерін тигізеді.

Құрметті халқым,біздің заманымызда нашар экологиялық тіршілік көздерімен қатар құрамы күмәнді және ГМО аралас тамақ ішіп жүрген замандастарым,егер- отбасыңыз емі табылмас неше алуан ауру түрлерімен және аллергия сияқты туа біте жабысатын емі жоқ ауруларға қарсы тұрып, иммунитетімді көтеріп,денсаулығымды күшейтем десеңіз. Алла берген жасымды аурусыз өткізіп,қартайғанша өз аяғыммен жүріп-тұрам десеңіз. Бірін емдесе, екінші ағзаңызды улайтын,қымбат әрі уақытша ғана әсер ететін түрлі дәрі-дәрмектен аулақ болып өмір сүрем десеңіз- спортпен айналысыңыз дер едім.

Спорт-адамның досы. Адам баласы үшін спорттан артық демалыс та, шипа да, ем де жоқ! Олай болса,халық болып, спортқа ден қояйық! Спорт –өмірдің сәні де мәні де екенін естен шығармайық!Баршаңызды жаппай спортпен айналысуға шақырамын!


1-тапсырма.Мәтіннің негізгі ойды анықтаңыз (0,5 б)

2-тапсырма.Мәтінде берілген мәліметтер мен пікірлерді өңдеп,көтерілген мәселені анықтап баға беріңіз (0,5 б)


Мәтіннің негізгі ойы

Көтерілген мәселе

Көтерілген мәселеге баға беріңіз








2)Жазылым.(3б)

Қажетті клишелер мен лескикалық құрылымдарды қолданып,көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу («келісу,келіспеу»эссесі, дискуссивті ссе,аргументативті эссе)

«Спорт-бақытқа бастар жол» қажетті клишелер мен лескикалық құрылымдарды қолданып,көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп («келісу,келіспеу»эссесі, дискуссивті ссе,аргументативті эссе) эссе жазыңыз. 140-150 сөз

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


Қажетті клишелер:біріншіден,меніңше,атап айтсақ,басқа жағынан қарастырсақ,дәлелдейтін болсақ,қорытындылай келе.


3)Әдеби тіл нормалары. (1б) Сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтай білу.

1) Берілген сөздерді сөзжасамдық тәсілдердің түрлеріне қарай топтастырыңыз. (0,5 б)

Ақсақал,айтыс,қызыл ала,ағарған,бүлдірген,ақ шашты,жеісі,жаңалық,бес мың,жүлдегер,орта бойлы,алып кел,қоршау,қырық сегіз,алып.


1.Синтетикалық:

2.Аналитикалық:

3.Лексика семантикалық тәсіл:


  1. Берілген өлең жолдарын синтаксистік нормаларды сақтай отырып 1 қалыпты сөйлемге айналдырып жазыңыз (0,5 б)

«Денсаулық зор байлық» біліңіз

Қашанда сау болып жүріңіз

Салауатты өмір салтын ұстанып,

Шынайы,ақжарқын күліңіз.

«Спорт денсаулық кепілі» білеміз,

Спортты құрметтеп,бәріміз сүйеміз.

Жастарды спортқа жырменен шақырып,

Болашақ өмірді ақылмен түйеміз.




Бағалау критерийлері:

Оқу дағдысы

Бағалау критерийлері

Тапсыр

ма реті

Дескриптор

Балл

Оқылым

Мәтіндегі негізгі ойды анықтау,көтерілген мәселеге баға береді,

мәліметтер мен пікірлерді өңдейді


1

-Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз (0,5 б)

- Мәтінде берілген мәліметтер мен пікірлерді өңдеп,көтерілген мәселені анықтап баға беріңіз (0,5 б)


1

Жазылым


Қажетті клишелер мен лескикалық құрылымдарды қолданып,көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазады («келісу,келіспеу»эссесі, дискуссивті ссе,аргументативті эссе) орфографиялық, пунктуациялық нормаға сай жазады


2

-эссенің құрылымын (кіріспе, негізгі, қорытынды) сақтап жазады,қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданады (1 балл);

-көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазады (1 балл);

-орфографиялық, пунктуациялық нормаға сай жазады (1 балл).



3


Әдеби тілдің нормалары

Сөзжасамдық және

синтаксистік нормаларды сақтай білу.

3

-берілген сөздерді сөзжасамдық тәсілдердің түрлеріне қарай топтастырыңыз(0,5 балл);

- берілген өлең жолдарын синтаксистік нормаларды сақтай отырып 1 қалыпты сөйлемге айналдырып

жазыңыз (0,5 б)




1


10-сынып ЖМБ


Төмен көрсеткіш 1-2 балл

Орташа көрсеткіш 3-4 балл

Жоғары көрсеткіш 5 балл

Оқылым

Мәтіннің негізгі ойды анықтай алмайды,берілген мәліметтер мен пікірлерді өңдеп,көтерілген мәселені анықтауда

5-6 қате жібереді.

Мәтіннің негізгі ойды анықтай алады,берілген мәліметтер мен пікірлерді өңдеп,көтерілген мәселені анықтауда

3-4 қате жібереді.

Мәтіннің негізгі ойды анықтайды,берілген көтерілген мәселені ажыратып мәліметтер мен пікірлерді

өңдей біледі.

Жазылым

Қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп («келісу, келіспеу» эссесі, дискуссивті эссе, аргументативті эссе) эссе жазуда 5-6 қате жібереді.

Қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп («келісу, келіспеу» эссесі, дискуссивті эссе, аргументативті эссе) эссе жазуда 3-4 қате жібереді.

Қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе («келісу, келіспеу» эссесі, дискуссивті эссе, аргументативті эссе) жазады.

Әдеби тіл нормалары

Берілген сөздерді сөзжасамдық тәсілдердің түрлеріне қарай топтастыра алмайды, берілген өлең жолдарын синтаксистік нормаларды сақтай отырып 1 қалыпты сөйлемге айналдырып жазуда 5-6 қате жібереді.

Берілген сөздерді сөзжасамдық тәсілдердің түрлеріне қарай топтастыра алады, берілген өлең жолдарын синтаксистік нормаларды сақтай отырып 1 қалыпты сөйлемге айналдырып жазуда 1-2 қате жібереді.

Берілген сөздерді сөзжасамдық тәсілдердің түрлеріне қарай топтастырады,берілген өлең жолдарын синтаксистік нормаларды сақтай отырып 1 қалыпты сөйлемге айналдыруда сауатты жазады.






































10-сынып

1)Оқылым.(1б) Мәтіндегі негізгі ойды анықтау,көтерілген мәселеге баға беріп,мәліметтер мен пікірлерді өңдеу білу

1-тапсырма.Мәтіннің негізгі ойды анықтаңыз (0,5 б)

2-тапсырма.Мәтінде берілген мәліметтер мен пікірлерді өңдеп,көтерілген мәселені анықтап баға беріңіз (0,5 б)

Бүгінгі таңда жаһандану – қоғам дамуының заңдылықтарын өзгертіп, әлеуметтік және халықаралық қатынастарды жаңа сапаға өткізетін саяси-әлеуметтік, экономикалық құбылыс болса, екінші жағынан әрбір ұлттық мемлекеттің рухани мәдениетіне ықпал ететін, әлсіз мәдениеттердің үстем мәдениеттердің ықпалында қалып қоютын процесс деп атауымызға болады. Жаһандану мәселесіне байланысты қоғамда белгілі дәрежеде әр мемлекеттің өз зерттеу бағыттары мен бағдарламасы болмаса, онда сол мемлекеттің жаһандық әлемдегі орны да белгісіз, және сол үрдіске сіңісіп, өз құндылықтарын жоюуы бек мүмкін. Сондықтан да әрбір ХХІ ғасырда өмір сүріп жатқан мемлекет осы жаһандық ақпараттық-мәдени қысымға барлық жағынан сақадай сай болуы тиіс, әрине бұл жерде әр мемлекет сақадай сай болуы үшін, бұл үрдісті жан-жақты терең зерттеу елегінен өткізудің маңызы зор.

Жаһандану кеңістігіндегі әрбір ұлттық мәдениет рухани жағынан екі бағыттарда дамуы мүмкін – прогрессивті және регрессивті. Ол, әрине, ұлттық мәдениеттің ішкі потенциалына, менталитеттік деңгейіне, тектілігіне (тарих, этнопсихологиялық ерекшелік, өсу мен даму процестерінің дәйектілігі мен тиянақтылығы) және жаһандану процесінің табиғатына (позитивтілігіне немесе негативтілігіне) байланысты. Жаңа мыңжылдық табалдырығында тұрған қоғамымыздың өтпелі кезеңінде ертеңгі болашақ мәдениет, дәстүрлі құндылықтар мен өркениетті құндылықтар, дәстүрлер және жаңартулар, заман талабы мәселелерінің ара-қатынасын шешуде туындайтын сұрақтардың жауабын өткен заманнан, Уақыт пен Тарих шеңберінен іздеу қажет. Қазақ мәдениеті әлемдік өркениет пен жалпыадамзаттық мәдениеттің құрамдас бөлігі ретінде өзіндік табиғи-ландшафттық жағдайларда – ерте кезден Батыс пен Шығыс мәдениеттерін байланыстырып келген Еуразияның орталық территориясындағы Ұлы дала ареалында қалыптасты. Орталық Азияның халықтары мен ертедегі тайпаларының палеолит, қола дәуірінен бастап мәдени дәстүрлері ғаламдық жалпыадамзаттық заңдылықтардың динамикасы ағымындағы социомәдени процестерді бастан кешіріп, номадизмге тән көшпелі мал шаруашылығының ықпалымен қалыптасты. Кейін толық құралып біткен жергілікті, төл (автохтонды) дәстүрлер әртүрлі шекаралас, жапсарлас жатқан халықтар мен елдердің мәдени ықпалын бойына сіңіре отырып, қазіргі мәдениеттанымдық теориялық тұрғыдағы зерттеулерді талап ететіндей күрделі және біртұтас феномен – дәстүрлі этномәдениетті дүниеге әкелді.

Дәстүр мен Жаңашылдық арақатынасы кез-келген ұлттың әлеметтік-мәдени динамикасында, әсіресе транзитті қоғамдарда күрделі және қайшылықты мәселелердің қатарына жатады. Олардың өзара әсерінің негізгі үш формасын айқындауға болады: біріншісі – жаңашылдыққа қарсылық көрсете отырып, оны теріске шығару және ескі тәртіпке сүйену; екіншісі – жаңашылдыққа бейімделе отырып, ескі дәстүрді бұзу; үшіншісі – жаңашылдықты өзгерте отырып, оны дәстүрге сиятындай қалыпқа келтіру.

Егер мәдени Жаңашылдық қоғамға тереңінен сіңіп, ал мемлекет – Дәстүрдің сақтаушысы болса, онда бұл талас соңғысының мүддесіне шешілмейді. Қазақстандық қоғамда ұлттық дәстүрді қайта жандандыру бұқаралық сипат ала алған жоқ. Сондықтан тұрғындардың басым бөлігі дәстүрлі қалыптарды бұза отырып, нарыққа бейімделу барысында жаңашылдық пен таңсық атаулының барлығын байыбына барып сараламай қабылдауда немесе жөн-жосықсыз жұтуда. Тұрғындардың келесі бір бөлігі – орта және онан жоғары буын өкілдері реформаға қарсы шығып, ескіні қайтаруды талап етіп, дәстүршілдікті көксейді. Жаңа жағдайға тез бейімделе алғандар – негізінен қала жастары. Бірақ бұл жерде жаңашылдық дәстүрге сай формаларға бейімделген. Бұл қоғамда мәңгүрттену үрдісінің етек алып келе жатқандығын байқатады.

ХХ ғасырдың ортасына дейін дәстүрлердің барлығы, инновацияны мүлде қабылдамайтын, тек тежеуші күш деп саналған М. Вебердің көзқарасы үстем болды. Батыс мәдениеттануы қоғамдарды дәстүрлі және модернистік қоғамдар деп бөлді. Кеңестік кезеңнен кейінгі ғылымда белгілі бір дәрежеде бұл дилемма толығымен қабылданбайды. Себебі дәстүр мәдени құндылықтарды тасымалдау беру механизмдерімен, яғни мәдениеттің өз қызметімен теңестіріледі.


2)Жазылым.(3б)

Қажетті клишелер мен лескикалық құрылымдарды қолданып,көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу («келісу,келіспеу»эссесі, дискуссивті ссе,аргументативті эссе)

«Қазақстандық заманауи мәдениет» қажетті клишелер мен лескикалық құрылымдарды қолданып,көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп («келісу,келіспеу»эссесі, дискуссивті ссе,аргументативті эссе) эссе жазыңыз. 140-150 сөз


3)Әдеби тіл нормалары. (1б) Сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтай білу.

1) Оқылым мәтінінен сөзжасамдық тәсіл арқылы жасалған сөздерді табыңыз (0,5 б)

1.Синтетикалық:______________________________________________________________________________________________________________________________________________________

2.Аналитикалық:______________________________________________________________________________________________________________________________________________________

3.Лексика семантикалық тәсіл:_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


2)Берілген өлең жолдарын синтаксистік нормаларды сақтай отырып 1 қалыпты сөйлемге айналдырып жазыңыз (0,5 б)

Жаһандану ақылды да,жүйрік те,

Қаша алмадық,көнбіс ойды кидік те.

Өлеңдегі әріптерім таңқалды,

Цифрлардың қолындағы билікке.

Сапырылысты үміт,күдік оттары,

Кейбіреулер жалқау күнін жоқтады.

Теңіз отыр басқа жаққа көшем деп,

Кейбір өзен демалам деп тоқтады.


Оқу дағдысы

Бағалау критерийлері

Тапсыр

ма реті

Дескриптор

Балл

Оқылым

Мәтіндегі негізгі ойды анықтау,көтерілген мәселеге баға береді,

мәліметтер мен пікірлерді өңдейді


1

-Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз (0,5 б)

- Мәтінде берілген мәліметтер мен пікірлерді өңдеп,көтерілген мәселені анықтап баға беріңіз (0,5 б)


700 ₸ - Сатып алу
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ