Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Қазақ тілі пәнінен емтихан тапсырмалары 6-сынып 2024жыл Т1
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
6-сынып қазақ тілі пәнінен аралық емтихан тапсырмалары
1-нұсқа
1) Оқылым. (1 балл) оқылым стратегияларын қолдану:
комментарий жасау, іріктеп оқу, рөлге бөліп оқу
1-тапсырма. Берілген мәтінді оқып, нақты ақпараттарды теріп жазыңыз
2-тапсырма. Нақты ақпараттарға коментарий жасаңыз.
Қазақстанның көркем жерлері
Қазақстанның көркем жерлері өзінің әсемдігімен әлемге әйгілі жерлерден кем түспейді. Оның солтүстік бөлігінде Қазақстанның ең әдемі жерлерінің бірі-Бурабай орналасқан. Жергілікті тұрғындар Бурабайды "Жергілікті Швейцария" деп атайды.
Шығыс Қазақстан Қазақстандағы ең әдемі жер болып саналады. Таулы Алтай әрдайым көптеген туристерді тартты. Қазақстан мен Ресей шекарасында Алтайдың ең биік шыңы-Белуха тауы орналасқан. Сондай-ақ, Шығыс Қазақстанның інжу-маржаны тауларда орналасқан Маракөл көлі болып саналады. Көл өте әдемі, күн шуақты күнде бай көк немесе көк түске ие, бірақ күн болмаған кезде ол түсін танымастай өзгертеді және қара түске айналады.
Қазақстанның батысында Каспий теңізі орналасқан. Каспий теңізі-Еуропа мен Азия арасында орналасқан әлемдегі ең ірі жабық су қоймасы. Жыл сайын мыңдаған туристер Каспий теңізінің жағасында демалуға келеді. Каспий жағалауы құмды жағажайларымен демалу үшін өте ыңғайлы.
Қазақстан бұдан да басқа көрікті жерлерге бай. Өз еліміздің табиғатын бағалайық.
Ақпарат дереккөзі: https://znanija.com/task/46124558#:~:text=Қазақстанның%20көркем%20жерлері%20өзінің%20әсемдігімен,туристерді%20тартатын%20жалғыз%20нәрсе%20емес
Нақты ақпараттар |
Коментарий |
|
|
|
|
|
|
Тапсырманы орындау үлгісі:
Нақты ақпараттар |
Коментарий |
Қазақстанның көрікті жерлері көп. |
Біздің Балқаш көліміздің де әсемдігіне көз тоймайды |
Жергілікті тұрғындар Бурабайды "Жергілікті Швейцария" деп атайды. |
Себебі Бурабай жажасыл шыршаға бай мекен. |
Каспий теңізі-Еуропа мен Азия арасында орналасқан әлемдегі ең ірі жабық су қоймасы |
Оның көлемі өзге су қоймасынан үлкен. |
2) Жазылым. (3 балл)
эссе тақырыбынан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазады («келісу, келіспеу» эссесі). «Әркім өз елінде демалу керек» тақырыбынан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп эссе жаз.
3) Әдеби тіл нормалары (1 балл).
Етістіктің етіс түрлері мен салт-сабақты етістіктердің тіркесімдік мүмкіндігін жазбаша тілдесім барысында қолдану
Эссе мәтінінен етіс түрлерін, салт, сабақты етістіктерді тауып кестені толтыр
Етіс |
Салт |
сабақты |
|
|
|
Үлгі:
Етіс |
Салт |
сабақты |
Қалыптастырады - өзгелік етіс |
Тұжырыммен келіспеймін – немен? /Көмектес септігі/ |
көргісі келеді – нені? – дәстүрін, тілін, көркемдігін /Табыс септігі/ |
Бағалау критерийлері:
Оқу дағдысы |
Бағалау критерийлері |
Тапсыр ма реті |
Дескриптор |
Балл |
Оқылым |
Берілген мәтіннен нақты ақпаратты табады. Нақты ақпараттарға коментарий жасайды |
1 |
|
1 |
Жазылым
|
эссе тақырыбынан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп орфографиялық және пунктуациялық нормаға сай жазады. |
2 |
-эссенің тақырыбынан ауытқымайды (1 балл); -абзац түрлерін жүйелі құрастырады (0,5 балл); - көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетеді(0,5 балл) -орфографиялық, пунктуациялық нормаға сай жазады (1 балл). |
3
|
Әдеби тілдің нормалары |
Етістіктің етіс түрлері мен салт-сабақты етістіктердің тіркесімдік мүмкіндігін жазбаша тілдесім барысында қолдану
|
3 |
-мәтіннен етісті табады (0,25 балл); - мәтіннен салт етістікті табады (0,25 балл); - мәтіннен сабақты етістікті табады (0,25 балл); - сауатты жазады (0,25 балл); |
1 |
«ҚАЗАҚ ТІЛІ» ОҚУ ПӘНІ БОЙЫНША РУБРИКА
6-сынып
|
Төмен көрсеткіш 1-2 балл |
Орташа көрсеткіш 3-4 балл |
Жоғары көрсеткіш 5 балл |
Оқылым |
Комментарий жасауда тілдік құрылымдарды толық қолданбайды, ойын толық ашып айта алмайды, іріктеп, оқуда, рөлге бөліп оқуда 7-8 қате жібереді. |
Комментарий жасауда тілдік құрылымдарды жартылай қолданады, іріктеп, рөлге бөліп оқуда 4-5 қате жібереді. |
Комментарий жасауда тілдік құрылымдарды еркін қолданады іріктеп оқиды, рөлге бөліп оқиды. |
Жазылым |
Эссе тақырыбына қатысты мәліметтер толық сақтамайды, абзац түрлерін жүйелі құрастыра алмайды, өз ойын жеткізуде көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсете алмайды («келісу, келіспеу» эссесі). 5-6 грамматикалық қате жібереді. |
Эссе тақырыбынан аздап ауытқиды, абзац түрлерін құрастырады, өз ойын жеткізуде көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсете алмайды («келісу, келіспеу» эссесі). Сөйлемді дұрыс құрай алады. Алайда сөйлемдер арасында логикалық бірізді байланыс жоқ. |
Эссе тақырыбынан ауытқымайды, абзац түрлерін жүйелі құрастырады, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазады («келісу, келіспеу» эссесі). |
Әдеби тіл нормалары |
Етістіктің етіс түрлері мен салт-сабақты етістіктердің тіркесімдік мүмкіндігін ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолдануда 5-6 қате жібереді. |
Етістіктің етіс түрлері мен салт-сабақты етістіктердің тіркесімдік мүмкіндігін ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолдануда 3-4 қате жібереді. |
Етістіктің етіс түрлері мен салт-сабақты етістіктердің тіркесімдік мүмкіндігін ауызша және жазбаша тілдесім барысында еркін қолданады, үстеудің мағыналық түрлерін ажыратады, синонимдік қатарларын түрлендіріп қолдана алады. |
2-нұсқа
1) Оқылым. (1 балл) оқылым стратегияларын қолдану:
комментарий жасау, іріктеп оқу, рөлге бөліп оқу
1-тапсырма. Берілген мәтінді оқып, нақты ақпараттарды теріп жазыңыз
2-тапсырма. Нақты ақпараттарға коментарий жасаңыз.
Астанам – «Бас қалам»!
Бүгінгі Астана – асыл тастан тұрғызылған асқақ қала. Ерке Есілдің жағасында орналасқан, жаңа ғасыр ғажабынан жаралған ертегідей елорда, әлемдегі ең жас қала. Кең даладағы жай қала ғана емес, саяси ерік-жігер, үкілі үміт, көркею, тәуелсіздік көрінісінің нышаны.
«Астана» сөзі негізінен парсы сөзі, қазақша түсінігі астана — табалдырық, босаға, кіреберіс, сарайдың қақпасы, салтанатты орда есігі деген ұғымдарды білдіреді. Ару қаланың әрбір оралымы ашық бұрқақты аулалар, әсем безендірілген гүлзарлар мен көмкерген орманды алқаптарда бойтүзеген «Нұр Астана» мешіті мен «Бәйтерек», «Пирамида», «Ханшатыр», т.б. саяси және мәдени думан орталықтары мен түрлі тарихи мемориалды кешендері алуан түрлі.
Астана – Қазақстанның бас қаласы. Астана қаласы әлемнің түкпір-түкпірінен келген түрлі мәдениеттер үніне толуымен қатар әсем қала өзінің көрікті бейнесімен қызығушылық әсерін мол туғызды деп сенемін.
Ақпарат дереккөзі: https://bilim-all.kz/article/5796-Astana
Нақты ақпараттар |
Коментарий |
|
|
|
|
Тапсырманы орындау үлгісі:
Нақты ақпараттар |
Коментарий |
Астана – ең жас қала |
Себебі Астананың құрылғанына 26 жыл болды. |
Астана – Қазақстанның бас қаласы |
Астанаға көптеген туристтер келеді. Барлық іс-шаралар Астанада өткізіледі. |
2) Жазылым. (3 балл)
эссе тақырыбынан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазады(«келісу, келіспеу» эссесі).
«Астана елімнің жүрегі ме?» тақырыбынан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп эссе жаз.
3) Әдеби тіл нормалары (1 балл).
Етістіктің етіс түрлері мен салт-сабақты етістіктердің тіркесімдік мүмкіндігін жазбаша тілдесім барысында қолдану
Эссе мәтінінен етіс түрлерін, салт, сабақты етістіктерді тауып кестені толтыр
Етіс |
Салт |
сабақты |
|
|
|
Үлгі:
Етіс |
Салт |
сабақты |
Өзгертілді – ырықсыз етіс |
Тұрғынға /неге?/ жетті – барыс септігі |
Астананы /нені?/ танып келеді – табыс септігі |
Бағалау критерийлері:
Оқу дағдысы |
Бағалау критерийлері |
Тапсыр ма реті |
Дескриптор |
Балл |
Оқылым |
Берілген мәтіннен нақты ақпаратты табады. Нақты ақпараттарға коментарий жасайды |
1 |
|
1 |
Жазылым
|
эссе тақырыбынан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп орфографиялық және пунктуациялық нормаға сай жазады. |
2 |
-эссенің тақырыбынан ауытқымайды (1 балл); -абзац түрлерін жүйелі құрастырады (0,5 балл); - көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетеді(0,5 балл) -орфографиялық, пунктуациялық нормаға сай жазады (1 балл). |
3
|
Әдеби тілдің нормалары |
Етістіктің етіс түрлері мен
салт-сабақты етістіктердің тіркесімдік мүмкіндігін жазбаша тілдесім
барысында қолдану Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз |