400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақ тілі пәнінен ережелер топтамасы

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғаліміне қазақ тілі пәні бойынша сызбалар мен ережелер топтамасы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Фонетикалық талдау.

Талдау реті

1.Айтылу, жасалу, жазылу жолдарына қарай: (жуан, жіңішке, аралас буынды сөздер)

2.Сөзді буынға бөл, буындардың түрін ата.

3.Тасымал.

4.Екпін.

5.Сөз құрамынан дауысты дыбыстарды тауып, оларды тілдің, жақтың, еріннің қатысына қарай талда.

6.Сөз құрамынан дауыссыз дыбыстарды тауып, оларды салдыр мен үннің, айтылу орнына, жасалу жолына қарай талда.

7.Сөз құрамындағы дыбыс пен әріп санын анықта.

8.Сөзде үндестік заңына сәйкес құбылыс бар ма? Бар болса, түсіндір.

Талдау үлгілері

Жанболат

1. Жуан буынды сөз.

2. Жан-бо-лат 3 буын.

ВАВ-бітеу; ВА-ашық: ВАВ-бітеу буындар.

3. 2 тасымал. Жан-болат, Жанбо-лат

4. Екпін.7-А

5.6.

Ж-Дауыссыз, ұяң, ызың, тіл алды.

А-Дауысты, езулік, ашық, жуан.

М(н)-Дауыссыз, үнді, шұғыл, тіл алды.

Б-Дауыссыз, ұяң, шұғыл, ерін.

О-Дауысты, еріндік, ашық, жуан.

Л-Дауыссыз, үнді, ызың, тіл алды.

А-Дауысты, езулік, ашық, жуан.

Т-Дауыссыз, қатаң, шұғыл, тіл алды.

7. 8 әріп, 8 дыбыс.

8. Кейінді ықпал







Лексикалық талдау.


Талдау реті

1.Сөздің неше мағыналы екенін білу.

2.Мағынасын ашу, қандай мағынада берілген.

3.Омонимін,синонимін, антонимін табу.

4.Тұрақты тіркесте беріле ме? .

5.Тұрақты тіркес құрамында кездесе ме?.

6.Сөздік құрамында қандай топқа жатады?.

7.Стильдік тұрғыдан қандай лексикаға жатады?.

8Сөздің неше лексикалық, неше грамматикалық мағынасы бар.


Талдау үлгілері

Қыз ұшса қияға, ұл ұшса ұяға.

1.Қыз-моносемия.

2.Қыз-1.Әйел жынысты адамның жастық шағын білдіреді.

Тура мағынада берілген.

3.-Омоним:1.Зат есім. (Әйел жынысты адамның жастық шағын білдіреді.)

2.Етістік. (Жану, ысу)

-Синоним:бойжеткен.

-Антоним:1.қыз-ұл.

2.қызу-өшу.

4.Тұрақты тіркесте беріледі: «тақия тігер»

5.Тұрақты тіркес құрамында:

«Қызға қырық үйден тыю»

«Қыз елдің көркі.»

«Қыздың жиған жүгіндей»

«Қыздың жолы жіңішке»

«Қыздың жаны қырық»

6.Сөздік құрамында актив тобы.

7.Стильдік тұрғыдан жалпы халықтық лексика.

8.-2 лексикалық мағына береді.

-3 грамматикалық мағына береді.

(жалпы,деректі, адамзат)





Морфологиялық талдау.

Талдау реті

1.Сөз табы.

2.Жалпы грамматикалық мағынасы.

3.Жеке грамматикалық мағынасы

4.Категориялық мағынасы.

5.Синтаксистік мағынасы.


Талдау үлгілері


Халық көкірегіндегі шерді оңайшылықпен ұмыттыра алмасын да өте жақсы біледі.


~~~~~~~~~~~~~~~ - - - - -.-.-.-.-.-.-.-.-.-.- - - - - - - - - - - - - - -.-.-.-.-.-. ________

_________


Халық

1.Сөз табы-зат есім.(негізгі, дара)

2.Жалпы грамматикалық мағынасы- заттық

3.Жеке грамматикалық мағынасы-жалпы, деректі, адамзат.

4.Категориялық мағынасы- иелік мағына, көптік формада.

Халық(тың)-жасырынды ілік септіктің жалғауы.

Халық- адамдардың көптігін білдіреді.

5.Синтаксистік қызметі-күрделі анықтауыш құрамында.


Көкірегіндегі

1.Сөз табы-зат есім.(негізгі, дара)

2.Жалпы грамматикалық мағынасы- заттық

3.Жеке грамматикалық мағынасы-жалпы, дерексіз, ғаламзат.

4.Категориялық мағынасы- а)меншіктік-тәуелдік –і т.жІІІ жағы

ә)мекендік мағына-нде –жатыс септік ж

б)сындық мағына –гі-сын есім жұрнағы

5.Синтаксистік қызметі-күрделі анықтауыш құрамында.


Шерді

1.Сөз табы-зат есім.(негізгі, дара)

2.Жалпы грамматикалық мағынасы- заттық

3.Жеке грамматикалық мағынасы-жалпы, дерексіз, ғаламзат.

4.Категориялық мағынасы- тура қимылдық (объектілік) мағына.

Шер-ді - табыс септіктің жалғауы.

5.Синтаксистік қызметі-толықтауыш.


Оңайшылықпен

1.Сөз табы-зат есім.(туынды, дара)

2.Жалпы грамматикалық мағынасы- заттық

3.Жеке грамматикалық мағынасы-жалпы, дерексіз, ғаламзат.

4.Категориялық мағынасы- а)қимылдық-құралдық мағына

Оңайшылық-пен –көмектес септіктің жұрнағы.

5.Синтаксистік қызметі- қимыл-сын пысықтауыш.


ұмыттыра алмасын


1.Сөз табы-есімше

2.Жалпы грамматикалық мағынасы-қимылдық

3.Жеке грамматикалық мағынасы-болымсыз, сабақты.

4.Категориялық мағынасы-а)меншіктік-ы- тәуелдік ж ІІІ жағы.

ә)жақтық- ІІІ жақ

б)тура объектілік (-н)

5.Синтаксистік қызметі-тура толықтауыш


өте жақсы

1.Сөз табы-сын есім.(негізгі,дара)

2.Жалпы грамматикалық мағынасы- сындық

3.Жеке грамматикалық мағынасы-сапалық.

4.Категориялық мағынасы- шырайлық мағына

өте –асырмалы шырай.

5.Синтаксистік қызметі- пысықтауыш


Біледі

1.Сөз табы-етістік.(негізгі,дара)

2.Жалпы грамматикалық мағынасы- қимылдық

3.Жеке грамматикалық мағынасы- болымды, сабақты.

4.Категориялық мағынасы- а)шақтық.(осы шақ. –е)

ә)жақтық (ІІІ жақ жіктік ж. –ді)

б)райлық (ашық рай)

5.Синтаксистік қызметі- баяндауыш.


Синтаксистік талдау.

Талдау реті

1.Сөйлем мүшесін табамыз.

2.Сөйлем мүшесінің жасалу жолын анықтаймыз.

3.Құрылысына қарай (жай, құрмалас)

4.Қатысына қарай (жалаң, жайылма)

5.Бастуыштың қатысына қарай (жақты, жақсыз)

6.Ойдың берілуіне қарай (толымды, толымсыз)

7.Айтылу сазына қарай )хабарлы, лепті, сұраулы)


Талдау үлгілері


Сабынның көбігіне ұқсас бұл алдамшы өрнек соншама әдемі

~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~ _____ .-.-.-.-.-.--.-.-.-.-

көрінеді. (Жай, жайылма, белгілі жақты,толымды, хабарлы)

_______

_______


Көр-ін-е-ді- жіктік жалғау тұлғалы көсемшелі етістікпен жасалған дара баяндауыш.


Сонша-ма әдемі- нөлдік тұлғалы мөлшер үстеуден және сын есім тіркесінен жасалған күрделі қимыл-сын пысықтауыш.

Өрнек- нөлдік тұлғалы зат есімнен жасалған дара сапалық анықтауыш.


Алда-мшы –нөлдік тұлғалы туынды сын есімнен жасалған дара сапалық анықтауыш.


Бұл – нөлдік тұлғалы сілтеу есімдігінен жасалған дара сапалық анықтауыш.


Сабын-ның көб-і-гі-не ұқса-с -ілік септік тұлғалы негізгі зат есімнен, барыс септік тұлғалы тәуелденген зат есім және нөлдік тұлғалы туынды сын есім тіркестерінен жасалған күрделі сапалық анықтауыш.



Сөз тіркесінен талдау.

Талдау реті

1.Жасалу жолы.(интонация, орын тәртібі, қосымша, шылау арқылы)

2.Байланысу тәсілі.(аналитикалық, синтетикалық,аналит.-синтетик)

3.Байланысу формасы.(қиысу, қабысу, жанасу, матасу, меңгеру.)

4.Синтаксистік қатынасы. (предикаттық, анықтауыштық,

толықтауыштық, пысықтауыштық.)

5.Сөз тіркесінің түрі. (етістікті, есімді, ортақ.)

6.Құрамы. (жай, күрделі.)


Талдау үлгілері

Сабынның көбігіне ұқсас бұл алдамшы өрнек соншама әдемі

көрінеді.


Өрнек көрінеді- интонация арқылы, аналитикалық тәсілмен, қиыса байланысқан, предикаттық қатынастағы есімді жай сөз тіркесі.


Алдамшы өрнек- орын тәртібі арқылы, аналитикалық тәсілмен, қабыса байланысқан, анықтауыштық қатынастағы есімді жай сөз тіркесі.


Соншама әдемі- орын тәртібі арқылы, аналитикалық тәсілмен, қабыса байланысқан, пысқтауыштық қатынастағы есімді жай сөз тіркесі.


Әдемі көрінеді- орын тәртібі арқылы, аналитикалық тәсілмен, қабыса байланысқан, пысықтауыштық қатынастағы етістікті жай сөз тіркесі.


Сабынның көбігі-қосымша арқылы, синтетикалық тәсілмен, матаса байланысқан, анықтауыштық қатынастағы есімді жай сөз тіркесі.


Көбігіне ұқсас- қосымша арқылы, синтетикалық тәсілмен, меңгеріле байланысқан, толықтауыштық қатынастағы есімді жай сөз тіркесі.



Талдауларға қатысты мәліметтер.


8 категория.


1)Шақтық категория. (осы шақ, келер шақ, өткен шақ.)


2)Райлық категория.(ашық рай, шарттырай, бұйрық рай, қалау рай)


3)Көптік сан мөлшер категория.(көптік жалғау)


4)Жақтық категория.(жіктік жалғау.)


5)Септеу категория: Атау септік-аталымдық мағына.

Ілік септік-иелік мағына.

Барыс септік-бағыт мағына.

Табыс септік-тура қимылдық мағына.

Жатыс септік-мекендік мағына.

Шығыс септік-қимылдың шығу орны.

Көмектес септік-қимылдың-құрал мағынасы.


6)Шырай категориясы.(салыстырмалы,асырмалы,күшейтпелі.)


7) Тәуелдеу категориясы.(меншіктілік,тәуелдік жалғаулар.

Иеленушілік –нікі,-дікі,-тікі)


8) Етіс категориясы.(объектілік(ырықсыз етіс), субъектілік(өздік,

ортақ,өзгелік етістер)


9) Салт, сабақты категория (салт-табыс септікті талап етпейді.

Сабақты-табыс сетікте тұрады немесе талап етеді)


10) Болымды, болымсыз категориялар. (болымсыз –ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе, жоқ, емес)


7


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
6 маусым
978
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі