Қазақ тілі пәнінен функционалды сауаттылықты дамытуға бағытталған тапсырмалар

Тақырып бойынша 22 материал табылды

Қазақ тілі пәнінен функционалды сауаттылықты дамытуға бағытталған тапсырмалар

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі пәні бойынша оқушылардың функционалды сауаттылығын арттыру жолдарында қолданылатын тапсырмалар мен жаттығулар
Материалдың қысқаша нұсқасы
Функционалдық сауаттылық қалыптастыруға
арналған қазақ тілінен тапсырмалар мен
жаттығулар
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ

Қызылорда 2023 жыл

ӘОЖ 690
КБЖ 75.2711
Ж98
АҚ Қызылорда облысы бойынша кәсіби даму
«Өрлеу» БАҰО»
институтының 15 желтоқсан, 2023жылғы сараптау кеңесінің (№5 хаттама)
қаралып баспаға ұсынылды.
Құрастырған: Каражанова Женискуль Айдаркуловна – Қызылорда
облысы, Арал ауданы, № 65 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні
мұғалімі.
Пікір жазған: Жалмагамбетова Жанат Жумабаевна –«Өрлеу» БАҰО
АҚ Қызылорда облысы бойынша кәсіби даму институты «Педагогикалық
әдіснама және инновация» кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ.м.

ISBN 978-601-275-388-12
«Функционалдық сауаттылық қалыптастыруға арналған қазақ
тілінен тапсырмалар мен жаттығулар» атты әдістемелік нұсқаулық
қазақ тілі пәні бойынша жаңартылған білім мазмұнына негізделіп
құрастырылған. Курста пәнді меңгертуде қажет болып табылатын
интербелсенді әдістердің элементтері негізінде тапсырмалар мен
тәжірибелер қамтылған.
Жалпы, бағдарлама жаңашыл ұстаздарға, жалпы білім беретін мектеп
оқушыларына арналған.

Қызылорда облысы бойынша КДИ, 2023 жыл

АЛҒЫ СӨЗ
«Функционалдық сауаттылық» ұғымы алғаш рет өткен ғасырдың 60жылдарының аяғында ЮНЕСКО құжаттарында пайда болып, кейін
зерттеушілердің күнделікті өміріне енді. Функционалдық сауаттылық
(ФС) кең анықтамасында білім берудің (ең алдымен жалпы) адамның көп
қырлы қызметімен байланысын біріктіретін жеке тұлғаның әлеуметтік
бағдарлану тәсілі ретінде көрсетіледі, сондай-ақ өмір бойы білім алуына
ықпал ететін негізгі факторлардың біріне айналуда.
Функционалдық сауаттылық дегеніміз - жасына қарамай үнемі
білімін жетілдіріп отыруы,өмірге әлеуметтік бейімделуі болып табылады.
Мұндағы басшылыққа алынатын сапалар:
-белсенділік;
-шығармашылық тұрғыда ойлау;
-шешім қабылдай алу;
-өз кәсібін дұрыс таңдай алу;
-өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады.
Сол себептен өзім сабак беріп жүрген сыныптарымды
оқушыларымыздың өз бетінше ізденуге, ойлануына. есте сактауын,
ынтасын, белсенділігін, өз пікірін айтуға көңіл бөліп, қабілетті, білімді
окушы тәрбиелеумен оқыту мақсатына жетудің тиімді нақты жолдарын
іздестіреміз.
Әрбір сабағымызда оқушылармен тығыз байланыста болып,
оқушыны басты тұлға ретінде, ал өзім бағыттаушы екенімді естен
шығармауға тырысамын. Оқушылар сабағымызда өзбеттерінше шешім
қабылдап, қарым - қатынас жасап, кез-келген мәселені дұрыс шешуге
тырысады. Осы орайда өзіміз білім беретін сыныптадағы оқушыларды

3

оқытуда жаңа технологияны кеңінен қолдана отырып, білімді терең және
жан - жақты игерудің жолдарын анықтап, оқушының ойлау қабілеті мен
шығармашылық
әрекетін
дамытуға
тырысамын.
Сыныптағы
оқушылардың білім деңгейлеріне қарай, ой - өрісін дамыта отырып, түрлі
тапсырмалар
жұмыстарын
көбірек
қолдануға
көңіл
бөлемін.
Оқушылардың өздігінен атқаратын жұмыстары олардың ой еңбегін
жандандыруға бағытталған және мұғалімнің берген тапсырмаларының ең
тиімді тәсілдерін өздеріне іздендіру арқылы орындау болады, яғни
оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын арттырамыз.










Осы жұмыстың нәтижесінде:
оқушы белсенді, ізденімпаз тұлғаға айналады;
оқушылар өз ойын еркін айтады;
өзге балалардың пікірін тыңдайды;
өз бетінше ізденуге үйренеді;
бір-бірімен қарым - қатынас жасайды;
шығармашылык белсенділігі артады;
мұғаліммен еркін сөйлесіп, пікір алмасады;
өз бетінше шешім қабылдауға үйренеді.

4

Мәтін форматы
− Тұтас мәтін: абзацтар мен сөйлемдерден ғана тұратын мәтін.
− Тұтас емес мәтін: тізім, кесте, диаграмма, жарнама, график, каталог,
индекс және басқа да формалардан тұратын мәтін.
− Аралас мәтін: тұтас және тұтас емес мәтіндердің элементтері кездесетін
мәтін. Мәтін түрлері
− Сипаттау мәтіні: қандай да бір заттың немесе нысанның белгілері мен
қасиеттерін сипаттайтын ақпараттық мәтін. Сипаттау мәтіні «қандай?»
деген сұра
ққажа
уа
пбе
ре
ді. Мысалы, каталог, жолсілтемедегі белгілі бір
жердің с
ипа
т
т
а
ма
с
ы не
ме
с
е қа
нда
й да бір з
а
т
т
ы/нәрс
е
ні қол
да
ну
ға
қатысты сипаттама. − Әңгімелеу мәтіні: белгілі бір уақытқа тәуелді
нысандар туралы ақпа
ра
т
т
ық мәт
інде
р. Ә ңг
іме
л
е
умәт
інде
рі «қа
йда
?»,
«қай?» немесе «қа
нда
йт
әрт
іппе
н?» де
г
е
нс
а
уа
л
да
рға жа
у
а
п бе
ре
ді.
Ұс
ыныла
т
ын мыс
а
л
да
рқа
т
а
рынае
с
е
п, жа
ңа
л
ық, рома
нда
р, әңг
іме
ле
р
мен пьесалар енеді.
− Пайымдау (ойталқы) мәтіні: тұжырымдамалар мен ұсыныстар
арасындағы ба
йла
ныс
т
ык
өрс
е
т
е
т
інмәт
інде
р. Мұнда
йт
ип
тегі мәтіндер
негіздеу жәнес
е
ндірума
қс
а
т
ыме
нжа
з
ыл
а
ды, с
ондықт
а
н«не
г
е
?» де
г
е
н
сауалғажа
уа
пт
а
бу
ғабол
а
ды. Ола
рдың ішк
і құрыл
ымык
өз
қа
ра
с
т
а
рме
н
пікірлерге негізделеді. Мұндай мәтіндерге редакцияға жазылған хаттар,
постерлік жарнамалар, онлайн-форумдағы жа
рия

а
нымда
р, фил
ь
мде
р
немесе кітапқа арналған пікірлер жатады.
− Мазмұндау: түрлі элементтердің өзара байланысын түсіндіретін және
«қа
ла
й?» де

е
нс
ұра
ққажа
у
а
пбе
ре
т
інмәт
інде
р.Ол
а
рғағыл
ымиэ
с
с
е
л
е
р,
диаграммалар
мен
трендтік
даму
сызбалары
не
онлайнэнциклопедиялардың жа
з
ба
л
а
ры үшін да
йында
л
ға
н к
онце
пт
у
а
л
ды
карталар жатады.

5

− Эпистолярлық (келісім, мәміле) мәтін: қандай да бір мақсатқа қол
жеткізуге бағыт- Қазақ тілі 11 талған мәтін болып табылады, мәтін
мазмұнында белгілі бір әрекетті орындауды өтіну, кездесу ұйымдастыру
немесе бір-бірімен әлеуметтік қарым-қа
т
ына
с
қат
үс
у

еұмт
ыл
ысжа
с
а
у
қамтылады. Мысал ретінде хат, электронды хат пен хабарлама (sms)
мәтіндерін атауға болады.
− Нұсқаулық: не істеу және қалай жүзеге асыру керектігіне нұсқау
беретін мәтін. Оған тағам рецептілері мен алғашқы көмекті қалай көрсету
керектігін нұсқайтын суреттер топтамасы немесе бағдарламалармен
қа
мт
а
ма
с
ызе
т
ужұмыс
т
а
рыбойыншаұс
ыныс
т
а
ржа
т
а
ды.
Оқылым стратегиялары мен амалдары
Оқылымды өнерге теңеуге болады. Ал кітап оқу – білім алудың жолы.
Кітап оқук
е
з
індеоқырма
на
в
т
о
рнұс
қа
у
ынаба
ғына
ды. Ос
ыт
ұрғыда
н
алғанда оқылымның бірнеше стратегиялары мен амалдары бар. А)
Қарапайым оқу. Бұл кезде оқушылар PISA-да көрсетілген 1-деңгейлі
тапсырмаларды орындайды. Демек, оқушыларға мәтінді терең түсіну
талабы қойылмайды. Ә) Тексеріп оқу. Мұнда оқушылар мәтінді тез сүзіп
оқиды (skimming). Мәт
іннің т
а
қыр
ыбына
,оның к
ір
іс
пет
ұс
ына
,ма
з
мұны
мен индексіне, шағын а
ннот
а
ция
с
ы ме
н қорыт
ынды бөл
іг
ін оқу
ға
дағдыланады. Оқушылар мәтіннің негізгі құрылымы мен негізгі ойын
ұғуға тырысады. Б) Аналитикалық оқылым. Осы деңгейдегі оқылым
оқырмандар (оқушылар) үшін әжептәуір күш салуды талап етеді. Себебі
мұнда ақпараттар мен жарнамаларды талдай оқу міндеті қойылады.
Оқушылар кітап мазмұнының қа
ла
йшаұс
ынылға
нын т
а
л
да
па
йт
а
ды.
Оқыған кітаптың қандай міндетті арқалайтыны сөз етілуі қажет. В)
Синтопикалық оқылым немесе салыстыра оқу. Бұл оқылым
тапсырмаларының ішіндегі күрделі түріне жатады. Осы орайда оқушылар

6

бірнеше мәт
інді с
а
л
ыс
т
ыраоқиды. Демек оқушылар мәселеге қатысты
бірнеше мәтін мазмұнын оқып, көзқарастарды салыстырады. Г) Шапшаң
оқу. Оқылымның бұл түрінде шапшаңдықпен қоса ынта қойып оқу талап
етіледі. Оқырман оқыған мәтіннен көп салалы ақпарат алатын болады.
Уақыт
пе
н жа
рыс
ып оқу техникасында визуализация ерекше рөл
атқарады. Мәтін ақпаратымен қоса сурет те ұсынылуы мүмкін.
Мәтінді түсіну стратегиялары
1. Түсінуді бақылау: оқушы өзінің түсінгенін төмендегідей үлгіде бақылай
алады: а) қай жерде қиындықтар кездескенін айта алады; ә) түсінуге қиын
болған тұсқа қайта оралады; б) оқу барысында қиналған тұсты өз сөзімен
баяндайды.
2. Ойлану: а) нақты оқылым материалын игергенін анықтауға; ә)
түсінгенін дамытуға көмектеседі (мысалы, суретке сүйеніп оқиғаны
дамыта баяндау).
3. Сөздік қорды дамыту: а) мәтінді оқыған адам сөздерді оқиға
кезеңдеріне сай ретімен орналастырады; ә) көлемді шығармаларды оқи
отырып, актив әрі пассив сөздік қорды дамытады; б) сыныпта дауыстап
оқу да сөздік қорды молайта түседі.
4. Сұрақ қою және сұраққа жауап беру. Бұл жағдайда оқушылардың білімі
оқыған мәтініне қатысты ашық немесе жабық сұрақтар қоя білуімен
өлшенеді. Оқыған ақпаратын жете түсінген оқушы ғана өз сұрағы арқылы
мәтіннің ең маңызды тұсын нұқып көрсете алады.
5. Негізгі ойды анықтау: а) егер оқушы негізгі идеяны анықтап, қолдаушы
детальдарды көрсете алса, онда мәтінді түсінді деп есептеуге болады; ә)
негізгі идея кейде параграфтың басында беріледі, ал қолдаушы детальдар
негізгі ойдан кейін ұсынылады.

7

6. Кейіпкерлерді талдау: а) кейіпкерлерді талдау бағалау үдерісіне
жатады; ә) егер оқушы мазмұнды жақсы түсінсе, кейіпкердің сырткелбетін, тұлғасын сипаттап, мінезін талдап береді.
7. Туыстық қарым-қатынасты талдау: а) оқушылар жазбаша жұмыста
кейіпкерлердің
өзара
қарым-қатынасын
сипаттап
жазады;
ә)
кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне талдау жасайды, себебін түсіндіреді.
8. Қорытынды шығару (inferring): а) оқушы оқыған шығармасында автор
тарапынан ешбір аталмаған ақпаратты тауып айтуы мүмкін; 14 Қазақ тілі
ә) оқушы мәтіннен негізгі ойларды, оқиғаларды тауып және оны өз ой
елегінен өткізу арқылы қорытып, мәтіндегі жасырын ақпаратты таба
алады.
9. Қорыту: а) қорытындылау стратегиясына кез келген мәтін ақпаратын
түсіну арқылы қол жеткізіледі. Оқушы оқыған мәтінінің негізгі түйінін
жазбаша нақты жеткізеді.
10. Бағалау:
а) оқушы белгілі бір бастаманы бағалап, кері байланыс жасайды,
болашақты өзгертуге қатысты өз пікірін білдіреді;
ә) оқушы мәтіннен негізгі ойларды, астыртын оқиғаларды тауып,
ұсыныстар айтады

8

1-МӘТІН
ӘКЕНІ БАҚЫТҚА БӨЛЕГЕН БАЛА
Ауыл жайлауға көшті.Шідерті өзеннің бойын жағалай киіз үйлер тігілді.
Тай-құнан мінген балалар шапқыласып, қуанып жүр.
-Жүр , бірге ойнаймыз,-деп шақырғанымен,Әлкей балаларға қосыла
қоймайды.Басқалар сияқты ойынға көп елікпейді.Оның қолынан кітап
түспейді.Үйінде бес-алты кітабы бар.Соны қайта-қайта ақтарады. Тіпті
бәрін жаттап та алған.Әлкей-зерек бала. Ертегіні жақсы көреді, ұйып
тыңдайды.
Әлкейге әкесі төрт-бес жасында-ақ әріптерді үйретіп, ежіктеп оқыта
бастаған еді.Содан бері өз бетімен кітап оқитын болды.
Бір күні ауыл балалары жидек теруге шықты. Таңертең топтана
шоғырланып, өзенге беттеді. Әлкейді де ертіп алды. Ө зеннің арғы жағына
өткенде, Әлкей кейіндеп қалды.
Жалғыз өзі су жиегінде отыр. Көйлегінің ішіне тыққан кітабын
алды.Оңаша отырып,, түске дейін батырлық дастанын жаттаумен
болды.Балалар қайтқанша жырдың біразын жаттап үлгерді.
Ертеңіне балалар тағы да жидекке кетті. Түстен кейін бәрі көңілді оралды.
Кешегідей су жағасында отырып қалған Әлкей жидектен құралақан
еді.Бірақ оның өз қуанышы өзінде. Өйткені ол кешегі дастанды түгел
жаттап алған еді.
Кешке жақын үй сыртында үлкен кісілер жиналып қалды. Әкесі Әлкейді
шақырып алып:
-Кәне, балам, батырлар жырын айтып берші,- деді.
Әлкей кешеден бері жаттаған жырын әндете, термелеп айта бастады.
Үлкендер сүйсініп тыңдады. Оны бәрі мақтап жатыр.

9

Әлкей зеректігімен ауыл ақсақалдарының ықыласына бөленді.Әкесі болса
баласының үлкендерден алғыс алғанына қатты қуанып, өзін баласымен
бақытты сезінді.
1.Кейіпкердің назарын өзіне аураду мақсатында қолданылған сөзі бар
сөйлемді анықтаңыз.
А. Әлкейге әкесі төрт-бес жасында-ақ әріптерді үйретіп, ежіктеп оқыта
бастаған еді.
В. Таңертең шоғырланып, өзенге беттеді.
С. Тай –құнан мінген балалар шапқыласып, қуанып жүр.
Д. Әкесі өзін баласымен, баққытты сезінді
Е.Кәне, балам, батырлар жырын айтып берші,-деді.
2.Мәтіннің негізгі идеясына қарама-қарсы мағынадағы мақалмәтелді табыңыз.
А.Әдепті бала -арлы бала
В.Ағайын бірде араз, бірде тату
С.Еріншектің ертеңі бітпес
Д.Әйел-үйдің көркі
Е.Отан оттан да ыстық
3.Сілтеу есімдігі бар сөйлемді анықтаңыз.
А.Жүр, бірге ойнаймыз.
В.Басқалар сияқты ойынға көп елікпейді.
С. Ертегіні жақсы көреді, ұйып тыңдайды.
Д.Таңертең шоғырланып, өзенге беттеді.
Е.Соны қайта ақтарды.
4. «Бата» сөзіне мағыналас сөзі бар сөйлемді анықтаңыз.

10

А. Әлкейге әкесі төрт-бес жасында-ақ әріптерді үйретіп, ежіктеп оқыта
бастаған еді.
В. Әкесі болса баласының үлкендерден алғыс алғанына қатты қуанды.
С. Әлкей зеректігімен ауыл ақсақалдарының ықыласына бөленді.
Д. Таңертең шоғырланып, өзенге беттеді.
Е. Ертегіні жақсы көреді, ұйып тыңдайды.
5.Мәтінде кездесетін адамның жас атауы бар сөйлемді табыңыз.
А.Әлкей баларға қосыла ойнады.
В.Басқалар сияқты ойынға көп елікпейді.
С.Әлкейге әкесі төрт-бес жасында-ақ әріптерді үйретіп, ежіктеп оқыта
бастаған еді.
д.Әлкей зеректігімен ауыл ақсақалдарының ықыласына бөленді.
Е.Кешке жақын үй сыртында үлкен кісілер жиналып қалды.
6.Негізгі ой айтылған сөйлемді табыңыз.
А.Әлкей-зерек бала.
В. Үлкендер сүйсініп тыңдады.
С. Өзеннің арғы жағына өткенде,Әлкей кейіндеп қалды.
Д..Әкесі өзін баласымен, баққытты сезінді
Е. Әкесі болса баласының үлкендерден алғыс алғанына қатты қуанып, өзін
баласымен бақытты сезінді.
7.Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.
А.Ертегіні жақсы көреді, ұйып тыңдайды.
В.Өзеннің арғы жағына өткенде,Әлкей кейіндеп қалды.
С.Таңертең шоғырланып, өзенге беттеді.
Д.Үлкендер сүйсініп тыңдады.
Е.Тай –құнан мінген балалар шапқыласып, қуанып жүр.

11

8.Мәтін бойынша әке баласының үлкендерден не алуына ықпал
еткенін анықтаңыз.
А.Тәрбие.
В.Ақыл.
С.Кеңес.
Д.Үлгі.
Е.Бата.
9. Мәтіннің негізгі идеясына сай мағынадағы мақал-мәтелді
табыңыз.
А.Әдепті бала -арлы бала.
В.Әдепсіз бала-сорлы бала.
С.Еріншектің ертеңі бітпес.
Д.Әйел-үйдің көркі.
Е.Отан оттан да ыстық.
10. Қос сөзі бар сөйлемді анықтаңыз.
А. Әлкейге әкесі төрт жасында-ақ әріптерді үйретіп, ежіктеп оқыта
бастаған еді.
В. Әкесі болса баласының үлкендерден алғыс алғанына қатты қуанды.
С. Әлкей зеректігімен ауыл ақсақалдарының ықыласына бөленді.
Д. Таңертең шоғырланып, өзенге беттеді.
Е. Тай-құнан мінген балалар шапқыласып,қуанып жүр.

12

2-МӘТІН
АҚСЕЛЕУ
Екі дос үй-үйдің арасымен әңгімелесіп келе жатты. Оның біреуі – Ақселеу
де, екіншісі – Абыз. Абыздың денсаулығы нашар, көп жүгіре алмайтын,
демікпе сырқаты болатын. Бір үйдің жанынан өте бергенде, дәу қара төбет
абалап үріп шыға келді.
- Ақселеу, қаш, әне, ит келіп қалды!- деп, Абыз айғайлап жүгіре жөнелді.
- Ақселеу жерден бір шыбық алып, қашпастан итке қарсы ұмтылды. Бірақ
оның шалбары жырым-жырым болды. Абыз Ақселеудің жанына келіп:
- Мен қаш дегенде неге қашпадың? Қашсаң, сен де аман қалатын едің,деді.
- Мен қашсам, денсаулығың жоқ,алысқа жүгіре алмайтын сен тұтылып,
мен құтылатын едім. Сені қорғап қалу үшін әдейі қашпадым,- деді
Ақселеу.
- Ақселеу бала да болса, азамат екен!- деді екеуінің әңгімесін тыңдап
тұрған бір ақсақал сүйсініп.
1.Берілген етістіктерді болымсыз түрінде жазыңыз.
ҚашуҚұтқаруЖыртуЖүгіруӘңгімелесу

13

2.Шарттық белгі арқылы кестеде берілген ақпараттың дұрыс,
бұрысын анықтаңыз.


Сөйлемдер

1
2

Екі достың денсаулығы нашар болды
Екі достың бірінің денсаулығы жақсы
болды
Денсаулығы жақсы дос ауру досын
құтқарды
Денсаулығы нашар бала досына ренжіді
Олар нағыз достар
Достарға дәу қара төбет қарсы шықты
Үлкендер екі баланың достығына риза
болмады
Ауру баланың шалбарын төбет жыртты
Сау баланың шалбарын төбет жыртты
Денсаулығы сау бала өз ісіне риза болды

3
4
5
6
7
8
9
10

Дұрыс
+

Дұрыс
емес
-

3.Берілген сөздерге мағынасы қарама-қарсы сөздерді анықтаңыз.
СауРиза болуНашарКішкентайАшулы4.Берілген сөз тіркестерін пайдаланып әңгіме желісі бойынша рет
ретімен орналастырыңыз.
І. Ақселеу, қаш!
денсаулығы нашар

14
14

үлкендер құтқарды
келе жатты
шыға келді
ІІ. келе жатты
итке қарсы ұмтылды
сен үшін
жүгіре алмайды
шалбары жыртылды
5.Мәтіннен берілген сөздерге мағынасы жақын (синонимін) анықтап
беріңіз.
Жолдас-______________________________
Ит __________________________________
Жаман-_______________________________
Қарт адам- ____________________________
Құтқару-_____________________________
Тәуір-____________________
Мәтін бойынша тест тапсырмасы
1.Мәтінге сәйкес ойды белгілеңіз.
А.Нағыз дос басыңа қауіп түскенде білінеді
В.Достар әрқашан бірге жүреді
С.Аңқау бала ештеңе істемей тұрып қалады
Д.Батыл бала қорқып қашпайды
Е.су жүрек дос қорқып қашады
2.Ақселеудің мінезіне лайықты сөздерді табыңыз.
А.Жұмсақ, аңқау, ашық ауыз, жуас
В.Мейірімді, батыл,бауырмал,азамат
С.Тұйық,қыңыр,сараң,қорқақ
Д.Пысық, сөзшең,арам, қу

15
15

Е.Еңбекқор, қызғаншақ, көпшіл
3.Мәтінге сәйкес мақалды табыңыз.
А.Батыр қорқып жүреді,
Қорқақ қалтырап жүреді.
В.Батыр жарасыз болмас
С.Дос болсаң берік бол, досыңа серік бол
Д.Әңгіме жол қысқартады
Е.Күлме досқа, келер басқа
4.Мәтіндегі антонимдерді табыңыз.
А. Қаш,жүгір
В.Құтылу, тұтылу
С.Бала, азамат
Д.Қорғау, құтылу
Е.Біреуі, екіншісі
5.Мәтіннің тақырыбын анықтаңыз.
А.Батылдық
В.Қулық
С.Достық
Д.Туған жер
Е.Қорқақтық
6. « - Ақселеу, қаш, әне, ит келіп қалды!»- деп, Абыз айғайлап жүгіре
жөнелді. Сөйлемдегі қаратпа сөз қай сөйлем мүшесі болатынын
анықтаңыз.
А. Бастауыш
В.Баяндауын
С.Сөйлем мүшесі болмайды
Д.Толықтауыш
Е.Анықтауыш

16
16

7. Мәтіннің мағынасына қарама-қайшы келетін мақал-мәтелді
анықтаңыз.
А.Әдепті бала -арлы бала
В.Ағайын бірде араз, бірде тату
С.Қызғаншақтың күні қараң
Д.Әйел-үйдің көркі
Е.Отан оттан да ыстық
8. Біреудің назарын өзіне аураду мақсатында қолданылған сөзі бар
нұсқаны анықтаңыз.
А. - Мен қаш дегенде неге қашпадың?
В. - Ақселеу, қаш, әне, ит келіп қалды!»С. Ақселеу бала да болса, азамат екен!Д. Сені қорғап қалу үшін әдейі қашпадым,- деді Ақселеу.
Е. Екі дос үй-үйдің арасымен әңгімелесіп келе жатты
9. Мәтінде кездесетін адамның жас атауы бар сөйлемді табыңыз.
А. - Ақселеу бала да болса, азамат екен!- деді екеуінің әңгімесін тыңдап
тұрған бір ақсақал сүйсініп.
В. Екі дос үй-үйдің арасымен әңгімелесіп келе жатты.
С. Оның біреуі – Ақселеу де, екіншісі – Абыз.
Д. Бір үйдің жанынан өте бергенде, дәу қара төбет абалап үріп шыға келді.
Е. Абыздың денсаулығы нашар, көп жүгіре алмайтын, демікпе сырқаты
болатын.
10. «нашар» сөзінің синонимін анықтаңыз.
А.Керемет
В.Пайдалы
С.Жаман
Д.Кем
Е.Артық
11.Мәтіндегі басты тірек сөздер

17
17

а. нашар, төбет, азамат
в.алыс, дос, ит
с.шалбар, жырым-жырым, ұмтылды
д.қорқу, қашу, тыңдау
е.ақсақал, азамат, дос
12. Олар неден қорыққанын анықта
а.қара төбеттен
в.иттен
с.ақсақалдан
д.ауру достан
е.азаматтан
13. «ит» сөзіне мағыналас сөзді анықта
а. шымшық
в.күшік
с.мысық
д.марғау
е. төбет
14.Жалпы есімді анықта
а.Ақселеу
в.әңгіме
с.шалбар
с.үй
д.ақсақал
15. «аңқау» сөзінің синонимі
а.ашық қол
в.ашық есік
с.ашық маңдай
д.ашық ауыз
е.ашық аспан

18
18

3-МӘТІН
ҚОЖАНАСЫР
Бір бай той жасапты. Тойға көп адам келіпті. Қожанасыр да келіпті.
Қожанасырдың үстіндегі киімі жаман екен. Қожаны ешкім елемепті, бұған
төрге шық, тамақ же демепті. Қожа ақырындап далаға шығыпты. Үйіне
барып, жақсы киімдерін киіп, қайта келіпті. Бұл жолы үй иесі Қожаға
төрден орын беріпті. Ет келгенде:
- Қожеке, алыңыз,алыңыз!- деп қадірлепті. Қожа етті жемеді, табаққа
шапанының жеңін малып:
- Же,шапаным ,же,- деп отыра беріпті. Үй иесі өкпелеп:
- Сіз, о не қылғаныңыз, шапан ет жей ме?- дейді.
Сонда Қожа:
- Cен мені сыйламайсың, киімді сыйлайды екенсің. Сондықтан жеңіме
жегізіп отырғаным ғой,- деп жауап беріпті.
1.Зат есімдерді теріп жазу.
Жалқы Жалпы 2.Қожанасырға мінездеме жазып көр.
Қожанасыр ақылды,.............................
3. Сөздікпен жұмыс
Той Киім Үй иесі Шапан Төр

19
19

4-мәтін
Мәңгілік Ел - Мәңгілік Тіл идеясы
Тәуелсіз Қазақстан... мемлекеттік тіл... –қазақ тіл... болғандықтан, оны
білу әрбір азамат... борышы. Сондықтан қазіргі кезде Үкімет өндіріс
салалары... ғана көңіл бөліп қоймай, соны... бірге еліміз... мәдениеті... ,
тілі..., өнері... де назар аударуда. Бүгінде ел экономикасы... дамыту...
қатар, адам факторы... да көп көңіл бөлінуде.
Осы бағытта Үкімет... алға қойып отырған басты мақсаттары... біріболашақ ел басқару ісіне мемлекеттік тіліміз-қазақ тілі... жетік білетін,
биік парасатты, дүниетаным... мен ой-өрісі кең білімді
азаматтар
дайындау болып отыр.
1.Шылау сөздерді анықтап, жазып бер
________________________________________________________________
2.Көпнүктенің орнына керек жалғауларды жаз (дұрыс жауаппен
салыстыр, қатең болса, есте сақта!)
3.Құрмалас сөйлемдерді тауып, түрін
анықта._________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
4.Мәтіннің мазмұнына сай жай сөйлем құрап, толық синтаксистік талдау
жаса.
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________

20
20

5. Есімдіктерді теріп жаз, түрін
анықта._________________________________________________________
________________________________________________________________
6.Мәтіннен қосымшасы қатаң дыбыстан басталған сөзді тап.
________________________________________________________________
________________________________________________________________
7.Туынды сөздерді анықта, сөз құрамына талда
________________________________________________________________
________________________________________________________________
7. Диалогті толықтыр, көршіңмен сөйлес
-Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік тілін ... ...?
-Иә, әрине, ... . Ол ... ... ғой.
-Қазақ тілі қай ... ана тілі?
-Қазақ тілі ... халқының ана тілі.
-Ол қай ... мемлекеттік мәртебе алды?
-Ол ... жылы ... қыркүйекте мемлекеттік мәртебе алды.
-Әр қазақстандық ... борышы не?
--Әр қазақстандық азаматтың борышы – мемлекеттік тілді ... .
-Жақсы, сұхбатыңа рахмет.
Дұрыс жауап кілт
Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік тілі –қазақ тілі болғандықтан, оны
білу әрбір азаматтың борышы. Сондықтан қазіргі кезде Үкімет өндіріс
салаларына ғана көңіл бөліп қоймай, сонымен
бірге еліміздің
мәдениетіне , тіліне, өнеріне де назар аударуда. Бүгінде ел экономикасын
дамытумен қатар, адам факторына да көп көңіл бөлінуде.
Осы бағытта Үкіметтің алға қойып отырған басты мақсаттарының біріболашақ ел басқару ісіне мемлекеттік тіліміз-қазақ тілін жетік білетін,
биік парасатты, дүниетанымы мен ой-өрісі кең білімді
азаматтар
дайындау болып отыр

21
21

5-мәтін
Мысыр пирамидасы-Мысыр жерінде орналасқан ежелгі пирамидалар
кешені. Осынау зор тас құрылыстар Ежелгі Египет перғауындарының сақ
анасы болып саналады. Сақ аналары осыдан 5 мың жыл бұрын салынған.
Ең үлкен пирамида Хеопс перғауынның өмірімен тұрғызылған.Оның
биіктігі-147 м.Ежелгі грек тарихшысы Герадоттың жазбасында
пирамиданы 100 мың адам 20 жыл бойы салғандығы айтылады.
Пирамидалардың салынуы, құрылысы жөнінде айтылған пікірлер сан
алуан.Дегенмен аптапты Египет аспаны астында мыңдаған тас қарумен
дәу тастарды бөліп алып, оны құрылыс орнына арқанмен сүйретіп
жеткізген, пирамида биіктеген сайын тас блоктарды қолмен жоғары
көтерген деген болжам пікірлер де бар.
Алып құрылыстар осы күнге дейін өзінің көрушілерін қайран
қалдырады.Осы пирамидалар әлемнің жеті кереметінің бірі болып
саналады.
1.Мәтінге сәйкес келетін атауды анықта
А. Ежелгі грек тарихы
в. Мысыр пирамидасы
с. Хеопс перғауыны
д.Жеті кереметтің бірі
е. Алып құрылыстар
2.Мәтіннен негізгі ойды анықтап тұрған сөйлемді көрсет
А. Ең үлкен пирамида Хеопс перғауынның өмірімен тұрғызылған.
В.Ежелгі грек тарихшысы Герадоттың жазбасында пирамиданы 100 мың
адам 20 жыл бойы салғандығы айтылады.
С.Осы пирамидалар әлемнің жеті кереметінің бірі болып саналады.

22
22

Д.Алып құрылыстар осы күнге дейін өзінің көрушілерін қайран
қалдырады.
Е.Осынау зор тас құрылыстар Ежелгі Египет перғауындарының сақ анасы
болып саналады.
3.Мәтіннің соңында қандай ақпарат айтылған
А. Ежелгі Египет перғауындарының сақ анасы туралы.
В. Тас блоктарды қолмен жоғары көтерген деген болжам пікірлер де бар.
С. Мысыр пирамидалары әлемнің жеті кереметінің бірі екені жайлы
Д.Мысыр жерінде орналасқан ежелгі пирамидалар кешені жөнінде
Е. Сақ аналары осыдан 5 мың жыл бұрын салынғаны туралы
4.Мәтін қай үлгіде жазылған
a.хат
е.ресми стиль

в. мақала

с.эссе

д.аңыз-әңгіме

5.Берілген сөздердің мағынасы қарсы (антоним) сөздерімен
сәйкестендір
а биік
1 төмен
в Дәу
2 Үсті
с жоғары
3 Жер
д асты
4 Ұсақ
е аспан
5 аласа

23
23

6- мәтін
Адам табиғатқа мейірімділікпен, сүйіспеншілікпен қарағаны дұрыс.
Қамқорлықпен қарап, үйлесімділіктің сақталуы шарт. Адамзат баласы
үшін табиғат – кең сарай, мәңгі тозбас құтты қоныс. Жер бетіндегі барлық
тіршілік атауы Табиғат-Анаға қарыздар. Табиғаттың ластануы тіршілікке
зиянын тигізеді. Сондықтан да табиғатқа қиянат жасамауымыз керек.
Онымен санаспау, қорғамау – ана сүтін ақтамағанмен пара-пар.
Адам баласы – Табиғаттың ең ұлы перзенті. Сонымен бірге, ең ұлы
қамқоршысы. Табиғатты қорғаудың маңызы орасан зор болмақ.
1.Мәтінге сәйкес келетін атауды анықтаңыз.
А.Табиғат
В.Мейірімділік
С. Табиғат-Ана
Д. Адам баласы
Е. Құтты қоныс
1.в,д
2.а,с
3.с,е
4.в,с
2.Мәтіннен негізгі ойды анықтап тұрған сөйлемдерді көрсет
А. Табиғаттың ластануы тіршілікке зиянын тигізеді.
В. Адам баласы – Табиғаттың ең ұлы перзенті.
С. Онымен санаспау, қорғамау – ана сүтін ақтамағанмен пара-пар.
Д. Адам табиғатқа мейірімділікпен, сүйіспеншілікпен қарағаны дұрыс.
Е. Адамзат баласы үшін табиғат – кең сарай, мәңгі тозбас құтты қоныс.
1.а, в
2.д,е
3.е, в
4.а, с
5.с, е
3.Мәтіннің мазмұнына сай мақал-мәтелді анықта
А.Ажалды қарға бүркітпен ойнайды
В.Табиғат пен адам егіз
С. Су-тіршілік көзі
Д.Адамдардың табиғатсыз күні жоқ, Оны айтуға табиғаттың тілі жоқ

24
24

Е.Ас-адамның арқауы
1.а, д
2.в, д
3. с,д
4.Мәтіннің негізгі идеясы
А. табиғатты аялау
В.табиғатты ластау
С.болшақты ойлау
Д.тіршілікті сақтау
Е.ана сүтін ақтау
1.а, е 2.в, е 3.а, с,д 4.а,с, е
5.Берілген сөздердің синонимін сәйкестендір
а
в

с
д
е

тіршілік
қоныс
қарыз
перзент
тозу

1
2
3
4
5

4.с, е

ескіру
Бала
Дүние
Орын
борыш

7-МӘТІН
ЖІГІТ ПЕН ҚАРИЯ
-Арман деген не?-депті жігіт.
-Арман дегеніміз ақыл-ойдың шындығы.Құс ұшсам дейді, бала өссем
дейді, қыз көрікті болсам дейді, жігіт бақытты болсам дейді, қарт жүзге
жетсем дейді, ұстаз шәкіртіне үлгі болсам дейді. Арманына адаспаған
жетеді, адасқан арманына жете алмайды.Арманына ақылды жетеді,
ақымақ бұл өмірден түңіліп өтеді,-депті қарт.
-Елді кім, үйді кім бүлдіреді?-депті қарт.

25
25

-Ата, елді өсекші бүлдіреді, үйді ақылсыз бүлдіреді,-депті жігіт.
-Әкім ақылсыз болса, ел тозады, өсек әкімді өсірмейді.Өсекті тыңдау
әкімге жараспайды, өсиетті тыңдау тақтағы ханға жараспайды,-депті қарт.
-Ата, шындықты тіл бұзады, -депті жігіт.
-Дұрыс, балам шындықты тіл бұзса, өкініш көбейеді, не өсек
көбейеді.Шындықты білу қиын, айтылған сөзге тоқтату қиын. Адал адам
шындыққа ие болса, ақылы артады. Ақымақ адам шындықты білсе, өсек
қылады. Өсекті көп айтқан шындықты білмейді, шындықты білген
өсекшіге ере бермейді.Өмірде шындықты өсек бұзады,- депті қарт.
1. Мәтін не туралы екенін анықтаңыз.
А.Қарт пен жігіт
В.Шындық пен өсек
С.Арман мен өсиет
Д.Әкім мен хан
Е.Атаның сөзі
2.Қате ақпаратты көрсетіңіз Адал адам шындыққа ие болса, .....
артады
А. Ақылы
В.Санасы
С.Беделі
Д.Өсекшілігі
Е.Құрметі
3. Сұхбат қандай жағдайда өтіп жатқанын анықтаңыз
А. Орнықсыз
В. Келісімді
С. Жарасымды
Д. Ашулы
Е.Ызалы
1.в, е 2.а, д 3.с, д 4.в, с 5.а, е

26
26

4. Мәтін мазмұнына сай мақалды толықтырыңыз.
Тау мен тасты ... бұзар, адам мен адамды .... бұзар
А. Батыр, әйел
В. Су, сөз
С. Жел, өсек
Д.Аң, жау
Е.Адам, ағайын
5. Мәтіннің соңғы бөлігіндегі ақпаратты анықтаңыз.
А. Өсекті тыңдау әкімге жараспайтыны туралы
В. Арманына адаспаған жететіні туралы
С.Өмірде шындықты өсек бұзатыны туралы
Д. Арман туралы
Е.Ақымақ өмірден түңіліп өтетіні туралы
6. Мәтін мазмұныныа қайшы келетін ақпаратты табыңыз.
А. Өсекті көп айтқан шындықты білмейді
В. Өсекті көп айтқан шындықты біледі
С. Шындықты білген өсекшіге ере бермейді
Д. Шындықты білген өсекшіге ере береді
Е. Арманына ақылды жетеді
1.а, е
2.в,д
3.с,а
4.в, е
5.в, с

27
27

8-9 мәтін
Берілген мәтінді мұқият түсініп оқыңыз.
А нұсқасы (і топ)
КИІЗ ҮЙ
Киіз үй- «атамыз-Алаш, керегеміз -ағаш», «киіз туырлықты, ағаш
уықты қазақпыз» деп аталы сөз айтып қалдырған ата-бабаларымыздың
негізгі баспанасы. Киіз үй-тек қазақ халқының ғана емес, бүкіл түркі
халқының тұрақ жайы.Солай бола тұрса да, ғасырдан ғасырға оның мәнмаңызын өзгертпей жеткізген біздің қазақ халқы екенін әрдайым
мақтанышпен айтамыз. Киіз үйді біздің халық қасиетті, киелі қара
шаңырағымиыз деп дәріптейді. Өйткені киіз үй қазақтың тұрағы, құтты
мекен-жайы, еншісі, баспанасы, мақтанышы деп бағалданды.
( «Қазақтың салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптары кітабынан)
Ә нұсқасы (ІІ топ)
Киіз үйдің шаңырағы өзіндік ерекше мәнге ие. Ол бүкіл бір әулеттің
негізгі баспанасы дегенді де білдіреді.Осыдан келіп «үлкен үй», «қара
шаңырақ» деген ерекше статусты білдіретін атаулар қалыптасқан. Бір
атаның кенжесі қара шаңырақ иесі болып қалған. Ата-баба аруағына
бағыштап, қара шаңыраққа сыбаға әкелу кіші үй келіндеріне міндет
саналған. Бұл атаулар-үлкен үй, қара шаңырақ-қазіргі кезге дейін
сақталған.
(С.Мұқанов)
Берілген сөйлемдердің ішінен тек өз мәтініңде кездескен таныс
ақпаратты анықтаңыз.
Сыныптасыңызды тексеріп, «екі жұлдыз бір тілек арқылы»
бағалаңыз.
Екінші мәтінмен таныса, отыра сыныптасыңның жұмысын
бағалаңыз.

28
28

1
2
3
4
5
6

Киіз үй-тек қазақ халқының негізгі
баспанасы
Бір атаның кенжесі қара шаңырақ иесі
«Киіз туырлықты, ағаш уықты қазақпыз»
Киіз үй құтты баспана
Қара шаңыраққа сыбаға әкелу дәстүрі бар
Бүкіл түркі халқының тұрақ жайы
10-МӘТІН
«ШЫНШЫЛ ОРАЗ»

Ораз бен Асқар есік алдында ойнап жүр. Екеуі допты әрі тепті, бері тепті.
Біраздан кейін ашық тұрған қораның есігін қақпа етіп алды. Енді допты
соған дәлдеп ұрды. Бір кезде қатты тебілген доп қораның ішіне кіріп кетті.
Ораз добын іздей бастады. Қараңғыда допты әрең тауып алды.
Сыртқа беттеген. Сол кезде шыға берісте тұрған шелекті қағып кетті.
Ішіндегі сүт ақтарылды да қалды. Ораз не істерін білмей аңтарылып тұр.
- Қорықпа. Сүтті мысық төгіп кетіпті дейміз,- деді Асқар.
- Мен өтірік айтпаймын. Байқаусызда төгіп алдым деймін,- деді Ораз
Тест сауалдарына жауап беріңдер.
1.
«во дворе» сөзінің аудармасын анықтаңыз.
А) Мектеп алдында
В) Есік алдында
С) Аулада
Д) Далада
2.Балалардың іс-әрекеті қайда болғанын анықтаңыз.
А) Мектеп алдында
В) Есік алдында

29
29

С) Аулада
Д) Далада
3. Тиісті жалғауды қой
Бір кезде қатты тебілген доп қора….. ішіне кіріп кетті.
А) -ның,
В) -дан
С) -ға
Д) -мен
4. Ораз не істерін білмей ………………. тұр.
А) ұялып
В) қысылып
С) таң қалып
Д) аңтарылып
5. Өтірік қандай қасиет?
А) Жақсы
В) Адал
С) Жаман
Д) Шыншыл
11-МӘТІН
Қазақта қонақ күтудің де жазылмаған, бірақ дәстүр болып
қалыптасқан заңы бар.Үй иесі қонақты сыйлап, сый-құрметін
көрсеткеннен кейін, ұйықтар алдында отбасының бір мүшесі өз өнерін
ортаға салады, өлең айтып немесе күй шертіп қонағына құрмет көрсетеді
де, қонақтан «қонақкәде» сұрайды.
Қонақкәде- қонақтың өлең, жыр, қисса, ертегі, терме, толғау айтып
беріп немесе күй шертіп, өз өнерімен үй иелеріне құрмет көрсететін
дәстүрі.

30
30

Үйге келген қонақтан өлең-жыр, ертегі, аңыз әңгіме естіп өскен
баланың да жастайынан сөз өнеріне бейім, өнерлі болып өсуіне әсер
еткен. Бұл дәстүрдің жастарды сөз қадірін білуге , шешендікке, ән мен
жырға баулып өсіруде өзіндік орны бар.
1.Мәтінге атау таңдаңыз.
А. Қонақкәде - үй иелеріне құрмет көрсететін дәстүрі.
В.Үй иесінің құрметі
С. Қонақ күтудің жазылмаған заңы
Д. Қонақкәде-дәстүр
2. «мейман» сөзіне мағынасы жақын сөзді анықтаңыз.
А. Қонақкәде
В. Қонақ
С. Құрмет
Д. Дәстүр
3. Мәтінге сәйкес келетін мақалды анықтаңыз.
А.Асыңа тойғызбасаң да ақ ниетіңе тойғыз
В.Туған жердің ауасы да шипа
С.Еңбек пен бақыт егіз
Д.Ырыс алды-ынтымақ
4.Мәтіннің негізгі тақырыбы анықтаңыз.
А.Жомарттық
В.Дәстүр
С.Адагершілік
Д.Заң
5.Мәтінде айтылмаған ақпаратты анықтаңыз.
А. Үй иесі қонақтан «қонақкәде» сұрайды.
В. Қонақ өз өнерімен үй иелеріне құрмет көрсетеді.
С.Қонақ күту-қазақ халқының ең жауапты ісі.
Д. Қазақ халқы баланың да жастайынан өнерлі болуға тәрбиелеген.

31
31

12-МӘТІН
ТАМШЫБҰЛАҚ
Қапал ауылына жақын дерде Жоңғар Алатау жотасының сілемдерінде
бірегей Тамшыбұлақ бастауы бар. Бастаудың бірегейлігі оның түрінің
өзгешелігінде: су қабат-қабат тау жыныстарының арасынан ағып шығып
жатады.
Жергілікті тұрғындар бұл жерді қасиетті жер, ал бастаудың суын емдік
қасиеті бар деп санайды .
Сондықтан Қапал ауылындағы Ғали Орманов атындағы орта мектеп
базасынан аудан көлемінде 300 баланың тынығуына арналған жазғы
демалыс лагері ашылды. Лагерьдің Қапалда орналасуы әрбір демалушы
балаға демалыс күндерін тау бөктерінде, таза, салқын ауамен тыныстауға
мол мүмкіндік береді. Қапалдың таза ауасы, қоңыр салқын жанға жайлы
ауа райы, мөлдір суы мен тап-таза бұлақтары , өзендері бала әлеміне
табиғат арқылы әсер етуге мол мүмкіндік береді.Шоқанның, Дінмұхамет
Ахметұлы Қонаевтың іздері қалған Қапалда қасиеті мол «Тамшыбұлақ»
суы бар. Тамшыбұлақ суы әрбір демалушының жанына шипа болсын,
жүрегіне тазалық пен қайсарлық дарытсын деген ниетпен
лагерьге«Тамшыбұлақ» атауы берілді.
1.Мәтін бойынша толық және нақты ақпаратты белгілеңіз.
А) Тамшыбұлақ отандық және шетелдік демалушылар үшін қолайлы өлке.
В) Халық арасындағы Тамшыбұлақ туралы аңыз бар.
С) Бұл қасиетті жер, ал бастаудың суының емдік қасиеті бар.
Д) Жетісу табиғатының әсемдігін көрген адам естен шығармайды.
2.Мәтін қа
Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
pdf
30.03.2024
399
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі