Қазақ тілі пәнінен грамматикалық, лексикалық тапсырмалар жиынтығы

Тақырып бойынша 13 материал табылды

Қазақ тілі пәнінен грамматикалық, лексикалық тапсырмалар жиынтығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұсынылып отырған жұмыс бастауыш сыныпқа қазақ тілі пәнінен дидактикалық ойындар мен тапсырмалар бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау дағдыларын дамытуға бағытталған тапсырмалар жинағы бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған. Дидактикалық ойындар мен тапсырмаларда шығармашылыққа жетелейтін тапсырмалар қолданылған. Бұл оқушылардың ой – өрісін, дүниетанымын кеңейтіп, шығармашылық қабілетін арттыруға, алған білімдерін жаңа жағдайда қолдана білуге көмегін тигізеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Shape1







Қазақ тілі пәнінен грамматикалық, лексикалық тапсырмалар жиынтығы

(4-сынып)

























Ұсынылып отырған жұмыс бастауыш сыныпқа қазақ тілі пәнінен дидактикалық ойындар мен тапсырмалар бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау дағдыларын дамытуға бағытталған тапсырмалар жинағы бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған. Дидактикалық ойындар мен тапсырмаларда шығармашылыққа жетелейтін тапсырмалар қолданылған. Бұл оқушылардың ой – өрісін, дүниетанымын кеңейтіп, шығармашылық қабілетін арттыруға, алған білімдерін жаңа жағдайда қолдана білуге көмегін тигізеді.

Бұл дидактикалық ойындар мен тапсырмалар бастауыш сынып мұғалімдеріне және сынып жетекшілеріне әдістемелік көмек, қосымша деректер ретінде сабақ үрдісіне қолдану үшін ұсынылады.












Мазмұны


І. Кіріспе 

«Ойын – ойға жетелейді» ................................................................4

ІІ. Негізгі бөлім 
2.1. Дыбыс және әріп .......................................................................11

2.2. Сөз құрамы ................................................................................15

2.3. Сөз таптары ............................................................................33

2.4. Сөйлем ........................................................................................41

ІІІ. Қорытынды ..............................................................................

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ...............................................





















Кіріспе 

Қазіргі таңда білім беру жүйесінің мақсатының бірі – әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдастырылған және қоғам қажеттіліктеріне сай көп деңгейлі үздіксіз білім берудің ұлттық үлгісін қалыптастыру. Сонымен қатар заман талабына келсек, ұстаз алдында тұрған жүк ауыр десек те болады. Оның қызметін тұтастай адамтану ғылымы деп алсақ, бұл ғылым адамның күрделі де қызықты, шым – шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу шеберлігімен көрінеді. Әрбір мұғалім өзінің кәсіби шеберлігін жетілдіру мақсатында және технологияларды терең талдаудан өткізіп, өзіне тиімдісін таңдау қажет. Жаңа технология оқушыға тек білім негіздерін беріп қана қоймайды, сонымен қатар оны тұлға ретінде дамытуға бағытталған. Осы жұмыстағы негізгі міндет – бастауыш сыныпта оқушылардың ойын арқылы ойға жетелеу.

Ұстаздың жан – жақтылығы, үнемі ізденіс пен шығармашылық жолындағы талабының болуы шәкірт жүрегіне бірден – бір жол салады. Ондай ұстаздан шығармашыл, құзіретті және жаңа үлгідегі мұғалім күтіледі. Ал жаңаша мұғалім тәжірибенің өзгеруіне, яғни білімнің өзгерісіне талпыныстағы ұстаз. Осы үлгідегі өзгеріске бағытталған ұстаз келбеті менен де табылу керек екенін түсіндім. Бастауыш сынып оқушыларының қызығушылықтарын арттыруды, ойларының жетілуін, логикалық тапсырмаларды орындай білулерін негізге алдым. Яғни оқушылардың сыни ойлауы мен шығармашылық, танымдық қабілеттерінің дамуы ең алдымен сабақ үрдісіндегі қосымша мәліметтердің қызықты да танымды болуына байланысты. Не? қалай? неліктен? жазамын деген сауалдардың жауабына қазақ тілі пәнінен дидактикалық ойындар мен тапсырмаларды жинақтадық.

Ұсынылып отырған дидактикалық құрал 3 сыныптың қазақ тілін оқыту бағдарламасына сәйкес құрастырылған. Берілген тапсырмалар міндетті деңгейдегі көшіру, сызу емес, шығармашылық ізденіске, ойлануға бағытталған өзіндік жұмыстар. Тапсырмалар оқушылардың өз бетімен жұмыстануына, ізденіп орындауына құрастырылған.




Мақсаты:

Ұлттық жəне жалпы адамзаттық құндылықтар тұрғысынан оқушылардың бойында өздері күнделікті көріп жүрген заттары мен құбылыстарына сүйеніп, жан – жақты қырынан түсінуге, жас ерекшеліктеріне лайықты тұрғыда бақылауға жағдай туғызу. Әдістемелік оқу құралы арқылы оқушылардың ақыл-ойын дамытып, ізденіске жаттықтыруға болады. Беріліп отырған қызықты тапсырмалар, қызықты дәйектемелер оқушылардың ойлануына, өмірмен байланыстыра алуына жағдай жасайтындай деңгейді қамтиды.


Міндеттері:

  • оқушылардың білімдерін тереңдете түсу арқылы шығармашылық шеберлікті қалыптастыру;

  • деңгейлік тапсырмалар арқылы логикалық ойлауын дамыту;

  • жұмыс түрлері арқылы олимпиадаларға қатыстыру;

  • ізденімпаздыққа талпындыру.


Өзектілігі:

- Қазақ тілін оқытуда танымдық қызығушылықты, шығармашылықты меңгерту бүгінгі күннің өзекті мәселесі.

- Бастауыш сыныпта оқытылатын қазақ тілі пәні жалпы оқытудың бастапқы курсы болып есептеледі.


Күтілетін нәтиже:

  1. Қазақ тілі сабақтарында алған білімдерін тереңдетеді, бекітеді.

  2. Өз ойын жүйелі айта білу, сөйлеу қабілеттері артады;

  3. Сыни тұрғыдан ойлауға үйренеді.

  4. Танымдық деректермен қаруланып өз ойын еркін жеткізіп, ізденгіш, шығармашыл тұлға қалыптасады.



Ойын — балалардың шынайы ойлап тапқан шындығына тез, еркін енуіне, өзіндік «Менің»қалыптастыруға және шығармашылыққа, белсенділікке, өзін — өзі дамытуға мүмкіндік береді.
Ойын — әрқашан білім бола отырып, баланы білім алуға, еңбекке дайындайды.

Бастауыш сыныптарда ойын технологиясын пайдалану.
Қазіргі өркениетке ұмтылған қоғам талабына сәйкес, Қазақстан Республикасының дамыған елдерімен иық тіресіп тұру үшін, еліміздің болашағы мен қазіргі кезеңі үшін білімді, зерделі, өз бетімен іс — әрекет ете алатын, қоғамнан өз орнын таба алатын шәкірттерді дайындау ұстаздың міндеті.
Мектептегі оқушы өмірінің көп бөлігі 40 минуттық сабақ кезінде өтеді. Міне, осы кезде оқушы тек білім алып қана қоймай шығармашылықпен зерттей білуге үйренуі керек. Білімді алуда іс — әрекетке үйренген баланың бойында алған білімі ұзақ уақыт сақталады және ол жұмыс істеуге, ізденуге, таңдауға, т. б. үйренеді. Сол үшін ескі дәстүрлі сабақтан қашып, ең озық, тәжірибеден өткен технологиялардың бірінің тиімділігін сәйкес таңдау қажеттілігі туады. Біркелкі сабақ оқушыны зерігу мен жайбарақаттылыққа алып келеді. Ал зерігу болған жерде шығармашылыққа жол жоқ.

Әрбірұстаздыңмақсаты — сабақсапасынкөтеру, түрлерінжетілдіру, сабаққаоқушыныңқызығушылығынарттыру. Сондай — ақ бүгінгі таңда елімізде оқыту мазмұны жаңартылып, сабақтарда озық технологияларды қолданудамыз. Сондай технологияның бір түрі — «Ойын арқылы оқыту» технологиясы..«Егеменді еліміздің тірегі – білімді ұрпақ» десек, білімнің негізі бастауышта қаланатыны белгілі. Бастауыш сыныптағы әртүрлі пәндер оқушы білімін дамытып, танымдық қабілетін сомдауға үлкен үлес қосады. Балаларды оқытуда және тәрбиелеуде ойынның ролі педагогикада бұрын да, қазір де қарастырылып келеді.
Алдыңғы қатарлы педагогтардың бәрі де ойынды нағыз керекті және маңызды іс — әрекет деп түсінеді.

Ойын балалар үшін оқу да, еңбек те болып табылады. Ойын – айналадағы дүниені тану тәсілі. Ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңудің жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады. А. С. Макаренко: «Ойын — балалар өмірінде өте маңызы зор нәрсе, үлкендердің қайраткерлігі, жұмысы, қызметі қандай маңызды болса, балалардың ойыны да сондай маңызды. Ойында бала қандай болса, өскен кезде жұмыста да, көбінесе, сондай болады. Сондықтан болашақ қайраткер, ең алдымен, тәрбиені ойын арқылы алады,»- деп балалар ойынын жоғары бағалаған.
Тиімді қолданылған ойын мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені төменгі сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап тұрады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез серігіп, тапсырманы ықыластана әрі сапалы орындайтын болады.
Сабақта және сабақтан тыс уақытта қолданылатын ойындарды төмендегідей топтастыруға болады. Әрбір ойынның бала үшін білімділік мақсаты ғана емес, тәрбиелік, танымдық мақсаты зор.





Ойын
Ұлттық Дидактикалық Логикалық
«Ақсүйек»
«Көкпар»
«Қанталапай»
«Арқан тартым»
«Көксерек — мөксерек» «Мың бір мақал»
«Ғажайып алаң»
«Сергіту сәті»
«Сөз құрау»
«Жұмбақ есеп»
«Әріпті кубиктер»




Ойынға қойылатын әдістемелік талаптар:
— Ойынның мақсаты нақты және керекті көрнекіліктер мен материалдар күн ілгері дайындалып, оңтайлы жерге қою.
— Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібін оқушыларға әбден түсіндіру.
— Ойынға сыныптағы оқушылардың түгел қатысуын қамтамасыз ету.
— Ойын үстінде шешім қабылдай білуіне, ойлана білуіне жетелеу.
— Ойын түрлерін бағдарламаға сай іріктеп алу.
— Ойынды баланың жас ерекшелігіне қарай түрлендіріп пайдалану.
— Қарапайым ойыннан қиын ойынға көшу.
— Міндетті түрде ойынның қорытындысын жариялау қажет.

Ұлттық ойын ойнау баланың салт — дәстүріне, әдет — ғұрпына деген сүйіспеншілігін арттырады және адамгершілік құндылықтарын қалыптастырады. Мәселен, ұнамды әдеттер — өзара қарым — қатынастар, адамгершілік сезімдері дамиды. Еңбек ету барысында ұйымшылдық, жауапкершілік, парыздық сезімдер сияқты қасиеттер қалыптасады.
Оқушының бәрі жақсы оқығысы келеді. Бірақ олардың ақыл — ой қабілеті бағдарламадағы берілген материалды ұғуға бірдей емес. Оқушылардың кейбіреулері мұғалімнің түсіндірген сабағын тез ұғады, кейбіреулері керісінше. Сондықтан барлық оқушыны білімге бірдей жетелеу үшін өз мүмкіндігіне сәйкес сабақты меңгерту, тілін, ой ұшқырлығын дамыту, өзіндік пікір айтуға жағдай жасау еркін шығармашылыққа жетелейтін, пәнге қызығушылығын арттыратын әдістің бірі — грамматикалық ойынның түрлері.

Грамматикалық ойындар арқылы сабақтарда оқушылар әртүрлі жағдайды түсінеді, оны шешу жолдарын қарастырады. Жақсы ойынға бала бар ынтасымен беріліп, оны білуге, меңгеруге талпынып, алуан түрлі дағды, мәліметтерді алып, шеберліктерін шыңдайды. Сабақта оқушылардың алған білімдерін одан әрі дамыту, тереңдету, олардың ізденімпаздығын арттыру, ой — өрісін кеңейту, шығармашылық қабілетін дамыту, оқуға белсенділігін арттыру мақсатын көздеу керек.
Қазақ тілі пәнінің фонетика, лексика, морфология, синтаксис салаларын оқытқанда тақырыпқа орай әртүрлі әдіс — тәсілдермен, шеберлікпен грамматикалық ойындарды енгізуге болады.

Фонетика саласы бойынша «Кім жылдам?»ойынын ойнатуға болады.
1. Қ әрпінен басталатын қалалардың атын жаз. Мысалы: Қарағанды, Қызылорда, Қостанай.
2. Тек қана е, ы, і дауысты дыбысы бар сөздер ойлап жазыңдар. Мысалы: ы — ыдыс, Ыдырыс, ыстық
І — ілгіш, ірімшік, тіршілік
, е — береке, текемет, ертең.
3. Қай жағынан оқыса да мағынасы өзгермейтін сөздер ойлап жаз. Мысалы: нан, қазақ, қырық

«Дыбыс таңдау ойыны»

Ойынның шарты бойынша таңдаған дыбыстан ғана басталатын сөйлем жазу. Мысалы: Қойдан қалып қойған қозыны Қанат қораға қамап қойды.
«Адасқан әріптер»ойыны дыбыстарды тиісінше тіркестіріп сөз жаса.
1. р, о, б.- бор
2. а, ш, а, ғ.- шаға


Лексика бойынш
а «Жалғасын тап»ойыны.

Тақтаға белгілі мақалдардан екіден сөз жазылады. Оларды қалған оқушылар тауып, қосып айтулары тиіс.
1. Ұяда….
Ұшқанда
2. Көп…
Терең…


«Кім білгір»ойыны. Тақтаға заттардың, жан — жануарлардың суреті ілінеді. Суретке байланысты мақал — мәтелдерді кім біледі?
«Жылдам жауап»ойыны. Оқушыларға әзіл аралас сұрақтар беріледі. Сұраққа толық тұрақты сөз тіркестерімен және мақал — мәтелдермен дұрыс әрі жылдам жауап берілуі керек.

Морфология саласы бойынша.
«Ойлан тап»ойыны.
1. Біріккен сөздің бірінші түбірі тағам сөзімен синонимдес, екінші түбірі – тағам ыдыстың аты. Ол қай сөз? Асқазан
2. Бір сөз сын есім мен зат есімнен бірігіп келіп, бір аңның атын білдіреді? Ақбөкен
3. Республикамыздағы қандай қала, өзен аттары біріккен сөз түрінде айтылады? Жетісу, Талдықорған
«Ойна да ойлан»ойыны.
1. адамның туыстық атауларын білдіретін зат есімдерді жаз.
2. қолмен ұстауға, көзбен көруге болатын зат есімдерді жаз.
«Кім тез тауып, оқи алады?» ойыны.
Мына сөйлемдерде сөздердің орын тәртібі ауысып жазылған. Оны тиісті тәртібіне келтіріп, кім тез тауып оқи алады?
Абай жайында баяндама біз өмірбаяны тыңдадық.
«Ұйқасын тап ойыны»Өзінше ноян, Қорқақ кім?.. қоян.»Бата алмас түлкі, Үсті тікен.. кірпі
«жалғасын тап ойыны»
Атаңның баласы болма,
/адамның баласы бол/

«Сөз қуаласпақ ойыны»
Ойынның шарты: 1 — қатардағы оқушыларға «бастауыш», 2 — қатарға «баяндауыш»деп ат қойылады. «Бастауыштар»сөйлемде бастауыш болатын сөздерді айтады, «Баяндауыштар» оған қимылды білдіретін сөздерді қосып, сөйлем құрайды.
Әр ойынды ойнар кезде сол ойынға сәйкес өлең оқу арқылы қызығушылығын арттыруға болады. Сабаққа ынтасын, ықыласын бірден аудару мақсатында өлең есепте қолданудың маңызы зор. мысалы:
Бізде қызық ойын бар
Ал, ықылас қойыңдар.
Қане, тәртіп сақтайық,
Баспалдақтан аттайық,
Есептеуден қашпайық,
Жүлделі болып қайтайық.

- балалар зейіндерін аударып, тақтаға екі жағынан жарыстыра сатылап, мысалдарды шығарту. Балалар төменгі сатыдан жоғарғы сатыға шығып мәредегі ойыншықты алады. Бұл ойынды «қоянға көмектесейік» немесе «балапанды құтқарайық» деп атауға болады.
Әр сабақта ойын түрлерін орынды қолданып, оны қызықты етіп өткізу арқылы бүлдіршіндердің оқуға деген ынта — ықыласын, пәнге қызығушылығын арттыруға болады. Ойын баласы сабақта зерігіп, шаршаған кезде қолданылатын ойынның бір түрі «сергіту сәті» Сабақта сергіту сәтін оқушының шаршағанын басу үшін ғана емес, оның тәрбиелік мәніне де назар аудару қажет. Мысалы: « Ұзын құлақ, сұр қоян». Немесе, дене қимылдарына қатысты сергіту ойындары: «Әй, шымыжық, шымыжық»

Сондай — ақ, меңгерілген тақырыпты иә болмаса, жаңа сөзді бекіту мақсатында әуенмен ауаға жазу арқылы да байланыстыра аламыз. Түрлі би қимылдары арқылы да сергіту сәтін жандандыруға болады. Мысалы:«Шөжелерім», «Әйгөлөк», «Қаражорға»
Бастауыш сынып оқушыларын ойната отырып, ойландырып, балаға тәрбиелік мәні зор ойындар арқылы дамытуға болады. Бұл кезде жақсы оқушы дамып, нашар оқушы қалып қоймайды. Жақсы оқушы мүмкіндігіне дейін дамып, нашар оқитын оқушы өз мүмкіндігінше іс — шараларға араласып, өз үлесін қосып отырады.


Қорыта айтқанда, кез — келген ойын түрлерін сабақта ойнатқанда оқушыларда әрекет пайда болады, дүниетанымы кеңейеді. Сөйтіп оқушы ой —өрісін ойын арқылы дамытады.
Соңғы нәтижеде ойнай отырып, білім көрсеткішіне өз үлесін қосады. Артта қалған, жасық мектептен қорқатын, оқуға енжер, күшпен оқитын оқушы болмайды. Керісінше, баланың өмірі, қоршаған ортаны танып білу, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады.

Ойындар — оқушылардың сабаққа белсенділігін, қызығушылығын арттырады, шығармашылық қабілетін ұштайды.
В. А. Сухомлинскийдің сөзімен айтқанда: «Ойынсыз ақыл — ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімін, өзін қоршаған дүние туралы ұштастырады. Білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты»,- деген екен.



2.1. Дыбыс және әріп 

Адам сөйлегенде дыбыс шығады. Бұл дыбыстардан сөздер жасалады. Сөздегі дыбыс саны әртүрлі болады.

Мысалы: жер, көк сөздері 3 дыбыстан тұрса, балақай, балапан сөздері 7 дыбыстан құралған.

Сөздің айтылуымен қатар жазылуы да бар. Сондықтан дыбыстар белгілі бір таңбамен белгіленеді. Әр дыбысқа берілген таңба әріп деп аталады. Яғни әріп – дыбыс таңбасы. Әріп пен дыбыстың айырмашылығы бар.

Дыбыстарды айтамыз, естиміз. Әріптерді жазамыз, көреміз.

Әріптердің қалыптасқан атаулары бар. Оларды есте сақтау үшін әріптер белгілі бір жүйеге келтірілген. Оны әліпби деп атайды.

Қазақ әліпбиінде 40 әріп, 25 таңба, 37 дыбыс бар. Дыбыстар екіге бөлінеді: дауысты дыбыстар және дауыссыз дыбыстар.


Тапсырмалар.

1. Берілген сөздерді алфавит ретімен жаз.

А) Семей, Астана, Қарағанды, Өскемен.

Ә) Әсем, Сырым, Райгүл, Айбек

Б) Қалам, дәптер, өшіргіш, сызғыш

А) __________________________________________

Ә) __________________________________________

Б__________________________________________


Дыбысы жоқ болса да,

Алфавитте орны бар.

Оқылмайтын жазса да,

Қай белгі ол табыңдар.

Шешуі _______ ____


2. Өлеңді оқып, әр дыбыстың өз орнын тап.


«А» дегенің –Ана,

«Б» дегенің-бала.

«Б» дегенің –баға,

«Бестен» басқа алма.


3. У - дыбысының жазылуы

У - әрпі кейде дауысты, кейде дауыссыз дыбысты білдіреді.

Уыс –дауыссыз, өйткені дауыстының алдында тұр.

Суға -дауысты дыбыс, екі дауыссыздың ортасында тұр.

Тауық -екі дауыстының ортасында келсе, дауыссыз дыбыс.

У дыбысына біткен қимылды білдіретін сөздерге у дыбыс қосылғанда екі у жазылады. Мысалы: Жуу, қуу, буу

4.Берілген сөздердегі у қандай дыбыс екенін айт.

Уәзір, аудан, уыз, баяу, елу, саумал, зәулім, оқу, қурай, қауын, кесу, уық, сатушы, уыс.


Дауысты : __________________________________

Дауыссыз : __________________________________


5.Кестені толтыр.

Да уысты у Дауыссыз у

Тулақ Уәзір

__________________ _________________

__________________ _________________

__________________ _________________

__________________ _________________


  1. Я, ю, ё әріптерінің жазылуы

я=й+а

ю=й+у

ё=й+о

я, ю, ё - әріптердің дауысты дыбыстар. Бұл әріптер жеке тұрып та, дауыссыздармен тіркесіп келіп буын құрайды.

Есік жоғын ұқтық,

Люктен шықтық.

Елка деген-бұрыс,

Шырша деген-дұрыс.

Қ. Мырза Әли.

7.Сөз жұмбақты шеш.

8. «Ай» ойыны.

Айдың балаларын сөздерге айналдыр. Сөздерді жаз. Дауысты,дауыссыз дыбыстарды ажырату.















9. «Әріптер пирамидасы» Бір әріп арқылы бірнеше сөздерді ойлап табу.














10.«Тиісті әріпті сал» ойыны.

Берілген сөздерге әріптердің дұрыстығын салу.













11.Ойлан тап.


Төмендегі тор көздердегі әріптердің ішінен киіз үйдің жабдықтарының атын оқи аласыздар.



12.Берілген басқы және соңғы дыбыстарды пайдаланып, төмендегі тор көзге лайықты сөз жаз.



2.2. Сөз құрамы


Сөз дыбыстардан құралады. Әр сөздің мағынасы болады. Сөз қызметіне қарай үшке бөлінеді. Олар: дыбысталуы бірдей, мағынасы бөлек сөздер (омоним). Мысалы: Ара – жәндік, ара – еңбек құралы.

Айтылуы әртүрлі, мағынасы жуық, мәндес сөздер (синоним). Мысалы: батыр, ержүрек, алыс, қашық.

Мағыналары қарама – қарсы сөздер (антоним). Мысалы: жоғары – төмен, ауыр – жеңіл.

Сөз – заттың, сапаның, қимылдың атауы.

1.«Вагондар тізбегі» ойыны.

Сөздердің түбір мен қосымшаларын ажырата білу.



2. «Балқарағай, омарташы, қанағат, ұсынылатын» сөздеріндегі әріптерді пайдаланып, сөздер құрау.

Үлгі:

«Балқарағай» сөзіндегі әріптерді пайдаланып, сөздер құрау

(Бал, қарағай, қара, бала, ағай, ара, ай, қар, балға, Арай, қарға, лақ, арал...)


3. Жұрнақтар ойыны.

Қай жұрнақ жүр жайлауда?

Көп шалғынды қойнауда.

(сиыршы, қойшы, жылқышы, сауыншы)

Қай жұрнақ жүр құрылыста?

Қызып алған жұмыста.

(тас қалаушы, сылақшы, сүргілеуі)

Бір жұрнақ бар затқа қосылса,

Оның сапасына, сынына айналады.

(ат-ты, көрік-ті, еп-ті, қоным-ды...)

Шарада.

Бұрыл десем тезірек,

Түбірін тауып алдағы.

Ыс-ты жалға басына,

Пішініңді сал дағы,

Жаңа ұғымды табасың,

Оны біліп аласың. (бет-бұр-ыс)


Бір ақынның атында

Үш буын мен екі сөз.

Үш дауысты тірегі,

Айтшы кімдер біледі? (Тұ-ман-бай)


Етістікке ал деген,

Қоссам өлім жазасын.

Ертегіден, аңыздан,

Оны тауып аласың. (Ал-дар)


4.Тақырыпқа сай, тілдік қорын молайтуға, сөз мағынасын үйрететін ойын түрлері.

Мысалы: Үлгі.

«Өсімдік» сөзге байланысты, сонымен байланысқа түсетін сөздер.

Кәрі емен, селдір селеу, бұйра тал, шашақты қарағай, желекті сасыр, сұлу қайың, қайыспас емен, топтанған тобылғы, боз қараған, бұйра көкпек, иісті жусан, шашылған ши, мөлдіреген долана.


І топ Бала ..........................................................................................


ІІ топ Құс ..........................................................................................

5. Ұ, ү дыбыстарына мысал келтір.

Мысалы: Ұядан, үйге, ұмытшақ, үйірсек.


Мына сөздердің жазылуын есіңде сақта!

Тәрбиелейді, дағдысынша, баулиды, көгілдірі, баулудағы.

6.«Сәйкес сөзді тап» ойыны.

Берілген сөздерге сызық арқылы нақты жауабын сызу.







7.Антонимін тауып жаз.


8.Мағынасы қарама-қарсы сөздерді жаз.

Жылы ____________ Биік___________________

Ақ ________________ Үлкен__________________

Жуан _____________ Ойық__________________


9.Метаграмма

1.Ұ-дан бастасаң, темір түйген шебермін,

З-ны қоссаң, білім саған беремін. (...)

2. Әсем жермен, ұлы дүбір думанмын,

Қ-ны қоссаң пешке керек құралмын. (...)

3. Бұйырсаңыз, етістік боп кетеді,

С-ны қоссаң, айқасатын алаңда ол өтеді. (...)


10.«Өз үйіңді тап»ойыны.

Дұрыс жазылған сөздерді киіз үйге орналастыру.










Қосымша тапсырмалар:

1-тапсырма.Сұрақтарға жауап жаз.

Бұл кім?

Ол неше жаста?

Ол нешінші сыныпта оқиды?

Ол қандай?

------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------



2-тапсырма.Мына сұрақтарға жауап беретін сөздерді жаз.

Не істеді?

Кім?

Не?

Қандай?









































3-тапсырма.Толықтырып жаз.

Менің атым- --------------------- . Мен .................. жастамын.Бұл менің .....................Ол менен ................. жас ............. . Ол неше жаста?................................................. .



4-тапсырма. Берілген мәтіннен отбасы атауларын теріп жаз.

Менің атым-Айдар. Бұл- біздің отбасымыз.Біздің отбасымызда төрт адам бар.Олар: әке-шешем,қарындасым, және мен. Менің әкемнің аты –Қайрат. Ол 40 жаста. Менің әкем күшті және ақылды. Менің анамның аты-Раушан.Ол 35 жаста.Менің анам әдемі және мейірімді.Менің қарындасымның аты- Маржан. Ол үш жаста.Менің қарындасым ақылды және сүйкімді.Мен отбасымды жақсы көремін.

------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

5-тапсырма. Мәтінді оқып ,сұрақтарға жауап жаз.

Бұл -менің немерем .Оның аты-Әсет.Ол сегіз жаста.Әсет екінші сыныпта оқиды.Ол-ақылды және күшті бала.Менің немерем қалада тұрады.

Әсет неше жаста?

--------------------------------------------------------

Әсет нешінші сыныпта оқиды?

-------------------------------------------------------

Әсет қандай бала?

-------------------------------------------------------

Әсет қайда тұрады?

--------------------------------------------------------

6-тапсырма.Сүйікті ісіңді жаз.

Үлгі: Менің сүйікті ісім- музыка тыңдау.

------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

7-тапсырма. Кім не істеуді жақсы көреді? Белгіле.


мен

анам

әкем

інім

ән айтуды





кітап оқуды





музыка тыңдауды





сөзжұмбақ шешуді







8-тапсырма. Сөздерді қазақ тіліне аударып жаз.

Пословица----------------------------------------------

Поговорка----------------------------------------------

Учить---------------------------------------------------

Знать-----------------------------------------------------

Интересно----------------------------------------------

Полезно-------------------------------------------------



9- тапсырма. Мақалды толықтыр.

Қарға баласын «----------------» дейді,

Кірпі баласын «-----------------» дейді.

10-тапсырма. Жіктік жалғауын жалғап жаз.

Мен жуа------------ Біз жуа -----------

Сен жуа------------- Сендер жуа -----------------

Сіз жуа -------------- Сіздер жуа --------------

Ол жуа -------------- Олар жуа --------------

11-тапсырма.Мәтіннен жіктік жалғауы бар сөздерді теріп жаз.

Мынау –менің бөлмем.Менің бөлмем кең және жарық. Менің бөлмем таза. Мен заттарымды жинаймын.Мен еден жуамын, шаң сүртемін. Мен кілемді шаңсорғышпен тазалаймын.

------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

12-тапсырма.Толықтырып жаз.

жуамын

Мен үй --------------------- .

құямын

Мен ыдыс -----------------.

жинаймын

Мен дастарқан ---------------- .

Мен гүлге су ------------------- .

жасаймын

13-тапсырма.Толықтырып жаз.

Мен ыдыс жуа......... . Ол дастарқан жасай ............... . Біз гүлдерге су құя............. . сен шаң сүрте............... . Сіздер үй жинай ............ . Олар бізге көмектесе .............. .

14- тапсырма. «Дастарқан» сөзіне фонетикалық талдау жасау.

Дастарқан - ------------------------------------------------------.

Д- -----------------------------------------------------

А- -----------------------------------------------------

С- -----------------------------------------------------

Т- -----------------------------------------------------

А- -----------------------------------------------------

Р- -----------------------------------------------------

Қ- -----------------------------------------------------

А- -----------------------------------------------------

Н- -----------------------------------------------------

----------------------------------------------------------

15- тапсырма. Мақалды жалғастыр.

Көз -------------------,

Қол ------------------- .

16-тапсырма.Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап жаз.

Менің атым-Анар.Мен үйде анама көмектесемін. Мен дастарқан жасаймын. Мен дастарқанға ыдыстарды қоямын. Мынау-қасық. Мынау –шанышқы. Мынау –тәрелке. Мынау-пышақ. Біздің отбасымызда үш адам бар. Сондықтан мен дастарқанға үш қасық, үш шанышқы және үш тәрелке қоямын. Дастарқанға тамақты анам қояды. Біз тамақ ішеміз.

1.Анар үйде кімге көмектеседі?

--------------------------------------------------------------------------------

2.Ол не істейді?

------------------------------------------------------------------------------------

3.Ол дастарқанға қандай ыдыстарды қояды?

--------------------------------------------------------------------------------

4.Дастарқанға тамақты кім қояды?

--------------------------------------------------------------------------------

17-тапсырма.Тәрелке деген сөзге фонетикалық талдау жаса.

Тәрелке- --------------------------------------------------------------------------- .

Т- -------------------------------------------------------------

Ә- -------------------------------------------------------------

Р- --------------------------------------------------------------

Е- --------------------------------------------------------------

Л- --------------------------------------------------------------

К- ---------------------------------------------------------------

Е- ----------------------------------------------------------------

-------------------------------------------------------------------------------------------------



18- тапсырма. Сусындар мен тағамдарды екі бөліп жаз.

Сүт,шай, мәнті, ет,шырын,су,айран,ботқа,көже,қуырдақ,палау.

Сусындар Тағамдар

------------------------------- ------------------------------------

------------------------------- -------------------------------------

------------------------------- --------------------------------------

-------------------------------- --------------------------------------

-------------------------------- --------------------------------------

19-тапсырма.Сөздерді қазақ тіліне аударып жаз.

Вкус- -----------------------------------------

Жидкий /-ая,-ое/ -----------------------------

Полезно для здоровья ------------------------------

Можно добавить -------------------------------------

20-тапсырма.Сүт тағамдарын жаз.

------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

21- тапсырма.Мақалды жалғастырып жаз.

-Сен қайда тұрасың?

----------------------------------------------------

-Қазақстанның жері қандай?

----------------------------------------------------

-Қазақстанның елбасы кім?

-----------------------------------------------------

-Қазақстанның елордасы қай қала?

-------------------------------------------------------

-Астана қандай қала?

--------------------------------------------------------



22-тапсырма.Мәтіннен көптік жалғауы бар сөздерді теріп жаз.

Астана қаласы-Қазақстанның елордасы.Астана – үлкен,әдемі және жас қала.Ол Солтүстік Қазақстанда орналасқан.Астанада әдемі үйлер,саябақтар,ескерткіштер,биік ғимараттар бар.Маған Астана қаласы ұнайды.

------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

23-тапсырма. «Елорда» сөзіне дыбыстық талдау жаса.



Елорда -------------------------------------------------------------

Е-----------------------------------------------------------

Л-----------------------------------------------------------

О-----------------------------------------------------------

Р-----------------------------------------------------------

Д----------------------------------------------------------

А----------------------------------------------------------

----------------------------------------------------------------------------

25-тапсырма.Жіктік жалғауын жалға.

Мен бара------------- Біз бара---------------

Сен бара------------- Сендер бара------------------

Сіз бара------------- Сіздер бара-------------------

Ол бара-------------- Олар бара-------------------



26-тапсырма.Толықтырып жаз.

Біз Астанаға бара....... . Сендер Атырауға бара........... . Мен Семейге бара........... . Сіз Өскеменге бара ........... . Сен Өскеменге бара........... . Сіздер Таразға бара........... .



27-тапсырма.Мәтіннен жалқы есімдерді теріп жаз.

Қазақстанның жері үлкен, табиғаты әдемі.Елімізде өзен,көлдер,биік таулар,жасыл ормандар бар.Астанада Есіл өзені,Семейде Ертіс өзені, Көкшетауда Бурабай көлі бар. Алматының мақтанышы –Алатау тауы.

------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

28-тапсырма.Мына сұрақтарға жауап беретін сөздерді жаз.

Қайда? Кіммен? Немен?

---------------------------- ---------------------------- --------------------------

---------------------------- ---------------------------- ---------------------------

---------------------------- ------------------------------ ----------------------------

---------------------------- ------------------------------ ----------------------------

---------------------------- ------------------------------- ----------------------------

---------------------------- -------------------------------- -----------------------------

29-тапсырма. Кіммен? Немен? сұрақтарына жауап беретін сөздердің астын сыз.

Менің атым- Маржан. Мен жазғы демалыста Көкшетауға бардым. Ол Солтүстік Қазақстанда орналасқан. Мен Көкшетауға ата-анаммен бардым.Біз машинамен бардық.Маған Көкшетау қаласы ұнайды.

--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

30-тапсырма.Сұрақтарға жауап жаз.

-Сен жазғы демалыста қайда бардың?

----------------------------------------------------------------

-Сен кіммен бардың?

------------------------------------------------------------------

-Сендер немен бардыңдар?

-------------------------------------------------------------------

-Сенің жазғы демалысың қалай өтті?

-------------------------------------------------------------------



31-тапсырма. «Тәуелсіз» сөзіне дыбыстық талдау жаса.

Тәуелсіз----------------------------------------------------------

Т-------------------------------------------------------------------

Ә-------------------------------------------------------------------

У-------------------------------------------------------------------

Е-------------------------------------------------------------------

Л-------------------------------------------------------------------

С-------------------------------------------------------------------

І--------------------------------------------------------------------

З--------------------------------------------------------------------

-----------------------------------------------------------------------

32-тапсырма.Не?Қандай? сұрақтарына жауап беретін сөздерді екі бағанға бөліп жаз.

Еркін,бай,мол,еркіндік,байлық,молшылық,бейбіт,бейбітшілік,құс,әдемі,көгілдір,қыран

33-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырып жаз.

Мынау-Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы. Қазақстанның Туы көгілдір және алтын түсті. Тудың ортасында күн және қыран бейнеленген.Көгілдір түс –бейбітшіліктің, ашық аспанның белгісі.Күн – бейбітшілік белгісі. Қыран құс –еркіндік белгісі.Күн,қыран және ұлттық өрнек алтын түсті. Алтын түс-молшылық пен байлықтың белгісі.

Мемлекеттік Тудың авторы-суретші Шәкен Ниязбеков.

--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------



34-тапсырма.Сұрақтарға жауап жаз.

Сенің Отаның қай жер?

----------------------------------------------------------

Қазақстан қандай мемлекет?

-------------------------------------------------------------------

Қазақстанның Мемлекеттік Туы қандай?

--------------------------------------------------------------------

Қазақстанның елордасы қай қала?

--------------------------------------------------------------------

Қазақстанның табиғаты қандай?

---------------------------------------------------------------------

35-тапсырма.Сөздердің аудармасын жаз.

Здание------------------------------------------

Был построен----------------------------------

Архитектор------------------------------------

Согласие---------------------------------------

Дружба-----------------------------------------

Единство---------------------------------------

Дворец------------------------------------------



36-тапсырма.Сұрақтарға жауап жаз.

Қандай ғимарат пирамидаға ұқсайды?

-----------------------------------------------------------

Бұл ғимарат қай жылы салынды?

-------------------------------------------------------------

Оның сәулетшісі кім?

--------------------------------------------------------------

Бейбітшілік және келісім сарайы ненің белгісі?

--------------------------------------------------------------------

37-тапсырма.«Наурыз» сөзіне фонетикалық талдау жаса.

Наурыз------------------------------------------------------

Н--------------------------------------------------------------

А--------------------------------------------------------------

У--------------------------------------------------------------

Р--------------------------------------------------------------

Ы--------------------------------------------------------------

З----------------------------------------------------------------

--------------------------------------------------------------------------



38-тапсырма. Сөзге жіктік жалғауын жалғап жаз.

Мен жасап отыр............ Біз жасап отыр.................

Сен жасап отыр............. Сендер жасап отыр..........

Сіз жасап отыр.............. Сіздер жасап отыр............

Ол жасап отыр.............. Олар жасап отыр.............

39-тапсырма.-ып,-іп,-п қосымшасын жалғап,толықтырып жаз.



Мен кітап оқы.... отырмын.Мен хат жаз..... отырмын.Біз ашықхат жаса.... отырмыз.Ол теледидар көр.... отыр. Сен үй жұмысын істе......... отырсың. Олар мұғалімді тыңда......... отыр. Сендер сыйлық жаса..... отырсыңдар.



40-тапсырма.Сұрақтарға жауап жаз.

Сен не оқып отырсың?

----------------------------------------------------------

Сен не жазып отырсың?

-----------------------------------------------------------

Сен кімді тыңдап отырсың?

------------------------------------------------------------

Сен не көріп отырсың?

------------------------------------------------------------

41-тапсырма. Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап жаз.

Бүгін Наурыз мерекесі. Әжем наурызкөже пісіріп жатыр.Анам бауырсақ пісіріп жатыр. Әкем ауланы тазалап жүр. Атам ағаш отырғызып жатыр. Мен атама көмектесіп жүрмін.

Содан соң біз алаңға барамыз. Біз концерт көреміз, ұлттық ойындар ойнаймыз. Маған Наурыз мерекесі ұнайды. Наурыз мерекесі қызықты және көңілді өтеді.

Болатқа қандай мереке ұнайды?

----------------------------------------------------------------------------

Болаттың әжесі не істеп жатыр?

----------------------------------------------------------------------------

Болаттың анасы не істеп жатыр?

-----------------------------------------------------------------------------

Болаттың әкесі не істеп жүр?

-----------------------------------------------------------------------------

Болаттың атасы не істеп жатыр?

-----------------------------------------------------------------------------

Болат не істеп жүр?

----------------------------------------------------------------------------

42-тапсырма. Оқып шығып,сөз құрамындағы қатаң,ұяң,үнді дауыссыздардың астын сызып шығыңдар./қатаң 1 сызықпен, ұяң 2 сызықпен, үнді 3 сызықпен/

О, балалар , балалар , Өлең боп аққан дарияң,

Қарашығы көзімнің, Домбырасын басуға,

Қуанышы сезімнің , Жырынан шашу шашуға;

Кеудемдегі жүрегім, Кездесіп көзбен көруге ,

Таянышым , тірегім; Халық сәлемін беруге,

Ардақтысы елімнің , Қуанбасқа бола ма,

Гүл – шешегі жерімнің. Жырламасқа бола ма,

Алдыңа келді қарияң, Осы отырған тойымда.

43-тапсырма.Кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздердің астын сыз.

Күн күркіреді. Құйын соғып өтті. Мен мектепке келдім.Оқушы кітапханадан кітап алды.Мұғалім сабақ түсіндірді.

44- тапсырма. Кестені толтыр:

Зат есім

Сын есім

Сан есім

ағаш

биік

үш


















45-тапсырма.Мәтіннен реттік сан есімдерді тап.

1.Ауылда бәйге жарысы болды. Елеместің атасы қосқан ат мәреге екінші болып келді. Бірінші, екінші келген ат иелеріне ақшалай сыйлық берілді.



46-тапсырма. Үш реттік сан есіммен сөйлем құрастыр.

-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

47-тапсырма.Сұрақтарға жауап бер.

Сенің сүйікті спортшың кім?

-----------------------------------------------------------

Ол қай спорт түрімен айналысады?

----------------------------------------------------------

48-тапсырма.Мақалды жалғастыр.

Бірінші байлық-............................. .

49-тапсырма.Мәтінді оқып, аңдардың атын теріп жаз,сұрақ қой.

Мынау –хайуанаттар бағы.Хайуанаттар бағы өте үлкен. Хайуанаттар бағында әртүрлі аң,құстар бар. Мысалы:піл,арыстан,жолбарыс, қасқыр, түлкі,аю.Мен хайунаттар бағына жиі барамын.

Қарашы!Аю ұйықтап жатыр.Қоян секіріп жүр. Керік жапырақ жеп тұр. Піл су ішіп тұр.Маймыл банан жеп отыр.Маған хайуанаттар бағы ұнайды.

------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

50-тапсырма.Өлеңді оқып,сын есімдерді теріп жаз, сұрақ қой.



Піл

Пілдің басы жалпақ,

Құлағы дәу қалпақ.

Дәу болғанмен өзі,

Кіп-кішкентай көзі.

Тұмсығы оның ирек

Жүреді ылғи билеп.

/Б.Жылқыбекұлы/

---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------



51-тапсырма. «Менің сүйікті жануарым» эссе жазу.

-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------



52-тапсырма.Мақалдарды жалғастырып жаз.

«.........................» баласын «аппағым» дейді, «....................» баласын «жұмсағым» дейді. Ас атасы- «..................». Көз «...........................», қол «................................» .

Отансыз адам- «...............................................» .Туған жердей «.....................» болмас,

Туған елдей «........................» болмас.Жігітке жетпіс өнер де «.....................» .

Бірінші байлық- «...........................» .



53-тапсырма.Мәтінді оқыпқарамен белгіленген сөздерді тәуелде.

Мынау –біздің мектеп. Біздің мектеп үлкен.Мектеп үш қабатты. Біздің мектепте асхана, кітапхана, спортзал, бассейн бар. Асхана, спортзал және бассейн бірінші қабатта. Біздің кітапхана екінші қабатта. Біздің сынып бірінші қабатта.Маған біздің мектеп ұнайды.

Менің------------------------------------------------

Сенің--------------------------------------------------

Сіздің-------------------------------------------------

Оның--------------------------------------------------



Біздің-------------------------------------------------------

Сендердің--------------------------------------------------

Сіздердің---------------------------------------------------

Олардың----------------------------------------------------



54-тапсырма. Мына сөздерге көптік жалғауын жалғап жаз.

Есік..............,тақта................,үстел...............,парта..................,терезе...................,орындық.............. ,кітап........., дәптер......, күнделік......., қалам........, қарындаш........., сызғыш........., өшіргіш......., ұштағыш......., қайшы..........., желім..........., бояу............. .



55-тапсырма. Сұрақтарға жауап жаз.



Қарлығаш нешінші сыныпта оқиды?

----------------------------------------------------------

Оның сыныбы нешінші қабатта?

---------------------------------------------------------

Сынып қандай?

--------------------------------------------------------

Сыныпта нелер бар?

--------------------------------------------------------

Қарлығаштың партасы нешінші қатарда?

--------------------------------------------------------

Қарлығаш сабақта кіммен отырады?

--------------------------------------------------------



56-тапсырма. Толықтырып жаз.

Біз ......................... сабағында есеп шығарамыз. Біз .................... сабағында ағылшынша сөйлейміз. Біз ......................... сабағында қазақша сөйлейміз. Біз .......................... сабағында жаттығу жасаймыз, жүгіреміз, секіреміз, ойнаймыз.



57-тапсырма.Өлеңнен қатаң дауыссыз дыбыстардың астын сыз.



Күнделік

Күнделікті алайық,

Тақтаға бір қарайық.

Әдемі етіп бәріміз

Үй жұмысын жазайық.



Қараңдаршы, балалар,

Қандай бізге пайдалы

Үй жұмысын жазатын

Күнделіктің болғаны.

/Ә.Шапағат/



58-тапсырма.Мәтінді оқып, етістіктерді теріп жаз.

Маған күз мезгілі ұнайды. Күз айлары –қыркүйек,қазан,қараша. Күзде күн салқын болады. Жаңбыр жауады. Жел соғады. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді.Күзде жапырақтар сарғаяды. Олар қызыл,сары,жасыл, қоңыр, қызғылт сары түсті болады. Күзде балалар мектепке барады.Мектепте сабақ басталады. Күзде жеміс-жидектер, көкөністер піседі.

----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------



59-тапсырма. Не істейді? сұрағына жауап беретін сөздерді теріп жаз.

Менің досым бар.Оның аты-Берік.Ол тоғыз жаста.Беріктің бойы ұзын, шашы қара,қысқа.Қыр мұрынды. Берік спортпен айналысады.Ол бос уақытында компьютер ойнайды,кітап оқиды,музыка тыңдайды.Ол шахмат ойнауды да жақсы көреді.

------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

60-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті жалғауды жалғап жаз.

Дос ....... /-ты,-ті/, достық /-қа,-ке/, Жолдас .... /-пен,-бен/,серуен .... /-нен,- ден/, көше ....... /-нің,-дің/, адам....... /-та, -да/ , сабақ ...... / -ты,- ті/, кітапхана ....... /-нан,- дан/, мектеп..... /-не,- те/.



2.3. Сөз таптары


Мағынасына қарай бірнеше сөз табына бөлінеді. Қазақ тілінде 9 сөз табы бар. Заттың атын білдіріп, Кім? Не? Кімдер? Нелер? сұрағына жауап беретін сөз табын зат есім дейміз.

Кім? деген сұраққа жауап беретін сөздер: адамның аты – жөні, мамандық атаулары, атақ, дәрежеге қатысты сөздер, туыстық атаулар.

Не? деген сұраққа жауап беретін сөздер: аңдар, жануарлар, құстар, заттар мен құбылыстар.

Зат есім екіге бөлінеді: жалқы есім және жалпы есім.

Кісінің аты – жөні, жер – су аттары, жан – жануарларға қойылатын атаулар жалқы есім деп аталады. Жалқы есім бас әріппен жазылады.

Жалқы есімдерден басқа зат есімдерді жалпы есім дейді. Жалпы есімдер кіші әріппен жазылады.

Заттың қимылын, іс – әрекетін білдіріп, не істеді? қайтті? не қылды? деген сұраққа жауап беретін сөз табын етістік дейміз.

Етістіктер құрамына қарай дара және күрделі болып екіге бөлінеді.

Бір ғана сөзден тұратын етістікті дара етістік дейміз.

Екі немесе үш сөзден құралған етістікті күрделі етістік дейміз.


Заттың сынын, түсін, сапасын, көлемін білдіріп, қандай? қай? сұрағына жауап жауап беретін сөз табын 
сын есім дейміз.


Заттың санын, мөлшерін, ретін білдіріп, қанша? неше? нешінші? деген сұрақтарға жауап беретін сөз табын 
сан есім дейміз.

1.«Есіңе сақта!»Белгілі уақыт ішінде қандай зат есіңде суретін сал,атын жаз.












2.Ребусты шешу.






3.«Артық затты сыз». Суретте көрсетілген заттың артығын сызып,сөздерге д ыбыстық талдау жасау.











4. Дидактикалық ойын

Мақсаты: Зат есім туралы түсініктерін кеңейте отырып, балалардың сенсорлық қабілетін (сипап сезу, иіс сезу, дәм сезу) дамыту.


Ойын шарты: Оқушының көзі байланады. Қорапшаның ішінен түйме, бор, бет орамал, алма, ермексаз, сақина т. б заттарды оқушылар кезек-кезек көзі байланып тұрған оқушыға ұстатады. Оқушы баланы да, затты да дұрыс таба білу керек.


5. «Сөз тіркесін тап» ойыны. Мақсаты: етістік табу. Оларды сызық арқылы қос.

Әк ем оқушы

Анам балабақшада

Ағам құрылысшы

Қарындасым дәрігер

Інім студент

Әпкем тігінші


6.Суретке қарап, әңгіме құрап, сөйлемдегі зат есімдердің астын сыз

Рисунок 16














____________________________________________

_____________________________________________

_____________________________________________

_____________________________________________



7.Сәйкестендіру тесті


1. Кім? 1.Сәкен, Ертіс, Байшұбар

2. Кімдер? 2. домбыра, гүл

3. Не? 3. оқушы , ана

4. Нелер? 4. әндер, құстар

5. Жалқы есім түрі 5. оқушылар, аналар

6.Жалпы есім түрі: 6. Қобыз, ән, құс


8.Өлеңнен зат есімдерді теріп жазып, мағынасын аш.


Мәз болады болысың


Мәз болады болысың,

Арқаға ұлық қаққанға.

Шілтірейтіп орыстың,

Шенді шекпен жапқанға.


Үйі мәз боп, қой сойды,

Сүйіншіге шапқанға.

Әуре қылды, салды ойран,

Үйдегі тыныш жатқанға.


Еш нәрсе емес жұбанар,

Ақыл көзбен баққанға.

Жас баладай қуанар,

Бір дәмдіні татқанға.


Үлгі:

«Екі жақты түсініктеме күнделігі» стратегиясы



9.Қайсысы зат есім, қайсысы етістік?


Жақын қалды көмбе,

Бұл жерге оны көмбе!


10.Сәйкестендіру тесті

1. Қандай? 1. таза

2. Қай? 2. ақылды

3. Негізгі сын есім: 3. қара

4. Туынды сын есім: 4. ойлы


11.Өлеңді оқып, сан есімдердің астын сыз.


Он саусақ

Жалғыз саусақ тіпте де,

Ұстай алмас жіпті де.

Екі саусақ бірікті,

Ине қолға ілікті.


Үш саусағым орамды,

Жүгіртеді қаламды.


Өнерлі екен он саусақ,

Қала салсақ, жол салсақ.

2. Өлеңді қара сөзге айналдыр.



12.Сәйкестендіру тесті


1. Қанша? Неше? 1. жиырма сегіз

2. Нешінші? 2. екеу, жетеу.

3. Нешеу ? 3. жеті, он бір.

4. Дара сан есім: 4. он, алты.

5. Күрделі сан есім: 5. бесінші, алтыншы.

6. Есептік: 6. бірінші, оныншы

7. Реттік: 7. бір, екі, үш


13.Сан есімге байланысты мақал-мәтел жаз.

1 ____________________________________________

2 ____________________________________________

3 ____________________________________________



14.Лексикалық ойын.

Көп нүктенің орнына сан есімді қойсаң мақал толық шығады.


Білімді............... жығады, білекті............... жығады.

............ауыз сөздің тобықтай түйіні.


15.Орны ауысқан сөздерден сөйлем құрап жаз.


1.Айжан, бара жатты, Мәрия, мен, фермаға. 2.Олардың, ұша жөнелді, бір, үйрек, алдынан. 3.Ұшқан, жерге, олар, үйрек, келді. 4.Ұяда, жатыр, жері, жұмыртқа. 5.Олар, алмады, жұмыртқаны.

Етістіктерді тап. Олардың түбірін, қосымшасын тауып, мағыналық түріне ажырат. Соңғы сөйлемдегі сөздердің байланысын сызба арқылы көрсет.


16.Өлеңнен адамның қимыл –қозғалысын бейнелейтін сөздерді теріп жазып, мағынасын түсіндіруге тырыс.


Күлембай

Күштілерім сөз айтса,

Бас изеймін шыбындап,

Әлсіздің сөзін салғыртсып,

Шала ұғамын қырындап,

Сияз бар десе жүрегім

Орнықпайды суылдап...

Сыртқыларға сыр бермей,

Құр күлемін жымыңдап...

Жай жүргенде бір күні,


Үлгі:

«Екі жақты түсініктеме күнделігі» стратегиясы


Орнықпайды суылдап.


Суылдау сөзін көбіне шөптерге пайдаланады. Шөптердің салмағы болмағандықтан олар жел соқса да қасынан қатты жүгіріп өтсең де қозғалып кетеді. Бірақ бұл арадағы суыл адамның қорқақтығын айтып тұр.




17.Он дара етістік жазыңдар. Біріншісі-бір, екіншісі-екі, үшіншісі-үш т.с.с оныншысы он әріптен, барлығы да «Е» әрпінен басталатын әр формадағы етістік болсын.



18.Мақалдарды түсініп оқып, болымсыз етістіктерді тап.


Өсер жастың алдын кеспе,

Өсер ағаштың басын кеспе.


19.Шақпақ санына қарай әр түрлі буынды сөзді тауып, төмендегі баспалдақты толтыр. Әр буында екі ғана дыбыстың болуын ескер.



2.4. Сөйлем

Сөйлем бірнеше сөздерден құралады. Сөйлем аяқталған ойды білдіреді. Айтылу сазына қарай үш түрі болады. Сөйлемнен соң не нүкте (.), не сұрау белгісі (?), не леп белгісі (!) қойылады.

1. Берілген сызба бойынша сөйлем құра.

________ __________ __________ .

__________ __________ __________ ?

__________ __________ __________!


2.Берілген сөйлемді сұраулы сөйлемге айналдыр.


1. Біз баққа бардық. 2. Сәуле үшінші сыныпта оқиды. 3. М.Әуезов 1897 жылы туған. 4. Абай – ұлы ақын. 5. Ыбырай Алтынсарин балаларға арнап оқулық жазды.

_____________________________________________

_____________________________________________

_____________________________________________

_____________________________________________



3.Берілген екі сурет бойынша екі бөлек әңгіме құра. Құраған әңгімелеріңде қандай ұқсастық және қандай айырмашылық болды, ол неге байланысты?

--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------


4.Жай сөйлемдерді жайылма сөйлемге айналдыр.

Оқушы келді. Жаңбыр жауды. Жел тұрды. Күн суытты.


5.Көп нүктенің орнына тиісті сөзді жазыңдар.

  1. Мирас … .2. Анасы жұмысқа …3. Балалар… жүр екен. 4. Назира … келді.

Керекті сөздер: келді, кетті, ойнап, мектептен.


6.Берілген сөйлемдерді мазмұнына қарай топтап мәтін құрастыр.

-Алманы үзіп алдым.

-Мен ағаш суардым.

-Көшет салдым.

-Көшет үлкен ағаш болды.

-Күрекпен жер қаздым.

-Ағашта жеміс пайда болды.


7.Берілген сөздерден сөйлем құрап жаз. Мәтінге ат қой.

Балалар, жиналды, алаңға.

Топқа, екі, ойнады, бөлініп, доп.

Тобы, жеңді, жарастың.

Мұраттың, жеңді, тобы, соңынан.

Аяқталды, ойын, тең.


8. «С»-дан басталатын сегіз сөз. Шыққан сөздерді қатыстырып сөйлем құра.

Ол сөздер төмендегі заттардың атауы болсын:

1.Сұйық зат

2.Зат немесе құбылыс атауы

3.Дақыл атауы

4.Жеміс аты

5.Қарудың аты

6.Жоғары оқу орнының оқушысы

7.Өсімдік атауы

8.Студентке төленетін айлық

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



9.Жаңылтпашты оқы.

Ою ою ойым бар-ды,

Ойналмастан ойын қалды.

Орындалмай ойымдағы,

Ойылмады ою-дағы.

Орашолақ,

Олақпын ба,

Оя алмадым оюларды.


Жұмбақ шешейік.

Торпақта жоқ,

Қоянда бар,

Шортанда жоқ,

Шаянда бар.

(........................)


Қарамен жазылған сөздермен сөйлем құра.

____________________________________________

____________________________________________

10.Мақал- мәтелдің соңын тап.


1. Әрбір ғалым – хаким емес, әрбір хаким -……………................................


2.Досы жоқпен сырлас, досы көппен……………………................................


3. Шәкіртсіз ғалым-………………………………………...............................


4. Сақалын сатқан кәріден, еңбегін сатқан бала…………............................


Қосымша тапсырмалар:

Мәтін
1-тапсырма.
а)Қазақ тілі сабағында нені оқимыз?
ә)Мәтін деген не?
б) Мәтін сөзіне дыбыстық талдау жаса.
2-тапсырма.
Күз-жыл мезгілінің бірі.Күзді сары алтынға теңейді.Себебі,
айнала сап-сары болады.Күзде жеміс-жидектер жиналады,егін орылады.Күз береке.Мен күзді ұнатамын.
1.Мәтінге ат қой.
2.Мәтіннің қай түріне жатады?
3.Күз туралы мәтінге қосымша өз пікірлеріңді айтыңдар.
3-шығармашылық тапсырма.
Тірек сөздер:Қараша,жаңбыр,күн,суық,жапырақтар,құстар.
1.Осы тірек сөздерді пайдаланып,мәтін құрастыр.
2.Қарашада ауа райы қандай болады?
4-тапсырма.
Бұл қай құс? Жұмбақ ойын
1.Әр топ әр құсты сипаттау арқылы мәтін құр.
2.Осы мәтінде қандай құс туралы айтылғанын тауып,соған жұмбақ жасыр.
3.Құстардың пайдасы туралы айт.
1-топ.Бұл өте сүйкімді,бауыры ақ,пайдалы.Бір жылда бір миллион
құрт жейді.Ұясын адамға жақын жерге салады.Бұл құсты
адамның досы деп те атайды.Ендеше бұл қай құс? 
(Қарлығаш)
2-топ.Бұл құстың тұмсығы ұзын,ағаш діңінде отырып,тұмсығын 
діңге тоқ-тоқ соғады.Ағаш қабығындағы құрт-көбелектерді
тазалайды.Бұл құсты емші құс деп те атаймыз.Бұл қай құс?
(Тоқылдақ)
5-тапсырма.
1.Берілген сөйлемдерге тақырып қоюға бола ма?
2.Бәрі мәтін бе?
3.Неге олай ойлайсың? Түсіндір.
а) Қымыз шипалы сусын.Ауылда үлкен мұражай бар.Балалар циркке барды.
ә) Саққұлақ жақсы ит.Ол мал күзетеді.Бір күні қораға қасқыр шапты.Саққұлақ оған тап берді.Қасқыр қорқып қаша жөнелді.
Сөз таптары (зат есім)
6-тапсырма.
1.Алдымен мал аттарын,содан соң құс аттарын теріп жаз.
2.Оларға сұрақ қой.
3.Қарамен жазылған зат есімге – шы, - ші жұрнақтарын жалға.
4.Оларға 2-3 сөйлем құра.
Қарлығаш,сиыр,қой,қарға,жылқы,бүркіт,түйе,сауысқан,ешкі.
5.Мына суретке қарап туынды зат есімді айт.

7-тапсырма.(шығармашылық тапсырма)
1.Сұрақтардың орнына тиісті сөздерді қойып жаз.
2.Зат есімнің астын сыз.
(Кім?) балаларды оқытады.(Не?) жапалақтап жауады.(Кім?) сурет салды.(Не?) мөңірейді.Үйді (кімдер?) салады.(Кім?) егін егеді.(Кім?) балаларды емдейді.
3.Мына цифрларды орнына қой,ережені айт.
7 3 2 5 1 4 6
м т а с з е і
8-тапсырма.
1Негізгі және туынды зат есімді ажыратып жаз.
2.Негізгі зат есімнің туынды зат есімнен айырмашылығы неде?

Күй,өрмекші,жылқы,күйші,өрмек,жылқышы,егін,балықшы,
ән,егінші,балық.
3.Осы зат есімдерді қатыстырып 2-3 сөйлем құрастыр.
9-тапсырма.
1.Мына зат есімдерді жекеше және көпше түрде тәуелдеңдер.
Әке,дәптер,дос.
2.Алдымен не? сұрағына,соңынан кім? Сұрағына жауап беретін сөздерді теріп жазыңдар. 
Ұя,айтыс,ғалым,шыбық,сауыншы,сағат,дәрігер,ыдыс,оқушы,
кітап,мұғалім,парта,Болат.
10-тапсырма. Не артық? ойын
1.Осы зат есімдерді қатыстырып 2-3 сөйлем құрастыр.
ҮЙ
ЕСІК
ТЕРЕЗЕ
БАЛА
ТЕЛЕВИЗОР
КІТАП
ҮСТЕЛ
ҚАЛАМ
НАН
СҮТ
ДӘПТЕР
ҚАНТ
БӨЛМЕ
ЖОЛ
БАҒДАРШАМ
МАШИНА

2.Дөңгелектің суреті.



3.Дөңгелек сөзінен әріптердің орнын ауыстырып,мағыналы,мәнді сөздер шығару.
Дөң-қырат
өң-көрік
ел-халық
еле-ұнды елеу
дөңгеле-айналу,домалау
лек-лек-легімен
ек-егін ек
11-тапсырма.
1.Сөздерге көптік жалғауын жалғап,көшіріп жаз.

Қарындас - Жұлдыз -
Жалау - Қыран –
Батыр - Кірпіш –
12.Ребус.

13. Отан тақырыбына шығарма жазу.

14-тапсырма.

Кім тез табар екен? ойыны.
1.Мына әріптерді әр сөз ішінде бір-ақ рет қолданып,қанша зат есім құрап жазуға болады?
2.Осы зат есімнен туынды зат есім жасауға бола ма




15-тапсырма.
1.Етістіктерді мағыналарына қарай топтап жаз.
Көгерді,әңгімеледі,мұздадаы,көктеді,баяндады,қарады,амандасты,тоңды,сәлемдесті,көрді.
2.Мақалды оқы.Етістіктерді тап.
Жаңбырмен жер көгереді,
Алғыспен ер көгереді.
16-тапсырма.
1.Мәтінді түсініп оқы.Етістіктерді тауып,теріп жаз.
Ертеде Әтеш құстардың ішіндегі ең әдемісі болыпты.Ол аңдар-
мен де дұрыс сөйлеспейді.Тек Тотықұспен сөйлеседі.Тотықұстың
үстінде жақсы киімі де жоқ екен.Бір күні Тотықұс Әтешке келіп:
Достым,мен бүгін қонаққа баратын едім.Маған үстіңдегі әдемі
киімдеріңді бере тұршы?-деп жалыныпты.
Әтеш досының сөзіне сенеді.Үстіндегі әдемі киімдерін шешіп береді.Тотықұс қай уақытта келетінін айтады.
Егер мен кешіксем,дауыстап шақыр,-дейді.
Бірақ Тотықұс содан қайта оралмайды.Осы күнге дейін Әтеш киімдерін іздеп,үш мезгіл айқайлайды екен.
2.Етістіктерді қатыстырып,бірнеше сөйлем құрастырып жаз.
3.Сөйлемдегі сөздердің байланысын сызба арқылы көрсет.
4.Ертегі мазмұнын әңгімеле.
17-тапсырма.
Екі бағандағы етістіктерді салыстыр.
1.Қар жауды.
2.Марат достарымен доп ойнады.
3.Жанар әжесінің әңгімесін тыңдады.
4.Думан күйсандықта ойнады.

Қар жауып тұр.
Марат достарымен доп ойнап жүр.
Жанар әжесінің әңгімесін тыңдап отыр.
Думан күйсандықта ойнап отыр.





18-тапсырма.
1.Жаңылтпаштарды оқы.Дара,күрделі етістіктерді тап.

1.Жатта тақпақ,
Жатта тақ-тақ.
2.Далада Дана да ойнап жүр,
Далада Сана да ойнап жүр.
19-тапсырма.
1.Сөйлемді көшіріп жаз.Туынды етістіктердің астын сыз.

Екеуі ұзақ әңгімелесті.Айнұр шешесімен ақылдасты.Шынар көп ойланды.тазалыққа кішкене кезіңнен әдеттен.
2.Мына сөздерді сөз құрамына талда.
Кітапханашы,ақылдасты,әдептілік,дәрігердің,ұйқышыл
20-тапсырма.
1.Орны ауысып кеткен етістіктерді өз орындарына қой.
Бұлбұл көктеді
Қар ашылды
Терезе отырғызды
Гүл еріді
Ағаш сайрады 
2.Берілген сөйлемнен етістікті тап.Сөйлемді әрі қарай жалғастыр.
Сынып есігі ашылды.Қарасам есіктен кірген біздің мұғалім екен.
21-тапсырма.
1.Адасқан әріптер-ден сөздер құрыңдар.
А
Е
Х
А
Н
М




А
Д
Х
Ә
Р
І
А
Н


У
А
А
Р

Х
Н
У
А

2.Осы сөздерді қатыстырып сөйлем құрастыр.Етістіктің астын сыз.
22-тапсырма.
1.Биледі,оқыды,көйлек сөздерін жекеше,көпше түрде жіктеңдер.
2. Пантомимо ойыны.
Мына сөйлемдерді қимылмен көрсетіп беріңдер.
а) Мен ұйқыдан тұрып,жуынып,тамақтандым.
ә) Біздер ән айтып,би билеп,қол шапалақтадық.
б) Біздер жүгірдік,секірдік,доп ойнадық.
23-тапсырма.
1.Жаңылтпашты жатқа айт,тақтаға жазып,етістікті тап.
1.Үміт түбіт түтті, 2.Ала қарға,қарға қонды,
Түбітті түтіп бітті. Қара қарға жарға қонды.

24-тапсырма.
Етістіктің қай жақта тұрғанын айт.жіктік жалғауларын ата.
Қорылдайсың,ұйықтайсың,
Қою сүтке тойып ап.
Айтқанымды ұқпайсың,
Кінәңді бір мойындап.
(Д.Байбеков)
25-тапсырма.
Жақша ішіндегі етістіктердің тиістісін қойып сөйлемдерді көшіріп жаз.
1.Мен малдарды (суғарып жүрсің,суғарып жүрмін).2.Ол бүлдіршін-
дерге қызықты әңгімелер(айтып отырмын,айтып отыр).3Сен осы әдісті(қолданыа жүрміз,қолданып жүрсің).4.Біз ауыл сахналарында өнер(көрсетіп жүр,көрсетіп жүрміз).5.Сіз күйшінің сұлу сазын(тыңдап отырсыңдар,тыңдап отырмыз).
26-тапсырма.
Шығармашылық диктант.
Жіктік жалғауы жалғанған етістіктерді тап.
Бара алмадым,жылжып келеміз,түсіпті,төгілді,қиналып жүрсіздер,таппайсың,бітпеді,маңырап тұр,жаңғырып тұр,құлшынып отыр,төкпе,асығып жүрміз,тақылдама,айналып соғарсыз.
27-тапсырма.
Мақалдардан етістіктерді тауып болымды,болымсыз екенін айт.
1.Берекені көктен тілеме,еткен еңбектен тіле.
2.Жауға жалынба,досқа тарылма. 
28-тапсырма. 
Болымсыз етістікті тапқызып,болымды етістікке айналдырып жаз.
Қорқақ
Қорқақ жанның қолынан
Ешнәрсе де келмейді.
Оның бар яғни жоғынан
Өмір өзгермейді. (Б.Ысқақов) 
29-тапсырма.
1.Сөйлемдерді оқып,етістіктердің қай жақта тұрғанын айт.Жіктік жалғауының астын сыз.
Мен оқып отырмын.Сен оқып отырсың.Сіз оқып отырсыз.Ол оқып отыр.
Біз оқып отырмыз.Сендер оқып отырсыңдар.Сіздер оқып отырсыздар.Олар оқып отыр.
2.Бұл етістіктер дара ма,күрделі ме?
30-тапсырма.
1.Жаңылтпаштан етістікті тауып,дара,күрделі екенін айт.
Қаңтар қаптарды қаптап артар,
Шанақ арбаны аттар тартар.
2.Берілген сөздерден туынды етістік жаса,олардың қай сөз табынан жасалғанын айт:би,ірі,ұсақ,ой,ақ.
3.Берілген тыйым сөздерден етістіктерді тауып,олардың қандай етістік екенін айт.
Сын есім

31-тапсырма.
1.Математикалық жұмбақ өлеңнің шешуін тап және сын есімді тап.
Алма ағашта бес алма,
Қандай тәтті жесе алма.
Бесеуін де жеп қойсам,
Қалады онда неше алма.
2.Сын есімге қарсы мәндес сын есімді тауып,сөйлем құрастыр.

32-тапсырма.
1.Көп нүктенің орнына қарсы мәндес сын есімді қойып,сөйлемдерді көшіріп жаз.
Үлкен кісі бастар,... кісі қостар.Жақсы бала-қуаныш,... бала
өкініш.Қант тәтті болады,бұрыш ... болады.Жақсы бала ойлағыш,...бала тойлағыш.
33-тапсырма.
1.Сөздерді оқы,қарсы мәндес сын есімдерді жұптап жаз.
2.Сын есімдерді қатыстырып 2-3 сөйлем құрап жаз.
Ақ,тәтті, салқын,жас,қара,жылы,ащы,кіші,сулы,лай,үлкен,кәрі,
құрғақ,тұнық.
34-тапсырма.
1.Дара сын есімдерден күрделі сын есім жаса.
2.Күрделі сын есімдерді қатыстырып сөйлем құрап жаз.
Ақ,қоңыр,боз,торы.
35-тапсырма.
1.Негізгі сын есімдерге –дау,-деу,-лау,-леу,-тау,-теу,-шыл,-шіл,-ғылт,-ғыш,-гіш,-сыз,-сіз жұрнақтарының тиістісін жалғап жаз.
Жасыл,боз,үлкен,биік,ескі,ұсақ,көк,ақ,сұр.
2.Жұрнақ жалғанған сын есімнің мағынасы қалай өзгерді?
3.Жұрнақ жалғанған 2-3 сын есімді қатыстырып сөйлем құра.
36-тапсырма.
1.Мына әріптерденсөздер құрастырып шығар.

Қ Л Ы 
Ы З
О Ң Қ
Р Ы
А С Ш 
Р Ғ Ы
37-тапсырма.
1.Мына ағаштың жапырақтарына оқушы қандай болу керек екенін сын есімдерді пайдаланып жаз.

Керекті сөздер:
ұғымтал,ізденгіш,білімді,тәртіпті,әдепті,ұқыпты,сүйкімді т.б.

2.Біздің сыныпта осындай оқушы бар ма,ата.

38-тапсырма.
1.Мәтінді алдымен толық,содан соң қарамен жазылған сын есімдерді оқы.
Біздің ауыл жанында тамаша тоғай бар.Қарағайдың,өсімдіктер-
дің жұпар иісі мұрныңды жарады.Аласа бұталардың арасынан
сұр торғай,көк шымшықтар пыр-пыр ұшады.Анадайда ала қанат тоқылтың тоқылы естіледі.Тоғай іші көңілді.
2.Мәтін мазмұнында қандай өзгеріс болды?
3.Сын есімдер не үшін қажет екенін түсіндір.
39-тапсырма.
1.Екі бағандағы сын есімдерді оқы.
2.Сын есімдерді салыстыр.
3.Олардың қандай айырмашылықтары бар?

1.Көршінің сиыры өрістен келмей қалды.2.Бәйгеден боз ат бірінші келді.3.Үйге кіргенде,төрде отырған сақалды кісіні көрдім.
1.Көршінің қызыл ала сиыры өрістен келмей қалды.2.Бәйгеден ақ боз ат бірінші келді.3.Үйге кіргенде төрде отырған шоқша сақал кісіні көрдім.

40-тапсырма.
1.Ой ашар жұппен жұмыс.
Әр оқушы өз жұбының есімі бойынша бастапқы әрпінен оның бойындағы жақсы қасиеттерін жазады.
Әсет:Ә-әдепті,с-сүйкімді,е-елгезек,т-тәртіпті.
Ажар :А-адал,ж-жайдары,а-адамгершілігі мол,р-ризашыл.
2.Топпен жұмыс.
1.Әр топ өзіне берілген жануарды қысқаша сипаттайды.

2.Мәтіннен сын есімді тауып,қай сөзбен байланысқанын табады.

1топ
2топ
3топ

Сиыр
Жылқы
Түйе

Үлгі:Қой момын.Еті дәмді,бойы аласа.Жүні қалың болып келеді.Қойдың сүтінен құрт,май жасайды.
41-тапсырма.
1.Суреттерді әртрлі белгілері бойынша салыстырып жаз.

Ара ,түйе,жылан,құрт,қоян,тасбақа,қыздың суреті,анасы.

2.Зат есімге бірнеше сын есім жаз.

. . . . . . . . .
. . . оқушы . . . бөлме . . . мал
. . . . . . . . .


42-тапсырма.
1.Сөйлем ішіндегі есептік және реттік сан есімдерді тап.
2.-ыншы,-ншы,-інші,-нші жұрнақтары қай кезде жалғанады?
Үшінші сыныпта оқиьынНұртай есеп дәптерін жоғалтып алды.
Соны сылтау етіп сабаққа бармады.Анасы дүкеннен бес дәптер әкелді.Бесінші сыныпта оқитын ағасы бес дәптер әкелді.Нұртай әкесіне: ауырдым,-деді.Әкесі дәрігер шақыру керектігін айтты.
Мұны естіген Нұртай сабаққа кетті.
43-тапсырма.
1.Көп нүктенің орнына сан есімді қойып,мақалды толықтырып жаз.
1. . . . ала болса ауыздағы кетеді,
. . . түгел болса төбедегі келеді.
2. . . . сомың болғанша,
. . . досың болсын.
3.Білекті . . . жығар,білімді . . . .жығар.
4. . . . ауыз сөздің тобықтай түйіні бар.
44-тапсырма.
1.Мына жұмбақты шешіп,сан есімдердің астын сыз.
1.Тоғыз белбеу,қос жібек,
Екі мұрын,бір шүмек. (домбыра)
2.Жеті ішектен жеті түрлі үн шығар,
Әуезінен жеті тарау мұң шығар.
Ойнап кетсең түрлі-түрлі жыр шығар,
Бұл қай аспап? (жетіген)
2.Қазақтың ұлттық аспаптары туралы қысқаша түсінік бер.Бұл аспаптарда ойнап көрдіңдер ме?

45-тапсырма.
1.Өсиет сөздердің мағынасын түсіндір.
1.Бес нәрсеге асық бол,
Бес нәрседен қашық бол.
2.Жамбыл атамыздай
Жүзге келсін жасыңыз.
3.Төрт құбылаңыз тез болсын.
4.Үш арсыздан сақ болыңыз.
5.Моншақты қызыңыз болсын,
Оншақты ұлыңыз болсын.
46-тапсырма.
Мына тірексызбаны пайдаланып сан есімдерді топтаңдар.
Бес,бесінші,бесеу,бес-бестен,бестен бір,бестерде,елу бес.

2.Оқушыларды ауызша тыңдау.
1000000 теңгең болса,не істер едің?
-----------------------------------------------------------------------------
47-тапсырма.
1.Сиқырлы санды сөйлет.


48-тапсырма.
1.Көп нүктенің орнына жалғау жалғап жаз.
Майра тоғыз... сыныпта оқиды.Әмір екі... курста оқиды.Нұржан 
үш жүз он бір... үйде тұрады.Ғалия бес... қабатта тұрады.Әлішер қырық тоғыз ... бөлмеде отыр.Бекзат Саттарханов екі мың ...
жылы Сидней қаласында өткен олимпиада ойынында алтын медаль алды.
2.Көп нүктенің орнына сан есімді қойып жаз.
1. . . . ауыз сөздің тобықтай түйіні бар.2.. . . . теңгең болғанша, 
. . . досың болсын.3.Білекті . . . жығады,білімді . . . жығады.
4.Жаздың . . .,қыстың . . . күнін асырайды.
49-тапсырма.
1.Сан есімдерді сөзбен,тиісті қосымшаларын қосып жаз.
1998 жыл,29 мамырда,3-кезекте,4-сынып оқушысы,2-айналым,3 мәрте,15 бала,42 жаста,1937 жылдың зобалаңы.
2.Құрамында сан есімі бар 2-3 мақал жаз.Мақалдарды сөйлем мүшесіне талда.
50-тапсырма.
Жаңылтпашты жатқа жаз.
Далада тұр екі ешкі,
Қорада тұр жеті ешкі.
Жеті ешкі мен екі ешкі,
Барлығы сонда неше ешкі. ( Жыл он екі ай журналынан.)
51-тапсырма.
Өтірік өлең
50 метр есіктен,
Еңкеюмен шақ кірдім.
100 қасқырды өшіккен,
1 қозыға бақтырдым.
2.Сан есімді қатыстырып өздерің өтірік өлең құрастыр.


52-тапсырма.
1.Мына кестені толтыр.

Сөйлемнің тұрлаулы 
мүшелері

Баяндауыш 

Бастауыш

Ереже

Ереже

Сұрақтары 

Сұрақтары 

2.Сөйлемнің тұлаулы мүшелерін қатыстырып 3-4 сөйлем құрастыр.
53-тапсырма.
1.Кестені толтыр.

Тұрлаулы мүшелер
Сұрақтары
Мысал келтір

2.Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін тап,астын сыз.
Асқар ертең Астанаға жүреді.Ол күлді.Алматыға қар жауды.Кеше жел соқты.Шет елден туристер келді.Студенттер сессияға дайындалып жатыр.Кітапхана қаланың ортасында орналасқан.Автобус аялдамаға тоқтады.Раушан-мұғалім.Қанат-тіс дәрігері.Мараттың мекемесі үлкен.
3.Сызықша не үшін қойылды?

54-тапсырма.
1.Жұмбақты шешіп,шешуіне байланысты сөйлем құрастырып,
тұрлаулы мүшелерді табыңдар.
1.Қос мүйізді,төрт сирақты,
Сыйлайды балдай ақ бұлақты. (сиыр)
2.Кезікті бір жануар,
Арқасында екі тауы бар. (түйе)
3.Қамыс құлақ,тостаған тұяқ,
Мінсең қанат,сүті дәрі,еті тамақ. (жылқы)
4.Аласа ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. (қой)

55-тапсырма.
1.Сөйлемдерді оқып,тұрлаулы мүшелердің астын сыз.
Жер Күнді айналып отырады.Оқушылар сенбілікке қатысты.
Айман сабақты үздік оқиды.Арықтан су ақты.Райхан каникулды көңілді өткізді.өнерлінің өрісі кең.
2.Мына сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талда.
Қар жауды.Сабақ басталды.қонақтар келді.Кеше қалың қар жауды.Еңбек адамды құрметке бөлейді.Раушан досына көмектесті.
3.Сөйлем мүшелерінің байланысын сызбамен көрсет.
Дала әдемі гүлдерге толды.

56 - тапсырма
Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қой.
…ор, …иклон, …ертеж, тұ…ы, Гау... ар, … адиша, жи…аз, …оккей, қа…. арман, пла…, …емпион, бор…, …ётка, кон... ерт, стан.... ия,.... ифр,... абар.

57– тапсырма
ұ, ү дыбыстарына мысал келтір.
Мысалы: Ұядан, үйге, ұмытшақ, үйірсек. _______________________________________________________
________________________________________________________________________________
58 – тапсырма
Берілген сөздердегі у қандай дыбыс екенін айт.
Уәзір, аудан, уыз, баяу, елу, саумал, зәулім, оқу, қурай, қауын, кесу, уық, сатушы, уыс.
Дауысты: __________________________________________________________________________
Дауыссыз: __________________________________________________________________________
59 – тапсырма
Төмендегі дауыссыз дыбыстардың ортасына астындағы дауысты дыбысты араластырып, қосып оқыңдар. Сонда бір жұмбақ шығады. Сол жұмбақты тауып жаз. Шешуі не?
Ж П Н Д Б Р Н Р -
А а а і ә
С Б Р У З Ж Б Қ,
Е а а ы а ы
Ш Л Р М З Г Л Н Д
А ы а е і і е
Б У Р Н Ж З П,
А ы а ы
Ш Н Д Т Л П Ж Т -
І і е о ы о,
К Н Қ З Н С Б Р,
А а ы а ы а
Қ Р К Қ П П И Д -
О е ы а а
Л Н Р Т М М Х Л Қ,
А а а а а ы

60– тапсырма
Сөйлем бірнеше сөздерден құралады. Сөйлем аяқталған ойды білдіреді. Айтылу сазына қарай үш түрі болады. Сөйлемнен соң не нүкте (.), не сұрау белгісі (?), не леп белгісі (!) қойылады.
Берілген сызба бойынша сөйлем құра.
______________________ ___________________ __________________ _______________.
________________________ ___________________ ___________________ ______________?
______________________ __________________________ _____________________!

61 – тапсырма
Берілген сөйлемді сұраулы сөйлемге айналдыр.
1. Біз баққа бардық. 2. Сәуле үшінші сыныпта оқиды. 3. М. Әуезов 1897 жылы туған. 4. Абай – ұлы ақын. 5. Ыбырай Алтынсарин балаларға арнап оқулық жазды.
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
62 – тапсырма
«Балқарағай, омарташы, қанағат, ұсынылатын» сөздеріндегі әріптерді пайдаланып, сөздер құрау
Үлгі: «Балқарағай» сөзіндегі әріптерді пайдаланып, сөздер құрау
(Бал, қарағай, қара, бала, ағай, ара, ай, қар, балға, Арай, қарға, лақ, арал...)
Омарташы – ____________________________________________________________________________
Қанағат – _______________________________________________________________________________
Ұсынылатын - __________________________________________________________________________

63 – тапсырма
«С»- дан басталатын сегіз сөз. Ол сөздер төмендегі заттардың атауы болсын:
1. Сұйық зат ________________________________________________________________________
2. Зат немесе құбылыс атауы __________________________________________________________
3. Дақыл атауы ______________________________________________________________________
4. Жеміс аты ________________________________________________________________________
5. Қарудың аты ______________________________________________________________________
6. Өсімдік атауы _____________________________________________________________________
7. Адам аты ________________________________________________________________________

64 – тапсырма
Отбасы тақырыбы бойынша ойынды жаз.
Сұрақтар:
1. Сенің отбасың қандай?
2. Отбасыңда неше адам бар?
3. Сенің әкең кім болып жұмыс істейді?
4. Сенің анаң кім болып жұмыс істейді?
5. Сенің анаң неше жаста?
6. Сенің әкең неше жаста?
7. Сенің әжең кім?
8. Отбасың тату ма?
9. Сен әкеңе қалай көмектестің?
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
65 – тапсырма
Сан есімдерді пайдаланып, ертегі құрастырып жаз.


Баяғыда бір патша болыпты. Оның....

















Қорытынды


Қазіргі уақыттың негізгі талаптарының бірі – білімді әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, логикалық ойлауы дамыған жаңаша, тәуелсіз ойлай алатын шығармашыл адамға айналдыру. 
Шығармашылық тапсырмалар оқушылардың жаңа бір нәрсені ашуы, яғни оқушы өзін белгілі бір жаңалықтардың авторы ретінде сезінеді. Бұл оған белгілі бір пән төңірегіндегі қызығушылығын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Яғни, оқушыны өзіне тарта, баули түседі. Демек, логикалық тапсырмалар арқылы жүргізілген жұмыстардың нәтижесін оқушыларымыздың алған жетістігі мен басылым беттеріндегі жарық көрген жұмыстарынан көрінері анық.




















1. Жыл он екі ай журналы.2012 жыл қараша.
2. Балдырған журналы. 2011-2013 жж

3Б.Сайлаубаева. Қазақ тілінен оқу дидактикалық құрал.

4Г.Х. Сейсекенова. «Қазақ тілінен әдістемелік құрал» 2007 жыл

5.Ж. Кәрімқызы «Қазақ тілінен дидактикалық жаттығулар» Алматы. «Өлке» 2001 жыл.

6.М.Шәбжантайқызы. Ана тілім–азығым, адастырмас қазығым. Көкшетау. 2002 жыл.

  1. Қазақ тілі дидактикалық материалдар”. Алматы. Атамұра.1999 жыл

  2. «Менің алғашқы әліппем» Алматы. 2006 жыл







Shape2

1


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
20.03.2025
214
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі