15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қазақ тілі пәнінен "Казақстандық кәсіби велошабандоз " 6 сынып
|
Қызылорда облысыАрал ауданыШижаға ауылы№57 Е.Көшербаев атындағы орта мектебініңҚазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғаліміБайдеуова Сауле ЖүсіпәлиқызыҚысқа мерзімді жоспар |
|
||||||||||||||||
|
|
|||||||||||||||||
|
|
|||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы |
Казақстандық кәсіби велошабандоз |
|
||||||||||||||||
Оқу мақсаттары |
Т/А 61.2.1. Әлеуметтік-мәдени, ресми-іскери тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі (нұсқаулық, өмірбаян) көтерілген мәселені талдау.Тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру ; ӘТН 6.4.4.1. Жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерді және күрделі сөздерді ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолдану |
|
||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: Тақырыпқа қатысты нақты айтылған шағын хабарламаларды қолдану арқылы велошабандоз туралы түсінік алады Оқушылардың басым бөлігі: Жаңа тақырып аясында қазақ тілінен түрлі тілдік тапсырмаларды орындату арқылы шығармашылыққа баулиды Кейбір оқушылар: Білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алады. |
|
||||||||||||||||
Жетістік критерий- лері: |
Оқушының төменгі жетістігі(ОТЖ):тақырыпқа қатысты ақпараттар береді, ауызша сұрақтарға жауап береді. Оқушының орташа жетістігі(ООЖ):тақырып аясында сыныптастарымен тілдеседі, өз ойын айтады. Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ):тақырыпқа қатысты сыныптастарымен пікір алмасады |
|
||||||||||||||||
Сөздік қор |
Спортқа қатысты атаулары. велошабандоз- кумир- |
|
||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту |
Спорт жеңімпаздары тарихын, спорттың адам өміріндегі пайдасы, салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталады.Мәңгілік ел идеясын сабақ барысында сатылап жүзеге асыру . |
|
||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар |
Әдебиет, денешынықтыру, биология пәндерімен байланыс |
|
||||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім |
Әңгімені мазмұндай алады. Етіс жұрнақтарын ажыратады. Спортты таңдай біледі. |
|
||||||||||||||||
Сабақ барысы |
|
|||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақта жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар |
|
|||||||||||||||
Сабақ басы
3 минут |
І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық ахуал.
Бір,
екі ,үш Топқа бөлу. (Қима қағаздағы сөздер арқылы топтасу) «ӨЗдік» «Өзгелік» «Ырықсыз» «Ортақ» төрт топқа топтасады. ҚБ. Жарайсыңдар!
ІІ.Қызығушылықты ояту
-Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру. |
Слайд
|
|
|||||||||||||||
Сабақтың ортасы
3 минут
4 мин
10 минут 5 минут
5 минут
5минут |
«Шеринг» әдісі (сенім жағдайын қалыптастыру) Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында тақырыпқа қатысты дайындаған слайдтарын көрсетеді, спорт мәдениетімен таныстырады, қосымша мәліметтер береді, «Велошабандоз» сөзіне кластер құрастыру «Кумир» сөзін қалай түсінесің? Спорттағы кумирің кім? Не себепті оларды құрметтейсің? Мәнерлеп сырғанаушы Элизабета Тұрсынбаева, боксшы С.Сапиев, жүзгіш А.Баландин, велошабандоз А.Винокуров суреттері слайдтан көрсетіледі. ҚБ Жарайсыңдар. Электронды оқулықпен жұмыс. Мәтіналды жұмыс. Тыңдалым. Өлеңнің толық нұсқасын аудио арқылы тыңдатамын. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабылдауға машықтандыру. Өлең кімге арналған? ҚБ. Оқушылардың дұрыс жауаптарын мадақтау.
«Астарлы ой» әдісі Шығарманың идеяға қатысты шумақтарын өз сөзімен әңгімелеп, өлеңдегі мысалдармен дәлелдейді. ҚБ. Дескриптор. Кері байланыс. Өлең шумағын өз түсінігімен жеткізу қалай болды? «Кім шапшаң?» ЖЖ . Оқулықтағы 2-тапсырманы орындатамын. Жұп-жұппен диалог құру. Түрткі сұрақ. Қалай ойлайсыңдар спортшылардың жеңімпаз болуына қандай жағдайлар әсер етеді, неліктен? Жабық сұрақ. – Өздік етіс дегеніміз не?
ҚБ Дескриптормен бағалау Негізгі идеяны табу кезінде қиындық болды ма?
Оқушыларға ортақ етіс туралы түсінік беріледі. Іс-әрекетті орындаушының біреу емес, әлденешеу екенін білдіретін етістің түрі ортақ етіс деп аталады. Ортақ етіс етістіктің түбіріне –ыс, -іс, -с жұрнағы жалғану арқылы жасалады.
3- тапсырма. Сөйлемдерді көшіріп жазып, ортақ етіс жұрнағын табу ҚБ Бірін-бірі бағалау. «Дәйексөз табу»
ТЖ. Мәтінмен жұмыс. Оқылым. Мәтінді мәнерлеп, дұрыс оқуға машықтандыру үшін 4-тапсырманы орындатамын.
|
Қима сөздер
Слайд
АКТ мүмкіндігі
оқулық
https://www.youtube.com/watch?v=OJSi7LiKsrY&index=4&list=PLDhl_FWG5EdxdWGQYxq27-buQhA8-bq6i
АКТ мүмкіндігі
Айтылым
Стикер |
|
|||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут |
Семантикалық карта. Етістің түрлеріне бірнеше сөз тіркестері берілген. Сол сөздерді оқи отырып, етіс түрлеріне қарай кестеге орналастыру.
ҚБ Мадақтау Рефлексия: -Мен бүгін ........ білдім. -Мен бүгін ...... үйрендім. -Маған ....... қиын болды. Формативт і бағалау. «Шағыншолу» тәсілімен парақшалар таратады. Тақырып аясында өзінің есінде қалған сөздерін, сөйлемдерін параққа жазады |
Үлестірмелі материал
|
|
|||||||||||||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? Топтық жұмыс арқылы оқушылардың бірлескен әрекетін бақылау, өзара бағалау, мадақтау, бас бармақ , смайликтер арқылы. Кері байланыс.(ауызша) Әр оқушының ОМ жеткендігін анықтау үшін бағалау критерийлері, дескриптор қолдану. АКТ пайдалану
|
Денсаулық
және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Сергіту сәттерінде, белсенді жұмыс түрлерін өткізуде қауіпсіздік техникасын сақтаймын. |
|
|||||||||||||||
Жеке өздік жұмыстарын бағалаймын. Топтық жұмыс кезінде оқушылардың бір-біріне қолдау көрсетіп отыруын қадағалаймын. Оқушы әрекетін бақылауға алып, қиналған тұсында жетекшілік етемін. Қабілеті жоғары оқушыларға деңгейлік тапсырмалар дайындап, іздендіру, сол бойынша ақпараттарды талдау көзделеді.
|
|
|||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?
|
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. |
|
||||||||||||||||
Оқытудың сындарлы тәсілдеріне негізделген сабағым сұрақ-жауап арқылы спорт жеңімпаздары тарихын, спорттың адам өміріндегі пайдасы, салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталады.Мәңгілік ел идеясын сабақ барысында сатылап жүзеге асыру . |
|
|||||||||||||||||
Қорытынды бағамдау.
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: : Түрлі әдіс-тәсілдер, саралап оқыту мен белсенді оқыту, болжам жасаулары.
2:Өлеңдегі негізгі ойды түйін сөздермен жеткізе біледі және АКТ-ны пайдалану барысында қазіргі өмірмен байланыстыра алады.
Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Әр оқушыға жеке қолдау көрсету.
2: Сабақ барысында әр оқушының сабақ үдерісіне қаншалықты деңгейде қатысқанын бағамдау, бағалауға мүмкіндік жасаған бағалау түрлері қолданылды.
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? Оқушыларға сыни сұрақтарды қоя отырып, ой тастау, болжам жасату арқылы алға жетелеу,әр оқушыға сенім арту, шығармашылыққа баулу.
|
|
|||||||||||||||||
Кумир...
Кумир деген не өзі? Қанша қусаң да жете
алмайтын бақыт па? Әлде сенен асып түсер
мықты қарсылас па? Немесе ол сенің осы
өмірге келгендегі түпнұсқаң ба?! Кім
біледі? Мүмкін солай да шығар.. Жалпы
мен «Менің кумирім» атты тақырыпқа өз
ойымды жазбастан бұрын, кумир жайлы өз
ойымды және түсінігімді өз түйсігім
бойынша мәлімдеп берсем: «Кумир» деген
сөз – ол сенің осы өмірге келгендегі
басты қарсыласың. Сенің барлаушың! Яғни
былайша айтқанда сенің – түпнұсқаң.
Сен оның дәрежесіне жеткенше – дәл сол
адамның көшірмесі рөлін атқарасың. Ал
оның дәрежесіне жеткенде – сен
«тәжірибелі» адамдар санатына өтесің.
Ал енді басып озып кеткен жағдайда –
сен өзіндік ойын қалыптастырған «тұлғаға»
айналасың.Міне, осылай. Бұл қарапайым
логика. Әрбір адам баласы көз ашқаннан
өзінше армандайды. Болашағының жарқын
болғанын. Болашақ саласын. Бағдарын.
Өмірінің бақытты сәттерін.. Жалпы
айтқанда бәрін,бәрін. Ал ес жиғалы,
болашағының биік болатынына нақ сенетін
адам өзінің өмірлік кумирін іздей
бастайды. Өзіне бір тұлғаны пір тұтады.
Сол сияқты болғысы келеді. Бұл өмірде
сол басқан ізді басып, сол басқан жолмен
жүргісі келеді. Сол арқылы ол өз өмірінің
болашағын өзінше сипаттай бастайды.Менің
кумир жайлы қысқа да нұсқа өз түсінігім
осы.. Ал
енді өзімнің кумиріме келер болсам..
«Менің кумирім» – өте мықты әрі жеңілмес
қайсар дүние. Артынан қусаң жетпейсің,
алдынан шықсаң ұстай алмайсың дегендей
ол өте жылдам әрі менен қайда ақылды.
Ол артына қарамайды. Және де артына
сағынышпен қарағандарды жек көреді. Ол
тек қана алға қарай жылжи береді. Бір
өкініштісі ол уақыттан да жылдам. Сан
тараулы жолдарды қалайша тез жүріп
өтіп, тау мен тасты қалай бағындырғанын
да көріп үлгермейсің. Ол барлық адамзат
баласын күлдіріп тұрып жылата алатын
қасиетке де ие. Бақытты етіп, жылатуы
да ғажап емес. Жалпы айтқанда, ол өзіне
тым сенімді ғаламат. Және де ол өзіне
өте жеңіл қарсыластарды қарсылас ретінде
қарамайды. Оған қарсылас болу үшін де
сен де тура сол секілді батыл әрі мықты
болу керексің. Әйтпесе, түбі сол кумиріңді
бағындыра алмай, бұл өмірден ешқандай
бақыт пен шаттықсыз өтесің. Ал, бағындырсаң
арманың мен мақсатыңа жетесің. Бес
күндік бұл жалғанда арманы мен мақсатына
жеткен адам – ең бақытты адамдар
тізбегінен орын алатынын өзіңде жақсы
білесің. Ол ерте оянып, бірден іске
кірісетін жаратылыс. Ұйқыға да өз
уақытымен күнделікті дағдыланған. Ол
әрбір атқан таңында барша адамзат
баласына, ең үлкен байлығын сыйлайды.
Жақындарын қуантуға мүмкіндік береді.
Ешқашан кешікпейді. Ешкіммен де
достаспайды. Тек өз алдына алға қарай
ұмтыла береді. Ол ешкімнің ойына кіріп
шықпайтын өте мықты қарсылас.Және де
мен өз кумиріме жету жолында аянбай
қызмет етемін! Оның алдына түсіп, орап
кетпесемде, артынан қуып жетіп, өзімнің
осы өмірге келгендегі күш жігерімнің
барын мойындатамын. Арманым мен мақсатыма
жету жолында, өзіме ең мықты қарсыласты
кумир етіп алдым деп ойлаймын. «Менің
кумирім – өмір!»
Иә, менің кумирім – өмір екені
таңқаларлық дүние емес екені белгілі.
Өйткені, әркім өзінен мықты деп санайтын
дүниені- өзіне кумир етіп санайды. Мені
басып озар болса, тек сол өмір ғана.
Басқасының бәріне жетуге болады. Ол
үшін сәл ғана талпыныс
пен
Толығырақ: https://massaget.kz/blogs/24420
Материалды
көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына
гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы
тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз
Қазақстанда қандай спорт түрлері дамыған және дамуда?
Спорттың қандай түрлерімен айналысқыларың келеді? Неліктен?
Спортпен шұғылданған адамда қандай қасиеттер қалыптасады?
«Спорт- денсаулық кепілі» деген нақыл сөзді қалай түсінесің?
Қазақстанда қандай спорт түрлері дамыған және дамуда?
Спорттың қандай түрлерімен айналысқыларың келеді? Неліктен?
Спортпен шұғылданған адамда қандай қасиеттер қалыптасады?
«Спорт- денсаулық кепілі» деген нақыл сөзді қалай түсінесің?
Қазақстанда қандай спорт түрлері дамыған және дамуда?
Спорттың қандай түрлерімен айналысқыларың келеді? Неліктен?
Спортпен шұғылданған адамда қандай қасиеттер қалыптасады?
«Спорт- денсаулық кепілі» деген нақыл сөзді қалай түсінесің?

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген