Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақ тілі пәнінен "Мәтін" тақырыбы бойынша тест тапсырмалары 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі пәнінен "Мәтін" тақырыбы бойынша тест тапсырмалары 4 сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

4сынып Қазақ тілі Мәтін

1-нұсқа

1. Тақырып дегеніміз не?

А) Мәтіндегі оқиға мен ойдың түйіні

В) Сөйлемдердің байланысуы

С) Тіркесіп келетін сөздер

D) Сөйлемдегі сөздердің байланысы

2. Мәтінге ат қою деген дегеніміз не?

А) ондағы негізгі ойды немесе тақырыпты қысқаша атау

В) өзара мағыналық байланыста айтылады

С) автордың айтайын деген басты пікірі

D) мәтіндегі негізгі ой мен тақырыптың мазмұны

3. Мәтіннің қай түріне жататынын анықта. Оның көз алдына бет ұшында қарашықтай меңі бар, талдырмаш қара торы қыз елестеді.

А) сипаттау мәтіні

В) пайымдау мәтіні

С) әңгімелеу мәтіні

D) хабарлау мәтіні

4. Сипаттау мәтінге қай сұрақ қойылады?

А) не үшін?

В) не істеді?

С) қандай?

D) қанша?

5. Мәтіннің бөліктерін көрсет.

А) негізгі, басы, қорытындысы

В) әңгімелеу, пайымдау, сипаттау

С) қорытындысы, соңы, басы

D) басы, негізгі бөлім, соңы

6. Мәтіннің түрлерін көрсет.

А) негізгі бөлімі, пайымдау

В) әңгімелеу, пайымдау, сипаттау

С) қорытындысы, соңы, басы

D) басы, негізгі, соңы

7. Мәтінге ат қой.

Бір күні Қожанасыр досына келсе, ол үйін тазалап жатыр екен. Қожа одан:

- Е, достым! Не істеп жатырсың? – деп сұрайды.

- Ә, Қожа екенсің ғой! Мынау ескірген киім, қағаз, кітап бәрін өртейін деп жатыр ем, - дейді досы.

- Қой, достым! Киім ескіргенімен, кітап ескірмейді. Кітаптың сырты ескіргенімен ішіндегі ақыл сөзі ескірмейді, - депті сонда Қожанасыр.

А) Қожанасырдың досы

В) Үй тазалау

С) Ескірген киім

D) Кітап ескірмейді

8. Мәтіндегі негізгі ой дегеніміз не?

А) Бірнеше сөйлемнен құрылып, бір мазмұнды беретін сөз тобы.

В) Мәтін тақырыбын қысқаша айту

С) Автордың айтайын деген басты пікірі.

D) Бәлкім, мені ұмытқан боларсың.

9. Әңгімелеу мәтіні деген не?

А) бір нәрсе жөнінде баяндайды, хабарлайды.

В) белгілі бір заттың, құбылыстың белгілерін көрсетеді, қандай екенін сипаттап суреттейді.

С) бір нәрсе туралы неліктен солай айтылғанын дәлелдейді

D) хабарлы сөйлем

10. Пайымдау мәтіні деген не?

А) белгілі бір заттың, құбылыстың белгілерін көрсетеді, қандай екенін сипаттап суреттейді.

В) бір нәрсе туралы неліктен солай айтылғанын дәлелдейді

С) бір нәрсе жөнінде баяндайды, хабарлайды.

D) хабарлы сөйлем

11. Сипаттау мәтіні деген не?

А) бір нәрсе туралы неліктен солай айтылғанын дәлелдейді

В) хабарлы сөйлем

С) бір нәрсе жөнінде баяндайды, хабарлайды.

D) белгілі бір заттың, құбылыстың белгілерін көрсетеді, қандай екенін сипаттап суреттейді.

12. Мәтін неше бөліктен тұрады?

А) 1

В) 2

С) 3

D) 4

13. Мәтін неше түрі болады?

А) 1

В) 2

С) 3

D) 4

14. Мәтіннің қай бөлігіне жатады?

«Біз жаңа мектепте оқимыз.Мектеп жаңа. ... »

А) басы

В) негізгі бөлімі

С) соңы

D) атауы

15. Мәтіннің қай түріне жататынын анықта.

Көкек

Көкек ұя салмайды. Балапан баспайды. Ол бір ғана жұмыртқа туады. Жұмыртқасын торғайдың ұясна тастап кетеді. Оны торғай басып шығарады.

А) мысал

В) пайымдау

С) әңгімелеу

D) сипаттау

16. Өлең шумағы мәтіннің қай түріне жатады?



Қарашы, күз келді, күз келді,

Сары алтын жауыпты іздерді.

Құс біткен керуен түзеді,

Көңілсіз неліктен күз енді? ( Нұрхан Жанаев)

А) хабарлы сөйлем

В) пайымдау

С) әңгімелеу

D) сипаттау

17. Қандай сұрақ қою арқылы әңгімелеу мәтін екенін ажыратуға болады?

А) Не істеді?

В) Қандай?

С) Неліктен?

D) Нешінші?

18. Қандай сұрақ қою арқылы пайымдау мәтін екенін ажыратуға болады?

А) Не істеді?

В) Қандай?

С) Неліктен?

D) Нешінші?

19. Мәтінде ... мағыналық жағынан байланысқан.

А) сөздер

В) сөйлемдер

С) дыбыстар

D) буындар

20. Мәтін деген не?

А) өзара мағыналық байланыста айтылатын екі не одан да көп сөйлемнен құралады.

В) заттың атын білдіретін сөздер

С) екі немесе одан да көп түбірден жасалған сөз

D) заттың іс- қимылын білдіреді





Қазақ тілі пәнінен сынақ бітті



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.11.2018
8726
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12