400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақ тілі пәнінен педагогикалық тәжірибені жалпылау (орыс мектептер үшін)

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп оқушыларының мемлекеттік тілді қарым-қатынас негізінде игеріп сөйлей алуы үшін мұғалімнің тілді үйретуде әдіс-тәсілдің тиімді тұсын қолдану орасан зор пайдасын тигізеді. Мен сіздерге сабақ барысында өзім қолданатын бірнеше жұмыс үлгілерінің ұсынамын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Түсінік хат

Қазақ тілі - мемлекеттік тіл. Сондықтан да орыс тілді мектептерде жүйелі оқыту үрдісін қалыптастыру бүгінгі күннің басты талабына айналып отыр. Орыс тілді мектептерде қазақ тілі пәнін оқытудың негізгі мақстаты – оқушылардың тілдік дағдыларын дамыту, қоғамдық мәнін түсінетін тұлға қалыптастыру, тіл нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білуге , еркін сөйлесуге және сауатты жазуға үйрету. Қазақ тілін оқыту барысында оқушының тілін дамытып, сөз байлығын арттыру ең маңызды жұмыстарының бірі.

Тілді меңгертудегі басты мақсатым-оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамыта отырып, қарым-қатынас жасауға мүмкіндік туғызу. Өз толғамын жеткізе алатын , кез-келген адаммен тілдік –қарым-қатынасқа түсе алатын, компетентті іскер азамат тәрбиелеу.Осы мақсатта оқытушы әр түрлі оқыту әдіс-тәсілдерін пайдаланып, тіл дамыту жаттығуларын, ойын элементтерін және тақырыпқа сәйкес көрнекіліктер қолданады. Басты назар аударатынымыз оқу, сөйлеу, талдау, жазу жұмыстарына мұқият көңіл бөлу.

Мектеп оқушыларының мемлекеттік тілді қарым-қатынас негізінде игеріп сөйлей алуы үшін мұғалімнің тілді үйретуде әдіс-тәсілдің тиімді тұсын қолдану орасан зор пайдасын тигізеді.

Мен сіздерге сабақ барысында өзім қолданатын бірнеше жұмыс үлгілерінің ұсынамын.

































Жақсылардың жақсысы

Баяғыда бір адам бірнеше бөлмелі жарық, биік, өте әсем үйде тұрыпты. Үйдің айналасы бау-бақша екен. Бір күні оның кішкентай қызы бақшаны, барлық бөлмелерді аралайды. Кірмеген жалғыз ғана бөлме қалыпты. Ол ылғи да жабық тұрады екен.

Сонда әкесіне қызы:

- Әке, маған жабық тұрған бөлмеге кіруге рұқсат етіңіз. Осы бөлме басқа бөлмелерге қарағанда жақсы ғой деп ойлаймын, - дейді.

- Оның дұрыс, қызым. Жақсылардың ең жақсысы сонда. Бірақ сен әлі жассың, өскенде бұл бөлмені саған берем. Сен оған өмір бойы риза боласың,- деп жауап қайтарады әкесі.

Қыз есейіп, бойжеткен атанады. Әкесі қызына жабық бөлменің кілтін береді. Қыз есікті ашқанда, тек ұршық пен кітапты көреді. Қыз әкесіне:

- Әке, сен жабық бөлмеде «жақсылардың жақсысы бар» деген едің. Мен ұршық пен кітаптан басқа ештеңе таппадым,- дейді.

- Міне, жақсылардың жақсысы деген – осылар, қызым! Ұршық болса, өнерің жанады. Ал кітап оқысаң, білімің артады. Жарық дүниеде бұлардан жақсы нәрсе жоқ. Дүниедегі мүліктің бәрі еңбекпен, өнермен, біліммен табылады,- деп түсіндірді әкесі.

Тапсырмалар:

1.Мәтін мазмұны бойынша сөйлемдердің ретін көрсетіңіз:

Shape1

•Shape2 Қыз есейіп, бойжеткен атанады

•Shape3 Дүниедегі мүліктің бәрі еңбекпен, өнермен, біліммен табылады.

•Shape4 Қыз кірмеген жалғыз ғана бөлме қалыпты.

• Қыз есікті ашқанда, тек ұршық пен кітапты көреді

•Shape5 Әкесі қызына жабық бөлменің кілтін береді.


2.Мәтін мазмұны бойынша «дұрыс» және «бұрыс» сөйлемдерді анықтаңдар.


Сөйлемдер

Дұрыс (+)

Бұрыс(-)

Қария бір бөлмелі жарық, биік, өте әсем үйде тұрыпты.



Кітап оқысаң, білімің артады.



Қарияның жалғыз кішкентай ұлы болыпты.



Дүниедегі мүліктің бәрі еңбекпен, өнермен, біліммен табылады.




Етікші

 Ерте заманда бір кедей етікші болыпты. Бала-шағасы көп екен. Үй-ішін асырау үшін ол ел аралап, қобдиын құшақтап жүріп етік тігіпті.

   Күндердің күнінде қобдиын қолтықтап, таныс емес бір ауылға аттанады. Бұрын жүрмеген жолы болған соң, етікші адасып кетеді. Түн болады. Ақырында етікші далада жалғыз тұрған иесіз үйге кездеседі. Иесіз қыстаудың ішіне кірген етікші пештің үстіне шығып, қобдиын басына төсеп жата кетеді.

   Бір уақытта салдыр-гүлдір еткен бір нәрсенің даусы шығады. Етікші есікке қараса маңдайында жарқыраған жалғыз көзі бар, бір еңгезердей дәу кіріп келе жатыр екен.

   - Пеш үстінде жатқан қандай адам? – деп сұрайды дәу.

   Етікші:

   - Бұл – етікші, — деп жауап береді.

   Дәу:

   - Бізге керек шебер етікшімісің? — дейді.

   Сонан соң дәу бұйырып:

   - Кәне, бері кел, шебер, мына үйге кір. Егер ертеңге дейін бір керемет етік тіксең, жаның аман қалады. Ал, егер орындамасаң басыңды аламын, — дейді де, етікшіні ішке кіргізеді.

   Дәудің өзі есіктің алдына жатып ұйқыға кіріседі. Етікші ішінен:

   - Енді өмірім жойылды, өліп кетсем, бала-шағамды кім асырар екен? – деп үрейленеді.

   Амалы таусылған етікші таң атқанша отырып ғажайып етік тігеді. Етіктің сыртқы көрінісінің басқа етіктерден айырмашылығы – ұшы тіп-тік сүйір, жоғары көтеріліп тұрады. Ал оның бір керемет қасиеті – аяғына киген адам аспанға қалықтап ұшып, баратын жеріне лезде жетіп барады. Бірақ ол дәудің оны оңай үйіне жібере қоймасын біліп:

   - Бәрібір дәу қолынан өлемін. Одан гөрі бұл дәуді өзім өлтірейін, — деп, өткір пышағын алады.

   Дәу ұйқыға кетті-ау деген кезде етікші етігін киіп, сыртқа шығады. Қалықтап ұшқан күйі қолындағы пышағымен дәудің жалғыз көзін түйреп алады. Дәу бақырып:

   - Ер болсаң екі соқ, — дейді.

   Етікші:

   - Бір де жетер, — деп, дәудің үстінен ұшып өтеді.

   Ал, дәу жарақаттан табанда өлген екен дейді.

   Етікші сырттан тұрып әрі ойлап, бері ойлап, иесіз үйдің төбесіне шығып түнейді. Таң атқан соң дәудің үйін аралап, қарап шығады. Үйдің бір қараңғы жерінде темір сандық тұр екен. Етікші темір сандықты әзер дегенде ашады. Оның іші толған алтын-күміс екен. Бұдан кейін етікші алтын мен күмісті керегінше алып, ғажайып етігін киіп үйіне ұшып келеді.

   Дәуден алған байлығының жартысын еліндегі жетім-жесірлерге таратып береді. Осылай, етікші тұратын ауылдың тұрмыстары жақсарып, мұраттарына жетеді. Ал, қартайған кезінде етікшіні балалары асырапты.

Тапсырмалар:

1.Берілген сөздерді тіркестіріп жаз:


ИShape7 Shape6 есіз жетті

ЖShape9 Shape8 алғыз шаға

ТShape10 емір көз

АShape11 лтын- үй

Мұратына сандық

Бала- күміс


2 .Кестеде тақырыпқа сай 6 сөз бар. Сол сөздерді тауып, шағын мәтін құра.


Е

Б

А

Ө

І

Ә

И

Р

З

В

Е

Ң

Б

Е

К

Ө

Я

Е

М

Р

Л

А

П

У

В

Ө

Б

Т

Е

Щ

Й

И

Ө

А

Э

А

С

К

У

Л

Т

Н

С

Ө

Қ

Ь

Е

Г

Ы

М

Е

П

Г

Ы

Ө

Р

П

Қ

Ұ

Р

М

Е

Т



Түлкі мен қырғауыл

Қалың ағашты аралап, бір түлкі келе жатып, ағаштың басында отырған бір қырғауылды көрді де, жақындап келіп:

– Саламатсыз ба, қырғауыл! Қалай тұрасың, достым? – деді.

– Жақсы сөзіңе рақмет! Өзіңіз қалай тұрасыз? – деді қырғауыл.

– Жерге түсіп сөйлессең екен шырағым, кәрімін, бір құлағым жөнді естімейді, – дейді түлкі.

– Жерге түспеймін, жерге түсуге қорқамын, жерде әр түрлі аңдар бар, бізді жеп қоюға мүмкін – деді, қырғауыл.

– Ей,достым, биылғы заман бұрынғы емес! Жаңада қалаға барып едім, бұйрық шығыпты,біреуге біреу зорлық қылмасқа! Қой мен қасқыр бірге жүрсін деген түлкі мен тауық бірге жүрсін деген көгершін мен қаршыға бір ұяға жұмыртқаласын деген. Қорықпа, түс, – деді қу түлкі.

– Жақсы хабарыңыз бар, жақсы айтасыз, алласы разы болсын, дос! Мына жақта бір иттер келе жатыр, оларға да айтыңыз, олар да естісін – деді қырғауыл.

Ит деген сезді естігесін түлкі алды-артына қарамастан қаша берді.

– Қайда барасыз, бұйрықты ұмытып кеттіңіз бе? – деді қырғауыл.

– Кім біледі, бұйрықты естімеген иттер шығар, – деген түлкінің даусы естілді.


Тапсырмалар:

1.Мәтіндегі тірек сөздерді анықтаңыз.

А) орман, достық, еңбек

В) түлкі, бүйрық, қырғауыл

С) жануарлар, аспан, Отан

Д) ағаш, жер, өзен

2. Берілген сөздердің антонимін мәтіннен тауып айтыңыз.

Жаман –

Аңқау –

Дұшпан –

Бұрынғы –



Жаралы құс

Көктем мезгілі. Айдос пен оның қарындасы Айжан көктемгі шуақты күнде аулада ойнап жүр. Ал атасы олардың ойынын бақылап, талдан-талға ұшып қонған көктемгі құстарды тамашалап отыр. Кенет, атасы тал түбінде ұша алмай жүрген жаралы құсты байқады. Атасы немерелеріне: — Балаларым, анау тал түбіндегі ұша алмай жүрген жаралы құсты байқадыңдар ма?-деді. Айжан бейне ойыншық көргендей жаралы құсты қуалай жөнелді. Денесі дір-дір етіп қорыққан қорғансыз құс ағаш түбіне тығыла түсті. Осы кезде Айдос Айжанға “тоқта”-деп айқайлап, жаралы құсты қолына алды. Құстың бір қанатының қауырсындары қайрылып, қанап тұр екен. Айдос: “Енді не істейміз” дегендей атасына сұраулы жүзбен қарады. Атасы: “Бұл жаралы құсқа екеуің жақсылық жасасаңдар ертең-ақ ұшып кетеді”-деді. Айдос пен Айжан “жақсылық”- деп таңқалысты. Айдос көп ойланбастан оған “қамқорлық” қажет екенін түсінді Айжан екеуі құстың қанатына дәрі жағып, дәкемен байлап қойды. Олар оған күнде жем беріп, жарасын емдеп, өздеріне кішкентай дос тапқандарына қатты қуанды. 3-4 күнде қанаты жазылған кішкентай достарын бұдан әрі үйде ұстауға болмайтынын сезіп, олар оны еркіндікке ұшырып жіберді. Сонда атасы немерелерінің бойындағы құсқа деген қамқорлық сезімдеріне сүйсініп, нағыз «жақсылық» деген осы,- деді.


Тапсырмалар:

1.Мәтін мазмұнын түсіндіңіз бе? Тексерейік.

Айдос пен Айжан қай мезгілде ойнады?

А) жазда

В) қыста

С) көктемде

Д) күзде

2.Мәтіннің тақырыбын анықтаңыз:

А) еңбек туралы

В) отбасы туралы

С) қамқорлық туралы

Д) оқу- білім туралы

3.Қай мақал-мәтел мәтіннің тақырыбына сәйкес келеді?

А) Ерінген екі істейді.

В) Мырза болмасаң да, мейірімді бол.

С) Отан елдің анасы, Ел ердің анасы.

Д) Қына тасқа бітеді, Білім басқа бітеді.



Алтын бала

Күләш апай ас дайындап жүр. Тамақтың қамырын жаймақ боп дайындаған суының тұзын көрдi де, қабағын шытты:


– Қап, ұмытып кетiппiн-ау... Зәукен, тез Нағима апаңның үйiнен тұз әкеле қойшы!..


Зәукен «жарайды» деп, тұра жөнелдi. Күләш апай қамырын илей алмай тосып отыр. Зәукен келмедi. Әрi күттi, берi күттi. Ақыры шыдамы таусылды.


– Әлгi жүгермек қайда жоғалып кеттi? – деп далаға шығып едi, масаттанып келе жатқан ұлына ұшырасты. – Тұз қайда?!


– Апатай, ұмытып кетiппiн... – дедi де, қайта жүгiрдi. Екеуiнiң сөзiн естiген Бейсен Ақсақал дәуiрлеп қоя бердi:


– Зәукенге кейiме, келiн! Ол азамат болады. Оны кешiктiрген мен едiм. Үш-төрт күннен берi радиомыз сөйлемей қалған. Бала-шағаға «сендер бүлдiрдiңдер» деп кейiп жатыр едiм. Зәукен жетiп келдi. «Радионың ұстасы қайда?» деп сұрадым. Ол: «Мен жөндеймiн» дедi. «Қой, бұзып аласың» деп сенбеп едiм, ол радионы айналдыра қарады да: «Жөндеуге болады, ата. Мен осыны жөндейтiн үйiрмеге қатысамын» дедi. Рационың қобдиын ашып көрдi. Жiңiшке қызыл сымды бiр бұрандаға қосып бекiтiп едi, радиом саңқылдай жөнелдi. Ой, азамат екен өзi!..

– Зәукендей бала жоқ, алтын бала! Өмiрi ұзақ болсын! – деп Нағима апай да, ақ тiлеуiн айтып жатыр. – Кеше су ала алмай жатыр ем, жүгiрiп келiп су алып, үйге жеткiзiп бердi.

Күләш апайдың көңiлi судай тасыды. Қуанышы қойнына сыймай, шаруасы есiнен шығып кеттi.

– Неге келiп ем, осы? – деп сасқалақтады.

– Тұзға! – дедi Зәукен қолындағы тұзды шешесiне ұсынып.


Тапсырмалар:

1.Мәтінге сүйеніп, сұрақтарға жауабын жаз.

№

Сұрақ

Жауап

1

Күләш апай баласын қайда жұмсады?


2

Зәукен қандай бала?


3

Күләш апайдың көңiлi неге судай тасыды?


2. Мәтіннің түрін ажыратыңыз.

A) әңгіме

B) сұхбат

C) ертегі

D) мақала

3.Етістіктердің болымсыз түрін жазыңыз.

Дайындады –

Көрдi –

Келді –

Күтті –

Берді –

Сенді –

Тасыды –

Ұсынды –


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
13 ұстаз жүктеп алған
15 маусым
1133
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі